Көтерілістің негізгі ошақтары. Жәңгір хан Орынбор әкімшілігінен көмек сұрайды. Орынбор губернаторына түскен мәліметтерде : 1837 жылғы 11 маусымдағы деректе, Исатай Тайманов пен Жүніс Жантемин Құлай мен Көктөбе алқабында «өздерінің қаруланған 500-дей руластарын жинаған», бір айдан сәл асатын уақытта Исатайдың ауылына «1000-ға жуық шаңырақ пен қаруланған 600 қазақ шоғырланғандығы» көрсетілген. Бұған қатысқан көтерісшілердің саны 2000 –ға жуық.
1837 жылы тамыз айының басында Орынбор губернаторы көтеріліс басшылары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовты ұстауға үкім шығарады. Патша үкіметі Исатайды ұстап беру үшін мың сомдық сый мөлшерін ұсынады. Көтерілісшілер топтары бірнеше ұсақ топтарға бөлініп, үнемі орын ауыстыра отырып хан ордасына жақындай түседі. Жол жөнекей хан шенеуніктері мен шонжарларының ауылдарын қиратып, олардың жерлерін тартып алады.
16 қыркүйекте 1837 жылы көтерілісшілер тобы Қарауылқожа Бабажановтың ауылын күл талқан етті. 15-20 қазанда көтерілісшілер хан ордасынан 60-70 шақырым жердегі Теректіқұм алқабына келеді, Жәңгірдің сыбайласы Балқы би Құдайбергеновтың сарбаздарының шағын тобы қалды. Жазалаушы ұлының ауылын ойрандады. Қазанның 27-і күні 1500 жігітпен хан ордасына жетіп келіп, қос тігеді. Қоршау екі аптаға созылады. Сол уақытта Орынбор губернаторы көтерілісшілерді қоршауға алып, оларды жойып жіберу жөніндегі операцияны жүзеге асырды. Операцияны үйлестіру және басшылық ету үшін Орынбордан подполковник Геке келді. Жақсы қаруланған тұрақты бөлімдер мен казак бөлімдері, Кулагин, Горск бекіністерінен, Зеленов форпостынан Орал мен Астраханнан әкелінген жекелеген әскери бөлімдер шабуылға шықты. Хан жағынан 600-700 адамнан тұратын қарулы топ ұйымдастырылды. Исатай тобы күші басым, жақсы қаруланған жазалау отрядтарының қоршап алуын және олармен кездесуді болғызбау үшін орданы қоршауды тоқтатты.
Қараша айының 15 күні 1837 ж. саны 3000-3500 адамнан тұратын көтерілісшілер жазалаушылардың біріккен қолымен Тастөбе деген жерде кездесті.
Исатай жоспары кенеттен шабуыл жасап, жазалаушыларды шегіндіру еді. Геке көтерілісшілерге қарсы зеңбіректі қолданды, бұл көтерілісшілердің жеңілуіне тікелей себепші болды. Қысқа уақытқа созылған, бірақ кескілескен шайқас болып, онда көтерілісшілер 100-ге жуық адамынан айырылды. Ұсақ топтарға бөлініп, әр түрлі бағыттарға бытырап кетті, Исатай мен Махамбет бастаған негізгі шағын топ, жауға қарсы ұсақ қақтығыстар жасай отырып, жалтарып кетті.
Исатай тобының Тастөбе түбіндегі жеңілісі көтерілістің кейінгі барысына да әсер етті. Көтерілісшілер қатары азайып, Исатайдың төңірегінде ең табанды сарбаздарының шағын тобы қалды. Жазалаушы отрядтар қорғансыз қалған қазақ ауылдарын тонап, малдарын айдап алып кетті, барлық күшті Исатайды ұстап алуға жұмылдырды, оны ұстағандар 500 сом күміс ақша алатындығына уәде берілді.
1837 ж. желтоқсанның 13-не қараған түні Исатай жасағы Жаманқала күзет орнынан жоғары қарай отыз шақырым жерден Жайық өзенінен өтіп кетті. Осы жерде Исатай мен Махамбет бытырап кеткен күштерді біріктіреді. 1838 жылдың көктемінде біршама ірі отряд құрылады. Көтерілістің ауқымын түсінген Орынбор губернаторы оны басу үшін далаға жаңа отрядтар жібере бастады. Әскери губернатор кеңсесінде жинақталған және Перовскийдің өзінің қолына түскен Исатай көтерілісі туралы материалдар бұл көтеріліс үшін дәлелді негіздердің болғандығына оның көзін жеткізеді. Бірақ ол көтерілісшілерді қуғындауды тоқтатпады. Қудалауды Орал сыртындағы сұлтан Баймұхамед Айшуақовтың басқаруындағы жергілікті феодалдардан құралған топ пен казак отрядтары жүргізеді. Ол Исатайдан ажыраған көтерілісшілердің бір тобының ізіне түсіп тұтқындайды, олардың ішінде Исатайдың жұбайы, қызы Бағлан, ұлы Досмамбет, М.Өтемісұлының інісі Сүлеймен және бассқалары барлығы 12 адам болды.
Исатай алға қойған мақсатынан қайтпай көтерілісті жалғастыра берді. Кіші жүздегі көтерілістің ұлғаюы патша үкіметін тез шаралар қоллданып, Исатай тобын тез арада талқандау болды. Генерал-губернатор В.А.Перовский полковник Геке басқарған әскери күш жібереді. Оған Айшуақ сұлтанның жасағы, Жайық қазақтарының бір жарым жүздігі, не батальонның екі зеңбірегі бар елу солдаты кірді. 1838 ж. 12 шілдеде көтерілісшілердің жалпы саны 500 жігітті құрайтын негізгі тобы Ақбұлақ және Қиыл өзендерінің арасындағы ауданда жазалаушылармен шайқас болады. Зеңбірек снарядтарының жарылысы, мылтықтың бораған оғына төтеп бере алмаған көтерілісшілер шегінеді. Осы Ақбұлақ шайқасында Исатай Тайманов қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |