Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикум


ТАҚЫРЫП. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ



жүктеу 0,97 Mb.
бет26/62
Дата16.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#42615
түріПрактикум
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы

ТАҚЫРЫП. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ


Мақсаты – оқушылардың білім мен дағдыларын бақылау мен бағалаудың мәні мен оны ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру.
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.


СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
1.Оқыту процесінің нәтижесін бақылау түсінігінің мәні. Бақылаудың түрлері мен әдістері
2. Оқыту процесінің нәтижесін бағалау түсінігі. Бағалау критерийлері
3. Оқыту процесінің нәтижесін бақылаудың формасы - тестілеу
Семинар сабағына әдістемелік нұсқау:
3ші сұрақ бойынша тестік тапсырмалардың түрлі формаларын қарастырыңыз (авторы Аванесов В.С.).


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ


Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап беру
Мақсаты: Оқушылардың білімдері мен дағдыларын бақылау мен бағалау бойынша дағдыларын дамыту
1. Білімді тексеру мен бағалаудың қызметтерін атаңыз.
2. Өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалаудың тиімділігі бар ма және ол неден көрінеді?
3. Өз мамандығыңыз бойынша сабақтың бір тақырыбына не тарауына тексеру жұмысының үлгісін дайындаңыз.
4. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен дәстүрлі емес оқыту жүйесіндегі бақылау, бағалауға салыстырмалы талдау жасаңыз.
5. Тәрбие жұмыстарының нәтижелерін бағалау түрлері атаңыз.
6. Қазіргі кездегі оқыту жүйесінде бағалаудың жаңа технологиларын білесіз бе? ( әр қайсысына жеке мағлұмат беріңіз)
7. Кестені толтырыңыз.

Бақылау (тексеру) түрі

Оқушылар саны

Сипаттама

Әдістері

1. Жеке




2. Фронтальді




3. Аралас














Әдебиет: : 1-9, 11, 15,17, 21,29,30



жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау