Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң – 2014 жылғы 16 мамыррдағы
№202-V Қазақстан Республикасының Заңы «Рұқсаттар және хабарламалар
туралы»;
Мемлекеттік мүлік туралы Заң – 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV
Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік мүлік туралы»;
Тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу туралы Заң – 2006 жылғы 7
шілдедегі № 180-III Қазақстан Республикасының Заңы «Тұрғын үй
құрылысында үлестік қатысу туралы»;
Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Заң – 2010 жылғы 4
мамырдағы № 274-IV Қазақстан Республикасының Заңы «Тұтынушылар
құқықтарын қорғау туралы»;
Техникалық реттеу туралы Заң – 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603
Қазақстан Республикасының Заңы «Техникалық реттеу туралы»;
Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы
Заң – 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV Қазақстан Республикасының Заңы
«Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»;
Ғылым туралы Заң – 2011 жылғы 18 ақпандағы № 408-IV Қазақстан
Республикасының Заңы «Ғылым туралы»;
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118
Жарлығымен
бекітілген
2011-2020
жылдарға
арналған
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы;
Авторлық құқық туралы Заң – 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-1
Қазақстан Республикасының Заңы «Авторлық құқық және аралас құқықтар
туралы»;
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Заң – 1995 жылғы 17
сәуірдегі № 2198 Қазақстан Республикасының Заңы «Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы»;
Ұлттық палата туралы Заң – 2013 ж. 4 шілдедегі «Ұлттық кәсіпкерлер
палатасы туралы» № 129-V Заңы;
Кәсіпкерлік кодекс жобасы – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік
кодексі жобасы;
Оппортунистік мінез-құлық – экономикалық теорияда өз мүддесіне
бағытталған және мораль ұғымдарымен шектелмеген, яғни алдауды, құлық пен
зұлымдықты пайдалануға байланысты мінез-құлық; құқық теориясында және
заңнамасында – өзінің құқықтарын теріс пиғылмен пайдалану;
ТМД – тәуелсіз
мемлекеттер достастығы;
КО – Беларусь, Қазақстан және
Ресей Кедендік одағы;
ДСҰ – Дүниежүзілік
сауда ұйымы;
ҒЗТКТЖ
–
ғылыми
зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және
технологиялық жұмыстар;
АҚ – акционерлік қоғам;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
ШОК – шағын, орта
кәсіпкерлік;
ІЖӨ – Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі;
6
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
«Қазақстан дамуының жаңа кезеңі –
бұл экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа
міндеттері.
Қазіргі
уақытта
бұл
әлемдегі
әлеуметтік-экономикалық
жаңғыртудың өзекті мәселесі», - деді 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа
Жолдауында. Өз кезегінде, жалпы әлеуметтік-экономикалық жүйені жаңғырту
да, негізгі өндірістік күш ретінде кәсіпорынның қызметін инновациялық
өзгерту де тікелей кәсіпкерлердің қызметі мен жаңашылдығына байланысты.
Кәсіпкер нарықтық және бәсекелестік экономикада басты әрекет етуші
тұлға және басты өзегі болып табылады, өйткені, ол тауарларды өндіреді және
оларды соңғы тұтынушыға жеткізеді. Айналымның түрлі сатыларында тауар
массаларының қозғалысын ұйымдастыра отырып, кәсіпкер азаматтар мен заңды
тұлғаларға әртүрлі қызметтер көрсетеді, қаржылық және қор нарықтарын
әрекетке келтіреді, өндірістің барлық салаларында ғылымды дамыту және жаңа
технологияларды құру үшін қоғамның зияткерлік ресурстарын жұмылдырады.
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесі кәсіпкерлік құрылымында дара
кәсіпкерлер жаңашылдыққа (инновацияларға) аса бейімді, тұтынушылардың
талаптарына және қазіргі нарық сұраныстарына ыңғайлы болып табылатынын
көрсетеді.
Осыған байланысты, мемлекеттік институттар мен азаматтық және
кәсіпкерлік құқық алдында айрықша міндет тұр – азаматтарды дара
кәсіпкерлікке ынталандыру үшін қажетті жағдайлар жасау; дара кәсіпкердің
анық құқықтық мәртебесін айқындау, ол өзіне тек оның құқылығын, құқықтары
мен міндеттерін қамтып қана қоймай, оның заңды мүдделерінің қорғалуына
тиімді мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз етеді.
Алайда бүгінгі уақытта Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер
қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының субъектілері құрылымында
өзінің лайықты орнын алған жоқ, бұл дара кәсіпкерліктің құқықтық реттелуінің
белгілі дәрежеде жетілмегендігіне байланысты. Алғашқы рет Қазақстан
Республикасында әзірленіп жатқан Кәсіпкерлік кодексінің жобасында да
кәсіпкерлік, оның ішінде дара кәсіпкерлік туралы нормаларында бірталай
олқылықтар орын алған.
Қазақстанда құқық
ғылымында жеке, дара кәсіпкерлік мәселелері бойынша
ғылыми зерттеулер кемде кем, ал дара кәсіпкердің құқықтық мәртебесінің жеке
және кешенді зерттелуі мүлдем жүргізілмеген.
Осылайша, диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақстанда
дара кәсіпкерлік институтын дамыту қажеттілігімен ғана емес, Қазақстан
Республикасының құқық ғылымында осы мәселенің зерттелмегендігімен де
түсіндіріледі.
Тақырыптың ғылыми зерттелуінің жағдайы.
Қазақстанда
кәсіпкерліктің
құқықтық реттелуінің жекелеген мәселелерін
Ю.Г. Басин, М.К. Сүлейменов, Т.Е. Қаудыров, Ю.Г. Диденко, Ф.С. Қарағұсов,
С.П. Мороз, Т.Т. Шиктыбаев, С.К.
Идрышева және басқалар қарастырған. 2005