74
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық
кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің жобасында бұл қағидаттар саны 21-ге дейін
көбейтіліп бекітілген, оның ішінде жоғарыдағы принциптердің кейбіреулері
жойылып, сонымен қатар жаңа қағидаттар да енгізілген. Мысалы:
1) заңдылық;
2) жеке кәсіпкерліктің еркіндігіне кепілдік (Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбайтын қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға
рұқсат берілген) және оны қорғау (жеке кәсіпкерліктің қағидаты);
3) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырудағы теңдігі (кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі қағидаты);
4) кәсіпкерлік субъектілері меншігіне қол сұғылмаушылықтың және оны
қорғаудың кепілдігі (меншікке қол сұғылмаушылықтың қағидаты);
5) жосықсыз бәсекелестікті жүзеге
асыруға жол бермеу;
6) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің заң мен сот алдындағы теңдігі;
7) тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі;
8) мемлекеттік
органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа
қолжетімділік (жариялық қағидаты);
9) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізділігі, тиімділігі және
нысандары мен құралдарының жеткілікті болуы;
10) кәсіпкерлік субъектілерінің өзінің заңды құқықтарын өз бетінше
қорғауға
деген қабілетін арттыру;
11) құқық
бұзушылықтың алдын алудың жазалаудың алдындағы
басымдығы;
12) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз
міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз
өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілік;
13) кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара
жауапкершілігі;
14) сыбайлас жемқорлықтан тыс болу;
15) кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оларды қорғау мен жан-жақты
қолдауды қамтамасыз ету;
16) отандық тауарлар шығарушыларды, жұмыс орындаушыларын және
қызмет көрсетушілерді қолдау;
17) кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне мемлекеттің заңсыз араласуына жол
бермеу;
18) кәсіпкерлік субъектілерінің құқық
шығармашылығына қатысуы;
19) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;
20) кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу;
21) кәсіпкерлік саласында өзін-өзі реттеушілікті дамыту кәсіпкерлік
субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары болып
табылады.
Жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық
актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
қатысуы
қағидаты
Кәсіпкерлік
кодексінің
жобасында
кәсіпкерлік
субъектілерінің
құқық
шығармашылығына
қатысуы
қағидатымен