І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу. Жаттығу шағын топтарда – «үштікте» өткізіледі. Нұсқаулық



жүктеу 1,21 Mb.
бет5/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

50 жаттығу. Жаттығу шағын топтарда – «үштікте» өткізіледі.

Нұсқаулық: «Жаттығуды орындау барысында екі адам әңгімелеседі, ал үшінші адам «бақылаушы» ролінде болады. Үш әңгімелесу өткізілетін болады: үшеуі бір-бірімен әңгімелеседі және әрқайысысы кезекпен бақылаушы ролінде болады. Әрбір әңгіме 8-9 минут ауқымына есептелген. Мен уақытты қадағалаймын және қашан ролдерді ауыстыру керек екендігін хабарлап тұрамын. Жұппен әңгімелесу барысында келесі ережені ұстаныңыз: талқылаған мәселе бойынша өз пікіріңізді білдірере алдында, алдыңғы серігіңіз айтқанды қайталап айтыңыз. Қайталауды: «Сенің ойыңша....», Сенің айтуыңша....», деген сөздермен бастауға болады. Бақылаушы ереженің сақталуын қадағалап тұрады және әңгімелесушілер ережені сақтамаған сәтте әңгімеге араласуға құқығы бар».

Әңгіменің тақырыбын жаттықтырушы ұсынады, және топтың құрамына байланысты болады. Мәселен, басқарушы қызметтегілерден құралған топқа: «Басқарушы жұмысының нәтижелі болуы үшін оның бойына қажетті үш негізгі қасиетті атау» деген тақырыпты беруге болады.

Жаттығуды ақтағаннан кейін топта: «Әңгімеге серігіңіздің сөзін қайталау қандай әсер берді?» деген сұрақты талқылау орынды болады. Негізінен, талқылау барысында төмендегідей ойлар ортаға салынады:


  • бұл менің серігімді дұрыс түсіне алғанымды тексеруге мүмкіндік берді;

  • әңгіменің тақырыбынан ауытқымауға, талқылаудың ағымында болуға, серігің айтқанды айтуға мүмкіндік берді;

  • қайталау барысында серігіңнің ойын нақтылай түсу көрініс алды;

  • серігіңнің айтқанын жақсылап жадыңда сақтауға септігін тигізді;

  • эмоционалдық байланысты жақсартты (сені тыңдағаны, түсінгенін сезіну ұнады);

  • Сенің сөздеріңді басқа біреудің айтуынан есту арқылы өзіңді жақсырақ түсіне бастайсың, талқыланған мәселенің жаңа қырларын байқайсың және т.с.с.


51 жаттығу. Топ мүшелері жұпқа бөлінеді.

Нұсқаулық: «Қазір серіктестердің әрқайысысы кезекпен өзін толғандырған қандай- да бір мәселені айтады. Екіншісінің міндеті – мәселенің негізін түсіну, қарым-қатынастың үндемей тыңдау,нақтылау, айтып беру, серігінің ойын ары қарай өрбіту сияқты нақты бір тәсілдерін ғана пайдаланып мәселені шешуі тиіс».

Жаттығу орташа есеппен 30 минутқа есептелген. Қарым- қатынасты және оның нәтижесін нақтылай түсу үшін, жаттығудың тиімділігі арттыру үшін тыңдаушы қатысушыға нұсқаулықта аталған тәсілдер жазылған текшелер беруге болады. Әңгімелесуді бастар алдында, ол өзінің серігіне өзі қолданамын деп таңдаған тәсілдердің аты жазылған текшелерді көрсетуі керек.

Жаттығуды «үштікте» өткізуге болады. Бұл жағдайда екеуі жоғарыда суреттелгендей әңгімелеседі де, үшінші адам «бақылаушының» ролінде болады, оның міндеті – жұптың бірінші мүшесінің әңгімесінен кейін, (яғни, өзін толғандырған мәселені айтушыдан кейін) екінші адамға серігіне жауап қайтаруда қолдануы тиіс тәсілдер жазылған текшелерді көрсетуі керек.

Талқылау барысында топқа: «Әңгіме барысында сізде қандай әсерлер туды?», «Қандай тәсілдерді жиы және қандайды сирек қолдандыңыз?», «Қандай тәсілдерді қолдану қиындық тудырды?», «Тәсілдерді қолдану қандай нәтиже берді?» деген сұрақтар қоюға болады.

Бұл жолмен, аталмыш жаттығу дәріске қатысушылардың басқа адамдарды қалай тыңдауға болатындығын түсініп, талдауға әрі осы жолда қандай қателіктер орын алады және неліктен екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаттығу тыңдай алу қабілеттін жаттықтыруға септігін тигізеді.
52 жаттығу Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Қазір біз орындау барысында жақсы тыңдау ережесін сақтауды қажет ететін жаттығуды бастаймыз. Ережелерді жазып алыңыздар (топ мүшелеріне ережелер жазылған текшелер таратуға болады).

Жақсы тыңдау ережесі:



  1. Өз назарыңызды толығымен серігіңізге аударыңыз. Тек айтылған сөздерге ғана емес, сондай-ақ тұрысына, бет қимылына, қолдарының қимыл әрекетіне назар аударыңыз.

  2. Серігіңнің сөзін дұрыс түсіне алдың ба, соны тексер.

  3. Кеңес берме.

  4. Бағалау берме.

«Жаттығуды біз жұпқа топталып орындаймыз. Өз жұбыңызға топ мүшелерінің арасынан өзіңіз аз танитын, бірақ жақынырақ танысқыңыз келетін адамды таңдаңыз».

Жаттықтырушы қаттысушылардың барлығының жұп- жұбымен отырғанын тосады.



«Өз араларыңызда ролдерді бөліп алыңыз: біреуіңіз – «айтушы», ал екіншіңіз – тыңдаушы» болады. Тапсырма бірнеше қадамнан (кезеңнен) тұрады. Әр қадам (кезең) белгілі бір уақытқа шектелген, бірақ ол уақытты қадағалау сізге қажет емес. Мен сізге тапсырманы қашан бастап, қашан аяқтау керек екендігін хабарлап тұрамын. Алдымен жақсы тыңдау ережелерін «тыңдаушы» адам сақтауы керек. Ал «айтушы» оған аса назар аудармаса да болады.

Сонымен «айтушы» 5 минут бойы «тыңдаушыға» қарым- қатынас жасау кезінде өз бойында туындайтын қиыншылықтар, мәселелер туралы айтады. Айту кезінде, ол қиыншылықтардың орын алуына жетелейтін өз бойындағы қасиеттерге ерекше назар аудару керек. «Тыңдаушы» жақсы тыңдау ережесін сақтай отырып, «айтушыға» әңгімесін баяндауға көмектеседі».

5 минуттан кейін жаттықтырушы әңгімелесуді тоқтатады.



«Қазір «тыңдаушыға» 1 минут уақыт беріледі, осы уақыт ішінде ол «айтушының» қимыл - әрекетінде өзі туралы ашық айтуға не септігін тигізді және не қиындық тудырғаны туралы байқағандарын айтады. Бұл тапсырмаға жауапты қараңыз, өйткені сіздің серігіңіз өз қимыл- әрекетінде қандай қасиеттер басқа адамдардың өзі туралы ойын ашық айтуына жетелейді, ал қандай әңгімелер қиындық тудыратынын түсінуі сізге байланысты, себебі бұл әркімге де маңызды».

1 минут уақыт өткеннен кейін, жаттықтырушы келесі тапсырманы береді:



«Енді «айтушы» 5 минут бойы «тыңдаушыға» адамдармен өзарақатынас жасауға, байланыс орнатуға көмектесетін өз бойындағы күшті қасиеттері туралы айтып береді. «Тыңдаушы» жақсы тыңдау ережесін сақтай отырып, «айтушыдан» алдыңғы минуттарда естіген барлық ақпараттарды ескеруі тиіс».

5 минуттан кейін жаттықтырушы әңгімелесуді тоқтатып, келесі кезеңге ауысуды ұсынады.



«Тыңдаушы» 5 минуттың ішінде «айтушының» екі әңгімесінене не түсінгенін яғни, оның қарым- қатынас жасаудағы бойындағы жақсы қасиеттері мен қиындықтар мен мәселелер туралы естігенін айтып беруі тиіс. 5 минут бойы «айтушы» «тыңдаушының» әңгімесін үнсіз тыңдайды және өзінің келісетінін я келіспейтіндігін басын изеумен білдіріп отырады. Егер ол келіспейтіндігін білдіретін белгі жасаса, «тыңдаушы» өз сөзінің дұрыстығын құптағанға шейін, қатесін түзеуі тиіс. «тыңдаушы» «айтушының» екі әңгімесінен есте сақтағаныны айтып бергеннен кейін, «айтушы» өз әңгімесінен не бұрмаланғаныны және айтылмай қалғанын жеткізеді».

Жаттығудың екінші бөлімінде жұптың мүшелері ролдерін ауыстырады: «тыңдаушы» болған адам «айтушы» болады және керісінше. Жаттығудың барлық 4 кезеңі де қайталанады, әрі жаттықтырушы әр кезеңге тапсырманы өзі береді.

Жаттығуды талқылау барысында топқа: «Сізге ұсынылған ережелерді қалай орындадыңыз, қандай ережелер оңай болды, ал қайысысаы қиындырақ болды?», «Сізге өз қиындықтарыңыз бен мәселелеріңіз туралы ма әлде, күшті қасиеттеріңіз туралы айту оңайырақ болды ма?», «Жаттығудың сіз «айтушы» болған бөлімі қандай әсер берді, «тыңдаушының» әртүрлі әрекеті сізге қалай әсер етті, сіз оларды қалай қабылдадыңыз?» және т.б. деген сұрақтар қоюға болады.

Аталмыш жаттығу оны талқылауды ұйымдастыруына байланысты әртүрлі жоспардағы нәтиже бере алады. Ең қарапайым жолы – тыңдау барысын рефлекциялау, оның нәтижесінде басқа адамды тыңдай алу қабілеті қалыптасады, тыңдай алудағы бағалау, кеңес беруге ұмтылыс, өз тәжірибесінен бірнәрсе айтып бергісі келу және т.с.с. кедергілерді түсінеді.

Бұдан күрделірек жолы – жұмыс барысында бой алатын сезімдерді сараптау, атап айтар болсақ қарым- қатынас жасаудағы қиындықтар мен мәселелерді және күшті қасиеттерді айту барысында байқалатын сезімдер.
КЕРІ ЖЕКЕЛІЛІК БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Тренингтік топ мүшелері әруақытта кері байланысты сезеді, алайда қабілеттер, дағдылармен кері байланыс мазмұнындағы тиімді қатынас белгілерін қалыптастыруды дамытуға бағытталған тренингке қандайда бір нақты жағдайдағы қимыл- әрекеттің ерекшеліктері туралы ақпарат басым болады. Бұған қоса дәрістер барысында кең ауқымды кері байланыс пайда болу үшін қажетті, әсіресе бұл тренингке қатысушылардың қажеттілігіне сәйкес келетін жағдайларда шарттар орнатуға болады. Бұған қоса, позитивті кері байланыс дәріске қатысушылардың өзін бағалауын көтеруге, олардың жеке қасиеттерін белсендіруге сондай-ақ топта позитивті эмоционалдық жағдай қалыптастыруды тұрақтандырудың жақсы жолы болмақ.

Төменде келтірілген жаттығулардың кейбіреуі тренингтік топ жұмысының соңында өткізуге арналған, дегенменде олардың басым көбін дәрістің екінші және басқа күндерінде қолдану нәтижелі болмақ.


53 жаттығу. Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Біздің жұмысымыз аяғына жетейін деді. Біз қоштасамыз. Бірақ жан-жаққа тарап кетер алдында, чемоданымызды жинаймыз. Біз бірге жұмыс істедік, сондықтанда әрқайысымыздың жол сөмкемізді бірге жинақтаймыз. Жол сөмкедегі заттар ерекше болмақ. Біз қарым-қатынас мәселесімен шұғылданғандықтан, оған біз әрқайысымызға қарым- қатынас жасауға не көмектесті және не кедергі жасады соларды «саламыз». Чемоданды біз иесі жоқ кезде жинаймыз, ал жинақтап болғаннан кейін, оны шақырып чемоданды береміз. Ол чемоданын ешқандай сұрақ қоймай алып кетуі тиіс.

Чемоданды жинау барысында біз бірқатар ережелерді сақтауымыз керек:

1. Чемоданға салынатын көмектесетін және кедергі жасайтын қасиеттердің саны бірдей болуы керек.

2. Әрбір қасиет чемоданға топтың келісімен салынады. Егерде біреуіміз келіспейтін болсақ, топ өзінің шешеімінің дұрыс екендігіне ол адамды көндіруге тырысуына болады, ал егер көндіре алмаса қасиет чемоданға салынбайды.

3. Чемоданға топтың жұмысы барысында көрініс алған қасиеттерді ғана салуға болады.

4. Чемоданға коррекциялауға жарайтын қасиетті ғана салуға болады.

5. Чемоданды жинауды әрқайысымыз кезекпен басқарамыз. Мәселен, Мұрат, сен бастайсың, ал ары қарай Лашын жалғастырады және ары қарай. Жоғарыда айтылған ережелерді ұмытпауларыңызды өтінемін».

Жаттықтырушы уақытша нысан ретінде чемоданды бірінші жинаған қатысушының талқылауының тәжірибесін ұсынуына болады. Қасиеттерді талқылауға чемоданды жинаушы топтың жетекшісінің ұсынысын тыңдағаннан кейін бастауға болады. Чемоданды жинастыру кезінде туралы ойлаумен бастайық және оны төмендегідей жасаймыз: көзімізді жұмамыз (жаттықтырушы үзіліс жасайды, топтың барлық мүшелері көздерін жұмғанша күтеді) және ойымызда шеңбер бойымен жүріп өтіп, топтың әрбір мүшесінің алдында тоқтап оның бойында қандай жақсы қасиеттер бар екенін, қай жағынана мықты екенін ойлайық».

Жаттықтырушыда қатысады, бұл негізінен барлығы тапсырманы орындап үлгеру үшін және ойымен әрбірінің қасына баруына қанша уақыт керектігін анықтауға көмектеседі.

«Көзімізді ашамыз. Енді сіздердің біріңіз өзі таңдаған топ мүшесіне доп лақтырады да, ол адамның бойында қандай жақсы қасиеттер бар немесе қай жағынан мықты деп ойлайтынын айтады. Допты тосып алған адам өз кезегінде келесі адамға допты лақтырып оның бойындағы жақсы қасиеттер мен мықты жағын айтады және ары қарай т.с.с. доп әрқайысымыздың қолымызға тигенге дейін. Әркім өзінің мықты жағын білуі тиіс».

Тапсырма аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы допты топтың өзі қалаған адамына бергісі келген бірақта, ол адамға басқалар назар аударғаннан кейін бере алмаған адамына бергісі келгендер бар ма екенін оларға мүмкіндік берілетінін айтады. Ондай адамдар қатары бірнеше болуы мүмкін.

Талқылау барысында: «Сіз енді өзіңізді қалай сезінесіз?» деп сұрап, осы жаттығуды орындау барысында пайда болған позитивті сезімдер мен эмоцияларды жазып отырады.

Бірақта, бұл сұраққа жауап бергенде топтың кейбір мүшелері басқа адамға оның жақсы қасиеттері туралы айтқан сәтте орын алаған қолайсыздықтар мен қиындықтар туралы айтуы мүмкін. Мұндай жауаптар терең әрі мағыналы талқылауды қажет етеді. Мұндай талқылауды (егер машықтықтың тақырыбына сай болса, мысалы: «Келісім, жағымды кері байланыс») тақырыбымен жұмыс істеу керек болса) «Сіз басқа біреудің жеке қасиетін айтқанда және сіздің жеке қасиеттеріңізді айтқанда қандай күйде болдыңыз?» деген арнайы сұрақ қою арқылы тудыруға болады.


Өзгерту Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Бүгінгі күнді мына допты бір- бірімізге лақтырып, сіз доп берген адамның бойындағы ерекше қасиеттер мен мықты жақтары туралы айтамыз. Доп әрқайысымызда болып шығу үшін мұқият болайық».

Бұл жаттығу - өзінің алғашқы түрінде де, және өзгертілген түрінде де тек ғана тәуліктің бірінші жартысында ғана емес, сондай-ақ кез-келген уақыттта өткізуіне болады, өйткені оң эмоционалдық көңіл-күйді қалыптастыру, топтық сезімді күшейтумен қатар топтың әр мүшесіне жекешілік кері байланыс алуына септігін тигізеді.


55 жаттығу Жаттығу күннің аяғына таман, қатысушылардың барлығы жұмысқа байланысты өз әсерлерін айтқаннан кейін өткізіледі.

Топ шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: Оң жағыңызбен, сол жағыңызда отырған көршілеріңізге зер сала қарап, есіңізде сақтаңыз. Қазір біз орнымыздан тұрамыз және осы бөлмеден шығып үйімізге кетерде, оң және сол жағымыздағы көршілерімізге жеке-жеке олардың қимыл-әрекеттерінен сізге не ұнайтынын айтыңыз».
56 жаттығу Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Өзіңіздің сол жағыңыздағы көршіңізді алғаш көрген сәтті және алғашқы байланыс кезінде пайда болған сезімді есіңізге түсіріңіз біз бір-бірімізді тыңдауға дайын болған кезде кезекпен өзіміздің алғашқы сезімдеріміз туралы айтамыз».
57 жатттығу Қатысушылар шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Қане бір-бірімізге мақтау айтайық. Оны былай жасаймыз. Бірінші бастағысы келген адам, қолына доп алады да, өзі таңдаған адамына лақтырады да, оған мақтау айтады. Допты тосып алған адам оны келесі адамға лақтырып өзінің мақтауын айтады ары қарай т.с.с.доп әркімнің қолында болып шыққанға шейін».

Жаттықтырушы доп топтың әрбір мүшесінің қолына тиюін қадағалайды.



Аталмыш жаттығу бірнеше мазмұндық міндеттерді шешеуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына негізінен, анықталған персонифицирлік түрде өзара жекешілдік кері байланыс орнату мүмкіндігі жатады. Ең бастысы, бұл кері байланыс оң, қолдаушы түрде болатындығы. Өйткені, мұндай жаттығулар топ жұмысының қорытындылау кезеңінде (3-4 күндері) өткізіледі, сондықтанда туындайтын оң әсерлер машықтық нәтижелерін қатысушылардың күнделікті өміріне, қызметіне «прогресс мониторингіне» ауыстыруға жетелейді. Сонымен қоса, топ жұмысының барысында оңкері байланыс орнату қиындығын бейнелейтін, нақты қатысушылардың әрекетіне қатысты өз әсерлерін, пікірлерін қалыптастыру ойлары пайда болады. Бұл қиындықтар кейде бірқатар стеротиптердің әрекетімен түсіндіріледі. Мысалы, басқарушының тарапынан айтылған оң пікірлер әлсіздігін көрсетуі ретінде қабылдануы мүмкін, айтылатын мақтаулар жағымпаздану болуы немесе басқа адамдармен ықпал ету және т.б. пікірлер айтылуы мүмкін. Сондықтанда жаттығуды әртүрлі өзгертулермен өткізу топпен осы мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қатысушыларға оң кері байланыс орнатуда, өз әсерлеріне байланысты бірдей пікірлер табуға жаттығуға септігін тигізеді.
1 өзгерту Қатысушылар шеңбер құрап тұрады.

Нұсқаулық: «Қанекей, бір-біріміздің қолымыздан ұстайық. Бір-бірімізге қарайық. Бір- бірімізді жақсырақ сезінуге тырысайық. Қазір арамыздан біреуіміз шеңбердің ортасына кіреді де, шеңберді сағаттың тілі бойынша жүріп әрбір қатысушының алдына тоқтайды, әрбір қатысушы сол сәтте ол адамға мақтау айтады. Бірінші қатысушы, төрт адамның алдынана өткеннен кейін, екінші қатысушы оның артынан жүре бастайды және т.с.с. кезекпен».

2 өзгерту Барлығы шеңбер жасап тұрады.

Нұсқаулық: «Серік (жаттықтырушы қатысушылардың біріне айтады), шеңбердің ортасына шығыңызшы, бізге қараңыз да топтың бір мүшесіне мақтау айтыңыз. Егер сіз мақтау айтқан адам мақтауыңызды құптап қабылдаса, ол адам шеңбердің ортасына шығады да, сен оның орнына барасың. Ортаға шыққан адам өз кезегіне топтан өз қалауымен бір адамды таңдап, оған мақтау айтады және т.с.с.».
3 өзгерту Барлығы шеңбер құрап тұрады.

Нұсқаулық: Қане, бір-бірімізге қарайық. Әрқайысымызды, жұмыс барысында көрніс алған өз қимыл-әрекетімізді еске түсірейік (жаттықтырушы қатысушыларға ойлану үшін 2-3 минут уақыт береді) Ал қазір біз кезекпен шеңбердің ортасына шығып ілеспелі түрде қатысушыларға мақтау айтамыз».
4 өзгерту Барлығы шеңбер құрап тұрады.

Нұсқаулық: «Қанекей Санат туралы ойланайық. Оның әрекеттерін, оның айтуынша күліп қарап тұрған бейнесін еске түсірейік. Ал қазір біз бәріміз кезекпен Санатқа мақату айтамыз».
58 жатттығу Жаттығу 4 адамнан құралған топта өткізіледі.

Нұсқаулық: «Қазір топтың әрбір мүшесі «төрттіктің» қалған мүшелеріне қарап «Менің ойымша, сен мені қарым-қатынас жасағанда...........санайсың (ойлайсың) деп сөйлемді оның бойынан басқа адам қарым-қатынас жасағанда қандай қасиеттер мен ерекшеліктерді көретінін сипаттай толықтырады. Мысалы, Асхат Сәулеге қарап: «Менің ойымша, Сәуле сен мені қарым- қатынаста мейірімді, кейде шыдамсыз, қандайда бір жағдайға жылдам мән беремін, бірақ кейде ол әрекеттерім тура болмайды деп санайсың». Одан соң Асхат Торғынға қарап өзінің көзқарасы бойынша ол туралы Торғын қарым- қатынас жасағанда қандай адам деп ойлайтыны туралы болжамын айтады және т.с.с.Ол қарап сұраған адамдар оның айтқандарының қайысысмен келіседі, ал қайысысымен келіспейтіндіктерін атады, бірақ ол адамның қарым- қатынас жасаудағы ерекшеліктері туралы өз ойын айтпауы керек. Тек айтылғанға қатысты өзінің келісімін не келіспейтіндігін білдіреді».

Жаттығуға кең ауқымдағы жекелік кері байланыс тән, бұл қатысушыларға өзі туралы басқа адамдардың пікірін нақтылауға, кері байланыс орнатуға жаттығуына мүмкіндік береді.


59 жаттығу Топтың барлық мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Сіздер өздеріңізді атақты суретшіміз және сондықтанда сіздерді жақын арада біздің қаламызда өтетін беделді көрмеге қатысуға шақырды деп елестетіңіз. Сізден көрмеге өзіңіздің автопортретіңізді көрсетуді өтінді. Өкінішті, сіздің дайын автопортретіңіз жоқ, бірақ сіз көрмеге қатысудан бас тартқыңыз келмейді, сондықтанда жұмысқа кірісесіз. Қазір мен сіздерге парақты таратамын (жаттықтырушы қолына тығыз ақ қағаздар ұстап тұрады), сонан кейін әрқайысыңыздың өз автопортретін салуға біршама уақыт болады. Сіз қандай шығармашылық бағытты танытатынызды өзіңіз тандайсыз: абстракционизм, импрессионизм, символизм, реализм және т.с. шығармашылық бұл жеке бастың жұмысы екенін ұмытпаңыз, сондықтанды автопротретіңізді басқалармен ақылдаспай және сіздің жолдастарыңыздың парағында не бейнеленгеніне қызығушылық танытпай өздігіңізден салыңыз. Сіз өзіңіз қалаған жерге отыруыңызға болады. Тағы да бір ескеретін жағдай- автопортретіңіздің астына аты- жөніңізді жазуға, параққа қандайда бір белгілер қоюға болмайды».

Дайын болғанына қарай, жаттықтырушы автопортреттерді жинайды, әрі олар қандай ілеспелікпен қолына тигенін есінде сақтайды немесе жазып қояды. Жұмыс аяқталғанана кейін барлығы шеңбер құрап отырады.



«Ал енді біз өзімізді өнертанушымыз және бізді осы көрмеге сарапшы болуға шақырды деп елестетейік. Енді міне, көрменің ашылуына біраз уақыт қалғанда картиналардың соңғы партиясын әкелді және олардың арасында аты- жөні жазылмаған картина бар екен. Ол –автопортрет. Өте жақсы жасалған жұмыс, егерде ол көрмеге қойылмаса өкінішті болмақ. Бірақ сіз жоғары деңгейде білікті мамансыз, сондықтанда картина авторын оның жазу мәнеріне қарай анытқай аласыз. Мен сіздердің әрқайысыларыңызға автопортрет таратамын, сіздер оның астына авторының аты- жөнін қоюларыңыз керек. Бұл жұмысты басқа өнертанушылармен ақылдаспай өздігінен жасауды өтінемін. Мен автопортреттерді тарату барысында сізге өзіңіздің жұмысыңыз түспеуіне тырысамын, егерде ондай жағдай бола қалғанда, маған айтыңыз, м ен жұмысты ауыстырамын».

Жұмыстардың барлығының аты-жөні жазылып болғаннан кейін барлығы тығыз шеңбер құрап отырады да, әрқайысысы кезекпен ортаға өзі аты-жөнін қойған автопортретті қояды да, неге сол аты- жөнді жазғанын түсіндіреді. Жаттықтырушы барлығына «өнертанушы» дұрыс айтты ма әлде қателесті ме айтпауын өтінеді. Картинаның авторы да үндемеуі керек. Барлығы өздерінің болжамдарын айтпай жәй тыңдайды, тек «өнертанушыға» нақтылау үшін сұрақ қоя алады.

Барлық жұмыстар ұсынылып болғаннан кейін, жаттықтырушы автопортреттерді алып, кезекпен ортаға қояды да «Бұл кімнің автопортреті?» - деп сұрайды.

Жаттығу қатысушылардың қызығушылығын арттырады. Әрқайысысы өзіне ұсынылған автопортреттің және басқа жұмыстардың авторын анықтауға тырысады.

Кейде топта бір автордың бірнеше автопортреті пайда болады. Бұл басқа да қалелер сияқты қатысушы жеңе алмайтын қалыптасқан портреттік ұқсастық үрдісімен және автопортрет неліктен бұлай салынғанын психологиялық себептерінің рефлексясындағы қиындықтарға байланысты болуы мүмкін. Бұның барлығы топтағы талқылаудың көзі бола алады.

ІІ. СЕНСИТИВТІК ТРЕНИНГ
СЕНСИТИВТІК:

ТҮСІНІКТІ АНЫҚТАУ, ТҮРЛЕРІ
«Сенситивтік» түсінігіне анықтама берудің екі жолы бар. Көптеген авторлар оны басқа адамның қимыл-әрекеті мен ойын, сезімін болжаудың (жорамалдаудың) біртұтас, жалпы қасиеті ретінде қарастырады. Ал енді бірі өз таңдауын көпкомпонентік теорияға береді. Американдық психолог Г.Смит «қай көзқарасты қабылдау қажеттігі туралы сұраққа жауапты біз нені қалаймыз: сенситивті адамдарды іріктеуді ме әлде оларды жаттықтыруды ма соған байланысты», - деп санайды. Адамдарды іріктеу кезінде сенситивтікке көзқарасымен қоса жалпы қабілеттіне де мән беру керек. Бұл тренингке негізінен көпқырлылық теориясы жатады, өйткені ол тренингтің неден басталатынын, не үшін жаттықтырамыз, оны қалай жүзеге асыруға болады және өзіміз үшін қажет- нені жаттықтыру қажеттігін ашып береді.

Г. Смит сенситивтік компоненттің төрт түрін атап көрсеткен (10). Мұндай жіктеуге сенситивтік тренингі саласындағы мамандардың теория мен тәжірибені сараптауы және автордың жеке тәжірибесі себеп болды.

Сонымен, бақылампаздық сенситивтігі - басқа адамды бақылау қабілеті (көру және есту) және бірмезгілде оның келбетін және не айтқанын жадында сақтау. Бұл жерде бақылауға жататындар:

а) сөйлеу әрекеттері, олардың мазмұны, бірізділігі, жекешілдігі, бағыттылығы, жиілілігі, жалғасулығы, экспресссия деңгейі, лексика, грамматика, фонетика айтушының дауыс сапасы мен интонациясының ерекшеліктері, сөйлеумоторлық синхронизациясы, графикалық көрінісі (жазуы, салған суреті);

б) мәнерлі қимылы (бет жүзі мен денесінің);

в) адамдардың қозғалысы мен тұрысы, араларындағы қашықтық, қимылының бағыттылығы мен жылдамдығы, жекешілдік арасындағы кеңістіктегі әрленуші;

г) тактильдік әсер ету (жанасу, қолдаушы белгілер, түрткілеуреп) заттарды беру және қайтарып алу, ұстап қалу;

д) иістер және оның көздерін таратпау;

е) атап өткен әрекеттердің белгілері мен сипатамаларының үйлесуі.

Өзіндік бақылауда (интроспекция) бақылампаздық сенситивтігіне жатады.

Стеротиптердің, нұсқаулардың, тәжірибенің әсері «Мен» образының және басқа адамдардың бұрмалауының субьективтілігіне әкеледі. Қалаулар, ұйғарымдар, қабылдаудың үйреншікті тәсілдері адамның қимыл-әрекетінінің шектеулі үзінділеріне назарды аудара отырып, бақылауды «бағдарламалап» тастауы мүмкін. Сондықтанда біз еститін және көретін сезімдер мен ойларды шектеулер дағдыларын дамыту сенситивтік тренингінің басты міндеттерінің біріне жатады.

Келесі түрі – теориялық сенситивтік - теорияны басқа адамдардың ойлары мен әрекеттерін, сезімдерін нақты суреттеу мен жорамалдау үшін таңдау мен қолдану тәсілі ретінде қарастырылады; басқа сөзбен айтқанда, жеке тұлғаның түрлі теорияларын меңгеру өзіміздің және қоршаған ортаның қимыл-әрекеті туралы түсінігімізді молайта түседі. Жеке тұлғаның әртүлі теориялық тұжырымдамасының негізгі бағдары өзінің бірдей саласы бола отырып, «білместіктен» жасаған қателерді қысқартудың және бақыланатын көріністердің жүйелеудің көп түрлерінің есесінен сенситивтік мүмкіншіліктерді үдете түседі. Алайда жақсы дамыған және оның негізі болып отырған бақылампаздық сенситивтігінсіз теориялық сенситивтіктің басым болуы «білместіктен» жасаған қателіктерге жетелейді, яғни адамдар басқалардың қандайда бір әрекетін түсіндіруде жеке адамның немесе топтың бастапқы қабылдауымен сәйкес келмейтін әрекеттеріне назар аудармай түрлі теорияларды қолдана бастайды.



жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау