Ііі нұсқа 1-билет


Қарлұқ мемлекеті шығыста-



жүктеу 1,54 Mb.
бет15/67
Дата14.04.2023
өлшемі1,54 Mb.
#42164
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
Қазақстан тарихынан билет жауаптарымен 3-нұсқа 11 сынып

Қарлұқ мемлекеті шығыста- Жоңғар Алатауынан, батыста- Сырдарияның төменгі ағысына дейін, солтүстікте-Балқаш, оңтүстікте- Ыстықкөлге дейінгі жерлерді алып жатты. Араб саяхатшысы Әбу Дулаф «қарлұқтар жерімен жиырма бес күн өтуге тура келді» десе, араб географы Ибн Хаукаль «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін отыз күн жол жүру керек болды» деп хабарлайды. «Худуд әл-алам» (X ғ.) мәліметтеріне сүйенсек, халқы ең тығыз қоныстанған және ең бай жер болған. Онда қалалар мен қала қоныстары өте көп. Қарлұқ елінде жиырма бес қала мен қала қонысы болған. Олардың ішінде Құлан, Мерке, Аталық, Балық, Барысхан, Тальхиз қалалары аталады. Қалалардың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Ірі қалалары Тараз бен Испиджаб.
756 жылы құрылған Қарлұқ мемлекетінің билеушісі ябғу лауазымына ие болды. 840 жылы Білге Күл Қадыр өзін қаған деп жариялады. 
Қарлұқтар құрамына үш ірі рулық бірлестіктер- Бұлақ, Жікіл және Ташлықтар кірді. Араб, парсы деректеріне сүйенсек, Жетісуда құрылған қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі түрлі тайпалар өкілдер- бұлақтар, тухсилер, аргулер, барысхандар, оғыздардың қалған топтары кірген.
Орта Азиядағы Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту мақсатында «ғазауат соғыс» жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі саманилер әулетіне алым-салық төлеп тұрады. Саманилер Тараз қаласын да басып алып, онда мешіт салдырады. Қала билеушісі Оғұлшақ (Білге Күл Қадырдың ұлы) Қашғар қаласына кетуге мәжбүр болады. Дегенмен, бұл қалаларда саманилердің діни ықпалы болғанымен де, іс жүзінде билік қарлұқтар қолында болды. Сондықтан да саманилерге қарсы күрес те тоқтамаған.
Қалыптасқан тарихи және географиялық жағдайларға байланысты, қарлұқтар Қазақстан мен Орта Азияда орналасқан түріктердің ішіндегі отырықшылдыққа ерте бой ұрған тайпалық бірлестік. Оған ,біріншіден, оңтүстік, оңтүстік-батыстағы отырықшы-егіншілікпен, саудамен айналысқан Соғды мемлекетімен байланыстары, екіншіден, Ұлы Жібек жолының қарлұқтар мекенімен өтуі себеп болды. Қарлұқ қоғамында шаруашылықтың бірнеше типі қалыптасты. Олар көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы шаруашылықтар. Егер осы қарастырып отырған кезеңде қыпшақтар мен оғыздарда негізінен көшпелілік басым болса, қарлұқтарда жартылай көшпелі шаруашылық үстемдік етті. Аң аулау кәсібімен де шұғылданды. Қағанаттағы ішкі талас тартыстар мен билік үшін күрес күшті болды. Бұл қағанатты әлсіретпей қоймады. Мұны пайдаланған Қашғардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұн қаласын басып алып, Қарлұқ қағанатын талқандайды.
 

жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау