Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Мәскеу түбіндегі шайқастағы қазақстандықтардың көрсеткен ерліктері
1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді.
Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды.
“Барбаросса” жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның билеушілері КСРО - ны көп ұлттық жасанды және тұрақсыз бірлестігін ішкі бірліктен жұрдай этностық конгломерат (құранды) деп есептеді.
Фашистер басып алынған Кеңес аумағында Остланд (Беларусь пен Балтық жағалауы), Украина, Мәскеу (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан және Еділ - Орал рейхкомиссариатын құруды жоспарлады. “Ғылыми - зерттеу институты” деп аталған “Арбайтегемайншафт Түркістан” атты жоғары барлау мектебі құрылып, болашақтағы “Үлкен Түркістан” картасын әзірледі. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұрыстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық және саяси мақсаттардан туындады. Бұл өңірде ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық - түлік базасын құру белгіленді.
Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халқын құлдыққа түсіру гитлершілердің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы басты нысаналарының бірі болды.
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап - ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Мәскеу түбінде генерал - майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 - атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылы қарашада Дубосекова түбінде ұрыс болған 1075 атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі елге мәлім болды. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочковтың: “Ресей кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу”, - деген жалынды сөзі бүкіл майданды шарпыған ұранға айналып кетті. Мәскеу үшін шайқаста И.В. Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табандылық көрсетті. Дивизия жаудың төрт есе басым күшіне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді.
Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Б. Момышұлы былай деп жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алды...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік”.
Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316 - атқыштар дивизиясы 8 - гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл ту орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В. Панфиловтың есімімен аталатын болды.
Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.
Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойды. Қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ұзақ жылдар соғыстың алғашқы күндерінде бірінші болып таран жасап, жанған жау тобына ұшағын бағыттаған адам, авиация капитаны Николай Гастелло саналып келді. Кейін зерттеушілер мұндай ерлікті алғаш жасаған А. Масловтың экипажы екендігін дәлелдеді. Оның құрамында жерлесіміз Бақтыораз Бейсекбаев бар еді. А. Маслов экипажының мүшелеріне Ресейдің батыры атағы берілді. 1998 ж Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкімімен Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді.
Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің болған уақытын дұрыс реттік жүйемен кестеге толтырыңыз. (Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс, К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрес, С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі, Бөкей Ордасындағы көтеріліс)
Достарыңызбен бөлісу: |