|
|
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
|
|
|
Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының
2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 350 бұйрығымен
бекітілген
|
Әдістемелік ұсынымдар.
Азаматтық қорғау құрамаларын даярлау
ережелері мен бағдарламасы
Мазмұны
1. Қолдану саласы
2. Нормативтік сілтемелер, әдебиет
3. Терминдер мен анықтамалар, белгіленулері мен қысқартулары
4. Жалпы ережелер;
5. Азаматтық қорғаудың басшылық құрамын, құрамаларын даярлау және оқытудың мақсаты мен міндеттер;
6. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлаудың принциптері, нысандары мен әдістері;
7. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлауға арналған оқу-материалдық қор;
8. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлау тәртібі;
9. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлау бағдарламасы;
10. Сабақтар өткізуге ұсынылатын тақырыптар тізімі;
11.Қорытынды бөлім.
1. Қолдану саласы
1. Аталмыш «Азаматтық қорғау құрамаларын дайындау ережелері мен бағдарламасы» әдістемелік ұсынымдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдары құрамаларын дайындауды ұйымдастыру, жалпы ережелер мен дайындау бағдарламаларын анықтайды.
2. Нормативтік сілтемелер, әдебиет
2. Осы ұсынымдарды қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтiк құқықтық актiлер мен әдебиеттер қажет:
1) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңы.
2) «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығы.
3) «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 381 бұйрығы.
4) «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығы.
5) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерінде азаматтық қорғау оқу кабинеттерін жарақтандыру және безендіру қағидаларын бекіту туралы» ТЖК 2015 жылдың 29 мамырындағы № 131 бұйрығы.
6) Атаманюк В.Г., Ширшев А.Г., Акимов Н.И, Гражданская оборона. Учебник для ВУЗов М., 1986 г.
7) Безопасность жизнедеятельности: Учебник под редакцией проф. Э.А. Арустамова. - 6-е изд., перераб. и доп. - М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К°», 2004 г.
8) Учебное пособие «Организация и ведение гражданской обороны защиты населения и территорий от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера», под общей редакцией Г.Н.Кириллова, Москва, 2007г.
9) Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалификации руководящего состава в области ЧС и ГО. Республиканские курсы МЧС РК. Алматы, 2008 г.
10) Шубин Е.П. Гражданская оборона. Москва. 1996 г.
11) Информационно - методический сборник материалов по ЧС и ГО. Периодический журнал МЧС РК, 2000-2015г.г.
12) Аварии и катастрофы. Предупреждение и ликвидация последствий: учеб. пособие в 3- книгах под редакцией С.К. Шойгу - М.: АСБ, 1996 г.
13) Научно-практический и методический журнал «Гражданская защита», МЧС РФ.
3. Терминдер мен анықтамалар, белгіленулері мен қысқартулары
3. Ұсынымдарда төмендегі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық қорғау – өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қамтитын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған, бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені;
2) азаматтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнінде бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі;
3) азаматтық қорғау құралдары – халықты қорғау және азаматтық қорғау күштерін жарақтандыру үшін қолданылатын материалдық-техникалық мүлік;
4) азаматтық қорғау органдары – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствасы, аумақтық бөлімшелері және оның ведомствасына бағынышты мемлекеттік мекемелер;
5) авариялық-құтқару жұмыстары – адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағында және әскери іс-қимылдар жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау, оларға тән қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдар;
6) авариялық-құтқару құралымы – авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдасқан құрылымдық бірлігі;
7) авариялық-құтқару қызметі – негізін авариялық-құтқару құралымдары құрайтын функциональдық тұрғыда бірыңғай жүйеге біріктірілген төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
8) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар – зақымдаушы (қирату) факторлары адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді зақымдауға, объектілерді бүлдіруге немесе қиратуға, қайталама зақымдау факторларының пайда болуына есептелген, жаппай қырып-жою қаруын және қарапайым зақымдаушы құралдарды, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруын қамтитын құрылғылар мен құралдар;
9) төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
10) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар – қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен, көлiк авариялары мен басқа да авариялардан, өрттерден (жарылыстардан), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар жайылатын (жайылу қатері бар) авариялардан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауынан, бөгеттердің бұзылуынан, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр энергетикасы және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авариялардан болған төтенше жағдайлар;
11) төтенше жағдайларды жою кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар (бұдан әрі – кезек күттірмейтін жұмыстар) – авариялық-құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет;
12) химиялық апат – адамдардың, азық-түліктің, тамақ шикізаты мен жемдердің, ауыл шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің өліміне немесе химиялық зақымдануына, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануына алып келетін, химиялық қауіпті объектідегі қауіпті химиялық заттардың төгілуі немесе шығарылуы апаты;
13) химиялық зақымдану ошағы – қауіпті химиялық заттардың әсері нәтижесінде адамдардың, ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің жаппай зақымдануы болған аумақ шекарасы;
14) химиялық зақымдану - адамдарға, ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктеріне белгілі бір уақыт аралығында қауіп тудыратын қауіпті химиялық заттардың қоршаған табиғи ортаға шоғырлана немесе мөлшерде таралуы;
15) химиялық зақымдану аймағы - адамдардың, ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің өмірі мен денсаулығына белгілі бір уақыт аралығында қауіп тудыратын қауіпті химиялық заттардың шоғырла немесе мөлшермен таратылуы немесе алып келіну аумағы немесе акваториясы;
16) хабардар ету жүйесі – мемлекеттік басқару органдары мен халықты, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіп туралы, жағдайға байланысты іс-қимылдар тәртібінде ақпараттандыруды қамтамасыз етуші бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
17) объект – жеке және заңды тұлғалардың, азаматтық қорғау қызметтері мен органдарының мүлкі, мемлекеттік мүлік, соның ішінде азаматтық қорғау саласындағы талаптар қойылған немесе қойылуы тиіс ғимараттар, құрылыстар, технологиялық қондырғылар, жабдықтар, агрегаттар және басқа мүлік.
4. Ұсынымдарда келесі қысқартулар пайдаланылады:
АҚККЖ
АҚҚ
АҚ
АҚ
ҚР ІІМ ТЖК
АХҚЗ
ЖҚҚ
ТЖ
|
авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар
авариялық-құтқару құрылымдары;
азаматтық қорғау
азаматтық қорғаныс
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Авариялық химиялық қауіпті зат
жеке қорғаныш құралдары
төтенше жағдай
|
4. Жалпы ережелер
5. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлау Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерінің негізгі тапсырмаларының бірі болып табылады және табиғи және техногенді сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлар мен қазіргі заманғы зақымдау құралдарының дамуын ескере отырып жүзеге асырылады.
6. Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.
7. Азаматтық қорғау құрамалары тағайындалуы бойынша негізгі және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз етуші, ал бағыныштылығы бойынша – аумақтық және объектілік болып бөлінеді.
9. Негізгі құрамаларға жатады:
барлау;
құтқару;
медициналық;
инженерлік;
өртке қарсы;
авариялық-техникалық;
радиациялық және химиялық қорғау;
Азаматтық қорғаудың қалған құрамалары авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған.
9. Азаматтық қорғау құрамаларын аумақтық бөлімшелердің даярлауы келесі мақсаттарда өткізіледі:
төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға дағдыландыру;
авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргiзу;
өзiне-өзі және өзара көмек көрсетудiң негiзгi тәсiлдерi мен әдiстерiн үйрету;
халық арасындағы шығындарды барынша азайту, материалдық залалды азайту.
12. Төтенше жағдайлар комитеті құрамаларының басшылық құрамы мен мамандары даярлау мен қайта даярлаудан уәкілетті органдарның ынтымақтастық туралы келісім бекітілген уәкілетті орган мен шетел мемлекеттерінің ұйымдары мен оқу мекемелерінде өтеді.
10. Аумақтық бөлімшелердің азаматтық қорғау құрамаларын даярлау оқу бағдарламасы төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы және әскери қақтығыстар немесе осы қақтығыстардың салдарынан қорғаныс пен іс-қимыл тәсілдеріне оқытуды қарастырады.
Азаматтық қорғау құрамаларын даярлауға жатады:
құрама басшылары уәкілетті орган ведомствасының аумақтық бөлімшелерінде азаматтық қорғау саласында оқыту;
жеке құрамды он бес сағаттық бағдарлама бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылдың 23 сәуірдегі № 387 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қорғау құрамаларын құру, күтіп баптау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту тәртіптеріне» сәйкес осы ұсынылымның 9 бөлімінде көрсетілген «Азаматтық қорғау құрамаларының жеке құрамын даярлауды ұйымдастыруға арналған сабақтардың ұсынылған тақырыптарына» сай тоғыз сағат жалпы тақырыптар бойынша және арнайы тақырыптар бойынша алты сағат оқыту;
азаматтық қорғау құрамаларының азаматтық қорғау бойынша оқу жаттығуларында, жиындарда, жарыстар мен жаттығуларында қатысуы, сондай-ақ төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою бойынша іс-шараларға қатысудың практикалық тәжірибесі;
5. Азаматтық қорғаудың басшылық құрамын, құрамасын даярлау және оқыту мақсаты мен міндеттері
11. Құрамалардың басшылық құрамын оқытудың басты мақсаты:
азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар салдарларының алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды білікті жоспарлауға рұқсат беретін қажетті дағдыларды дамыту, олардың орындалуы бойынша жұмыстарға білікті басшылық жасау;
авариялық құтқару құрамаларының жеке құрамының іс-қимылдарына басшылық жасау бойынша тәжірбиелік дағдыларға үйрету.
12. Азаматтық қорғау құрамаларының басшылық құрамын даярлау мен оқытудың негізгі тапсырмалары болып табылады:
бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау тәртіптерін, қорғаныс тәсілдері мен іс-қимылдарына оқыту;
хабарландыру дабылы бойынша іс-қимылдар тәртібін, зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану ережелерін оқыту;
төтенше жағдайлардың алдын-алу және олардың салдарын жою бойынша іс-шараларды, азаматтық қорғаныс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуде тәжірбиелік дағдыларды, сондай-ақ авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі қүштер мен құралдарды басқару дағдыларын жетілдіру;
бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар қаупінде және туындаған жағдайда жеке құрамның халықты, аумақты, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау бойынша әдістер мен іс-қимыл тәсілдерін меңгеруі;
13. Оқыту барысында басты назарды аудару қажет:
нормативтік, құқықтық және жоспарлаушы құжаттарды оқыту;
азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын-алу, халық пен аумақты қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу болйынша функционалдық міндеттерді орындауда тәжірбиелік дағдыларды жетілдіру;
азаматтық қорғау құрамаларының әзірлігін қамтамасыз ету;
авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
6. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлау принциптері, нысандары мен тәсілдері
14. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлау жүйесінде келесі принциптерді сақтау ұсынылады:
оқытудың саналылығы пен белсенділігі.
жүйелілік және бірізділік;
көрнекілік және қолжетімділік;
білімді, дағдылар мен икемділікті меңгерудің беріктілігі;
моральды-психологиялық табандылыққа дағдыландыру.
15. Оқыту формасы білім алушылардың құрамын, сабақтардың құрылымын, оларды өткізу уақыты мен мерзімділігін, білім алушылар мен сабақтар басшыларының қызметінің рөлі мен ерекшелігін қарастырады.
16. Оқыту тәсілі – бұл оқытушының білім алушылардың саналылығына сүйене отырып, оларды біліммен, дағдылармен жарақтандырады және олардың азаматтық қорғау тапсырмаларын орындауына қажетті ақыл-ой және физикалық қасиеттерін қалыптастыратын тәсіл. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлаудың негізгі тәсілі тәжірбиелік сабақтар болып табылады.
Азаматтық қорғау құрамаларымен тактикалық-арнайы сабақтар олардың тәжірбиелік оқытылуы және тұтастығы үшін өткізіледі. Оларды сабақтардың бекітілген жоспарына сәйкес және полигондарда, оқу қалашықтарында және табиғи аумақтарда оқу жиындарын өткізу кезеңінде өткізу ұсынылады.
18. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлауда қолданылады:
1) командалық-басшылық етуші құрамы үшін:
семинарлар;
сыныптық-топтық;
тәжірбиелік сабақтар;
штабтық жаттығулар;
командалық-штабтық жаттығулар;
2) қатардағы құрам үшін – тәжірбиелік сабақтар;
3) азаматтық қорғаныс құрамалары үшін жалпы:
тактикалық-арнайы сабақтар;
тактикалық-арнайы оқу жаттығулары.
Аварияны жоюды тәжірбиелік қайталау үшін объектіде кешендік оқу жаттығулары мен объектілік жаттығулар жүргізіледі.
7. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлауға арналған оқу-материалдық база
19. Азаматтық қорғаудың оқу-материалдық базасы оқу процессін қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Оқу-материалдық база – азаматтық қорғау құрамаларын азаматтық қорғау және төтенше жағдайдан қорғау үшін қажетті тиімді оқытуға арналған техникалық құралдармен, көрнекі және оқу құралдарымен жабдықталған оқу объектілерінің кешені.
20. Құрамаларды тиімді дайындаудың барлық талаптарына жауап беретін, қазіргі заманғы азаматтық қорғау оқу-материалдық базасын құру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері ең маңызды тапсырмаларының бірі болып табылады.
21. Оқу-материалдық база тұрады:
оқу қалашықтарынан;
азаматтық қорғаудың оқу пунктерінен;
оқу сыныптарынан (кабинеттерден);
азаматтық қорғау бұрыштарынан;
автоклубтардан;
жеке қорғаныс құралдары мен қорғаныс ғимараттарынан;
26. Оқу қалашығы оқу-материалдық базаның негізі болып табылады. Ол алаңдармен, түрлі құрылыстармен, тұрмыстық-техникалық және энергетикалық желіллердің элементтерімен, зақымдалу ошақтарының учаскесіне уқсатып жасатылған қирандамалар мен үйінділермен арнайы жабдықталған территория.
Оқу қалашығы құрамалардың жеке құрамын тәжірбиелік даярлау және азаматтық қорғау оқу жаттығуларын өткізу үшін, сонымен қатар азаматтық қорғау бойынша нормативтерді әзірлеу және төтенше жағдайлардан қорғау үшін арналған.
23. Азаматтық қорғаудың оқу пункті – оқу-материалдық базаның негізгі оқу объектілерінің бірі, азаматтық қорғау және ТЖ-дан қорғау бойынша іс-шаралардың негізгі мазмұнын көрнекі және әсерлі ашатын техникалық оқу құралдарымен, стендтер мен макеттермен жасақталған, арнайы жабдықталған үй-жай.
24. Аумақтық құрамалардың оқыту процесстерін ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтарға жатады:
компьютерлер;
демонстрациялық мониторлар мен интерактивті электронды стендтер, плакаттар;
белгіленген аумақтары, қауіпті объектілері бар макеттер;
қорғаныс құралдары,барлау және дозиметрлік құралдары;
байланыс және хабарландыру аппаратурасы;
медициналық мүлік;
зарарсыздандыру және арнайы өңдеу құралдары;
авариялық-құтқару құралдары, жабдықтар мен аспаптар;
құрылымдарды жабдықтауға арналған арнайы киім мен басқа мүліктер;
қолданыстағы бағдарламалар, оқу-әдістемелік және көрнекі құралдар.
Сыныптардың жабдықтармен, оқу және көрнекі құралдармен жабдықталуы және молықтыру дәрежесін құрамалардың тағайындалуы мен тапсырмалардың олардың алдында тұрған тапсырмаларға байланысты жетекшісі анықтайды.
25. Азаматтық қорғау бұрышы – халықты қорғаудың негізгі мәселелерін ашатын, мониторлар мен интерактивті электрондық стендтермен, плакаттармен, стедтермен жабдықталған арнайы бөлінген орын.
Оларды білім алушылардың шағын санында құру ұсынылады.
Бұрыштарды рәсімдеуде келесі бөлімдерді әзірлеу ұсынылады:
азаматтық қорғаудың хабардар ету сигналдары, оларды беру тәртібі және олар бойынша іс-қимылдар тәртібі.
азаматтық қорғау құрамаларын ұйымдастыру схемасы;
авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды өткізу кезіндегі құрамалардың тапсырмалары;
азаматтық қорғау мәселелері бойынша іс-шаралар, оқу жаттығуларының, сабақтардың, жарыстардың қорытындылары;
азаматтық қорғау саласында ерекше көзге түскен мамандардың тізімі және суреттері.
8. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлау ережесі
26. Азаматтық қорғау құрамаларын даярлау ережелері азаматтық қорғау мәселелері бойынша бағдарламалардың жалпы оқыту тәртібі мен мазмұнынын анықтайды.
Азаматтық қорғау құрамаларын даярлауда, сондай-ақ әртүрлі тәсілдер мен технологияларды, арнайы жабдықтарды (альпинистік, су асты жүзу) пайдалану кезінде техниканың, авариялық-құтқару жабдықтарының, аспаптардың, жабдықтардың, электр құрылғыларының, компрессорлардың қауіпсіз пайдаланылуы мен қызмет көрсетілуіне, тыныс алу органдары мен теріні қорғау құралдарына көрсетілетін жұмысқа назар аударылады.
27. Азаматтық қорғау құрамаларын оқытуға жатады:
оқу уақытында тиісті бағдарламалар бойынша сабақтар өткізу;
дәрістер, сұхбаттар, оқу фильмдерін көрсетуді өткізу;
оқытудың электронды формасы;
оқу жаттығулары мен жаттығулар өткізу;
өз бетінше дайындалу.
28. Азаматтық қорғау құрамаларын оқыту келесі бағдарламалық құжаттардың негізінде ұйымдастырылады:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
жетекшінің азаматтық қорғау бойынша даярлаудың өткен жылғы нәтижелері және жаңа оқу жылына тапсырмалары туралы бұйрығы;
жаңа оқу жылына азаматтық қорғау бойынша даярлау бағдарламасы;
азаматтық қорғау курстары мен біліктілікті арттыру оқу мекемелерінің жиынтықтау жоспарынан үзінді көшірмелер.
29. Азаматтық қорғау бойынша даярлау және оқытуды есепке алу ұдайы жүргізіледі.
Азаматтық қорғау құрамаларын даярлауды есепке алу құжаттамасына кіреді:
сабақтарды есепке алу журналы (әрбір оқу тобына);
басшылық және командалық-басшылық етуші құрамды курстарда және біліктілікті арттыру мекемелерінде даярлауды есепке алу журналы.
30. Азаматтық қорғау жүйесінде оқу жылы 3-ші қаңтардан 30 қарашаға дейін созылады.
Желтоқсан қорытындылар жасау, тапсырмалар қою, сабақтар басшыларының оқу-әдістемелік жиындарын өткізу және азаматтық қорғаныстың оқу-материалдық базасын жетілдіруге арналады.
31. Азаматтық қорғаудың басшылық және командалық-басшылық етуші құрамының және құрамалардың жеке құрамының тұлғаларын функционалды оқыту өздерінің тағайындалу бойынша, оларды табиғи апаттар, авариялар мен зілзалалар аудандарында сәтті іс-қимылдарға даярлау мақсатында өткізіледі.
32. Азаматтық қорғаудың басшылық және командалық-басшылық етуші құрамының және құрамалардың жеке құрамын функционалды оқыту жұмыс орны бойынша ұйымдастырылады.
33. Командалық-басшылық етуші құрамды (командирлер мен олардың орынбасарларын) теориялық және практикалық даярлауды тиісті бағдарламалар бойынша облыстық даярлау орталықтарында жүргізу ұсынылады.
34. Құрамалардың жеке құрамы арнайы даярлау бағдарламасы бойынша жыл сайын ұзақтығы 15 сағаттық (9 сағат жалпы тақырып және 6 са,ат арнайы тақырып) дайындықтан өтеді.
35. Арнайы даярлаудың тақырыптары жұмыс істеу ерекшелігін, оны орналастыру жағдайы мен құрамалардың тағайындалуын ескере отырып тағайындалады және бірінші басшымен бекітіледі.
36. Химик-барлаушы, дозиметрист-барлаушы сияқты мамандар санатын даярлау аумақтық бөлімшелерде жүргізіледі, және оны тек қана азаматтық қорғаныс курстарында мамандандырылған немесе халықаралық орталықтарда жүзеге асыру ұсынылады.
Басшылық құрамды даярлау 15 сағаттық көлемдегі тақырыптарға сәйкес жоспарланады және өткізіледі.
Бастықтың тобына кіреді:
бастықтың орынбасары;
азаматтық қорғау мәселелерімен айналысатын қызметкерлер;
қызметтер бастықтары және бас мамандар;
құрама командирлері.
Оқыту және дайындаудан өтетін азаматтық қорғау құрамаларына арналған сабақтар тақырыбы объектілер басшыларының ұсыныстры бойынша құрылады.
38. Қызметкерлерді азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша кәсіпорындарда оқыту санаттар бойынша ұйымдастырылады:
басшылық құрам;
азаматтық қорғау құрамаларының командирі;
азаматтық қорғау құрамаларының қатардағы құрамы;
азаматтық қорғау құрамаларына кірмейтін қызметкерлер;
эвакуациялаушы органдардың қызметкерлер;
оқу топтарының басшылары.
40. Дайындықты жоспарлау, дайындық қорытындылары бойынша бұйрықтың үлгісі, оқу жаттығуларын, жаттығуларды өткізу кестесі, азаматтық қорғау басшылық құрамын, құрамаларын, азаматтық қорғау құрамаларының құрамына кірмейтін жұмысшылар мен қызметкерлерді даярлау бойынша ұсыныстар осы әдістемелік ұсынылымдарға 4-6 қосымшаларда көрсетілген.
41. Кешенді жаттығулар кәсіпорындағы авариялар, зілзалалар, табиғи апаттардың салдарын жою, олардың тіршілік қызметін қалпына келтіру жөніндегі басшылық құрамның, азаматтық қорғаныс құрамалары мен қызметтерінің жұмысында реттілікке қол жеткізу, азаматтық қорғанысты енгізузу, бейбіт және әскери уақыттағы төтенше жағдайлардан қорғану әдістері мен тәсілдерін жетілдіру және кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын арттыру мақсатында өткізіледі. Кешенді жаттығулар 3 жылда 1 рет өткізіледі. Кешенді жаттығуларды өткізуге бұйрықты рәсімдеу мысалы осы әдістемелік ұсынылымдарға 11 қосымшада көрсетілген.
Оқу жаттығулары мен жатығуларға азаматтық қорғау құрамалары арнайы техника, жабдықтар, аспаптар мен материалдардың қажетті санынмен толық құрамда шығарылады.
42. Объектілік жаттығулар объектінің мамандандырылуын ескере отырып, төтенше жағдай туындау қаупі мен салдарын жою және азаматтық қорғаныс іс-шараларымен байланысты барлық шаралар кешенін дайындау мақсатымен аумақтық құрамалармен өткізіледі.
43. Командалық-штабтық оқу жаттығулары (КШО) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша кәсіпорынның азаматтық қорғау басшылық құрамын, штабтарын және қызметтерін, азаматтық қорғау құрамалары мен қызметтерінің командирлерін бірлесіп даярлаудың негізгі формаларының бірі болып табылады.
44. КШО негізгі мақсаты – азаматтық қорғаныстың басшылық құрамының, штабтары мен қызметтерінің, құрамалардың командирлерінің тұтастығына қол жеткізу, төтенше жағдайларда қорғау әдістері мен тәсілдерін жетілдіру және ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру, басшылылық құрамды басқару, төтенше жағдайларға дұрыс баға беруге, ең қолайлы шешімдер қабылдауға, орындаушыларға тапсырмалар қоюға және олардың орындалуын ұйымдастыруға дағдылардыру. КШО өткізу мерзімділігі – оқу жаттығуларының ұзақтығы бір тәуліктен кем емес жылына бір рет (ұйымдастыруға ең қолайлы уақытта).
45. Тактикалық-арнайы оқу жаттығулары (бұдан әрі - ТАЖ) бейбіт және әскери уақытында азаматтық қорғау құрамаларын тағайындалуы бойынша тапсырмаларды орындау үшін даярлауға негіз және ең тиімді форма болып табылады. ТАЖ құрамаларды жалпы тәжірбиелік даярлауға, олардың зақымдану (жұқтыру) ошақтарында және табиғи апаттар аймақтарында тапсырмаларды орындауға әзірлігін тексеру үшін арналған.
Құрамалардың ТАЖ әдетте кешенді жүргізіледі, яғни жалпы тағайындаулы құрамалары азаматтық қорғау қызметтерінің құрамаларымен бір уақытта әрекет етеді.
46. ТАЖ негізгі мақсаты –халықты қорғау бойынша құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар мен шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде құрамаларды басқаруда басшылық құрам мен құрамалардың командирлерінің тәжірбиелік дағдыларын жетілдіру, құрамалардың тұтастығын ұйымдастыру және олардың табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдау факторларының әсерін жою бойынша іс-қимылдарға әзірлігін тексеру. Бұл жаттығулар негізгі құрамалармен жыл сайын, қалған құрамалармен командалық-штабтық оқу жаттығулары, кешенді жаттығулар мен объектілік жаттығулар барысында 3 жылда бір рет өткізіледі.Оқу жаттығуларының ұзақтығы 4-тен 8 сағатқа дейін және одан да көп уақытты құрайды.
47. Қызметкерлерді тәуліктің кез-келген уақытында жер сілкінісі туындаған жағдайда өзін-өзі ұстау тәртіптеріне оқыту және әртүрлі жағдайларда әрбір жұмыс орны үшін қауіпсіз аймақтарды анықтау мақсатында кәсіпорындарда сейсможаттығулар өткізіледі.
48. Жаттығулар қауіпті аймақтарда орналасқан кәсіпорындарда қауіпті мерзім алдында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығымен бекітілген төтенше жаттығулар саласында халықты және мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту Ережелерінің негізінде сел қауіпті, өрт қауіпті және тасқын қауіпті кезеңнің басталардың алдында жылына бір рет өткізіледі. Жаттығудың тапсырмасы кәсіпорынның азаматтық қорғаныс жоспарымен қарастырылған барлық шаралар кешенін тәжірбие жүзінде іске асыру болып табылады.
9. Азаматтық қорғаныс құрамаларын даярлау бағдарламасы
49.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығының 4 қосымшасына сәйкес азаматтық қорғаныс құрамаларының жеке құрамын даярлау үшін келесі тақырыптар бойынша сабақтар өткізу ұсынылады:
№ р/с
|
Тақырыптардың атауы
|
Сабақ
түрі
|
Өткізілу уақыты,
сағатпен
|
Жалпы тақырыптар
|
1
|
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік-құқықтық актілер
|
дәріс
|
1
|
2
|
Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен принциптері
|
дәріс
|
1
|
3
|
Төтенше жағдайлардың жіктелуі. Ұйымның аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар
|
дәріс
|
1
|
4
|
Байланыс, хабардар ету және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі. Бірыңғай «112» кезекші-диспетчерлік қызметі. Ұйымдарда хабардар ету және байланыс тәртібі
|
сыныптық-топтық
|
1
|
5
|
Азаматтық қорғау саласындағы белгілеудің шартты белгілері, олардың мағынасы мен олар бойыша іс-қимылдар
|
сыныптық-топтық
|
1
|
6
|
Азаматтық қорғаныс жоспары және объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдар жоспары және олардың салдары
|
дәріс
|
2
|
7
|
Азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан әскериге ауыстыру
|
сыныптық-топтық
|
1
|
8
|
Әскери қақтығыстар жүргізу кезінде жұмысшылар мен нысандарды қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныс іс-шаралары
|
сыныптық-топтық
|
1
|
9
|
Табиғи апаттар, авариялар, апаттар кезіндегі ұйымдағы ықтимал жағдайды бағалау
|
сыныптық-топтық
|
1
|
10
|
Радиоактивті ластану. Радиациялық доза туралы негізгі ұғымдар. Әртүрлі беттер мен объектілердің рұқсат етілген ластану деңгейлері
|
сыныптық-топтық
|
1
|
11
|
Дозиметрлік және химиялық қадағалау
|
сыныптық-топтық
|
1
|
12
|
Химиялық, радиациялық, жарылғыш және өрт қауіпті кәсіпорындардарғы өдірістік қызметкерлер мен материалдық-техникалық құралдарды қорғауды ұйымдастыру
|
сыныптық-топтық
|
1
|
13
|
Радиоактивтi заттармен, бактериялық құралдар мен жоғары уытты заттармен ластанған кезде азаматтық қорғау құрамаларының жеке құрамын арнайы өңдеуді ұйымдастыру
|
сыныптық-топтық
|
2
|
14
|
Табиғи апаттар, авариялар мен зілзалалардың салдарын жою бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
|
сыныптық-топтық
|
1
|
15
|
Жұмысшыларды, қызметкерлерді және олардың отбасын эвакуациялау. Шұғыл эвакуация өткізу тәртібі. Эвакуацияланған халықты қауіпсіз аймаққа қабылдау және орналастыру
|
сыныптық-топтық
|
1
|
16
|
Ұйымның қорғаныс ғимараттары
|
сыныптық-топтық
|
1
|
17
|
Жеке қорғаныс заттарын жинақтау тәртібі, оларды сақтау және беру ережесі
|
сыныптық-топтық
|
1
|
18
|
Авариялық-құтқару қызметі және азаматтық қорғау құрамалары. Азаматтық қорғау қызметтері
|
сыныптық-топтық
|
1
|
19
|
Авариялық-құтқару қызметтері құрамаларын төтенше жағдайлар туындаған кездегі тағайындалуы бойынша іс-қимылдарға дайындауды ұйымдастыру
|
сыныптық-топтық
|
1
|
20
|
Авариялық-құтқару қызметтері құрамаларының іс-қимылдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру
|
сыныптық-топтық
|
1
|
21
|
Азаматтық қорғау құрамаларын әзірлікке келтіру кезіндегі жеке құрамның іс-қимылдары
|
тәжірбиелік
|
2
|
22
|
Азаматтық қорғау құрамаларының жеке құрамының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдары
|
тәжірбиелік
|
2
|
23
|
Халықтың техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдары
|
тәжірбиелік
|
1
|
24
|
Басшылық құрамның террористік акт қаупінде және туындаған кездегі іс-қимылдары
|
сыныптық-топтық
|
1
|
25
|
Халықтың террористік акт қаупінде және туындаған кездегі іс-қимылдары
|
тәжірбиелік
|
1
|
26
|
Халықтың өрт туындаған кездегі іс-қимылдары
|
тәжірбиелік
|
1
|
27
|
Халықтың радиациялық-қауіпті кәсіпорындағы апат кезіндегі іс-қимылдары
|
тәжірбиелік
|
1
|
28
|
Су тасқыны кезіндегі қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу
|
сыныптық-топтық
|
1
|
29
|
Жеке қорғаныс заттарын беру пунктіндегі халықтың іс-қимыл тәртібі. Тыныс алу мен тері органдарын қорғау құралдарын пайдалануға дайындау
|
тәжірбиелік
|
1
|
30
|
Төтенше жағдайларды жою кезіндегі авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізудегі қауіпсіздік ережесі
|
сыныптық-топтық
|
2
|
31
|
Өндірісте және тұрмыста электр энергиясын, газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
|
сыныптық-топтық
|
1
|
32
|
Жарақаттану, күйік шалу, ұзақ сығу синдромы кезіндегі авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында өз-өзіне және өзара көмек көрсету
|
тәжірбиелік
|
2
|
33
|
Медициналық жеке қорғану құралдары. Оларды тарту, сақтау және пайдалану тәртібі
|
сыныптық-топтық
|
1
|
10. Сабақтарды өткізу үшін ұсынылатын тізім
50. Азаматтық қорғау құрамаларының жеке құрамын даярлау үшін жалпы және арнайы тақытыптар бойынша сабақтар өткізу ұсынылады. Оқыту бағдарламасы шамамен 21 сағат көлемінде жоспарланады. Барлық сабақтарды тәжірбие жүзінде өткізу ұсынылады.
51. Жалпы тақырыптарға келесі сұрақтарды қосады:
азаматтық қорғау құрамаларын әзірлікке келтіру кезіндегі жеке құрамның іс-қимылдары;
азаматтық қорғау құрамаларының жеке құрамының төтенше жағдайлардағы іс-қимылдары;
азаматтық қорғау құрамаларының радиоактивті заттармен, бактериялық құралдармен және күшті әсер ететін улы заттармен зақымдану кезінде арнайы өңдеуді ұйымдастыруы;
құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында алынған жарақаттар, күйіктер, ұзақ мерзімді қысу синдромы кезінде өз-өзіне және өзара көмек көрсету;
төтенше жағдайларды жою бойынша құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізудегі қауіпсіздік ережелері.
52. Аумақтық құрамалар үшін арнайы тақырыптардың атауы мен мазмұнын құрамалардың тағайындалуына, жергілікті жағдайларғажәне ұйымдардың мамандануына қарай отырып, облыстың (қаланың) төтенше жағдайлар департаментінің бастығы анықтайды.
53. Азаматтық қорғау басқармасы органдарының басшылық құрамын даярлауға арналған тақырыптар мен оларды оқытуға қажет уақыт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі «Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы» № 387 бұйрығымен анықталған;
54. Азаматтық қорғау құрамаларының аумақтық басшылық құрамымен өткізілетін сабақтарды құрамалар бастығының орынбасарлары өткізеді.
11. Қорытынды бөлім
55. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-дан халық пен аумақты қорғауды қамтамасыз ету айтарлықтай дәрежеде басшылық құрамның, азаматтық қорғаудың басқару ұйымдарының, азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығына байланысты.
________________________
Қосымша 1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитетінің әдістемелік ұсынымдарына: «Азаматтық қорғау құрамаларын дайындау тәртібі мен бағдарламасы»
Қызметкерлерді төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғау және іс-шаралар бойынша даярлау жөніндегі құжаттар
1. «Қызметкерлерді азаматтық қорғаныс бойынша даярлаудың өткен жылғы және келесі күнтізбелік жылға арналған жоспарларының қорытындылары туралы» бұйрық;
2. Қызметкерлерді азаматтық қорғау бойынша даярлаудың ағымдағы жылға жоспары;
3. Қызметкерлерді азаматтық қорғау бойынша даярлау бойынша топтар тізімі (бөлімшелерде);
4. Әр топ үшін азаматтық қорғау бойынща сабақтардың кестесі (бөлімшелерде);
5. Келесі санаттағы білім алушылар үшін азаматтық қорғау бойынша сабақтарды есепке алу журналдары:
кұрама командирлерінің;
құраманың қатардағы құрамының;
құрамаға кірмейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің;
эвакуациялық органдардың.
6. Құрамалардың ағымдағы жылға кешенді, командалық-штабтық, тактикалық-арнайы оқу жаттығуларын, сейсмикалық жаттығуларын (сел жаттығулары), хабардар ету және жинау бойынша жаттығуларын өткізудің жиынтық кестесі.
7. Аумақтық даярлау орталықтарындағы азаматтық қорғаныс құрамаларының басшылық құрамы мен командирлерін оқытуды есепке алу;
8. Қызметкерлердің барлық санатын даярлау бағдарламасы;
9. Сабақтардың өткізуге арналған материалдар (дәрістердің конспектілері, әдебиеттер, әдістемелік материалдар).
_____________
Қосымша 2
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитетінің әдістемелік ұсынымдарына: «Азаматтық қорғау құрамаларын дайындау тәртібі мен бағдарламасы»
Қауіпті кезеңде кешенді, командалық-штабтық, тактикалық-арнайы оқу жаттығуларын, объектілік жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша құжаттар
1. «Оқу жаттығуларын (жаттығулар) даярлау және өткізу бойынша) бұйрық;
2. Оқу жаттығуларын (жаттығулар) даярлаудың күнтізбелік жоспары;
3. Оқу жаттығуларын (жаттығулар) өткізу жоспары;
4. Мердігерлердің жеке жоспарлары (қажет болған жағдайда);
6. Оқу жаттығулары/жаттығулардың типіне сәйкес басқа құжаттар;
7. Оқу жаттығуларын (жаттығулар) өткізу туралы есеп.
_____________
Қосымша 3
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитетінің әдістемелік ұсынымдарына: «Азаматтық қорғау құрамаларын дайындау тәртібі мен бағдарламасы»
Азаматтық қорғаныс құрамаларымен хабардар ету және жинау бойынша жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша құжаттар
1 «Жаттығуды даярлау және өткізу бойынша» бұйрық.
2 Хабардар ету және жинау бойынша жаттығуларды өткізу туралы есеп.
_____________
Қосымша 4
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитетінің әдістемелік ұсынымдарына: «Азаматтық қорғау құрамаларын дайындау тәртібі мен бағдарламасы»
Аумақтық құрамалардың азаматтық қорғаныс бойынша оқытуды жоспарлау
1. Шаруашылық объектісінде басшылық құрамды, құрамаларды, жұмысшылар мен қызметкерлерді ааматтық қорғаныс бойынша даярлаудың негізі болып табылады:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық басқару органының ұйымдастырушылық - әдістемелік нұсқаулары;
қаланың (ауданның) азаматтық қорғаныс бастығының азаматтық қорғаныс бойынша даярлаудың өткен оқу жылына қорытындысы және келесі жылға тапсырмалары бойынша бұйрығы;
барлық санаттағы білім алушылар арналған азаматтық қорғаныс бойынша даярлау бағдарламасы;
басшылық құрамды аттестацияланған білім беру мекемелерінде даярлаудың бекітілген тәртібі мен кезеңділігі.
2. Объектіде азаматтық қорғаныс бойынша даярлауды жоспарлауда әзірленеді:
азаматтық қорғаныс бойынша объектіні алдағы оқу жылына даярлау туралы азаматтық қорғаныс бастығының қосымшалары бар бұйрығы;
басшылық құрамды, құрамаларды, жұмысшылар мен қызметкерлерді оқу жылына даярлау жоспары;
3. Азаматтық қорғаныс бойынша объектіні алдағы оқу жылына даярлау туралы азаматтық қорғаныс бастығының бұйрығы негізгі заңды құжат болып табылады. Оның айқындаушы және негізгі бөлімі болады.
Айқындаушы бөлімі қысқа болуы қажет. Онда өткен жылға азаматтық қорғаныс бойынша атқарылған жұмыстарға, білім алушылардың барлық санатының дайындық жағдайны және өткізілген шаралардың сапасына, азаматтық қорғаныс бойынша даярлауды ұйымдастырудың кемшіліктеріне және олардың себептеріне талдау беріледі. Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізген құрылымдық бөлімшелер мен азаматтық қорғаныс мәселелерімен қанағаттанарлықсыз айналысатын құрылымдық бөлімшелер.
Негізгі бөлімде азаматтық қорғаныс бойынша объектіні дайындау бойынша негізгі тапсырма, білім алушылардың барлық санататын даярлау уақыты мен тәртібі, оқу жылы ішінде қандай іс-шаралар өткізу қажет, оларды өткізу мерзімдері мен тәртібі, оларға кімдер тартылады және қандай көлемде, жоспарланған оқу жаттығулары мен жаттығулардың мақсаттары, ең үздік бөлімшелер мен жұмысшаларды ынталандыру көрсетіледі.
Бұйрыққа объектінің азаматтық қорғаныс штабының бастығы қол қояды және оның басшысымен (азаматтық қорғаныс бастығы) бекітіледі.
Бұйрыққа келесі қосымшалар әзірленеді:
объектіде азаматтық қорғаныс бойынша оқыту үшін құрылған оқу топтарының тізімі. Тізімге оқу жылына объектіде құрылған білім алушылардың барлық санаты бойынша топтар енгізіледі;
объектінің азаматтық қорғаныс бастығының тобына азаматтық қорғаныс бойынша білім алу үшін оқуға түскен объектінің басшылық құрамының тізімі. Басшылық құрамның тобына цехтардың, бөлімдердің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен бөлімшелердің бастықтары, құрамалардың командирлері (объектілік және аумақтық), азаматтық қорғаныс бойынша мамандар енгізіледі;
алдағы жылға азаматтық қорғаныс курстарында (дайындық орталығында) қайта даярлауға жататын объектінің басшылық құрамыны тұлғаларының тізімі;
келер оқу жылына азаматтық қорғаныс бойынша оқу жаттығулары мен жаттығулардың тақырыптары;
объектінің азаматтық қорғаныс бастығы мен азаматтық қорғаныс штабы бастығы тобының сабақтар кестесі.
4. Оқу жылына сабақтар кестесі объектіде құрылған әрбір оқу тобы үшін әзірленеді. Жұмысшылардың, қызметкерлердің оқу тобы және құрамаларды оқу дайындақ тобының арнайы даярлау бойынша екідеп көп саны бар шаруашылық объектілерінде, сондай-ақ бағынышты шаруашылық объектілері бар басқармаларда, бірлестіктерде жиынтық кестелер сынақтан өткізілуде. Олар бір санаттағы білім алушылардың барлық оқу топтарына арналған сабақ кестесі үшін негіз болады. Басшылық құрам топтарына арналған сабақ кестесі мен жиынтық сабақ кестелерін объектінің азаматтық қорғаныс штабы әзірлейді, штаб бастығы қол қояды және объектінің азаматтық қорғаныс бастығы бекітеді. Объектіде жұмысшылар мен қызметкерлерді міндетті жалпы даярлау топтарының, сондай-ақ арнайы даярлау бойынша құрамаларды даярлау топтарының саны көп болған жағдайда, барлық оқу топтары үшін сабақ кестесін даярлау тәртібі мен оларды бекіту тәртібін азаматтық қорғаныс бастығы оқу жылына арналған бұйрықта айқындайды. Барлық жағдайларда бекітілген жиынтық сабақ кестесі оларға негіз ретінде қызмет атқаруы тиіс. Бағынышты шаруашылық объектілері бар басқару штабтары мен өндірістік бірлестіктердің бастықтары, өздерінің жиынтық сабақ кестелерін, Азаматтық қорғаныс бастығының бұйрықтарының көшірмелері мен оқу жылына «азаматтық қорғаныс бойынша объектілерді даярлау жоспарынан» үзінді көшірмелермен бірге бағынышты объектілерге жібереді.
5. Басшылық құрамды, құрамаларды, жұмысшылар мен қызметкерлерді Азаматтық қорғаныс бойынша даярлау жоспары оқу жылына әзірленеді. Жыл ішінде орындалатын тәжірбиелік шараларды жоспарлауға негізгі назар аударылады.
Жоспар көлемін қысқарту мақсатында оқу жаттығуларының, сабақтар мен жаттығулардың атауларын жоспарға жазбау ұсынылады, себебі олар бұйрыққа қосымшаларда және сабақ кестесінде көрсетіледі.
Жоспарда келесі тұжырымдар рұқсат етілмейді: жеке жоспар бойынша (кесте), қызметтер бастықтарының жоспары бойынша, ай ішінде. Жоспарда барлық іс-шараларды өткізудің нақты уақыты көрсетіледі.
Бірінші бөлімнің шаралары жоспарға қала әкімінің, АТЖҚ, ведомствалар, министрліктердің тиісті ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқауларынан (немесе қорытынды бұйрықтарынан) енгізіледі.
Бірлестіктерде, көп құрылымды басқармаларда кешенді оқу жаттығулары мен объектілік жаттығулар әрбір бағынышты объектіге жоспарланады, ал тактикалық-арнайы оқу жаттығуларда оларды құрылымдармен 5-7 күн ішінде өткізу мерзімі бекітіледі.
Жоспарға объектінің азаматтық қорғаныс штабының бастығы қол қояды және объектінің азаматтық қорғаныс бастығы бекітеді. Жоспардың орындалуын объектінің АҚ штабының бастығы жеке қадағалайды.
Бағынышты шаруашылық объектілері бар бірлестіктердің, басқармалардың азаматтық қорғаныс штабтарының бастықтары бағынышты бөлімшелеріне жоспардан үзінді көшірмелер жібереді. Бұл үзінді көшірмелер объектілік жоспарлауды жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Іс-шараларды өткізу мерзімін жоғары тұрған Азаматтық қорғаныс бастығының келісімі бойынша, жоспарды бекіткен тұлға ғана ауыстыра алады. Сонымен қатар жоспарда іс-шараны өткізудің жаңа мерзімі (күні) туралы белгі жасау қажет.
6. Алдағы оқу жылына Азаматтық қорғаныс бойынша объектінің қызметкерлерін даярлау және оқыту жөніндегі жоғары тұрған ұйымнан алынған, объектінің АҚ штабымен әзірленген барлық жоспарлаушы құжаттар, аталмыш ұсынымдарға сәйкес бөлек папкаға «201_ оқу жылына азаматтық қорғаныс бойынша «объектінің атауы) дайындықты жоспарлау» жазуымен тігіледі. Құжаттары бар бұл папка, оқу жылы аяқталғаннан соң бір жыл сақталады, одан кейін құжаттары бар папка белгіленген тәртіппен жойылады.
_____________
Қосымша 5
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитетінің әдістемелік ұсынымдарына: «Азаматтық қорғау құрамаларын дайындау тәртібі мен бағдарламасы»
нұсқа
Достарыңызбен бөлісу: |