34 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Арамыздан бір адам өзінің көршісіне оның жағдайы туралы айтсын. Мысалы, «Менің ойымша, сіз қазір сабырлық сақтап болып жатқан жағдайға қызығушылық танытудасыз» немесе «Меніңше, сіз әбіржіген сияқтысыз?» және т.б. Ал ол адам өз кезегінде, дәл сол жағдайдағы өзінің қандай халде екендігін бізге айтады. Одан кейін ол өз көршісінің жағдайы туралы болжамын айтады, ал көршісі өз халін барлығымызға білдіреді және т.б.».
Тапсырма аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз өз көршіңіздің жағдайын қалай анықтадыңыз?» немесе нақтырақ айтқанда: «Өз көршіңіздің жағдайын анықтарда қандай белгілерге назар аудардыңыз?» деген ортақ сұрақ қояды.
35 жаттығу. Топ шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: « Бұл жаттығуды орындау үшін біз жұп құраймыз. Жаттықтырушы топқа өз ықыластарымен жұп құрауды ұсынады немесе жұптарды өзі құрайды. Егер топтағы адамдар қатар саны тақ болса, жаттықтырушы өзіде жаттығуға қатысады). Әр жұп ешкімге кедергі жасамайтындай ыңғайлы орын тапсын. Сіздерге әңгімелесуге 6 минут беріледі. (жаттықтырушы талқылауға топпен байланысты немесе бейтарап тақырыптар бере алады). Менің бұйрығым бойынша әңгімелесу барысында, әңгімемізді тоқтатпай, тұрған күйімізді өзгертеміз. Ал қазір бір- бірімізге арқамызбен бұрылып, әңгімені бастайық».
Қатысушылар бір-біріне арқаларын түйістіріп, 1,5 минут әңгімелеседі, одан кейін 1,5 минут- біреуі отырып, ал екіншісі тұрып және керісінше (бір-біріне қарап), 1,5 минут – бір- бірінің жүзіне қарап отырып әңгімелерін жалғастырады.
Жаттығуды талқылау барысында жаттықтырушы қандай күйде әңгімелесу қиын, күрделі болды, ал қандай күйде өте жәйлі болғандығы туралы сұрақтар қоя алады. Қатысушылар дәйекті түрде бірдей жағдайдағы күйдің жәйлі болғандығы туралы ой айтады (мысалы екеуі де отырған күйде). Бұл қатысушылардың арасында кедергілердің болмауы және көз жанарының бір деңгейде болуының маңыздылығы теңдік ұстанымы байланысын орнату тиімділігі үшін маңызды ойларды ортаға салуға септігін тигізеді.
36 жаттығу. Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы таза ақ парақ таратады.
Нұсқаулық: «Ақ парақты теңдей төртке бөліңіз. Қазір біз біраз сурет саламыз. Бірінші шаршыға сіздің бастығыңызбен әңгімеңізді бейнелеңіз, екіншіге – қол астыңыздағы қызметкеріңізбен, үшіншіге - сізбен әлеуметтік және кәсіби тең дәрежедегі адамды, төртіншіге - сіздің көзқарасыңыз бойынша, тамаша (қолайлы) жағдайда басталған әңгіменің басталуын бейнелеңіз. Суретті қабілетіңіздің шамасына қарай салыңыз, ең бастысы суреттің сапасы емес, сіздің нені салғаныңыз».
Қатысушылар суреттерін салып болғаннан кейін, жаттықтырушы оларды шеңбер бойымен барлығы танысатындай, бір-біріне берулерін өтінеді. Суреттер өз авторларына қайтарылғаннан кейін, жаттықтырушы қатысушыларға өз әсерлерімен бөлісуін ұсынады. Талқылау әртүрлі ролдік ұстанымдағы әңгіменің басталуының белгілері мен қалыптасқан ережелерге қатысты, сондай- ақ, байланыс орнатуға бұл жағдайда ненің кедергі жасайтыны, ненің септігін тиетіндігі жөнінде мазмұнды ойларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жаттығу әртүрлі деңгейдегі басшылар тобында ауқымды деректер береді және жаттықтырушының талқылауды нақты әрі қызу өткізуін талап етеді.
37 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Мен қазір кейбіреулеріңізге қандайда бір эмоционалдық күй белгіленген текшелер таратамын. Текшелерді алғандар, онда жазылғанды топ мүшелеріне көрсетпей оқиды,одан кейін кезекпен текшеде жазылған күйді бейнелеп көрсетеді. Біз зер салып қарап, қандай эмоционалдық күй бейнеленгенін түсінуге тырысамыз».
Жаттығу барысында жаттықтырушы қатысушыларға бейнеленген күйге қатысты өз пікірін білдіруге, кейін оны атауға мүмкіндік береді. Талқылау барысында көп жағдайда, қандай күйді танып- білу қиын, оны түсінуге не септігін тигізе алатындығы туралы олар айтылады. Әрбір эмоционалдық күй аталған сайын (мысалы, қуаныш) ең алдымен дұрыс жауап бергендерден, одан кейін топтың басқа мүшелерінен күйді анықтау барысына да қандай белгілерге мән бергендерін сұрауға болады. Мұндай талқылаулар адамның хал-жағдайын анықтау барысында негізге алуға болатын, вербалды емес көріністерді «банкін» құруға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, аталмыш жаттығу жаттықтырушы қандайда бір күйді бейнелеуді ұсынған қатысушылардың қимыл- әрекетінде мәнерлікті дамытады.
38 жаттығу.
Жаттығуды орындау үшін қатысушылардың қатар саны тақ болуы тиіс. Алдын-ала барлығы «бірінші», «екіншіге» санақ жасайды. Барлық екінші нөмерлер орындыққа отырады, ал біріншілер олар отырған орындықтардың арқасында тұрады, жұпсыз қалған қатысушы бос орындықтың арқасында тұрады (айталық, оның есімі Айдын).
Нұсқаулық: «Айдынның міндеті өзінің бос орындығына отырғандардың біреуін шақыру. Бұл ойын ол үндемей, вербалды емес әрекеттер арқылы білдіру жеткізуі тиіс. Орындықта отырғандардың барлығы да бос орынды иеленгісі келеді. Орындықтың арқасында тұрғандардың міндеті- «өз қол астындағыларды» ұстап қалу. Бұл әрекетін ол орындықта отырған адамның орынын ауыстырғысы келген ойын байқап қалған сәтте, отырған адамның иығына қолын қойып үлгеруі арқылы жүзеге асыра алады. Қолыңызды «өз қол астыңыздағы» адамның иығына үнемі қойып тұру міндетті емес» .
Біраз уақытттан кейін жаттықтырушы қатысушыларға орындарын ауыстыруды ұсынады: отырғандар тұрады және керісінше. Әрі тұрғандардың біреуі бос орындықтың арқасына барып тұру керек болады.
Бір жағынан, жаттығу топ мүшелеріне орындарынан қозғалуға, шаршағандықпен, шиеленісті бәсеңдетуге мүмкіндік береді. Жаттығу көңілді өтеді, көңіл- күйді көтереді. Бұған қоса, жаттығу «Байланыс орнату» тақырыбы бойынша жұмыстың мазмұнымен тығыз байланысты. Тәжірибені дәйектей түсу үшін топқа «Сіз біреуді өз орындығыңызға шақырғанда, қандай әрекеттер жасадыңыз?», «Сізді бос орындықты иеленуге шақырғанды қалай түсіндіңіз?» деген сұрақтар қоюға болады.
39 жаттығу
Топ шеңбер құрап отырады. Әрбір қатысушыға өзіне жұп таңдау ұсынады, әрі серік таңдауда ол адаммен таныстығыңыз аз болуын негізге алуыңыз қажет.
Нұсқаулық: «Әр жұп басқаға кедергі жасамайтындай, ыңғайлы орынға орналассын. Бір- біріңізге қарама-қарсы тұрыңыз (бір- біріңізге жүзіңізді қаратып). Тапсырманы кім бастайды, ал кім жалғастыратындығын келісіп алыңыздар. Қазір тапсырманы бастайтын адам бүкіл денесімен, қолымен, көзімен басымен әртүрлі қимылдар жасайды. ал екінші қатысушы серігінің қимылдарын дәлдікпен қайталауы керек. Біршама уақыттан кейін менің белгім бойынша, серіктестер ролдерін ауыстырады».
Жаттығу топ мүшелеріне бір-бірін жақын сезінуге, моторлық рефлекция және антиципапция дағдысын меңгеруге, байланыс орнатуды жетілдіру шарттарын түсінуге қажетті бірқатар идеяларды және диадондық өзара әрекеттердің барысында пайда болған кедергілерді жою жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар өздерін басқа адамның орнына қою мүмкіндігін иеленеді. Талқылау барысында, нақты бір сәттерде, серігінің келесі әрекетінің түрі оны көрсеткенге шейін түсінікті болатындығы туралы ой туындайды.
40 жаттығу Топ мүшелері екіге бөлінеді.
Нұсқаулық: Әрбір топшаға қандайда бір сезімді немесе эмоцияны (эмоциялық күйді) таңдап және оны қалай бейнелеуді ойлап табуға 7 минут уақыт беріледі. Ол не мүсіндік бейне, не вербалды емес әрекет болуы мүмкін. Бейнелеуге топшаның барлық мүшелері қатысуы керек. Бірінші топша өзінің бейнелеуін көрсеткен кезде, екінші топша мүшелері қандай сезім немесе эмоция бейнеленгені табады. Одан кейін топшалар өз орындарын ауыстырады».
Топшалар екі бөлек бөлмеде дайындалады. Дайындық аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы олардың біріне өздері таңдаған сезім немесе эмоцияны атамай бейнелеп көрсетуін ұсынады. Екінші топша көреді. Одан кейін екінші топшаға талқылау үшін 1 минут уақыт беріледі және біреуі шығып топтың ойын білдіреді. Одан соң қандайда бір сезімді немесе эмоцияны бейнелеп көрсеткен топшаға, қандай сезімді немесе эмоцияны бейнелегендерін айтуын өтінеді. Одан кейін топшалар ролдерін ауыстырады.
Жаттығуды орындау нәтижесін талқылауды бастай отыра жаттықтырушы топшалардың мүшелері қателік жіберді ме және қандай қателер екендігін негізге алады.
Негізінен, бұл жаттығуда жіберілетін қателіктер төмендегі жағдайлармен байланысты:
қатысушылар басқа топша көрсеткен бейнелеуді түсінбеді;
қатысушылар бейнелеген сезімдер немесе жағдайды атауға нақты сөз таба алмады;
қатысушылар өздерінің бейнелеулерінде эмоциялар мен сезімдердің мазмұнын жеткізе алмады.
Егер қателіктер жіберілсе, талқылау барысында, оның неге байланысты екендігі туралы айтуға болады. Көп жағдайда қателіктер топшалардағы келіспеушілік, басқаларды тыңдай алмау қабілетсіздігінен орын алады.
Егер топша көрсетілген эмоционалдық күйді немесе сезімді дұрыс анықтаған болса, жаттықтырушы «Сезім немесе күйді сіз қандай белгілері бойынша анықтадыңыз?» деген сұрақты қояды. Бұл сұраққа жауап басқа адамдардың жағдайын түсіну үшін өте қажетті болатын адамның вербалды емес нақты көрінісін анықтауға (тізіп шығуға) мүмкіндік береді.
41 жаттығу Жаттығу 3 немесе 4 адамнан құралған топта орындалады.
Нұсқаулық: «Сіз өзіңізді ірі фирмадағы персонал – менеджер қызметіне арналған конкурсқа қатысуға бел байладым деп елестетіңіз. Таңдау бірнеше кезеңнен тұрады, олардың әрбіріне әртүрлі адамдар жиналады. Қазір әр топтан бір адам өзінің шағын тобындағы басқа адамдардың әрқайсысымен байланыс орнатуға тырысады. Байланыс орнатушы адам, таңдау процедурасына қатысты ақпарат алуға ұмтылады, ол байланыс орнатпақ болған адам, шамамен таңдау жөнінде хабардар адам болмақ: таңдау қалай өтетіндігі білу сізге өте маңызды және сіз таңдаудан табысты өткіңіз келеді, сондықтанда сіз алда болатын әңгімелесуге қатысты ойларыңызды бөлгіңіз келмейтіндігіне нақты себептері бар екендігін сізге бірнәрсе айтпақ болған адамға түсіндіруге тырысасыз. Сондай- ақ сізбен байланыс жасағысы келген адаммен әңгімелесу қалауыңыз туса, сіз оны жасай аласыз».
Жаттықтырушы әр топтан жұмыстың бірінші кезеңінде байланыс орнату әрекетін жасайтындардың есімін атайды. 3-4 минуттан кейін жаттықтырушы ойналған жағдайды тоқтатып, шағын топ деңгейінде, алынған нәтижені талқылауды ұсынады. Одан кейін жаттықтырушы топ құрамын өзгертіп, екінші кезеңде әңгіме бастайтындардың есімін атайды. Осы жағдайда, егер жұмыс үштікте орындалса, он екі адамнан құралған машықтық топқа әрқайысысы белсенді позицияда болып шығу үшін, үш кезеңнен өткізу қажет болады.
Жұмыс шеңберде отырып талқылаумен аяқталады, оның барысында байланыс орнатуға септігін тигізетін қимыл-әрекеттің вербалды және вербалды емес қырына назар аудару дұрыс болар.
Жаттығу әрбір қатысушыға нақты іс- әрекетке көшу арналған қолайлы жағдай орнатуға және дағдыларды бекітетін байланыс орнатудың әртүрлі тәсілдерін жаттықтыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты қабылдау және беру
Бұл бөлімге енген психологиялық жаттығулар ақпарат қабылдау мен беруге ықпал жасайтын шарттардың тобын анықтауға, тапсырмаларды шешу барысында жіберілетін қателіктерді ашуға, оларды шешуде жаттығуға мүмкіндік береді.
Аталмыш түрдегі жаттығуларды өткізу барысында назарда ұстануы тиіс бірқатар негіздер енгізіледі: хабарламаларды дайындау, ақпарат беру, қабылдау және хабарламаларды жүйелеу.
42 жаттығу
Барлық қатысушылар шеңбер құрап тұрады.
Нұсқаулық: «Бір» дегенде, әрбір қатысушы қандай да бір қимыл жасайды. Бірақ, барлығымыз өз орнымызда боламыз. Мүмкіндігінше, әрбір қатысушы жасай алатын қимылдар таңдау керек. «Екі» деген кезде, «бір» дегенде жасай бастаған қимылды тоқтатып, сол жағыңыздағы көршіңіз «бір» дегенде жасаған қимылды жасай бастайсыз. Егер барлығымыз мұқият болсақ, әр адамның қимылы шеңбер бойын айналып жасалынып шығады да, өз «авторына» оралады».
Жаттығу әрбір қатысушыға өзі бастаған қимылы қайтадан жеткенше жасалады. Көп жағдайда, қимылдардың алғашқы ауысуында-ақ қатысушылардың кейбіреулері қателесе бастайды. Ондай кезде, жаттықтырушы топтың қимылдың қате жасалған сәтін анықтап, жаттығуды қайтадан бастауына жетелейді. Әрбір қатысушының қимылы айналым жасап болып, жаттығу аяқталғаннан кейін жаттықтырушы қатысушылардан кімге өзінің қимылы қайта оралды және оны жасау түрінде өзгерістер бар ма екен - деп сұрайды. Талқылау қимылдарды бұрмалаудың негізгі себептерін анықтауға және қатысушылар оны болдырмау үшін не істеу қажеттігін түсінуге бағытталады. Бұл жаттығуды негізінен хабарлама беру барысында ақпаратты бұрмалаусыз қабылдау және беруге мүмкіндік беретін түрлердің тобын қатысушылар сезіну үшін жұмыстың басында өткізу қажет.
43 жаттығу
Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Әрқайысымыз сол жағымыздағы көршімізге кезекпен сыйлық жасайық (сағаттың тілі бойынша) сыйлықты ештеңе айтпай, үнсіз (вербалды емес)бірақ, сіздің көршіңіз оған сыйлйқ беріп отырғаныңызды түсінетіндей тарту ету (береміз) қажет. Барлығы сыйлық алып болғанша, ештеңе айтпай керек барлығын үнсіз жасаймыз».
Барлығы сыйлық алып болғаннан кейін, жаттықтырушы ең соңғы сыйлық алған топ мүшесінен қандай сыйлық жасағанын сұрайды. егер жауаптарда алуандық байқалса, түсініспеушілік неден туындағанын сұрау керек. Егер топ мүшесі қандай сыйлық алғанын айта алмаса, топтан сұрау керек. Алынған дерек қарым-қатынас жасау барысында ақпарат қабылдау мен беруге дайындық заңдылықтарына қатысты пікірлерді талқылауға мүмкіндік береді.
Жаттығуды талқылау барысында қатысушылар қарым-қатынас барысында түсіністікті жеңілдететін тәсілдерді қалыптастыра алады. Көп жағдайда бұл тәсілдерге «сыйлықтың» нақты және біркелкі белгілері жатады.
Мазмұндылық жоспарға тиісті нәтижемен қоса, қатысушылардың көңіл- күйі көтеріледі.
44 жаттығу.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Барлығымыз жорыққа шықтық деп елестетейік. Мына жерде (жаттықтырушы шеңбердің ортасын көрсетеді) жорыққа арналған сөмке жатыр, оның ішін біз жорыққа қажет заттармен толтыруымыз керек. Әрқайысымыз оның ішіне кезекпен қандай да бір керек затты салайық. Ешқандай сөз айтпай, тек вербальды емес әрекеттер көрсету арқылы жасауымыз керек. Барлығымыз кімнің сөмкеге не салатынын мұқият қадағалап, қайталамауға тырысуымыз қажет».
Әрбір қатысушы жорыққа арналған сөмкеге қандай да бір зат «салып» болғаннан кейін, жаттықтырушы топқа «Біздің жорыққа арналған сөмкемізге не салдың...?», деп топ мүшелерінің әрқайысысының есімін атай сұрайды.
Бұл жаттығуды орындау барысында алынған нәтижелер, мазмұндылық тиімділігі жағынан жоғарыда суреттелген жаттығулармен іспететес болады.
45 жаттығу.
Топ шеңбер жасап тұрады. Жаттықтырушы шеңберде шығып кетеді де, жаттығуға қатыспайды.
Нұсқаулық: «Сіз өз ойыңызда қатысушылар арасынан серік таңдаңыз да, серігіңізге ертеңгі күнді өткізуді қалай ұсынатыныңызды шешіңіз. Өзіңіздің ұсыныстарыңыз туралы ақпаратты тек вербалды емес жолдармен жеткізу қажет. Ертеңгі күнді өткізудегі өз ұсыныстарыңызды менің арнайы белгімнен кейін, барлығыңыз бірге бастайсыздар».
Жаттығуды талқылау барысында жаттықтырушы әріптестердің бір-бірін дұрыс түсінуіне, сондай-ақ осы түсіністікке жетуге ненің септігі тиді және не кедергі жасағанына назар аударады. Әдетте, туындайтын ойлар әріптесіне зейін салу мен вербалды емес әрекеттерді көрсету және оларды түсіну үшін пайымдау жасауды қамтамасыз ететін бірдей құралдарды табу қажеттілігі төңірегінде топтастырылады. Сонымен бірге, топта нақтылай түсетін қосымша ақпарат немесе оны қайталау қажеттілігі туындайды. Жаттығуды орындау нәтижесінде жиналған мәліметтер ақпаратты беру және қабылдау зандылықтарының мәселесін ашуға мүмкіндік береді. Жаттықтырушы көрініс алған нәтижелерді есінде сақтап, қарым- қатынас процессі барысында ақпарат беру мен қабылдауға жататын нысаналы негіздерді безендіру барысында пайдалана алады.
46 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Менің қолымда бірнеше текшелер бар. Онда әртүрлі заттардың, түсініктер мен жағдайлар атаулары жазылған. Мысалы, шам, ұйқы, жарық, суық және т.б. Мен текшені араларыңыздағы біреудің арқасына жапсырамын, айталық, Беріктің дейік, бірақ ол текшеде не жазылғанынын көре алмайтындай жапсыруым керек. Одан кейін Берік топтың кез- келген бірнеше мүшесінің қасына келеді (өз қалауы бойынша), ол кімнің қасына келсе, сол адам вербалды емес қимылдармен текшеде не жазылғанын көрсетеді. Беріктің міндеті – текшеде не жазылғанын түсіну».
Жаттығу барысында жаттықтырушы қатысушының текшеде не жазылғанын анықтағанға дейін, қатысушыларды жетелейді, одан кейін текшені келесі адамның арқасына жапсырады.
Жаттығу топ мүшелерінің барлығына екі ролде де ойнауға және ақпарат беру жолдарын іздестіруде вербалды емес көрсетілімдердің себептерін бейнелеп көрсетуде, оларды тура табуда және т.б. жаттығуға мүмкіндік береді.
47 жаттығу
Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады (шеңберге арқасымен қарап).
Нұсқаулық: «Араларыңыздан біреуіңіз біз бір-бірімізге образды түрде беретін кез-келген затты ойласын. Ол зат шынайы жағдайда бір- біріне беруге болатын зат болуы тиіс».
Жаттықтырушы ойдағы заттың идеясы пайда болғанша күтеді, затты ойлаған қатысушыға не зат екендігін ешкімге айтпай, келесі қатысушыға беруге дайындалуына уақыт береді (1-2 минут).
«Сонымен, қазір Сәкен өзінің затын сол жағындағы көршісіне береді. Затты беру барысында және одан кейін бізде тек вербалды емес жолды қолданамыз, ал затты алған адам өзінің қандай зат алғанын түсінуі керек. Затты алған адам, өз кезегінде оны өзінің сол жағындағы көршісіне береді және т.с.с Осы қалыпта, зат шеңбер бойымен сағаттың тіліне қарсы бағытта жылжыйды және егер барлығымыз мұқият болып, басқа бір затқа айналып кету қателігін жібермесе, соңында зат Сәкенге оралуы тиіс. Ол кезде барлық қатысушылар шеңберге бетімен қарап тұрады. Себебі әрқайысымыз затты бергеннен кейін шеңберге бетімен бұрыла алады. Қанекей бастайық».
Зат өзінің жіберушісіне оралғаннан кейін, жаттықтырушы шеңбер бойымен енді сағаттың тілі бойынша қозғалып (қарсы бағытта) әрқайысысынан не зат алғанын және бергенін кезекпен сұрайды.
Жаттығуды күрделендіру және белсенділікті арттыру үшін, сондай- ақ талқылауға ауқымды мәлімет алу үшін, шеңбердің әр жерінде бір- бірімен шамамен бірдей арақашықтықта тұрған топтың үш мүшесіне бір мезгілде өз заттарын беруді бастауды ұсынуға болады.
Талқылау барысында қатысушылар негізінен өзара түсіністікке келуге не жетеледі немесе кедергі болған сәттерге назар аударуы мүмкін. Көп жағдайда қатынс барысында қатысушылардың әрқайсысы нәтижеге жауапты екендігі жөнінде ой айтылады. Ақпаратты беретін адам оны анық, нақты және басқаға түсінікті болатындай жасауға тырысуы қажет, яғни ақпаратты беретін адам өзінің қимыл-әрекетін қабылдап алушы адам қалай түсінуі, қабылдауы мүмкіндігін анықтауға тырысады. Екінші жағынан, ақпаратты алушы ең алдымен әріптесінің әрбір қимыл- әрекеті қандай мағына беруі мүмкін екендігін жете ойланып, оны көрсетуде асықпауы керек.
48 жаттығу. Қатысушылар жұпқа бөлінеді
Нұсқаулық: «Қазір әрқайсыңыз кезекпен өз серігіңізге қандай да бір оқиғаны айтып бересіз. Оқиға аяқталған сюжетпен, әртүрлі сезімдерді ашатын, қатысушыларды толғандыратын, психологиялық мәселелер т.с.с болғаны жақсы: мен тұрдым, жуындым, таңғы асымды іштім, киіндім, үйден шықтым, автобус күттім және т.с.с. құр баяндаумен шектелу қажет емес. Сондай- ақ біздің бәрімізге айтуға болатындай оқиға болуы тиіс. Әрқайысыңызға өз оқиғаңызды айтып беруге 3 минут уақыт беріледі».
Топ мүшелері бір-біріне өз оқиғаларын айтады.
«Енді әр жұптағы бір адам шеңбер бойымен (сағаттың тілі бойынша) басқа жұпқа өтеді. Жаңа жұпта бір- біріңізе, алдыңғы жұптағы әріптесіңізден естіген оқиғаны айтасыздар».
Әркім өз оқиғасын айтып болғаннан кейін, жаттықтырушы, әрқайысысының екінші рет естіген оқиғаны айтып беруін ұсынады. Әрбір әңгіменің соңында жаттықтырушы, әңгімелеушіге оқиғаны айтқан адамға және ол оқиғаны ең басында айтқан адам яғни оқиғаның авторына «Сіз айтқан оқиғадағы қандай жәйттар айтылмай қалды?», «Не бұрмаланған?», «Мүмкін сіз айтпаған жаңа бір нәрсе пайда болған шығар?» деген сұрақтар қояды.
С. Тыңдай алу қабілеті
Тренингтің бұл бөліміне енген психологиялық жаттығулар, қатысушыларға өз іс-әрекеттерінде әріптесінің жағдайы мен мәселелері туралы ашық және егжей-тегжейлі айтып беруіне не жетелейтінін түсінуге, оның жағдайын төмендетіп, жасыруына, тіпті әңгімені күрт үзуіне не себеп екендігін анықтауға мүмкіндігін береді.
Жаттығуды жасау барысында жинақталған мағлұмат және тыңдай алу қабілеті мен дағдыларын жаттықтыруға әсер етеді, олардың тиімділігін көрсетеді.
Ұсынылған жаттығуларды келесі тәсілдерде қолдануға болады.
Үнсіз тындау – күтіп тұру, әңгімлесуші серігіңе қиғаштап тұру, қолдайтындығыңызды білдіретін бет қимылы, ары қарай тыңдауға келісімділігіңізді білдіретін бас ию.
Нақтылау - әріптесіңізге сөзін толықтыруын сұрау өтініші, оның айтқанын нақты түсіну үшін айтқандарының бірін айқындау, (мысалы, бір әйел психологқа: «соңғы кезде менің ұлымның қылықтары сұмдық» Бұл жерде: «Сіз «қылықтары сұмдық» дегенді қалай түсінесіз, айқындап беріңізші» - нақтылау тиіс.
Айтып беру - әріптесіңіз айтқанды өз сөзімен айтып беру, әңгіме басында – толығырақ, ал ары қарай – негізгі ойды сақтай отырып.
Әріптесінің ойын ары қарай өрбіту - әріптесің айтқанның түп мағынасын жеткізу.
49 жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Қазір біз теңіз жағалауына біраз серуен құрамыз. Ыңғайлы отырыңыз да, жәйлап көзіңізді жұмыңыз. Өзіңіздің деміңізге назар аударыңыз, деміңізді сеніңіз: ауа мұрыныңыздан, тамағыңыздан өтіп, өкпеңізге жетеді, кеудеңізді толтырады, әр деммен бойыңызға күш жиналатынын сеніңіз, ал әрбір шығарған деміңізбен қажетсіз уайымдар, реніштер мен шиеленістер кетеді. Өз денеңізге мән беріңіз, оны табаныңыздан бастап, төбеңізге шейін сезініңіз. Сіз орындықта (креслода) отырсыз, қандай да бір дыбыстарды естисіз, бетіңізге ескен самалдың лебін сезесіз. Мүмкін сіз өзіңіздің отырысыңызды өзгерткіңіз келетін шығар, өзгертіңіз. Ал енді сіз өзіңізді теңіз жағалауындамын деп елестетіңіз. Сіз асықпай, еркін жағалаумен жүріп келесіз. Айналаңызға зер салыңыз, айналаңызда қандай түстер, дыбыстар, иістер... аспанға қарайсыз, теңізге қарайсыз. Көңіл-күйіңізді байқаңыз: қандай эмоциялар, сезімдер пайда болды, серуен барысында олар қалай өзгереді. Сіз ешқайда асықпайсыз және еш алаңдамай ары қарай жүре беріңіз. Мүмкін, сіздің суға шомылғыңыз келеді немесе жағалауда отырғыңыз келеді. Қалағаныңызды жасаңыз...
Ал енді бөлмеге, өз шеңберімізге оралу уақытты болды. Мұны өзіңізге қолайлы ырғақта жасаңыз: бірден көзіңізді ашуыңызға болады немесе асықпай біраз көзіңізді жұмып отыра тұруыңызға болады.
Қазір біз алған әсерлерімізбен бөлісеміз. Ол үшін 4 адамнан топ құраймыз. Мүмкіндігінше, өз тобыңызға негізінен бұған дейін шағын топта сізбен бірге жұмыс жасамаған адамдарды жинауға тырысыңыз».
Топтар құрылғаннан кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «қазір әрқайысымыз кезекпен біздің «серуеніміздің» барысында алған өз әсерлерімен, пайда болған образдар мен уайымдары, көңіл- күйінің жағдайымен бөліседі, ал қалғанымыз әңгімелеушінің сөзін бөлмей, сұрақттар қоймай естігеніне коментарий мен көріністер жасамай мұқият тыңдаймыз. Сіз тыңдағыңыз келмеген сәттерді жадыңызда сақтауға тырысыңыз. Әрбір әңгімені шамамен 3-4 минут уақыт ішінде қамтуға тырысыңыз».
Топтағы жұмыс аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы шеңберге оралып, енді өздерінің шағын топтағы жұмысынан алған әсерлерімен бөлісуін ұсынады. Нақтылай түсу үшін: «Қандай сәттерде сіз әңгімеге құлақ түрмедіңіз?» деген сұрақ қоюға болады. Оған жауап бергенде қатысушылар көп жағдайда: «Басқа біреудің әңгімесін өзімнің тәжірибеммен салыстырған ойға берілгенде тыңдамадым», «Қандай да бір сәттерде ұқсастық туындады да, мен соны ойлай бастадым», «Мен естігендеріммен келіспедім де, бір сәт соған назарымды аудардым», «Қандай бір сәтте мен өзімнің не айтатынымды ойладым да, тыңдамадым» және т.с.с. жауаптар береді.
Талқылауды қорытындылау кезінде, жаттықтырушы қатысушылардың назарын басқа адамды тыңдай білудің маңыздылығына тағы бір сәт аударуға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |