22
1.12 сурет – Шымкент қаласындағы құрылған желі сұлбасы
1.13 сурет – Шымкент қаласындағы GPON желісінің ұйымдастырылу
сұлбасы
1.5 Техникалық тапсырма қойылымын негіздеу
АТС-221-ден
телефондандырылған
Наурыз
мөлтекауданында
324№№+16ADSL-да (сырттай орнатылған шкаф) шеттетілген блок орнату
мақсаты көзделген. Ол үшін 0,6 км-лік ОК-4 (құрылған құбырлар жүйесі
арқылы) кабелін Байтұрсынұлы-Рысқулов көшелері қиылысынан РК-44 РШ-
22103 орнатылған орнына дейін салу қажет. Таңдалған тұрғын үй кешеніне
толығымен оптикалық рұқсат желісін жобалауды енгізу мақсаты айқындалған.
23
Оның құрамына Шымкент қаласы, Байтұрсынұлы көшесі бойында орналасқан
әрқайсысы 96 пәтерден тұратын (“өткен” абоненттер) 16 қабатты, бір
кіреберісті бес үй кіреді: № 37, 42, 49, 53, 62. Үйлердің құрылымдық көрінісі
А қосымшасында көрсетілген.
Бақыламаларға қарағанда, кеңжолақты мультимедиялық қызметтерге
алғашқы болып “қосылған” абоненттер саны 35%-дан аспайды, ал қосылған
абоненттер базасының өсімі айына әлеуетті абоненттердің жалпы санының
жуық мәнде 2%-ын құрайды. Берілген ауданның рұқсат желісін жобалауға
қатысты бастапқы мәліметтер көрсеткіштері кестеде келтірілген [9].
1.1 кесте – Бастапқы мәліметтер
Көрсеткіш
Өлшем
бірлік
Саны
“Өткен” абоненттер саны
аб.
480
“Қосылған” абоненттер саны
аб.
168
Бір айда “қосылатын” абоненттер саны
аб.
9
Қабаттағы абоненттер саны
аб.
6
Үй аралық кабельдің бар ұзындығы
м.
210
Үй ішілік кабельдің бар ұзындығы
м.
70
Таратқыштың қуаты
дБм
3-7
Қабылдағыштың сезімталдығы
дБм
-8/-28
Бәсеке қабілеттілікті арттыру, қол жеткізілген клиенттік кеңістікті
тұрақтау әрі оны кеңейтуге деген қажеттілік, сондай-ақ, Triple Play
қызметтерін ұсынуға көшу үрдістері жоба алдында құрылысы тұрғын үйдің
кіреберісінде орнатылатын шкафтарда ONU концентраторларын құру арқылы
жүзеге асатын GPON рұқсат желісін құру алғышарты қойылды. Мұндай
мақсатқа жету үшін жұмыс барысында келесі талаптарлы орындау керек [9]:
- КРЖ технологияларын, PON стандарттарын салыстыру,GPON
технологиясының анализін жүргізу, Triple Play қызметтерін абонентке
жеткізудің тиімді жолдарын таңдау;
- GPON желісінің топологиясын анықтау, таңдалған мөлтекаудандағы
жобаланушы GPON желісінің, кабельдерді және жабдықтарды бөліп
тарату сұлбасын құрастыру;
- GPON-ның активті, пассивті жабдықтарын,талшықты оптикалық
кабельді таңдау, жабдықтардың орнатылымын теоретикалық түрде
дайындау, бірмодалық оптикалық талшықтың параметрлерін, оптикалық
бюджет, өшуі бар регенерация бөлімін, өткізу жолағын және GPON рұқсат
желісі абоненттерінен түсетін нақты жүктемені есептеу, жобаланушы
жүйенің сенімділігін бағалау;
-
ӨТҚ шараларын қарастыру, Шымкент қаласының “Наурыз” аудан-
кластеріндегі GPON желісі жобасының бизнес-жоспарын құру.
24
2 GPON-гигабиттік оптикалық пассивті желісін жобалау
2.1 Желі топологиясының таңдамасы
Желіні құрастыру жүйесі мен оның топологиясының дұрыс таңдамасы,
шарттарды және рұқсат желісін ұйымдастыру ережелерін анықтау желінің әрі
қарай дамуы кезінде артық шығындарды жоюға мүмкіндік береді.
Пассивті
оптикалық желілерді құрудың үш негізгі топологиясы бар. Әр топология ОТ-
ты үнемдеу, тексеріс, эксплуатация, қызмет көрсету ыңғайлылығы және
желінің даму жолдары жағынан өзіндік артықшылықтар мен кемшіліктерге ие.
“Ағаш” топологиясы ең танымал әрі дәстүрлі топология ретінде келеді.
Берілген жобаланушы рұқсат желісінде сплиттерлерді қосудың көпдеңгейлі
сұлбасы қолданылатындықтан, PON желісін құруда ең тиімдісі “ағаш” типті
топология болып саналады (2.1 Сурет). Әр түрлі бұтақтар арасында қуатты
тиімді үлестіру бөлу коэффициенттерінің іріктемесі арқылы шешіледі [9].
2.1 сурет - “Ағаш” топологиясы
2.2 Жобаланушы рұқсат желісінің станциялық құрылыстарын
орнату және базалық инфрақұрылымын құрастыру
PON 2.2-суретінде көрсетілгендей, негізгі үш бөлімнен тұрады:
2.2 сурет – PON желісінің жұмыстық бөлімдері
Шымкент қаласындағы Байтұрсынұлы, Рысқұлов, Қонаев, Әуезов
көшелерінің шаршысындағы көппәтерлі ауданда мультисервистік абоненттік
рұқсат желісін ұйымдастыру үшін Әуезов көшесі, 118-үйде орналасқан АТС-
221 МЖ торабының құрылған ішкі аумағында оптикалық бекеттік терминалы
орнатылады. PON желісінің активті бекеттік жабдығы, яғни OLT құрылғысы,
25
абоненттердің шеткі жабдықтарын Интернет желісімен және дауыс, деректер
мен видео жіберу (Triple Play) бойынша көрсетілетін басқа да қызмет
көздерімен жалғайды. PON-ның орталық торабы ретінде FlexLight Networks
компаниясының Optimate 2500LT атты PON-ның 4 порты бар шасси алынды.
OLT жабдығының PON желілік порттары ODF-қа (бекеттік оптикалық кросс)
SC/APC оптикалық баулары арқылы (патч-кордттар) қосылады. ODF АТС-тің
OLT-мен тұрған тіреудің орналасқан аймағында қойылады. Жобаланушы
желіде ODF-тің абоненттер базасының кеңейтілімі кезінде сыйымдылықты
арттыру мүмкіндігі бар модульді типі пайдаланылады. Кросска магистральді
талшықты оптикалық кабель енгізіледі де, патч-панеліне кабельдің барлық
талшықтары шығарылады. ODF ТОК-ді бағыты бойынша үлестіру, қайта
кросстау (коммутациялау) және бекеттік ТОК-мен сплайс-пластиналар
(дәнекерленген қосылымдарға арналған касеталар және қорапшалар) арқылы
байланыстыру үшін арналған. Берілген PON желісінде сплиттерлерді
орналастырудың екі каскадты сұлбасы қолданылатындықтан, тармақталу
коэффициенті кіші (2:1) болып табылатын бірінші каскад бекеттік порттарды
үнемдеу мақсатында тікелей ODF-та орнатылады. Әрі қарай шасси 19”
тіреуішіне орналастырылады. Алынған тіреуішке OLT-ның сырттай тартылған
кабельмен қосылуын іске асыратын ШКОC-С-1U/2-8-FC/DD тіремелі
оптикалық кросстық шкафы монтаждалады, ал пассивті оптикалық
тармақтағыш өлшемі кіші болғандықтан, тіреуіштің қабырғасына бекінеді.
2.3 сурет – АТС-тағы OLT орналасуы
Құрылысы пассивті жабдықтар санының үлкен шамасын талап ететін
сызықтық бөлімді тиімді құру үшін амалдарды барынша мұқият жасау шарт.
Еңбектік шығындар мен құрылыс уақытын минимизациялауға, монтаждау
үшін қолданылатын жабдықтар бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін
технологиялар мен әдістерді пайдалану ұсынылады. Сызықтық бөлімі PON-
ның қорытынды топологиясын анықтайды [10]. Магистральді және
үлестірмелі бөлімі бар оптикалық желінің сызықтық бөлімін құрастырудың
жолы абоненттік желіні мыс тарамды кабельдер арқылы құраструмен пара-
пар: жүйелі түрде, тұрғын үй орамының шоғырлануы мен дамуын, желілік
тораптарға тиімді түрде байлануын, құрылған кабельдік құбыр жолдар
жоларнасын ескере отырып, желіні резервтеудің түрлі тәсілдерін пайдаланып
жасалады. ТОК-дің АТС-тағы ODF-тан абоненттер тобының шоғырлану
бағытына қарай тартылып, ОҮШ-мен аяқталатын бөлігі-магистральді бөлім
Достарыңызбен бөлісу: |