I оқУ-Әдістемелік кешен жасалады және енгізілді орындаған



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет3/31
Дата26.12.2019
өлшемі7,74 Mb.
#24971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

11

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1-тақырып. Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі.

Еңбектік  қызмет  және  еңбектік  қатынастар.  Еңбектік  және  өндірістік 

қатынастар.Әлеуметтік-еңбектік  қатынастар.  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясындағы еңбек мәселелері.

Қазақстан  Республикасының  еңбек  құқығының  түсінігі  және  ұлттық 

құқық  жалпы  жүйесінде  алатын  орны.  Еңбек  құқығының  пәні: еңбек 

заңдылығымен, әлеуметтік  әріптестік  туралы  келісімдер,  жеке  және  ұжымдық 

шарттармен  бекітілген  қызметкер  мен  жұмысберуші  арасында  келісімдер 

негізінде  туындайтын  құқықтық  қатынастар;  еңбектік  қатынастармен  тығыз 

байланысты қатынастар.

Еңбекті құқықтық реттеу механизімінің түсінігі және құрылымы. Еңбек 

құқығы  әдісінің  түсінігі,  оның  белгілері.  Құқықтық  реттеу  әдісінің      және 

еңбек  құқығы  пәнінің  арақатынасы,  еңбек  құқығын  құқық  саласы  ретінде 

анықтауда олардың мәні.

Еңбек  қатынастарын  мемлекеттік-құқықтық,  ұжымдық-шарттық,  жеке-

шарттық реттеу. Еңбек құқығының функциялары.



2-тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қағидалары.

Еңбек  құқығының  қағидаларының  түсінігі,  олардың  мәні.  Еңбектік 

қатынастарды  құқықтық  реттеу  аясында  қағидалардың  жіктелуі,  мазмүны. 

Еңбек құқығының қағидалары және нормалары, олардың ара қатынасы.

Еңбек  құқығының  конституциялық  қағидалары.  Еңбек  құқығының 

салааралық,  салалық  қағидалары.  Еңбек  құқығы  субъектілерінің  субъективтік 

құқықтары  мен  міндеттерінің  еңбектік  қатынастарын  реттеудің  құқықтық 

қағидаларының  арақатынасы.  Азаматтардың  еңбек  құқықтарының  және 

міндеттерінің орындалуының шынайы кепілдіктері.

3-тақырып. Еңбек құқығының субъектілері.

Еңбек  құқығының  субъектілерінің  түсінігі  және  түрлері.  Еңбек 

құқығының 

субъектілерінің 

еңбектік 

құқық


субъектілері, 

оның 


құқыққабілеттілігі, 

әрекетқабілеттілігі. 

Еңбек 

құқығындағы 



арнайы 

құқықсубъектілігі.

Жеке  тұлға  еңбек  құқығының  субъектісі  ретінде,  оның  еңбектік 

құқықсубъектілігі.  Шетел  азаматтарының,  азаматтығы  жоқ  адамдардың 

құқықтық  мәртебесі.  Еңбектік  қатынастары  еңбек  туралы  заң  актілерімен 

реттелетін қызметкерлердің басқа да санаттары.

Жұмысберуші  еңбек  құқығының  субъектісі  ретінде.  Жұмысберушінің 

құқықсубъектілігі. 

Еңбектік 

құқық 


қатынастарға 

қатысатын 

заңды 

тұлғалардың  түрлері.  Қызметкерлердің  еңбегін  қолдану  саласында  заңды 



тұлғалардың  филиалдарының,  өкілдіктерінің  құқықтық  мәртебесі.  Жеке 

тұлғалар жұмысберуші ретінде, олардың құқықсубъектілігі.

Жұмысберушінің  өкілдері.  Еңбек  бойынша  өкілетті  мемлекеттік  орган. 

Қызметкерлердің өкілдері, олардың жалпы сипаттамасы,




12

Кәсіподақтар  еңбек  құқығының  субъектісі  ретінде,  олардың  құқықтық 

мәртебесі.

Мемлекет  еңбек  құқығының  субъектілері.  Олардың  әлеуметтік-еңбектік 

қатынастарға қатысудың нысандары.

4-тақырып. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдык шарт.

Әлеуметтік  әріптестіктің  түсінігі.  Әлеуметтік  әріптестік  мақсаттар 

қағидалары,  жүйесі,  нысандары.  Әлеуметгік  әріптестік  тараптары.  Әлеумет 

әріптестіктің мазмұны.

Үш  жақты  деңгейде  (трипартизм)  әлеуметгік  әріптестікті  ұйымдастыру. 

Әлеуметтік  әріптестік  органдары,  қағидалары,  олардың  қалыптасу  тәртібі. 

Әлеуметтік  әріптестік органдарының негізгі  мақсаттары,  міндеттері,  олардың 

өкілдері.  Әлеуметтік  әріптестік  органдарының  координаторлары.  Әлеуметтік 

әріптестік  тараптарының  арасында  келісімдерді  бекіту  тәртібі.  Келісімдеі 

орындауды бақылау.

Ұжымдық  шарттың  түсінігі.  Еңбек  құқығының  қайнар  көздері 

жүйесінде  ұжымдық  шарттың  мәні  және  алатын  орны.  Ұжымдық  шарт 

тараптар  мазмұны  және  құрылымы.  Ұжымдық  шарттың  нормативтік  және 

міндеттеме талаптары, олардың мазмүны. Ұжымдық шартгы бекіту тәртібі.

Ұжымдық шарттың мерзімі және әрекет ету аясы. Ұжымдық және жеке 

еңбек  шарттарының,  ұжымдық  шарт  пен  (бас), салалық  (тарифтік),  аумақтық 

келісімдердің арақатынасы.

5-тақырып. Жеке еңбек шарты.

Шарт  туралы  білімнің  жалпы  мазмұны.  Жеке  еңбек  шартының  түсіні 

олардың  түрлері.  Жеке  еңбек  шартының  тараптары.  Жеке  еңбек  шарты 

бойынша  еңбек функциясы мен жұмыс орнының түсінігі. Жеке  еңбек шартын 

бекіту  тәртіі  Жеке  еңбек  шартының  мазмұны  және  мерзімі.  Жеке  еңбек 

шартының нысандары

Жеке  еңбек  шартының  талаптарының  өзгеруінің  шарттық  әдісі. 

Жұмысберушінің  бастамасымен  қызметкердің  еңбек  талаптарын  өзгерту 

негіздері.

Басқа  жұмысқа  ауыстырудың  түсінігі  және  түрлері.  Басқа  жұмыс 

ауыстырудың жағдайлары және тәртібі. Басқа аймаққа ауыстырудың қызметтік 

сапарлардан айырмашылығы. Басқа жұмыс орнына жылжыту.

Жеке  еңбек  шартының  тоқтату  және  бұзу  түрлері.  Жеке  еңбек  шартын 

тараптардың  келісімімен  бұзу.  Жеке  еңбек  шартын  жұмысберушінін 

бастамасымен  бұзу  негіздері.  Жеке  еңбек  шартын  қызметкердің 

бастамасымен  бұзу  негіздері.  Жеке  еңбек  шартын  тараптардың  еркінен  тыс 

мән жайлар бойынша тоқтату. Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі.

6-тақырып. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Жұмыс  уақытының  түсінігі  және  оның  белгілері.  Жұмыс  уақытының 

түрлері.  Жұмыс  уақытының  қалыпты  ұзақтығы.  Жұмыс  уақытының 

қысқартылған  ұзақтығы.  Толық  емес  жұмыс  уақыты.Қысқартылған  жұмыс 

уақытының  режим  белгілеудің  талаптары  және  тәртібі.  Өндірістің 



жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау