Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет36/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68

75 
 
ауыстырылған,  сонымен  қатар  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  Қазақстан 
Республикасының  Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасына  қатысуы  қағидаты 
жойылған,  алайда,  жеке  кәсіпкерлер/дара  кәсіпкерлер  үшін  бұл  ұйымға  мүше 
болу  міндетті  болап  табылады.  Қазақстан  Республикасында  шағын 
кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы қағидаты да жойылыпты [15]. 
Үшіншіден,  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  құқықтары  мен  міндеттері. 
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:  
а)  егер  ҚР  заңдарында  өзге  көзделмесе,  жеке  кәсіпкерліктің  кез  келген 
түрін жүзеге асыруға құқылы;  
ә)  жалданбалы  еңбекті  пайдалана  отырып  жеке  кәсіпкерлікті  жүзеге 
асыруға құқылы;  
б) филиалдар мен өкілдіктер құруға;  
в)  егер  ҚР  заңдарында  белгіленген  жағдайларды  қоспағанда,  өндірілетін 
тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) дербес баға белгілеуге;  
г) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтелмелі негізде қаражат (несие) беруге;  
д)  өз  құқық  қабілеттілігі  шеңберінде  сыртқы  экономикалық  қызметті 
жүзеге асыруға;  
е) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға құқылы; 
ж)  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  аккредиттелген  бірлестіктері  және 
Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасы  арқылы  сарапшылық  кеңестердің  жұмысына 
қатысуға;  
з) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзғаны үшін кінәлілерді 
жауапкершілікке  тарту  мәселелері  бойынша  бақылау  және  қадағалау 
функцияларын  жүзеге  асыратын  құқық  қорғау  және  мемлекеттік  органдарға 
жүгінуге;  
и)  өз  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  үшін  сот  органдарына 
жүгінуге;  
к) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік 
құқықтық  актілердің  орындалмауына  немесе  тиісінше  орындалуына  септігін 
туғызатын  себептер  мен  шарттарды  жою  туралы  ұсыныстарды  мемлекеттік 
органдардың қарауына енгізуге құқылы;  
л)  әлеуметтік,  экономикалық  және  экологиялық  салалардағы  жобаларды 
іске  асыру  немесе  іске  асыруға  қатысу  арқылы  бизнестің  әлеуметтік 
жауапкершілігі шараларын өз қызметінде қолдануға құқылы.  
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:  
а)  ҚР  заңнамасын,  жеке  және  заңды  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңмен 
қорғалатын мүдделерін сақтауға;  
ә)  өндірілетін  өнімнің  (жұмыстардың,  қызметтердің)  ҚР  заңнамасының 
талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;  
б)  лицензиялау  туралы  ҚР  заңына  сәйкес  лицензиялауға  жататын  жеке 
кәсіпкерліктің түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуға;  
в)  ҚР  заңдарына  сәйкес  азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің  міндетті 
сақтандырылуын жүзеге асыруға міндетті.  
Келесі  критерий  –  жосықсыз  бәсекелестікті  жүзеге  асыруды  болдырмау 
және  ішкі  нарықты  сақтау.  Атап  айтқанда,  жеке  кәсіпкерліктің  басқа 


76 
 
субъектілерінің  ҚР  заңдарында  белгіленген  еркін  бәсекелестікке  құқықтарын 
бұзу  арқылы  бәсекелестікті  шектеуге  немесе  жоюға  бағытталған  жеке 
кәсіпкерлік  субъектілерінің  әрекеттеріне  (әрекетсіздігіне)  тыйым  салынған. 
Ішкі нарықты сақтау ҚР заңдарына сәйкес тарифтік және тарифтік емес реттеу 
шараларымен жүзеге асырылады.  
Тағы  бір  критерий  –  жеке  кәсіпкерлік  субъектісінің  коммерциялық 
құпиясын  құрайтын  ақпаратты  заңсыз  алуға,  таратуға  не  пайдалануға  тыйым 
салуды  көздейтін  коммерциялық  құпияның  сақталуын  қамтамасыз  ету.  Бұл 
ретте  Заңда  құқық  қорғау  органдарының  құқықтары  аса  аталып  көрсетілген. 
Атап  айтқанда,  құқық  қорғау  органдары  прокурор  санкциясы,  тергеу 
органдарының қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы не сот қаулысы негізінде 
осындай  ақпаратқа  ие  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінен  және  мемлекеттік 
органдардан қажетті, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты 
сұрауға және алуға құқылы.  
Дара  және  жеке  кәсіпкерліктің  өзге  де  түрлерінің  әрекет  етуінің  жалпы 
шарттары  мен  бірыңғай  критерийлерінің  бұл  тізбесі  толық  емес.  Біздің 
көзқарасымыз  бойынша,  олар  жеке  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  кәсіпкерліктен 
бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін база болып табылады.  
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңда жеке кәсіпкерлік субъектілері шағын, орта 
және  ірі  кәсіпкерлік  субъектілері  болып  бөлініп  көрсетілген  (6-баптың  2-
тармағы).  Көрсетілген  Заңда  мұндай  бөлудің  негізіне  оның  қатысушыларына 
(құрылтайшыларына)  меншік  құқығында  тиесілі  кәсіпорындардың  кейбір 
ресурстық  (аса  маңызды)  көрсеткіштері  алынған,  алайда  Заңның  өзінде 
кәсіпорындар туралы сөз қозғалмаған.  
Осыған  орай  кәсіпкерлік  субъектілерін  саралай  отырып,  Заңда  кәсіпорын 
мәні  бойынша  мүліктік  кешен  ретінде  топтастырылған  (ҚР  АК-нің  119-бабы), 
өйткені,  жұмыскерлердің  (еңбек  ресурстарының)  орташа  жылдық  саны, 
активтердің  орташа  жылдық  құны  бұл  кәсіпкерлік  субъектісінің  емес, 
кәсіпорынның  шынайы  көрсеткіштері  болып  табылады  (Жеке  кәсіпкерлік 
туралы  Заңның  6-бабы).  Сондықтан  шағын,  орта  және  ірі  кәсіпорындар  және 
кәсіпкерлік  субъектілері  ретінде  шаруашылық  құқық  қатынастарында  осы 
кәсіпорындардың  мүддесін  білдіретін  олардың  ұйымдастырушылық-құқықтық 
нысаны  – дара  кәсіпкер,  коммерциялық  ұйымдар  (заңды  тұлғалар)  туралы  сөз 
қозғаған нақтырақ болар еді.  
Құқық  объектісі  және  кәсіпкерлік  қызмет  субъектісі  ретінде  кәсіпорын 
мәселелері,  «кәсіпорын»,  «заңды  тұлға»,  «ұйым»  ұғымдарының  ара  қатынасы 
экономикалық  және  заң  ғылымдарында  аса  пікірталасты  болып  табылады  [14, 
145-154  б.]  әрі  арнайы  зерттеулерді  қажет  етеді.  Ал  біз  зерттеу  үшін  қажетті 
аспектілерді айқындап көрсетумен ғана шектелеміз. 
 
Азаматтық  құқықтың  объектісі  бола  отырып,  кәсіпорын  дара  кәсіпкерге 
қатысты  мүліктік  кешен  ретінде,  яғни,  экономикалық  (тауар  шығаруға, 
жұмыстар  орындауға,  қызметтер  көрсетуге)  мақсаттарға  жету  үшін  тиісінше 
ұйымдастырылған  материалдық,  материалдық  емес  және  дербес  элементтер 
жиынтығы  ретінде  әрекет  етеді  [27,  172  б.].  Осындай  коммерциялық 
объектілердің  (шағынзауыттар  мен  өзге  де  өндірістік  бірліктердің, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау