ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Игібаева А.К., Дюсенбаева А.Т., Шакаримова Қ.Қ.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКУМ
(оқу-әдістемелік құрал)
Өскемен, 2013
ӘОЖ 37.02 (075.8)
КБЖ 74.00
И 24
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Әдістемелік кеңесімен 2013 ж. 12 сәуірдегі №4 хаттамасы негізінде баспаға ұсынылды.
Пікір жазғандар:
Набиев Е.А. – педагогика ғылымдарының докторы
Кумаржанова К.Ш. - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Ксембаева С.К. – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Оқу-әдістемелік құрал ҚР Білім және ғылым Министрлігінің « 2012 жылдың ЖОО ұздік оқытушысы» атағының қаржысына басылды.
Игібаева А.К., Дюсенбаева А.Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикум. - Өскемен: , 2013. – 165 б.
Педагогикалық практикум «Білім» бағыты бойынша білім алып жатқан педагогикалық мамандықтардың «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Педагогика тарихы», «Этнопедагогика» типтік оқу бағдарламалары негізінде жасалған. Педагогикалық практикум педагогикалық мамандықтардың студенттеріне білім алу барысында болашақ кәсіби әрекеттің жеке элементтерін модельдеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық практикум жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.
мазмұны
КІРІСПЕ .......................................................................................................3
1. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»..................................................4
2. «Педагогика»..........................................................................................38
3. «Педагогика тарихы».............................................................................93
4. «Этнопедагогика».................................................................................128
5. Әдістемелік нұсқаулар ........................................................................150
ГЛОССАРИЙ .......................................................................................... 158
КІРІСПЕ
Педагогикалық практикум педагогикалық мамандық студенттеріне білім алу барысында болашақ кәсіби әрекеттің жеке элементтерін модельдеуге әрі сабаққа жүйелі дайындалуға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Практикум мақсаты - студенттердің педагогикалық пәндер жүйесі бойынша негізгі білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, болашақ кәсіби сапаларын арттыру.
Оқу-әдістемелік құрал педагогикалық мамандықтардың «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Педагогика тарихы», «Этнопедагогика» пәндерінің мазмұнын ашатын тапсырмалар жүйесінен тұрады. Тапсырмалар педагогикалық мамандықтар студенттерінің педагогикалық ойлау, педагогикалық жобалау, педагогикалық болжау, әдебиеттермен жұмыс істеу сияқты дағдыларын дамытып, дербес ізденіс және шығармашылық әрекет тәжірибесін арттырады.
Практикумда педагогикалық мамандықтар студенттерінің тапсырмаларды орындау бойынша өзбетімен жұмысын мақсатты және жүйелі ұйымдастыру, сапалы педагогикалық басқару мақсатында әдістемелік нұсқаулармен, пайдалануға ұсынылатын әдебиетер тізімімен қамсыздандырылған. Практикумда педагогикалық пәндер жүйесі бойынша білім алушылардың білімін ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын ұйымдастыруға арналған тест тапсырмалары берілген.
Оқу-әдістемелік құрал студентті болашақ кәсібінің нағыз маманы болып қалыпасуына негіз болатындай әр түрлі тапсырмалар мен ақпараттамен толықтырылып, білім жолында жүйелі түрде жемісті еңбек етуге жетелейді.
Педагогикалық практикум жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |