Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты
Өрттің алдын алу кафедрасы
Бекітілді
Көкшетау техникалық институтының
Ғылыми кеңесі шешімімен
___ _________2016 ж. хаттама №__
Төраға___________ С.Д. Шәріпханов
4- ші курс курсанттарының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерінде «Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау бойынша мемлекеттік инспектор» лауазымындағы өндірістік тәжірибесінің
БАҒДАРЛАМАСЫ
Көкшетау 2016
Құрастырушы: Өрттің алдын алу кафедрасының доценті Бейсенгазинов Р.А.
Практиканың бағдарламасы:
Өрттің алдын алу кафедрасының әдістемелік комиссиясының отырысында қаралды
2015 ж. 20 қараша, хаттама № 3
Шығаруға ұсынған ҚР ІІМ ТЖК КТИ ОӘК
2015 ж. 20 желтоқсан, хаттама №2
ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты , 2016
Мазмұны
1.
|
Жалпы ережелер.
|
4
|
2.
|
Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
|
4
|
3.
|
Өндірістік тәжірибені өткізу мен ұйымдастыру
|
4
|
4.
|
Тәжірибеге берілетін тапсырманың мазмұны
|
8
|
5.
|
Тәжірибеге қорытынды жүргізу
|
10
|
6.
|
Қосымшалар
|
11
|
Жалпы ережелер
1.1 4 - ші курс курсанттарының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерінде «Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау бойынша мемлекеттік инспектор» лауазымындағы өндірістік практикасының бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2014 жылы 9 - шы маусымда № 331 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органының білім беруді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес және сол оқу жоспары мен бағдарлама бойынша жұмыс жасалынды.
1.2 Өндірістік практика (әрі қарай – Тәжірибе) курсанттар үшін оқу тәрбиелік процестің бір бөлігі болып саналып, теориялық білімдерді, тәжірибелерді тереңдету мен бекіту, кәсіби бағытта тәжірибие жинақтауға бағытталған.
1.3 Тәжірибенің базасы болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімдері (басқармасы) (әрі қарай – Тәжірибе базасы), және білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелер болып табылады.
Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
2.1 Тәжірибенің мақсаты – курсанттардың алған білімдерін әрі қарай тереңдету, қаланың (ауданның, қаладағы аудандардың) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау бойынша мемлекеттік инспекторы лауазымындағы бақылау функцияларын жүзеге асырудағы жұмыс тәжірибиесін жинақтау мен бекіту.
2.2 Тәжірибенің негізгі міндеттері:
2.2.1 Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау бойынша мемлекеттік инспекторының жоспары мен ұйымдастыру тәртібін зерттеу.
2.2.2 Алған теориялық білімді бекіту, міндеттерді орындау мен өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау бойынша мемлекеттік инспекторының құқығын жүзеге асыру бойынша практикалық тәжірибиелерді жинақтау.
2.2.3 Оқу процесінде пайдалану мақсатында бөлімшенің бақылуды алдын алу бойынша жұмысы жайлы мәліметтер жинау.
2.2.4 Бөлімдерде пайдаланатын мәліметтік құқықтық базаларының құрылымының принциптерін зерттеу, олардың функцияларының ерекшеліктері, оларды пайдалану кезінде практикалық тәжірибие жинақтау.
2.2.5 Курсанттардың болашақ мамандығына икемделуі мен таңдаған мамандығына қызығушылығын одан әрі жандандыру.
3. Практиканы өткізу мен ұйымдастыру
3.1 Курсанттарды тәжірибеге жіберу Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының (әрі қарай – Институт) бастығының бағыттауымен, уақытын, базасын, және де институттан тәжірибенің жетекшісін көрсетумен бекітіледі. Тәжірибе уақытында курсанттар тікелей Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (әрі қарай - Комитет), басшыларының қарамағында болып, курсантқа бекітілген қызметкердің қол астында жұмыс істеп оған жүктелген міндеттерді атқарады.
3.2 Сырттай оқу формасында оқитындар, жұмыстары мамандық бойынша болатын болса тәжірибе өтуден босатылады. Бұл жағдайда олар жұмыс орынынан кәсіби мамандығын көрсететін анықтама мен мінездеме көрсетеді, анықтамада комитеттің аумақтық бөлімше басшысының қолы болуы тиіс. Мамандығынан тыс сыртқы оқу формасында оқитындар институт бастығының бұйрығымен негізгі функционалдық міндеттерінен тыс уақытта тәжірибеге жіберіледі.
3.3 Тәжірибе бағдарламасының негізгі орындау түрі курсанттардың бөлімше қызметін атқаратын, белгіленген ауданда өрт қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың міндеттерін орындау болып табылады.
3.4 Тәжірибенің барлық уақытында курсанттар Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысының бұйрығы бойынша тәжірибе базасының лауазымды тұлғасының бағынуында болады. Курсанттың жұмысы бағдарламасымен, күн тәртібімен және тәжірибе базасының бөлімшесінің жұмыс жоспарымен регламенттенеді.
3.5 Курсанттарды бағдарламада көрсетілмеген және жеке жоспардан тыс тапсырма бойынша пайдалануға, және де институттың келісімінсіз бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстыру тиым салынады.
3.6 Тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуге Институт бастығы мен сәйкесінше Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы жауапты.
3.7 Институт бастығына келесі міндеттер жүктеледі:
3.7.1 Тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу.
3.7.2 Комиететтің аумақтық бөлімшелерін практиканың өту уақытын, практикада өтуге тиісті нақты мамандықта оқитындардың санын уақытында хабарлар етуге.
3.7.3 Тәжірибенің жетекшісі ретінде тәжірибенің спецификасына сай кафедраның профессорлық-оқытушы құрамынан тағайындалады.
3.7.4 Курсанттарды тәжірибелік бағдарламамен, әдістемелік нұсқамалармен, және басқа да құжаттармен қамтамасыз ету қажет.
3.7.5 Курсанттардың тәжірибенің өткізілуі мен ұйымдастырылуын қадағалауды жүзеге асыру.
3.8 Институт атынан тәжірибе жетекшісі:
3.8.1 Тәжірибе бойынша оқушылармен консультация жүргізуге
3.8.2 Тәжірибе бойынша оқушылардың есептерін тексереді, курсанттарды қорғауға жіберуге анықтамаларды құрастырып, оны шығарушы кафедраның бастығына ұсынады.
3.8.3 Тәжірибе бойынша есептерді қорғау бойынша комиссияның құрамында болады.
3.9. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысының міндеттеріне кіреді:
3.9.1 Тәжірибе бойынша оқушыларды бөлу, және практиканың жеке жоспарларын орындауға сәйкесінше жағдайлар жасау;
3.9.2 Тәжірибеге келген оқушылардың кездесулерін ұйымдастыру, тәжірибе жетекшісі ретінде сол лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс істеген, жоғары кәсіби және моральдық қасиеті бар тәжірибелі маманды тағайындау; оқушыларды бұйрық бойынша тәжірибе жетекшісіне бекіту (бір қызметкерге 3 курсанттан көп емес) институтқа 3 жұмыс күні ішінде хабарлау;
3.9.3 Оқушыларды бөлімшенің жеке құрамына таныстыру, олардың құқықтық жағдайларын түсіндіру, тәжірибеден өтушілердің міндеттерін орындау кезінде практика жетекшілері мен басқа да қызметкерлердің рөлін түсіндіру;
3.9.4 Тәжірибе уақытында оқушыларға қызметтік куәлігіне нақты мамандықта қызметтік міндеттерін орындауға рұқсат беруді куәландыратын вкладыштарды ұсыну (Қосымша 1);
3.9.5 Тәжірибе өту кезінде бақылауды жүйелі түрде жүзеге асыру;
3.9.6 Тәжірибені қорытындылау, нәтижелерді талдау, тәжірибе жетілдіру мақсатында ұсыныстар ұсыну, сипаттаушы құжаттарды институтқа жіберу.
Тәжірибе базасының жетекшісі:
3.10.1 Курсанттармен бірігіп тәжірибе бағдарламасы бойынша жеке жоспар құрастырады, оны орындауын күнделікті жүзеге асырады;
3.10.2 Тәжірибе өтушіге практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқама өткізеді, қызмет атқаратын ауданның сипаттамасын, атқаратын жұмыстың ерекшеліктерін түсіндіреді;
3.10.3 Курсанттардың жұмысын бағалап, әр дайым есеп жүргізіп, сәйкесінше құжаттарды толтыруын қадағалап, ішкі тәртіптің сақталуын қадағалап, тәжірибенің кәсіби және жеке қасиеттерін зерттейді;
3.10.4 Курсантқа тәжірибе бітуіне 3 күн қалғанда мінездеме құрастырып, Комитеттің аумақтық бөлімшесіне бекітуге ұсынады. Мінездеме мөрмен бекітіледі.
Курсанттың мінездемесінде көрсетілуі тиіс:
- бағдарлама мен жеке жоспардың орындалуының сапасы;
- курсанттардың кәсіби лауазымдық міндеттеріне дайындығының деңгейі;
- нормативті құжаттарды білуін, оларды жұмыс кезінде пайдалана білуін;
- жұмысы бойынша құжаттарды толтыра білу деңгейі;
- арнайы техникалық құралдарды тиімді пайдалана білу;
- ұйымдастырушылық қасиетінің болуы;
- моральді- еріктілік қасиеті;
- орындаушылығы, тәртібі;
- жалпы мәдени даму деңгейі;
- бітірушілерді қызметке пайдалану бойынша ұсыныстар.
Қызметтік мінездемеде тәжірибе жетекшісі тәжірибе бойынша орнатылған баллдық- рейтингтік әріптік баға жүйесімен бағалайды. Тәжірибе жетекшісі курсант құрастырған және қол қойған құжаттармен курсантқа қойлған бағаның дұрыстығына жауап береді.
Курсант міндетті:
3.11.1 Тәжірибені өту жері бойынша орнатылған ережелер мен тәртіпті сақтау.
3.11.2 Тәжірибе бағдарламасында көрсетілген барлық тапсырмаларды орындау.
3.11.3 Орындалға жұмыс пен оның нәтижелері үшін жауапты болу.
3.11.4 Күнделікті атқарылған жұмыстар мен олардың орындалу сапаларын күнделікке жазу.
3.11.5 Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау инспектріне қатысты нормативті-құқықтық актілерді, бұйрықтарды, нұсқамаларды зерттеу.
3.11.6 Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу, кәсіби оқулар мен дене дайындығына қатысу.
3.11.7 Тәжірибе жетекшісіне жүйелі түрде есеп беруге, тәжірибе күнделігіне күнделікті баға алу керек.
3.11.8 Тәжірибенің аяқталу бойынша шығарушы кафедраға жасалынған жұмыстар бойынша мөр басылған, бекітілген, рәсімделген есеп, жоспар, күнделік, мінездеме ұсыну қажет.
3.11.9 Тәжірибе бойынша сынақ тапсыру қажет.
Курсант құқылы:
3.12.1 Тәжірибе базасында орналасқан қызметтік құжаттармен, нормативті актілермен, архивті жұмыстармен, жедел есеппен және де ғимараттағы басқа да практика бағдарламасы анықтаған материалдармен танысуға;
3.12.2 Тәжірибе жетекшісінің тапсыруымен толтырылған құжаттарға қол қоюға. Тәжірибе жетекшісі курсант толтырған және қол қойған құжаттардың заңдылығына жеке жауап береді.;
3.12.3 Бөлімшелерде орнатылған арнайы техникалық және басқа да құралдарды орнатылған тәртіпте пайдалануға;
3.12.4 Бөлімше басшысы мен институт басшылығына тәжірибе жетілдіру мен бөлімшені жетілдіру мақсатында ұсыныстар ұсыну.
4. Тәжірибеге берілетін тапсырманың мазмұны
4.1 Тәжірибе базасынан бекітілген жетекшінің басшылығымен келесі шараларға қатысу:
- ерекше тексеріс жүргізілетін нысандарда (2 ден кем емес ), және адамдар жаппай келетін нысандарды тексеруге қатысу;
- жоспардан тыс тексеру жүргізу және нысандарды аралаумен байланысты тексерудің басқа да формаларын өткізу (3- ден кем емес);
- тұрғындардың тұрғылықты жеріне, мектепке дейінгі, оқу мекемелерінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру шараларына қатысу;
- тұрғылықты жерлер мен нысандардың өрт бөлімдерінің өртке қарсы дайындығын бақылау шараларына қатысу;
- өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшіліктік құқық бұзушылық істерді қарастыруға қатысу;
- ұйымдардың жұмыстарын толықтай немесе бөлігін тоқтату, жеке өндірістердің, өндіріс аудандарының, ғимаратты қолданысқа беруге тиым салу, электр желілерін, жылыту құралдарын, өрт қауіпті жұмыстарды атқару, өрт қауіпсіздік талаптарын бұзатын жағдайлардағы материалдарды сотқа дайындауға қатысу;
- жеке немесе заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сұрақтарын қарастыру жұмыстарына қатысу.
- болған өрт жағдайын тексеру шараларын жүзеге асыратын жедел топтың жұмысына қатысу;
- мәліметтік- құқықтық мәліметтер базасын пайдалануда практикалық тәжірибие жинақтау (ЕСЭДО, ЕРСОП, АРМ ЕРДР, сот кабинеттері және басқалар).
4.2 Келесі материалдарды дайындап рәсімдеу керек:
- нысандардың өртке қарсы деңгейлерін тексеруінің нәтижелерін қарау (тексеру актісі);
- жергілікті жерге өрт қауіпсіздігі бойынша мақалалар, жазбалар басып шығару, ұсыну;
- өрт қауіпсіздік саласындағы орнатылған талаптарды бұзғаны үшін жеке және қызметтік тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартуға құжаттар (кемінде 3-еу);
4.3 Тексерілген нысандардың біреуінде өртке қарсы тақырыпта әңгіме (дәріс) жүргізу ;
4.4 Кәсіптік бағдар жұмыс бойынша телевиденияға немесе радиоға сөз сөйлуді ұйымдастыру.
4.5 Зерттеу керек:
- бақылау-алдын алу саласын жоспарлаудың тәртібі, оны өткізудің әдісі мен формаларың;
- тәжірибе базасының инженер-инспекторлық құрамының функционалдық міндеттерін;
- нысанға бекітілетін талаптар мен бақылау- қадағалау жұмыстарының жасалуы мен рәсімделу тәртібі;
- бөлімдердегі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алу тәртібі;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдармен қарым қатынаста болу;
- бөлімшелердегі мәліметтік-талдау жұмыстардың әдістері мен формалары;
- өрттерді талдау әдісі, өрттің пайда болуына әсер ететін себептер мен жағдайларды болдырмайтын шараларды ұйымдастыру;
- бөлімдерде пайдаланылатын мәліметтік-құқықтық мәліметтер базасының құрылым принциптері мен олардың функционалдануының ерекшеліктері.
ескерту:
1. Егер бөлімшедегі практика базасында тапсырмада көрсетілген іс шаралар орындалмаса, жетекші тәжірибе өтушілерді бұрын құрастырылған материалдармен таныстырады.
2. Есеппен бірге тәжірибе өтушінің жеке өзі және тәжірибе базасының жетекшісімен бірге құрастырған құжаттардың көшірмесін ұсыну керек.
3. Өртке қарсы үгіт- насихаттар жүргізу бойынша жұмыстар туралы растайтын құжаттар көрсетілуі тиіс (шығарылған мақаланың көшірмесі, шығып сөйлеген сөздің жазбаша нұсқасы, анықтамалар, аудио-видео жазбалар, фото және т.б.).
5. Тәжірибеге қорытынды жүргізу
5.1 Тәжірибенің қорытындысы бойынша курсанттар институттан тәжірибе жетекшісімен тексерілген есептерді кафедраға өткізіп, шығарушы кафедрадан құралған комиссиядан қорғалады. Комиссия құрамына кіретіндер: институттың атынан тәжірибе жетекшісі, шығарушы кафедрадан профессорлық-оқытушы құрам.
Курсант институт атынан тағайындалған жетекшісіне тәжірибе уақытында жасалынған жұмыстары жайлы есебін көрсетеді, ода келесі материалдар көрсетілуі қажет:
5.1.1 Курсантпен құрастырылған, тәжірибе базасынан жетекшісімен келісілген, бөлімше бастығымен бекітілген тәжірибе өту жоспары (Қосымша № 2);
5.1.2 Тәжірибе базасының жетекшісімен шаралардың орындалғанын растайтын тәжірибе күнделігі (Қосымша № 3);
5.1.3 Тәжірибе жетекшісінің қолы қойылған, комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысымен бекітілген, мөрі басылған мінездеме;
5.1.4 Практикада жасалынған құжаттарының көшірмесімен бірге жасалынған жұмыстардың есебі, мөрмен бекітілуі қажет.
Есеп брошюрленген, парақтары нөмірленген, есепте көрсетілген құжаттардың тізімдемесі, бірінші бетпен тігілгін. (қосымша № 4).
Тәжірибе бойынша қорытынды баға тәжірибе базасының жетекшісімен шектік баға қорытынды бағаның 60% мен қойылады, және институттың атынан тәжірибе жетекшісімен қорытынды бағаның 40 % үлесімен қойылады. Есепті қорғау нәтижесі орнатылған баллдық рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаланады. Тәжірибе бойынша есепті қорғау қорытындысы қорытынды бақылаудың ведомостына енгізіледі.
5.3 Тәжірибе қорытындысы сәйкесінше факультет пен шығарушы кафедрада талқыланады. Тәжірибенің жалпы қорытындысы институттың Ғылыми кеңес отырысында қаралады.
5.4 Оқушылар себепсіз тәжірибеден өтпесе, бағдарламаларды орындамаса, жұмысы жайлы теріс пікір алса, есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алса, қорытынды аттестацияға жіберілмей, институттан шығарылады. Курсанттардың оқу бойынша қалпына келу орнатылған тәртіп бойынша жүзеге асады.
6. Қосымша
Қосымша 1.
Кәсіби тәжірибеден өтетін
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ
курсантының қызметтік куәлігіне
вкладыштың үлгісі
В К Л А Д Ы Ш
Куәлікке №___________________________
Курсант______________________________________________
(арнайы шені, Тегі, аты, әкесінің аты)
Қызметтегі тәжірибе алушы___________________________болып табылады (бөлімше мен лауазымның аты)
М. О.
Бастық _________________________
_____________ __________ ________________
(арнайы шен) (қолы) (Т.А.Ә.)
«___»________________20 г.
Дейін жарамды «____»______________20 ж.
Қосымша 2.
Жеке жоспарды құрастырудың үлгісі
БЕКІТЕМІН
____________________
«___»________20__ж.
ЖЕКЕ ЖОСПАР
Курсанттың жұмысы __________ оқу тобы______Факультет________
(Т.А.Ә.)
Тәжірибе уақытында лауазым_______________________
«___»_________20___жылдан «___»___________20___ жылға дейін
№
|
Тапсырма атауы
|
Орындау уақыты
|
Орындағанын растау
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Құрастырған: курсант_______________
«___»______________20___ж.
келісемін:
Тәжірибе жетекшісі___________
«___»______________20___ж.
М. О.
Қосымша 3.
Тәжірибе күнделігін құрастыру үлгісі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты
Өндірістік тәжірибенің күнделігі
лауазым__________________________________________
___________________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
курсант _______курс________оқу тобы _______факультет
Тәжірибе базасынан
жетекшісі
лауазымы, Т.А.Ә. қолы
М.О.
Қазақстан Республикасы
ІІМ ТЖК КТИ
Тәжірибе жетекшісі
Лауазымы, Т.А.Ә. қолы
Көкшетау 20__
Күнделіктің 2- ші және келесе беттері
№ п/п
|
Өткізу уақыты
|
Өткізілетін шараның атауы, атқарылатын жұмыстың қысқаша мазмұны
|
Тәжірибе базасының жетекшісінің растауы
|
|
1
|
2
|
3
|
|
|
|
|
құрастырған: курсант
(А.Ә.Тегі) қолы
«___»______________20___ж
Қосымша 4.
Тәжірибе бойынша есептің титулдық бетінің үлгісі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты
Өрттің алдын алу кафедрасы
Өндірістік тәжірибе бойынша есеп
лауазым __________________________________________
_________________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
Орындаған:
Оқу тобының курсанты
№______факультет________
(А.Ә.Тегі) қолы
Тәжірибе базасынан
жетекшісі
(А.Ә.Тегі) қолы
М.О.
Қазақстан Республикасы
ІІМ ТЖК КТИ
Тәжірибе жетекшісі
(А.Ә.Тегі) қолы
Қорғау бағасы__________________
Көкшетау 20__
Достарыңызбен бөлісу: |