Характеристика проектируемой сети и производится выбор волоконно



жүктеу 0,84 Mb.
Pdf просмотр
бет9/28
Дата16.02.2018
өлшемі0,84 Mb.
#9804
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

29 

 

Абоненттік бөлім немесе абоненттік таратылым-бұл қабаттық ОҮШ-тан 



ОРА-ны  қосқанда  абоненттік  аймаққа  дейінгі  бөлік.  Абоненттік  бөлімге, 

сонымен қатар, PON технологиясының бірден бір ажыраусыз элементі болып 

табылатын  әрі  электрлік  байланыс  операторының  басқаруында  болатын 

абонент  жағындағы  активті  жабдық  та  (ONT,  ONU)  кіреді.  Абоненттік 

желілеуді  орындаудың  көптеген  тәсілдері бар,    берілген  жобаланушы  желіде 

тұрғын  үйдің  қабаттық  шкафына  кіші  кросс  қойылады,    енгізілетін  модуль 

кесіледі де, оның талшықтары FC типті жалғағыштарымен аяқталған кросстың 

пигтейлдарымен  дәнекерленіп  жалғанады.  Абонент  кросстан  пәтерге  дейінгі 

тартылатын ұзын патчкордпен (2 м) арқылы қосылады. 

Абонентті  қосу  үшін  арнайы  абоненттік  қатты  қабықшадағы  дроптық 

кабельдерді  пайдаланған  жөн.  Жалғағышы  дайын  кабельдің  соңы  ОҮҚ-қа 

қосыла  салысымен  (ОҮҚ-та  кабельдің  сақталған  қоры  қалдырылмайды), 

кабельдің  басқа  жағы  абоненттің  пәтеріне  кіргізіледі  де,  абоненттік 

розеткасына немесе тікелей абоненттік терминалға (ONT) механикалық түрде 

қосыла аяқталады. 

Абонент  пәтерінде  желі  компоненттерін  монтаждау  кезінде  келесі 

талаптар қарастырылуы шарт [10]:  

– монтаждаушылардың пәтерде болу уақытының аздығы;  

–  ОРА-ның  пәтердің  кірісінен  минималды  қашықтықта  (дәлізде) 

монтаждалуы;  

–  индивидуалды  ONT  құрылғысының  абонент  үшін  ыңғайлы  орында 

монтаждалуы;  

– кабельдерді ең шеткі құрылғыларға  (компьютерлер, телефондар және 

теледидарлар)  дейінгі  ортаға  тартылу  мүмкіндіктері  (абонент  келісімі 

бойынша). 

2.3  Желіні құрастыруға арналған жабдықтар мен компоненттердің 

таңдамасы 

Қазіргі  уақытта  кеңжолақты  рұқсат  желілері  жүйесіне  арналған 

жабдықтарды өндірумен әлемде көптеген компаниялар айналысады.  Заманға 

сай  технологиялардың  дамуына  сұраныстың  көп  болуы  өзіндік  атқаратын 

қызметі  жағынан  және  бағасы  жағынан  өзара  ерекшеленетін  жабдықтардың 

пайда болып, қатарының артуына алып келді.  Ішкі құбыр жолдық кабельдің 

оптикалық талшығы ретінде G.652 ұсыныстарына сай стандартты бірмодалы 

ОТ қолданылады [11]. 

Келесі кестедегідей сипаттамалары бар G.657  типті ең жаңа талшықтар 

арнайы түрде FTTH («үйге дейінгі талшық») желілері үшін жасалды.Талшық 

өзегінің  арнаулы  құрылымы  оны  иілімінде  аздаған  ғана  өшулікпен  10-15  мм 

радиуста    бүгуге  мүмкіндік  береді  (G.652  типті  талшықтардан 

айырмашылығы).    Сол  себепті  мұндай  талшықтарды  тар  дәліздердер,  ішкі 

кеңістік  немесе  жалғағыш  бауларда  (патчкордтар,  пигтейлдар)  төселетін 

абоненттік оптикалық кабельдерде, оптикалық кросстарда тығыз орналастыру 



30 

 

жағдайларында 



пайдаланамыз. 

Мұндай 


талшықтар 

стандартты 

бірмодалықтарға қарағанда біршама қымбаттау (20-30%).  

 

2.1  кесте  -  G.657  стандартының  бірмодалы  оптикалық  талшығының  негізгі 



сипаттамалары 

Көрсеткіш  

Өлш.бірлік 

Көрсет.мәні 

Толқынның жұмыс ұзындығы 

нм 


 

Қабықша диаметрі 

мкм 

125 


Өшу коэффициенті, артық емес: 

          1310 нм толқын ұзындығында 

          1550 нм толқын ұзындығында 

дБ/км 


 

0,4 


0,3 

Поляризациялық модалық дисперсия (ПМД), 

 артық емес 

пс/√км 


0,2 

Нөлдік дисперсияның толқын ұзындығы 

нм 

1300–1324 



Модалық өрістің диаметрі  

1310 нм толқын ұзындығында 

1550 нм толқын ұзындығында  

мкм 


 

– 

8,6...9,5 



 

Кабельдердің жерасты  (грунтта, кабельдік құбыр жолда) төсеніші үшін 

болаттан  жасалған,  гофрленген  ленталы  броньмен  құрылған  түрін  қолдану 

керек. Бұл олардың тарту мен эксплуатациясы кезінде кездейсоқ механикалық 

зақымдар  мен  кеміргіштер  шабуылынан  қорғайды.  Ондай  кабель  ретінде 

“ОФС Связьстрой-1” өндіріс орнының суретте көрсетілгендей және кестедегі 

сипаттамаларға ие ДПб-2,7-6f-5/2 атты кабель таңдалды.  

 

 



 

2.6 сурет – ДПб-2,7-6f кабелінің құрылымы 

 

2.2 кесте – ДПб-2,7-6f-5/2 кабелінің сипаттамалары 



Көрсеткіш  

Өлшем бір. 

Көрсеткіш мәні 

Кабель диаметрі 

мм 

11 


Бірлік толқын ұзындығындағы кабель 

салмағы 


кг/км 

130–300 


Құрылыстық ұзыныдық 

м 

 1000–6000  



Оқшаулау кедергісі 

кВ/мм 


20 

Минималды жұмыстық 

температурадағы өшудің мүмкін өсімі 

 

дБ /км 



<0,05 

 1310/1550/1625 нм толқын 

ұзындығында 

 



31 

 

Оптикалық  транзиттік  муфтаны  үйдің  жертөлесіндегі  үлестірмелі 



шкафпен  қосу  үшін  "Севкабель-Оптик"  өндірген    СКО-ОПУ-002  Е  02-01 

маркасын  қолданамыз.  Оның  құрылымы  2.7  суретте,  ал  сипаттамалары  4.2 

кестеде келтірілген [11].  

 

 



 

2.7 сурет – СКО-ОПУ-002 Е 02-01 

 

Суретте көрсетілгендер: 



 1  –  ПБТ-ПА  бос  жатқызылған  оптикалық  талшығы  (талшықтар  шоғы) 

және гидрофобты гелі бар түтік; 

2 – модуль аралық гидрофобты толтырғыш; 

3 – дөңгелек болат пен мырыштан жасалған сымдармен арматуралау; 

4 – маркалық атауы көрсетілген сыртқы қара ПЭ қабықша. 

 

2.3 кесте – СК-ДПУ-002 Е 02-01 кабелінің сипаттамалары 



Көрсеткіш 

Өлшем бір. 

Көрсеткіш мәні 

Кабельдегі талшықтар саны 

дана 



Кабельдегі шоқтар саны 



дана 

Кабель диаметрі 



мм 

11,8  


Бірлік 

толқын 


ұзындығындағы 

кабель салмағы 

кг/км 

261  


Иілімнің минималды радиусы 

мм 


280  

Құрылыстық ұзындығы 

м 

1000–6000  



минималды 

жұмыс 


температурасындағы 

өшуліктің 

мүмкін өсімі 

дБ /км 


<0,05  

1310/1550/1625 нм толқын 

ұзындығында 

 

Кабельді  ортаның  ішкі  аумағында  тарту  үшін  ол  аз  габариттілікке,  



кеміргіштер зақымынан қорғаныстық қабілеттілік (гофрленген броньді, шыны 

талшықты ленталы) пен пластикаттық жануы жоқ (LSZH) сыртқы қабықшаға 

ие болуы шарт. Тік тартылымды (КОШ-тан кіші кроссқа дейін) кабель ретінде 

алдындағы  өндіріс  орнының    модульді  типті,    СКО-ДНО-048  Н  06-08-М2 

маркалы кабелі алынды. Кабель құрылымы 10 талшықты кабельдегідей, бірақ 

жанбайтын материалдан жасалған сыртқы қабықшасы бар.  

Optimate  2500LT  бекеттік  терминалы-бұл  гигабиттің  пассивті  желі 

(GPON) арқылы дауыс, деректер және видео жіберу мақсатында CWDM, GbE 

және  SDH  технологияларының  мүкіндіктерін  біріктіретін  жоғары  өнімді 



жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау