Характеристика проектируемой сети и производится выбор волоконно



жүктеу 0,84 Mb.
Pdf просмотр
бет3/28
Дата16.02.2018
өлшемі0,84 Mb.
#9804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

10 

 

Жаңа  қызмет  түрлері  жылдам  өнімділік  пен  өткізу  жолағының  тағы  да 



кеңеюін  талап  етеді.  Нильсен  заңы  бойынша,  1984  жылдан  бастап  желінің 

өткізу қабілеті әр жыл сайын 50 %-ға өседі [3]. 

1.2  суретте  кейбір  қазіргі  және  келешектегі  қызметтердің  өткізу 

қабілетіне деген талаптар көрсетілген. 

 

 

 



1.2 сурет – Түрлі үстемелерді  қолдану кезінде желінің өткізу қабілетіне 

қойылатын талаптар 

 

Бүгінде 


деректерді 

кеңжолақпен 

жіберудің 

технологиялары 

телекоммуникацияның  ең  жылдам  өсіп  жатқан  саласы  болып  саналады. 

Жіберу  ортасына  тәуелділік  тұрғысында  деректерді  кеңжолақпен  жіберудің 

(ДКЖ)  сымды  және  сымсыз  түрлерін  ажыратады.  Бірінші  әдісте  ДКЖ 

желісінің,  бас  желі  және  абоненттік  рұқсатты  қосқанда,  барлық  бөлігінде 

мынадай  бағыттайтын  жүйелер  қолданылады:  оптикалық  талшықты  кабель 

(ОК),  симметриялық  кабель  (СК),  коксиальды  кабель  (КК),  сондай-ақ,  төмен 

вольтті электр желілерінің (мысалы, Power Line Communication технологиясы) 

сымдары.  Сымсыз  ДКЖ  желілерінде  желі  үзінділерін  жалғауда  радио  және 

шағын  толқынды  жиіліктер  ауқымын  пайдаланады.  Сонымен  қатар, 

тиянақталған (стационарлы) жер үсті сымсыз рұқсат желісі, мобильді жер үсті 

сымсыз  рұқсат  желісі  және  спутникті  рұқсат  желілерін  ерекшелеуге  болады. 

ДКЖ-ні  іске  асырудағы  негізгі  технологиялар  түрі  1.3  суретте  көрсетілген. 

Сымсыз  ДКЖ  бұл  жұмыстан  өзге  де  дербес  зерттеулердің  пәні  ретінде 

анықталғандықтан  және  тиянақталған  ДКЖ-дан  өзгешеленуге  бейім 

болғандықтан, тек сымды ДКЖ желілерін қарастырумен шектелеміз. 



11 

 

 



 

     1.3 сурет – Кеңжолақты рұқсат желілерінің қойылымдары 

 

xDSL  технологиясы  жеке  тығыздау,  тиімді  сызықты  кодтар  және 



телефондық байланыстың абоненттік желісінің өткізу қабілетін кеңейту үшін 

бұрмалануларды  түзетуге    бейімделген  әдістерді  қолданады.  “x”  таңбасы 

белгілі  технология  атының  бірінші  әріпін  білдіреді,  DSL  (Digital  Subscriber 

Line)  сандық  абоненттік  желіні  белгілеу  үшін  қолданылады.    xDSL 

технологиясы  түрлерінің  айырмашылығы  олардың  қолданатын  модуляция 

түрлері  мен  деректерді  жіберудің  (ДЖ)  жылдамдығында.  Жіберу  ортасы  – 

қосылу  құнының  төмендігін  қамтамасыз  ететін  кабельді  инфрақұрылым 

(төселген мысты байланыс сызықтары). Triple play қызметінің пайда болуына 

байланысты  артықшылықтарға  қарағанда  кемшіліктер  оза  бастады,  яғни 

жылдамдық бойынша шектеулер орын алды [3]. 

DOCSIS  технологиясы  –  коксиалды  (теледидарлық)  кабельді 

пайдаланатын  ДЖ  желілерінің  стандарты.  Кабельді  теледидар  операторлары 

оны  қызмет  түрлерін  арттыру  мақсатында  абоненттерге  интернеттік  рұқсат 

желісін  қамтамасыз  ету  үшін  қолданады.  Мынадай  версиялары  бар:  DOCSIS 

1.0,  1.1,  2.0,  3.0,  Euro  DOCSIS.  DOCSIS  30,  xDSL  секілді,  сөз  бен  аналогтік 

теледилар сигналдарын жіберуге арналған инфрақұрылымға негізделген және 

онда  жіберілімнің  жылдамдығын  көбейту  үшін  коксиалды  кабельдердің 

жиіліктік  арналарын  біріктіру  арқылы  100  Мбит/с-тық  жылдамдығы 

қамтамасыз етіледі. 

Көбіне  келешегі  бар  деп  оптикалық  талшықты  пайдаланатын 

технологиялар  есептеледі.  Талшықты  оптикалық байланыс  желілерінің xDSL 

және жай ғана абонеттік желілерден әлдеқайда артық болуы – бірінші кезекте 

өткізу  жолағының  кеңдігі  мен  сандық  ағындардың    жоғары  жылдамдығына 

байланысты.  Абоненттік  желі,  әдетте,  3,4    кГц-тік  жолақта  пайдаланылады.  

xDSL  құрылғының  түрі  мен  желі  ұзындығына  байланысты  50  Мбит/с-қа 

дейінгі жылдамдықты қамтамасыз ете алады. Мұндай жылдамдықтар көптеген 

пайдаланушыларға  жеткілікті  болғанымен,  қызметтер  нарығын  дамыта 

алмайды.  ТОБЖ-нің  өткізу  қабілеті  стандартты  технологияларды  қолдану 

кезінде  1,25/2.5 Гбит/с-ті құрайды [3].  



12 

 

Екінші  маңызды  параметр  ол  –  қолданыстағы  талшықтарда  1,55  мкм 



толқын  ұзындығында  0,2  дБ/км-ді  құрайтын  километрлік  өшу  болып 

табылады.  Абоненттік  желіні  сымды  кабель  негізінде  жобалауда  5  км-мен 

шектелу қажет болғанда, оптикалық талшықты пайдалану абоненттік желінің 

ұзындығын  (рұқсат  желісі  ұзындығын)  ондаған  километрге  ұзартуға 

мүмкіндік  береді.  Бұл  құрылыс  және  эксплуатациялық  шығындарды  азайта 

отырып,  коммуникациялық  тораптар  сыйымдылығын  мыңдаған  нөмірлерге 

және  қызмет  көрсету  аймағын  он  есе  арттыруға  жол  ашады.  Кабельді  кәріз 

жүйесін  орнатуға,  жобалауға,  жер  аударуға  кететін  шығындар  іс  жүзінде 

бірдей және кабель түрінен айтарлықтай тәуелді емес. Оптоталшықты кабелді 

монтаждау  айтарлықтай  шығындарды  алып  келеді.  Ол  бірінші  кезекте 

температуралық, содан соң уақыттық жабдықтардың қымбаттылығымен және 

монтажды жұмыстарға кететін уақыттың шектеулігімен байланысты.  

FTTX  технологиясы  (х  нүктесіне  дейінгі  талшық)  оптикалық  кабелі 

желілік тораптан толығымен белгілі бір орынға дейін (х нүктесі) тартылатын 

ДЖ  жүйесін  білдіреді,  мұнда  кейінгі  ажырату  мыспен  тарамдалған  кабелі 

немесе оптикалық кабелі арқылы жасалады [4]. Шеткі оптикалық жабдықтың 

орналастырылу  нүктесіне  орай,  яғни  оның  қолданушыға  жақындығына 

байланысты іске асыру әдістерінің бірнеше түрі бар (FTTX архитектурасының 

түрлері) 1.6 суретте көсетілген. 

 

 



1.4 сурет – FTTx архитектурасын іске асырудың танымал нұсқалары 

 

FTTX 



желісінің 

архитектурасы 

таңдамасына 

абоненттер 

орналастырылуының  тығыздығы,  қызметтердің  жоспарланған  көлемі,  өткізу 

жолағы  және  соған  сай  рұқсат  желісінің  жылдамдығы  әсер  етеді.  Жер  үйлер 

және  мөлтекаудандар  (мысалы  Шымкент  қаласындағы),  сондай-ақ 

тұрғызылып жатқан жаңа ғимараттар FTTH технологиясы бойынша қосылады. 

FTTX әулетіне архитектураның негізгі төрт түрі кіреді: 

- FTTN - желілік торапқа дейінгі талшық, абоненттен 1 км алшақ. 

-  FTTC  –  мөлтекаудан,  квартал  және  үйлер  тобына  дейінгі  талшық, 

абоненттен 500 м алшақ. 

- FTTB – ғимаратқа дейінгі талшық, абоненттен 100 м алшақ. 

- FTTH – пәтерге дейінгі талшық. 




жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау