Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет32/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68

67 
 
жағдайларда, ортақ мақсаттар мен ортақ міндеттерге қол жеткізудің, бір немесе 
бірнеше  ірі  жобаларды  іске  асырудың  өзгеше  әрі  бірегей  құралы  болып 
табылады.  Жай  серіктестік  институты,  Рим  құқығында  пайда  болып,  бүгінгі 
күнде ортақ нәтижеге қол жеткізу үшін дара кәсіпкерлердің ғана емес, сондай-
ақ  азаматтық  айналымның  басқа  субъектілерінің  күштері  мен  капиталдарын 
біріктірудің  тиімді  құқықтық  конструкцияларының  бірін  білдіреді.  Дара 
кәсіпкерлік  пен  жай  серіктестік  –  бұл  екі  дербес  және  бір-бірінен  тәуелсіз 
институт,  сонымен  қатар  олардың  маңызы  мен  функциялары,  қалған  барлық 
институттар  секілді,  азаматтық  айналым  үшін  көбінде  олардың  серпінді  өзара 
байланысында байқалады. 
Дара кәсіпкерлердің жай серіктестік нысанын пайдалануы жай серіктестік 
институтының  ерекшеліктерін  (бірлескен  қызмет  туралы  шартты),  сондай-ақ 
дара  кәсіпкерліктің  өзгешелігін  есепке  алуды  қажет  етеді.  Жай  серіктестіктің 
құқықтық  конструкцияларының  ерекшелігі  ортақ  идея  мен  ортақ  істерді 
жүргізу  (ортақ  қызмет)  негізінде  нысаны  мен  мазмұны  бойынша  әртүрлі 
субъектілердің күшін біріктіруде. 
Жай  серіктестік  нысанында  кәсіпкерлікті  жүзеге  асыруға  бел  буған  дара 
кәсіпкерлердің ортақ идеясы бірлескен кәсіпкерлік пен оның қызметінің ойдағы 
бейнесінде  (түпкі  ойында),  оның  маңызды  элементтері  мен  бар  реалияларды 
нақты  түсінуде.  Осы  субъектілердің  ортақ  қызметі  қандай  да  бір  нақты 
нәтижеге қол жеткізу үшін олардың күшін біріктіруде. 
Қызмет  –  бұл  субъектінің  объектімен  белсенді  өзара  әрекеттесу  процесі, 
оның барысында субъект өзінің қандай да мұқтаждықтарын қанағаттандырады, 
мақсаттарына  қол  жеткізеді.  Дара  кәсіпкерлердің  бірлескен  қызметінің  мәні 
олардың  осы  процестің  барлық  кезеңдерінде  ортақ  нәтижеге  қол  жеткізгенге 
дейін  өздерінің  зияткерлік,  жеке,  техникалық  және  басқа  күштерін 
біріктіруінде.  Осындай  кезеңдер:  қызметке  тарту  процесі;  мақсатты 
тұжырымдау  процесі;  іс-әрекеттерді  жобалау  процесі;  іс-әрекеттерді  жүзеге 
асыру процесі болып табылады.  
ҚР  заңнамасы  бойынша  жай  серіктестік  ерекшеліктерінің  бірі  бірлескен 
қызмет туралы тарауды жалпы бөлімге орналастыру болып табылады, ал ТМД-
ның  барлық  басқа  елдерінің  Азаматтық  кодекстерінде  ол  ерекше  бөлімнің 
«Міндеттемелік  құқық»  атты  бөлімінде  орналасқан.  «Азаматтық  құқық»  атты 
қазақстандық  оқулықтың  және  АК  түсініктемесінің  авторлары  мұны  АК 
әзірлеушілерінің  пікірімен  түсіндіреді,  оған  сәйкес  бірлескен  қызмет  туралы 
шарттан  міндеттемелік  құқықтық  қатынастар  емес,  заттай  қатынастар 
туындайды. Бұл ретте авторлар осы мәселедегі АК әзірлеушілерінің көзқарасын 
қолдайды [41, 63-68 б., 99 б.]. 
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл тәсіл осы құқықтық институттың мәнін 
көрсетпейді. Жай серіктестік шартының маңызы, азаматтық айналымдағы оның 
орны, ең алдымен, бұл шарт ішкі, сондай-ақ сыртқы сипаттағы міндеттемелер 
бар бірлескен қызметті (процесті) реттейтінімен түсіндіріледі [46, 211 б.]. Жай 
серіктестіктегі  меншік  құқығы  оның  ресурстық  құрамдас  бөлігі  мен  алынған 
жалпы  табысты  ғана  көрсетеді,  бұл  осы  институттың  құқықтық  табиғатында 
міндеттемелік құқықтық қатынастар элементтерінің басым екенін растайды. 


68 
 
Сонау  Рим  құқығында  жай  серіктестіктегі  міндеттемелік  мүліктік 
аспектілерге  негізгі  назар  аударылды,  алайда,  егер  бұл  кезеңде  осы 
міндеттемелер серіктестер арасындағы ішкі өзара қатынастар сипатында болса, 
XIX-XX  ғасырлардың  шегінде  серіктестік  болмысының  сыртқы  жағын  –  оған 
қатысушылардың  үшінші  тұлғалармен  қатынастарын  реттеу  белсенді  дами 
бастады. Мәні бойынша бірлескен қызметке салым енгізу, серіктестер мүлкінің 
құқықтық режимі, пайда мен залалды бөліп тарату – осы және Рим құқығының 
басқа  заңи  конструкциялары көбінде жай  серіктестіктің қазіргі  заманғы  заңды 
түрде реттелуін [46, 212 б.] міндеттемелік құқықтың институты ретінде алдын 
ала болжайды. 
Бірлескен  қызмет  туралы  шарт  (жай  серіктестік)  –  бұл  оның 
қатысушылары  үшін  туындайтын  нақты  құқықтары  мен  міндеттемелері  бар 
шарттың  түрі.  Азаматтық  кодекстің  12-тарауында  бірлескен  қызмет  туралы 
шарттың ерекше талаптары айқындалмағандықтан, осы шарттың мазмұны мен 
нысаны  мәмілелер  мен  шарттар  туралы  жалпы  қағидаларға  бағынады.  Дара 
кәсіпкерлер  арасындағы  бірлескен  қызмет  туралы  шарттың  ерекшелігі  осы 
шарт  бірлескен  кәсіпкерлік  қызмет  үшін  осы  адамдар  арасында 
жасалатынында. 
Дара  кәсіпкерлердің  бірлескен  қызметі  құрылымдануы  мүмкін,  яғни 
осындай жай серіктестікке қатысушылардың әрқайсысы қызметтің белгілі түрін 
немесе  белгілі  функцияны  орындайды.  Атап  айтқанда,  Азаматтық  кодексте 
бірлескен  қызметті  басқару  және  ортақ  істерді  жүргізу  секілді  функциялар 
бөліп  шығарылған.  Қалған,  бірлескен  қызмет  туралы  шартқа  қатысушылар 
берген  сенімхат  осындай  тапсырманың  нысаны  болып  табылады  (АК  229-
бабы). 
Жай  серіктестік  бұл,  басты  түрде,  пайданы  алуға  бағытталуы  мүмкін, 
сондай-ақ  онымен  байланысты  емес  нақты  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін 
біріктірілген  белгілі  субъектілердің  одағы.  Азаматтық  кодексте  кез  келген 
үйлесімдегі  азаматтар,  сондай-ақ  заңды  тұлғалар  (жай  азаматтар  мен  дара 
кәсіпкерлер, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар және т.б.) жай серіктестікке 
қатысушылар бола алады деп  белгіленген.  Жай  серіктестік  нысанындағы  дара 
кәсіпкерлік  дара  кәсіпкер  мәртебесі  берілген  азаматтардың  ғана  күшін 
біріктіруді көздейді. 
Бұл ретте жай серіктестік оның құрылтайшыларын (қатысушыларын) дара 
кәсіпкер ретінде бір уақытта тіркеумен құрылуы (уәкілетті мемлекеттік органда 
тіркелуі) мүмкін. Сонымен бірге жай серіктестіктің нысаны ортақ мақсаттарға 
қол  жеткізу  үшін  жұмыс  істеп  жатқан  дара  кәсіпкерлердің  бірігуіне  тыйым 
салмайды.  Оның  үстіне,  дара  кәсіпкер,  айтылып  өткендей,  осындай  құқықтық 
конструкция  шеңберінде  өздерінің  іс-әрекеттері  мен  салымдарын  заңды 
тұлғалармен  біріктіре  алады.  Алайда  бұл  дара  кәсіпкерліктің  нысаны  болып 
танылмайды. 
Дара  кәсіпкерлікпен  айналысатын  азаматтың  заңды  негізде  осындай 
құқықтық  мәртебесі  бар  болғандықтан,  біздің  көзқарасымыз  бойынша,  оны 
дара  кәсіпкер  ретінде  қайтадан  мемлекеттік  тіркеудің  қажеті  жоқ.  Ал  Заңға 
сәйкес  жай  серіктестіктің  (бірлескен  қызмет  туралы  шарттың)  құқықтық 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау