Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет37/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68

77 
 
қоймалардың  және  т.с.с.)  бірінің  немесе  бірнешеуінің  көмегімен  ғана  дара 
кәсіпкер өз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырады.  
Шағын 
кәсіпорындардан 
құралатын 
шағын 
кәсіпкерлік 
нарық 
экономикасында өзіне тән өзіндік функциясын ғана орындайды. Атап айтқанда, 
бұған  тауарлар,  жұмыстар  және  қызметтер  нарығындағы  сұраныстарға  шұғыл 
әсер  етуін,  ірі  өндірістік  құрылымдарға  тиімсіз  болып  табылатын  өнімді  аз 
партиялармен  өндіруді,  басқарудың  артық  топтарын  жоюды  және  т.б. 
жатқызуға болады.  
Ұсақ  және  орта  өндірісті  дамыту  экономиканың  жандануына  қолайлы 
жағдайлар  жасайды:  бәсекелестік  орта  дамиды,  қосымша  жұмыс  орындары 
пайда болады, тұтынушылар секторы кеңейеді. Шағын кәсіпорындардың дамуы 
тауарлар мен қызметтердің көбеюіне, экспорттық әлеуеттің артуына, жергілікті 
шикізат  пен  адам  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  және  т.с.с.  әкеледі. 
Сондықтан  да  соңғы  бірнеше  жылдарда  Батыс  Еуропа  елдерінде,  АҚШ  пен 
Жапонияда шағын бизнес шағын және орташа кәсіпорындардың жиынтығымен 
сипатталады.  Бұл  елдерде  негізгі  масса  –  жұмыскерлер  саны  20  адамнан 
аспайтын ұсақ кәсіпорындар. Шағын кәсіпорындар тұтынушылық салада да, ірі 
кәсіпорындарға  шығаруға  тиімсіз  болып  табылатын  өндіріс  үшін  қажетті 
жекелеген  желі  мен  тетіктерді,  жартылай  фабрикаттарды  және  басқа 
элементтерді өндіруші ретінде де тиімді [9, 93 б.].  
Мәселен, АҚШ-та шағын және орта фирмалар жалпы ұлттық өнімнің 40% 
және  жеке  сектордың  жалпы  өнімінің  жартысын  шығарады,  ғылыми-
техникалық  прогресс  саласына  жататын  барлық  жаңалықтардың  жартысының 
жасалуын  және  игерілуін  қамтамасыз  етеді  [9,  93  б.].  Шағын  кәсіпкерліктің, 
оның  ішінде  дара  кәсіпкерлік  нысаны  арқылы  Қазақстанда  да  тиімді 
пайдалануға болатын үлкен резервтері көп.  
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды жария еткеннен кейін 
жеке  кәсіпкерліктің  дамуының  құқықтық  шарттарын,  әсіресе  ШОК 
қалыптастыру үшін Қазақстанда өз тарихи рөлі бар  және осы уақытта күштері 
жойылған бірқатар заңдар қабылданды. Олар: 
 -  жеке  кәсіпкерліктің  қорғалуының  және  оны  қолдаудың  негізгі  тәсілдері 
мен  нысандарын  айқындаған  және  ең  бастысы  мемлекеттің  жеке  кәсіпкерлік 
қызметке  тікелей  араласуынан  бас  тарту  саясатын  бекіткен,  жеке 
кәсіпкерлердің  барынша  еркіндігін,  коммерциялық  құпияның  сақталуын  және 
жеке  кәсіпкерлердің  құқықтарын  бұзғаны  үшін  мемлекеттік  органдар  мен 
лауазымды  тұлғалардың  жауапкершілігін  белгілеген  «Жеке  кәсіпкерлікті 
қорғау және қолдау туралы» 1992 жылғы 4 шілдедегі ҚР Заңы
-  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың  мынадай:  ҚР-дағы  шағын 
кәсіпкерліктің  даму  басымдығы;  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың 
кешенділігі;  шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  инфрақұрылымдарының  және 
шағын  кәсіпкерліктің  барлық  субъектілері  үшін  жүзеге  асырылатын 
шаралардың  қолжетімділігі;  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  және  дамыту 
саласындағы  халықаралық  ынтымақтастық  қағидаттары  бекітілген  «Жеке 
кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  туралы»  1997  жылғы  19  маусымдағы  ҚР 
Заңы;  


78 
 
- «Дара кәсіпкерлік туралы» 1997 жылғы 19 маусымдағы ҚР Заңы. Бұл Заң 
ҚР  Конституциясында  белгіленген  азаматтардың  кәсіпкерлік  қызметінің 
еркіндігі құқығын іске асыруға, дара кәсіпкерлік үшін мемлекеттік кепілдіктер 
жүйесін қалыптастыруға бағытталған [47, 61-72 б., 49, 23-27 б.]. 
Қолданыстағы Жеке кәсіпкерлік туралы Заңда жеке кәсіпкерлікті реттейтін 
нормалар  жүйеленген  және  олар  бірыңғай  заңнамалық  актіде  біріктірілген. 
Бүгінгі  күні  ҚР  Азаматтық  кодексімен  және  басқа  да  заңнамалық  актілермен 
қатар  осы  Заң  жеке  кәсіпкерліктің,  оның  ішінде  дара  кәсіпкерліктің  мықты 
құқықтық базасын құрайды.  
Бұл  орайда  қазіргі  таңда  Қазақстанда  Кәсіпкерлік  кодексінің  жобасы 
дайындалып, сарапшылардың оң қорытындысына ие болғанын, оның құрамына 
«Жеке  кәсіпкерлік  туралы»,  «Техникалық  реттеу  туралы»,  «Мемлекеттік 
бақылау  және  қадағалау  туралы»  және  тағы  кейбір  заңдар  жүйеленіп 
енгізілгенін айта кету керек [15].   
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің оптимистік деректері бойынша ЖІӨ-
дағы орта және шағын кәсіпкерліктің үлесі пайызбен мынадай: 2005 ж. – 17,8; 
2006 ж. – 17,5; 2007 ж. – 20,4; 2008 ж. – 18,6; 2009 ж. – 20,4; 2010 ж . – 20,2 [50]. 
Бұл көрсеткіштер бизнес қауымдастықтары өкілдерінде әр түрлі болады, көбею 
жағына емес екендігін ескерген жөн. 
Бір жағынан, бұл аз ғана уақыт аралығындағы белгілі бір нәтиже, өйткені, 
Қазақстанда  кәсіпкерлік  өз  бастауын  өткен  ғасырдың  90-жылдарынан  ғана 
алады және тиісінше, қазақстандықтар үшін бұл зерделеуді және игеруді қажет 
ететін  жаңа  құбылыс.  Басқа  жағынан,  қатал  экономикалық  бәсекелестік, 
экономикалық жүйелерді глобализациялау және шоғырландыру жағдайларында 
бұл көрсеткіштер тым жеткіліксіз болып табылады. Осы тұрғыдан Қазақстанда 
маңызды проблемалар жеткілікті. Олар: 
-  біріншіден,  көптеген  кәсіпкерлердің  кәсіпкерлік  қызметті  жүргізуге 
арналған  арнайы  дағдылар  мен  білімдердің,  бизнес  білімінің,  персонал 
біліктілігін арттырудың рөлін толық бағаламауы; 

кәсіпкерлердің 
өз 
құқықтарын 
жетік 
білмеуіне 
негізделген 
бюрократиялық озбырлық фактілері;  
- бүркемеленген сипаттағы сыбайлас жемқорлық көріністері [51]. 
Даму  қорының  2009-2010  ж.ж.  жүргізілген  кешенді  мониторингтік 
зерттеулерінің нәтижелері бойынша ШОК саласындағы көптеген кәсіпорындар 
өмір  сүруін  сақтап  қалу  шегінде  қалып  отыр.  Бизнесті  жаңғырту, 
диверсификациялау және кеңейту үшін қаржылық, материалдық технологиялық 
және зияткерлік ресурстардың жетіспеушілігі ШОК созылмалы мәселесі болып 
қала  беруде.  Бұл  ретте  бизнес  дамуының  жағдайын  бағалау  жаппай  сұрау 
нәтижелері бойынша мынадай сипатта болды:  
- бизнесті қолдаумен қатар, оны кеңейту және жетілдіру үшін қаражат бар 
– 18%; 
- бизнесті қолдауға қаражат бар, алайда оны кеңейту және жетілдіру үшін 
жетіспейді – 36%; 
- қаражат тек ағымдағы бизнесті қолдауға ғана жетеді – 39%; 
- ағымдағы бизнесті қолдауға да қаражат жетпейді – 4%; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау