ҚҰҚЫҚ негіздері дәріс құрастырушы



жүктеу 1,41 Mb.
бет3/9
Дата17.11.2017
өлшемі1,41 Mb.
#666
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Лауазымды адам-ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық- өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам лауазымдық өкілеттік-заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4)қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.

Тәртіптік жазаны лауазымдық өкілеттігіне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады. Жасағаны үшін заңда өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшін қолдануға болмайды. ҚР нормативтік-құқықтық актілермен белгіленетін тәртіппен қолданады.



3.Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік.

Жалпы құқық бұзушылық- бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті кінәлі іс-қимыл.

Қылмыс-бұл ҚР Қылмыстық кодексінде көрсетілген, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет.

Теріс қылық-қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салада туғызатын қоғамға орташа және кішігірім қауіпті іс-әрекеттер деп құқық бұзушылық, қоғамға қауіптілігіне қарай 2-ге бөлінеді.

Ал, теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік, азаматтық-құқықтық, материалдық мүліктік, тәртіптік. Соның ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз-әкімшілік құқық бұзушылық.



Әкімшілік құқық бұзушылықты қасақана жасау. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің ) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты абайсызда жасау.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.

Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалары қолданылған жағдайда әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі-30 тәулікпен, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алу 45 тәуліктен аспауы қажет. Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке сүйене отырып өмір сүреді.

Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз- әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып, өкіметтің арнайы органына немесе лауазымды адамның құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту қалпына келтіру шараларды қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі.

Әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс тұлғалар:

1) ақыл-есі дұрыс, 16-жасқа жеткен жеке адам;

2) заңды тұлға.

Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар.

Қажетті қорғану.

Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде, егер бұл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.



Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау.

Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде, бұл адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қолсұғушылықтар жасауын болдырмау үшін, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл ретте осы үшін қажетті шараларды асыра қолдануға жол берілмесе, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. Адамға қажеттіліктен асып, шектен тыс, жағдайдан туындамаған айқын зиян келтірген кезде, олардың ұсталған адам жасаған қол сұғушылықтан сипаты мен қауіп дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көпе-көрінеу сәйкес келмеуі қол сұғушылық жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолданушылық деп танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.



Аса қажеттілік.

Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. Қатер төндірген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіп жойылған, құқық қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру-аса қажеттілік шегінен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету қасақана зиян келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.



Әдебиеттер:
1. З.О.Ашитов, Б.З.Ашитов. ҚР құқық негіздері.-алматы, Жеті-Жарғы, 2003.

2. С.Д. Баққұлов. Құқық негіздері.-Алматы, 2004.

3. А.Таранов.ҚР әкімшілік құқығы.-Алматы, 2003

4. Е.Баянов.Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамасы.-Алматы, 2003.


Нормативтік-құқықтық актілер:
1. ҚР Конституциясы.30 тамыз 1995 жыл. Алматы, 2007.

2. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 1995 жылғы 26-желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Жарлығы.

3. ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы.

4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексі.-Алматы, 2001.

5. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңы.

6. «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңы.



4-тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.

2. ҚР прокуратурасы: жүйесі, құрылымы.

3. Ішкі істер органдары.

4. ҚР-ның Қауіпсіздік комитеті органдардың жүйесі, мақсаты.

5. ҚР-дағы сот және сот әділдігі.




  1. ҚР құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.

Республикада Конституция, заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.

Құқық қорғау органдарына жататындар:

прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.

Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады, ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып табылады.

Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғау қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді.



Мысалы, нотариус, адвокатура, сот т.б. сияқты органдар құқық қорғау органдарына жататындықтарымен олар қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етумен айналыспайды.

Ондай органдарға, ең алдымен, полиция және ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік қызметтері секілді, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады.

Құқық қорғау органдарының қызметтеріне:

1) конституциялық бақылау;

2)әділ соттылық;

3)соттардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

4) прокурорлық қадағалау;

5) қылмысты анықтау және тергеу;

6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс-әрекеттер жатады.

2.ҚР прокуратурасы: жүйесі, құрылым.

Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.



Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

Ішкі істер органдары.

Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін-ҚР Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, ІІМ қарасты оқу орындары құрайды.



Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:

1)заңға қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу;

2)анықтама жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау;

3)кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықты бұзуын анықтау және болғызбау, қылмыс жасап, алдын ала анықтаудан, тергеуден және соттан жасырынып, қылмыстық немесе әкімшілік жазаны мойындаудан жалтарып із-түзсіз жоғалғандарды және т.б. іздестіру.

4)ұрланған мүлікті іздестіру, жол жүру ережелерін сақтауға бақылау жасау, паспорт жүйесі ережелерін іске асыруға азаматтар мен лауазымды тұлғалар бақылау жасау;

5) шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерін сақтауына бақылау жасау, мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау, т.с.



4. ҚР қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары-республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, елдің конституциялық құрылысын, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техниканы қорғауды қамтамасыз етуге арналған ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бірлестіктер қызметінен тәуелсіздік принциптерінде құрылады. Ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметін жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетін Республика Президенті құрады, таратады және қайта құрады және ол республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесіне кірмейді. Ұлттық қауіпсіздік комитетін Республика Парламенті Сенатының келісімі бойынша Республиканың Президенті қызметке тағайындайтын төраға басқарады; оны Республика Президенті қызметтен босатады.



5.Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі.

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі-соттар. Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т.б. сияқты шешімдер қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзіретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді. ҚР сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Конституцияның 75-бабында «Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп жазылған.

Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Соттың органдары мыналар:

1)қадағалау алқасы;

2)азаматтық істер жөніндегі алқа;

3)қылмыстық істер жөніндегі алқа;

4)соттың жалпы отырысы.

Жоғарғы Соттың жағынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы құрылады.




Әдебиеттер:
1.Е.Баянов.Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы, 2002 ж.

2.Қ.И. Оспанов. Құқық негіздері: Оқу құралы.-Алматы; Жеті Жарғы, 2006.

3.Ғ.Сапарғалиев. ҚР Конституциялық құқығы.-Алматы, 1998 ж.

Нормативтік-құқықтық актілер:

1.ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.(21 мамыр 2007 ж.и өзгертулер мен толықтырулар).-Алматы, 2007.

2. «ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы.

3. «ҚР Ішкі істер органдары туралы» ҚР 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заңы.


5-тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
Жоспар:

1. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері.

2. Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны, жарамсыз мәмілелер.

3. Өкілдік және сенімхат.

4. Мұрагерлік құқық.
1.Азаматтық құқықтың жалпы ережелері.

ҚР азаматтық құқығының пәні – тауар–ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды құрайды. Азаматтық құқық реттелетін қоғамдық қатынастар негізінде мүліктік қатынастар болып табылады.

Материалдық игіліктермен, мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен, басқа да мүліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас) мүліктің (тиістілігіне қарай) меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі.



Мүліктік қатынас дегеніміз-мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді.

Азаматтық құқық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады.

Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтайтын мәселе қойса, өзінің жекелегін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбеті құқығы. Жеке өмірден құпиялылығы, тұрған үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға жатқызуға болады.



Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:

1.Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі;

2.Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;

3.Шарт еркіндігі;

4.Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;

5.Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

6.Нұқсан келтірген құқықтарды қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;

7.Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.



Азаматтық құқықтың субъектілері.

Жеке тұлға-азаматтық құқықтың субъектісі, құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. Жеке тұлға деп ҚР азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз.

Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде ҚР азаматтарына беріледі.

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтық құқық қабілеттілігі-азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қызметі барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады.

Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек.



Азаматтық құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі.

Құқық қабілеттілік-құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз-азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігімен ерешеленеді.

Азаматтық құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанша бірге болады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

Азаматтың әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Әдебиеттерде азаматтық әрекет қабілетттілігі толық, ішінара (толық емес), әрекет қабілеттілігі әдетті, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты.



Заң мұндай тұлғаларды 2 топқа бөледі:

А) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;

Б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді.



Ондай мәмілелерді 2 түрде бөлуге болады:

-өздерінің заңды өкілдерінің келісімсіз-ақ өз бетімен жасалған мәмілелер;

-ата-анасынан рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

Азаматттың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтық тұрғылықты жерінде жүзеге асырады.



Заңды тұлға деп-меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым-заңды тұлға деп танылады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

Коммерциялықи емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

  1. Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны, жарамсыз мәмілелер.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп аталады.

Мәмілелер бір жақты және екі жақты немесе көпжақты шарттар болуы мүмкін.

Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет.

Біржақты мәміле, мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады. Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу- басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінгі қалдыратын шартпен жасалады деп есептеледі. Егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің толықтырылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі. Егер шарттың басталуы тиімсіз болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп есептеледі.

Мәмілелер нысаны.

Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда әдеттегідей қабылданғаны өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше көзделмесе ауызша түрде жасалған болып табылады.



Үндемей қалу-заңдарда немесе тараптардың келісімімен мәлім жасауға ерік білдіру деп танылады.

Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша жасалуы мүмкін.



Мәміленің жазбаша түрі:

-егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;

-мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіш жоғары сомға;

Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасауға тиіс.



Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс немесе субъектілерді немесе олардың еркін білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдарда немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасаған мәмілеге теңестіріледі.



Біржақты мәміле дегеніміз-заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәміленің жиі кездесетін түрі-өсиет қалдыру. Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады. Ал бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.

Консенсуалды мәмілелер-келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін келісімінің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір нәрсеге тәуелді болып келеді, ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу- басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінгі қалдыратын шартпен жасалады деп есептеледі.

Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың түрлері.

Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:

А) зат құрамының ақауы болатын мәміле;

Б) ерікке қатысты ақауы бар мәміле;

В)нысананың ақауы бар мәміле;

Г)мазмұнның ақауы бар мәміле;

Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негізінде немесе адамгершілікке көпе-көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады. Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің біткеннен кейін жасалған мәміле-жарамсыз болады.

Әрекет қабілеттілігі болғанмен, мәміле жасаған кезде өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

3.Өкілдік және сенімхат.

Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.

Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді. Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігін заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы 3 адамман-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң нұсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдіктің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады.

Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттілігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.



жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау