8
нормаларын қолдана білу керек, еңбектік және зейнетақылық салада сапалы
кеңес беру, сонымен қатар еңбек құқығын еңбектік және әлеуметтік-
қамсыздандырушылық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үрдісінде
пайдалану.
Аталған курсты оқытудың нормативтік негізін еңбек құқығының және
әлеуметтік қамсыздандыру құқығы саласындағы нормативтік құқықтық акт
қамтиды.
Бұл тек ішкі ұлттық заңдылықтың қайнар көздері ғана емес, соным
қатар халықаралық құқықтың нормалары оның ішінде ерекше орын алатын XI
Конвенциялары, Қазақстан Республикасының баска мемлекеттермен бекіткен
(бір жақты, көп жақты) келісімдері, шарттары.
«Қазакстан Республикасының еңбек құқығы» курсының логикасы,
біріншіден, жоғары білікті мамандарды дайындаудағы қазіргі кезеңді
талаптарға ұштасады, екіншіден, практикада арнайы білімдерін қолдана
алатын студенттердің құқықтық ой-толғауын дамыту. Қайта құжаттау.
Аталған құқық саласын құқықтық реттеу пәнін құрайтын құқықтық
қатынастардың күрделілігін, біртекті еместігі, көпвекторлық қатынастарын еске
отырып, оқу курсын оқыту барысында алдын ала оқытылатын пәндермен ара
қатынасын жоспарлау қажет, оларға мемлекет және құқық теориясы
конституциялық, қаржы, азаматтық, әкімшілік, отбасы құқықтары кіреді.
Салалас пәндер тізімі: әкімшілік, қаржы, салық, азаматтық, азаматтық- іс
жүргізу құқығы.
9
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫНА КІРІСПЕ
Азаматтар еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын өр түрлі
нысанда қолдана алады, бірақ халықтың басым көпшілігі дүниежүзінде
жалдамалы еңбек тобының тұлғаларына кіреді. Жалдамалы еңбек саласында
құқықтық қатынастарды реттеудің алғашқы әрекеті 19 ғасырда, өндірістік
революция кезеңінде басталды. Сол кездегі қоғамға және мемлекетке
жалдамалы еңбектің тұлғаларын еңбегін асыра пайдаланудан қорғау түсінігі
келді. Оның мақсаты жұмыс күшін қалыпты пайдалану және ұлттың
денсаулығын сақтау. Сол кезде жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс
уақыты, жалақы, еңбекті қорғау, әлеуметгік қамсыздандыру туралы алғашқы
нормативтік-құқықтық актілер пайда болды. Осылай азаматтарды құқықтық
қорғаудың құқықтық базасы болып табылатын жаңа сала- еңбек құкығы пайда
болды.
Еңбек құкығы дербес құқық саласы болып табылады, оның пәні, әдісі,
қағидалары бар және басқа құқық салаларынан айрықша ерекшеленеді.
Мысалы, жеке еңбек шарты еңбек бостандығы қағидасын жүзеге асырудың
негізгі нысаны болып табылады. Жеке еңбек шарты - еңбектік құқытық
қатынастардың айрықша ерекшеліктерін көрсететін еңбек құкығының ең
негізгі институттарының бірі болып табылады. Жеке еңбек шартын
азамттық-құқықтық шарттардан айыру қазіргі таңда өзекті мәселе болып
қала береді. Ұйымдардағы азаматгармен бекітетін азаматтық-құқықтық
шарттарға көбінесе, мердігерлік шарт, сату-сатып алу шарты, олардың пәні
жұмыстың қорытындысы болып табылады. Аталған шарттар бойынша
қатынастар ұйым мен жеке тұлғалар арасында бекітілуі Қазақстан
Республикасының
Азаматтық
кодекспен
ретгеледі
және
азаматтық
заңдылықтың бір бөлігі болып табылады. Бұл жерде атап кеткен жөн,
жоғарыда аталған шарттарды айыру кезінде тек жұмыс беруші мен
жұмыскердің арасында ғана емес, сонымен қатар, жұмыс беруші мен
мемлекеттік органдардың, мысалы, салық органдарымен еңбек даулары
туындайды.
Еңбек құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастар саласында
жариялылық-құқықтық әдіс қолданылады: еңбек қатынастарын реттейтін
қағидаларды және жұмысберушінің міндеті болып табылатын қызметкерлерге
кепілдіктерді мемлекет белгілейді. Басқа жағынан жұмысберуші ұжымдық
және жеке шарты арқылы еңбек жағдайларын бекітеді. Жеке еңбек шарты
тараптары мемлекетпен белгіленген кепілдіктерді бұзбай шартын еркін
пайдалана алады. Жұмысберуші заңдылықпен белгіленген кепілдіктерді
нашарлатпай, керісінше жақсарта алады. Кері жағдайда шарт талаптары
заңсыз болып табылады. Нормативтік реттеудің жүйесіне жеке кәсіпорын
шегінде жұмысберушінің қабылдаған актілері кіреді.
Қазақстан Республикасы халқының экономикалық деңгеін көтеру
мақсатында азаматтарды әлеуметгік қорғау мәселелері айрықша орын алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға жалақының ең
төменгі
мөлшерін,
зейнетақы,
жасына
байланысты
зейнетақылық
қамсыздандыру, ауырған кезде, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан
10
айырылған жағдайда көмек алу кепілдіктерін бекітті. Ерікті зейнетақылық
төлемдер,
әлеуметтік
қамсыздандырудың
қосымша
нысандары
көтермеленеді. Аталған кепілдіктердің айрықша сипаты ел басының халыққа
«Қазақстан-2030» жолдауында көрсетіледі.
Мемлекеттің дамуының ұзақ уақыттағы жеті басымдылығының ішкі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев денсаулық, білім және
Қазақстанның игілігін басшылыққа алады. Сондықтан да, еңбек құқығы
саласын оқу кезінде әлеуметгік қамсыздандыру құқығы саласының
мәселелері ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің
ішінде алғаш: болып ынтымақтастық жүйеден жинақтаушы жүйеге көшті,
оның
мәні
халықтың
әлеуметтік
жағдайын
жақсарту.
Қазақстан
Республикасының
2002
жыл
әлеуметтік-экономикалық
дамуының
индикативтік жоспарының басты бағыты кедейлікпен күресу. Еңбекке
қабілетсіздігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда міндетті
әлеуметтік сақтандыру шаралары колданылады. Мүгедектерді әлеуметгік
сауықтыру жүйесі дамуында ынтымақтастық және жинақтаушы жүйелер
механизмін дәйектеді. Мұның дәлелі еңбек құқығының және әлеуметтік
қамсыздандыру құқығы заңдылығын жетілдіру.
Қазақстан Республикасында әлеуметгік қамсыздандыру жүйесін
қалыптастырудың белсенді үрдісі дамуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне зейнетақының барлық түрлері,
жәрдемақының көптеген түрлері, өтемақылық төлемдер, әлеуметтік қызмет
көрсету, азаматтардың кейбір санаттарына жеңілдіктер беру және атаулы
мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету қызметтері кіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қабылданған
кағидалар
мен
халықаралық
құқық
нормалары
және
Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттары құқық жүйесінің бір бөлігі болып
табылады, бұдан шығатын қорытынды еңбекті реттеу және азаматтар;
әлеуметтік қорғау саласында халықаралық құқық нормаларын оқу қажет.