71
залалдар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен өтеледі, ал жетіспейтін
сомалар осы мүліктегі олардың үлестеріне сай олардың арасында таратылады.
Осы айтылған толық көлемде дара кәсіпкерлерге де қолданылады.
Жай серіктестік бірлескен кәсіпкерліктің тиімді нысандарының бірі,
алайда оның бірлескен дара кәсіпкерлік саласында қолданылуы азаматтық
заңнамада жеткілікті регламенттелмеген.
Дара кәсіпкерлер әрбіреуі өз бетімен қызмет жасау ұйымдастырушылық
жағынан түрлі қиындықтар туындатады. Сондықтан Кәсіпкерлік кодексінің
жобасында мемлекеттік реттеуге қосымша болып табылатын кәсіпкерлік
саласын тиімді дәрежеде реттейтін өзін өзі реттеу шаралары көзделген. Қазіргі
уақытта мұндай реттеуді жартылай Ұлттық кәсіпкерлік Палата жүзеге асыруда.
Осылайша, дара кәсіпкерліктің алуан түрлері мен нысандарында осы
қызметтің жалпы негіздері мен талаптары, сондай-ақ түрлі ресурстық және өзге
оның құрамдас бөліктеріне қатысты принциптік ерекшеліктер байқалады. Бұл
өз кезегінде азаматтарға шағын немесе орта кәсіпкерлік шеңберінде
Қазақстанның экономикалық дамуына кәсіби қасиеттеріне және мүліктік
мүмкіндіктеріне байланысты бірлескен кәсіпкерліктің сол не өзге түрін, сол не
өзге нысанды таңдауға мүмкіндік береді.
2.2 Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымындағы дара кәсіпкерлік
және оның ресурстық шектеулері
2.2.1 Дара кәсіпкерлік шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында
Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шешім
қабылдаған азаматтың осындай қызметінің негізі оның дара кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркелуі болып табылады. Заңнамаға сәйкес кәсіпкерлік қызмет
лицензиялауға жататын жағдайларда, дара кәсіпкер тиісті лицензияны (арнайы
рұқсатты) оны беруге уәкілетті мемлекеттік органнан алуға міндетті.
Кәсіпкерлік бостандығына қатысты түрлі теориялар мен пікірлерге қарамастан,
Қазақстанның бүгінгі даму сатысында мемлекеттік реттеу дара кәсіпкерлік
үшін анықтаушы болып табылады, ол ШОК құрылымдағы дара кәсіпкерліктің
алатын орнына және осыған байланысты дара кәсіпкердің құқықтық
мәртебесіне тікелей қатысты.
ҚР Азаматтық кодексінің 19-бабында былай көрсетілген: «Азаматтардың
заңды тұлға құрмастан жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметiне, егер
заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнiнен өзгеше туындамайтын болса,
тиiсiнше осы Кодекстiң коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды
тұлғалардың қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады» (3-тармағы). Бұл
коммерциялық ұйымдар мен дара кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметі жалпы
қағидаларға бағынатынын білдіреді және дара кәсіпкерлер үшін бұл
қағидаларға заңнамалық актілермен ғана өзгерістер енгізіле алады. Дара
кәсіпкерлік үшін өзге қағидалар негізгі Заң – Жеке кәсіпкерлік туралы Заңмен
белгіленеді.
Ең алдымен, бұл Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің табыс табуға
бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өз меншіктеріне негізделген
72
және олардың атынан, тәуекел етуiмен және олардың мүлiктiк
жауапкершiлiгiмен (1-баптың 1-тармағы 5) тармақшасы) жүзеге асырылатын
ынталы қызметі ретінде айқындай отырып жеке кәсіпкерлікті жалпы
кәсіпкерлік қызметтен бөліп көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, жеке
кәсіпкерлік ұғымының негізіне жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі
алынады. Тиісінше, жеке кәсіпкерлікті түсіну үшін ең алдымен осындай
кәсіпкерліктің субъектілері ұғымын белгілеп алу қажет.
Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларды жатқызады (1-баптың
1-тармағы 9) тармақшасы). Тиісінше, жеке кәсіпкерлікке азаматтық-құқықтық
қатынастардың субъектілері ретінде мемлекеттік заңды тұлғаларды, мемлекетті
және әкімшілік-аумақтық бірліктерді жатқызуға болмайды.
Мемлекеттік мүлік туралы Заңда мемлекеттік кәсіпорындар мен
мемлекеттік мекемелер мемлекеттік заңды тұлғалар деп аталады. Бұл ретте осы
Заң мемлекеттік коммерциялық ұйымдарға қазыналық кәсіпорындар мен
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды жатқызады
(10) және 37) тармақшалар). Ал «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға сәйкес
мемлекеттік мекемелер – бұл коммерциялық емес ұйымдар (1-баптың 1-
тармағы 15) тармақшасы) [48].
Осылайша, жеке кәсіпкерліктің негізінде субъектілердің өзіне жеке меншік
құқығындағы немесе өзге заңды негіздерде пайдалануға құқығы бар мүлік
тиесілілігі, өз тәуекелімен және өз мүліктік жауапкершілігімен өз атынан пайда
алу мақсатындағы ынталы қызметі жатыр. Дара кәсіпкерлер мен коммерциялық
мемлекеттік емес ұйымдар үшін жеке кәсіпкерлік қатысушылар арасында
алынған пайданы бөлу мүмкіндігімен де, тыйым салынбаған шаруашылық және
өзге де қызмет түрлерімен айналысу құқығымен де сипатталады.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға сәйкес республикалық және
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген заңды тұлғалардың мүлкі ғана
мемлекеттік мүлікке жатады (2-бап). Тиісінше, мемлекет құқығының АҚ
акцияларының белгілі бір бөлігіне және ЖШС жарғылық капиталындағы
белгілі бір қатысу үлесіне тиесілігіне немесе мемлекеттің АҚ мен ЖШС жалғыз
акционері (қатысушысы) екеніне қарамастан, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
толығымен акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын АҚ мен ЖШС
жатады («Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 12-бабы).
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның мазмұнын талдау дара кәсіпкерлікке
қатысты оның нормаларын шартты түрде екі топқа бөлуге мүмкіндік береді:
а) коммерциялық және дара кәсіпкерлердің қызметін және мүліктерінің
құқықтық тәртібін реттейтін жалпы нормалар;
ә) тек қана дара кәсіпкерлердің қызметі мен мүлкінің құқықтық тәртібін
реттейтін нормалар.
Өз кезегінде, жалпы нормаларды мынадай:
1) жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілерінің қызметін реттейтін
нормаларға;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін нормаларға;
Достарыңызбен бөлісу: |