ҚҰҚЫҚ негіздері дәріс құрастырушы


Іске қатысушы тұлғалардың құрамы



жүктеу 1,41 Mb.
бет9/9
Дата17.11.2017
өлшемі1,41 Mb.
#666
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Іске қатысушы тұлғалардың құрамы.

Тараптар: дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі) материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарға толық көлемде болады.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.

Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері.

Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.

Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген салдарларды туғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады.

Прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы.

Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.

Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда міндетті.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.

Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Заңмен көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін өз бастамашылығы бойынша, іске қатысушы тұлғалардың бастамашылығы бойынша, сондай-ақ соттың бастамашылығы бойынша процеске қатыса алады.

3.Қылмыстық іс жүргізу құқығының субъектілері.

Сот-сот билігі органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кіретін, істі алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот.

Бірінші сатыдағы сот-қылмыстық істі мәні бойынша қарайтын сот.



Судья-сот билігінің иесі; осы лауазымға заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған немесе сайланған кәсіпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесі немесе тиісті соттың басқа да судьясы).

Төрағалық етуші-қылмыстық істі алқалық немесе жеке қарау кезінде төрағалық ететін судья.

Сот отырысына төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылардың барлығы және сот залындағы өзге де адамдар үшін міндетті.



Прокурор-өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлік прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшілері, прокурорлардың қадағалау саласы жөніндегі прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.

Тергеу бөлімінің бастығы-алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы мен өз құзыреті шегінде іс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.

Тергеу бөлімінің бастығы тергеу ісін жүргізуді тергеушіге тапсырады, тергеушілердің жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша олардың дер кезінде іс-әрекет жасауына, тергеушілердің алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзімдерін сақтауына, прокурор нұсқауларының, істер бойынша нұсқаулар береді; алдын ала тергеу жүргізуді бірнеше тергеушіге тапсырады; заңда көзделген жағдайларда тергеушіні іс бойынша іс жүргізуден шеттетеді; өз құзыреті шегінде өзіне бағынысты алдын ала тергеуді жүзеге асырушы органның бір тергеу бөлімшесінен қылмыстық істі алады және алдын ала тергеуді жүзеге асырушы сол не өзге де өзіне бағынысты органның басқа тергеу бөлімшесіне береді; аяқталған қылмыстық істерді прокурорға жолдайды.

Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне алуға және бұл орайда тергеушінің өкілеттігін пайдалана отырып, жеке-дара алдын ала тергеу жүргізуге құқылы.

Тергеуші-өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асырауға уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі.

Тергеуші істің жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге, барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, айыптау қорытындысын жасау жолымен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті.



Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына:

1)заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолдану.



Мыналар анықтау органдары болып табылады:

1)ішкі істер органдары;

2)ұлттық қауіпсіздік органдары;

3)қылмыстық жазаларды орындау және қамауда ұстау тәртібімен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша-әділет органдары;

4)қаржы полициясы органдары;

5)контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша-кеден органдары;

6)Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің; құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша-әскери полиция органдары.

Анықтаушы-өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.

Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы 24 сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге міндетті.



Сезікті.

Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам сезікті болып танылады. Сезікті ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейін бұлтарпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірілмей, өзі таңдаған немесе тағайындалған қоршауымен алғашқы жауап алуға дейін оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етіле отырып, одан жауап алынуы тиіс.

Ұсталған сезікті телефон арқылы немесе өзге де тәсілмен дереу өзінің тұрған жеріне немесе жұмыс орнына өзінің ұсталғандығы және ұсталып отырған жері туралы хабарлауға құқылы.

Айыпталушы.

Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады.

Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы, сотталушы, өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы, сотталған адам, өзіне қатысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы, ақталушы деп аталады.

Айыпталушы: заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға; өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға; қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға; қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге, бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға; өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге; айғақ беруден бас тартуға; дәлел ұсынуға; өтініш пенн қарсылық мәлімдеуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға;қорғаушысы болуға;

Қорғаушы-заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегі көрсететін адам. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады.

Күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды адвокатпен қатар күдіктінің, айыпталушының, сотталушының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және осы бірлестіктер мүшелерінің істері бойынша басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері жүзеге асыра алады.

Шетелдік адвокаттардың іске қорғаушылар ретінде қатысуына, егер бұл ҚР тиісті мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен жол беріледі.

Бір адам, егер сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі екіншісінің мүддесіне қайшы келетін болса, олардың екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды. Адвокаттың өзіне қабылдаған сезіктіні немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ.



Жәбірленуші.

Қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адам жәбірленуші болып табылады. Жәбірленушіге қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген ережелер бойынша өкілге арналған шағындарды қоса есептегендегі оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтірілген шығындарды өтеу қамтамасыз етіледі.



Куә.

Айғақ беру үшін куә ретінде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкін.



Куәнің: қылмыстық жазаланатын әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оның өзі, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін ізіне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға; өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға; жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың іс-әрекетіне шағым жасауға, өз құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты өтінішін мәлімдеуге құқығы бар. Куәнің, егер адвокат қандай да бір басқа салада іске қатыспаса, өзінің адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың келмеуі тергеуші белгілеген уақытта айғақ алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.

Куә: анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша барлық өзіне белгілі жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер оған анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, өзіне іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметті жарияламауға; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы кезінде белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

Қасақана жалған жауап бергені үшін және жауап беруден бас тартқаны үшін куә ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстық жауапқа тартылады. Айғақтар беруден бас тарту немесе қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмесе әкімшілік жауапқа тартуға әкеп соғады.



Сарапшы.

Іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам-сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін.



Сарапшының: қылмыстық істің сараптама жүргізуге қатысты материалдарымен танысуға өзіне қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге; қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу әрекеттерін жүргізуге және басқа да іс-жүргізу әрекеттеріне қатысуға және оған қатысушыларға сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан тергеу немесе өзге де іс жүргізу әрекеттерінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасауға; сараптаманы тағайындаған органның (адамның) келісімі бойынша өз құзыреті шегінде тек алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сонымен бірге іс үшін маңызы бар және өз бастамашылығымен анықталған өзге мән-жайлар бойынша да қорытынды беруге; өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуға; қылмыстық процесті жүргізуші органның сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтірген әрекетіне шағым жасауға; өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ, егер өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін

жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға; сараптама жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.



Маман.

Тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдары қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар адам шақырылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар қатысатын тергеуге және өзге де іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы педагог, сондай-ақ оны сарапшы етіп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де іс жүргізу процестеріне қатысушы дәрігер де мамандар болып табылады.



Аудармашы.

Аударма жасау үшін қажет тілді меңгерген және сезікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды аудару үшін тергеу және сот іс-әрекеттеріне қатысуға тартылған іске мүдделі емес адам аудармашы ретінде шақырылады.


Сот отырысының хатшысы.

Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады.



Сот приставы.

Соттар қызметінің және сот шешімдерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындаушы лауазымды адам сот приставы болып табылады.



Әдебиеттер:
1.Е.Баянов. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы, 2002ж.

2.ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі.-Алматы:Юрист, 2001.



3.ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі.-Алматы:Юрист. 2001.

4.Б.Қ.Төлеубекова.ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім: Оқулық.-Алматы: «Жеті жарғы», 2000.
жүктеу 1,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау