79
- қаржы жағдайы өте нашар – 3% [51].
Осы зерттеу деректері бойынша, шағын және орта бизнес, әсіресе, дара
кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары екінші деңгейдегі банктерде тиімсіз
клиенттер болып қалуда. 2010 жылы банктерге кредит алу үшін жүгінген осы
санаттағы кәсіпкерлердің үлесі 2009 жылмен салыстырғанда тым азайған.
Осының бәрі ШОК жаңғырту, оны құқықтық реттеудің тетіктерін жетілдіру
қажеттілігінің маңызды белгісі болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңға сәйкес коммерциялық ұйымдар да, дара
кәсіпкерлер де шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Құқықтық мәртебесіндегі маңызды айырмашылықтарға және өзге де
ерекшеліктерге қарамастан, көрсетілген субъектілердің шағын немесе орта
кәсіпкерлік субъектісі болып табылатындығына байланысты ортақ белгілері
көп. Көлемі бойынша кәсіпкерлікті топтастыру дамыған мемлекеттердің және
түрлі құқықтық жүйелердегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауының белгілі
әрі тиімді тәсілдері болып табылады. Бұл ретте кәсіпорындарды осы түрлердің
біріне жатқызу критерийлері түрлі елдерде жекелеген параметрлер бойынша
бірдей болуы да, айырмашылығы болуы да мүмкін.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары кәсіпкерліктің
түрлері ретінде шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті айырады. Ал Кәсіпкерлік
кодексінің жобасында тағы да бір топ аталған, ол – микрокәсіпкерлік.
Микрокәсіпкерлік субъектілері ретінде жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын,
жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе
республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық
жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік
көрсеткіштің отыз мыңға еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық орташа
табысы бар шағын кәсіпкерлік субъектілері табылады (26-бап).
Шетелдік заңнамалық практикада кәсіпорынның негізгі субъект ретінде
шағын бизнес секторына тиесілілігін анықтау үшін кәсіпорында жұмыс істейтін
жұмыскерлер саны, жалпы өнім көлемі (капитал айналымының көлемі, сату
көлемі), активтердің баланстық құны сияқты сандық критерийлер
қолданылады. Қосымша сандық көрсеткіштер ретінде жылдық табыстың
көлемі, басқа фирмалардың шағын кәсіпорын капиталында қатысу дәрежесі
және т.б. қолданылады. Тіпті персонал санының көрсеткіші кәсіпорындарды
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу кезінде өте жиі кездесетін әрі кең
таралған критерийлердің бірі болып табылады және АҚШ, Жапония,
Ұлыбритания, Франция, Италия, Германия және т.б. сияқты барлық дамыған
елдерде қолданылады [52, 22-23 б.].
Сонымен қатар әлемдік тәжірибеде кәсіпорын көлемін анықтаудың
критерийі ретінде персонал санының көрсеткішін ғана қолданылған жағдайлар
да белгілі. Мысалы, 1995 жылғы 1 наурызға дейін Еуропалық қауымдастықта,
сондай-ақ жұмыс істейтін адамдар саны 1-ден 19-ға дейінгі кәсіпорынды өте
ұсақ фирмаларға, 20-дан 29-ға дейін – ұсақ фирмаларға, 100-ден 499-ға дейін –
орта фирмаларға жатқызылған кездегі Италияда қолданылған жағдайлар.
Боултон
(Ұлыбритания
Парламентінің
Комитеті)
комиссиясының
баяндамасына сәйкес Ұлыбританияда кәсіпорындарды шағын субъектілерге
80
жатқызу айналым деректеріне және экономиканың түрлі салаларында жұмыс
істейтіндер санына негізделді. Өте ұсақ фирмаларға 1-ден 24-ке дейін жұмыс
істейтін адамы бар фирмалар, ұсақ фирмаларға – 24-тен 99 адамға дейін
қызметкерлері бар фирмалар жатқызылды. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінде
шағын кәсіпорын қатарына 200-ден аз адамы бар кәсіпорын, ал сол уақытта
бөлшек саудада 400 мыңнан аспайтын фунт стерлинг айналымы бар кәсіпорын
жатқызылады және т.с.с. [52, 23 б.].
Ғалымдар арасында кәсіпорынды шағын және орта бизнеске жатқызудың
критерийлері бойынша ортақ пікір жоқ. Атап айтқанда, экономист ғалымдар
шағын кәсіпкерліктің сапалық сипаттамасын немесе белгілерін зерделеу оның
мәнін түсіну үшін маңызды болып табылады деп санайды. Ван Хорнның
көзқарасы өте мәнді болып табылады, ол стратегиялық жоспарда шағын
фирмаларға тән бес белгіні бөліп көрсетеді:
1) шығарылатын өнімдердің саны жеткілікті көп емес (технологиялар,
қызметтер, ноу-хау және т.с.с.);
2) салыстырмалы шектеулі ресурстар мен күштер (капитал, адам
ресурстары және т.с.с.);
3) компанияның стратегиялық жағдайын бағалауға және бақылауға қажетті
басқарудың, әкімшілік рәсімдер мен технологиялардың онша дамымаған
жүйелері;
4) менеджмент жүйелілігінің болмауы, тренингтік және оқыту
бағдарламаларына формальды қатынасы;
5) басты басқарушылық лауазымдар мен акциялардың көпшілігінің
кәсіпорынның негізін қалаушыларда және/немесе олардың туыстарында болуы.
Осындай сапалық критерийлердің, сондай-ақ Нидерландыда кеңес берудегі
өз тәжірибесінің негізінде Ван Хорн бірқатар сандық критерийлерді белгіледі
және 50-ден 500-ге дейін қызмет ететін адам саны және 1-33 миллион фунт
стерлингті құрайтын айналымы бар кәсіпорынды орта кәсіпорын ретінде
санауды ұсынды [52].
Жоғарыда аталғандай, Қазақстанда жеке кәсіпкерлікке ғана тән шағын,
орта және ірі кәсіпкерлік әрекет етеді. Жеке кәсіпкерлік туралы Заңда осындай
топтастыру үшін критерийлер ретінде кәсіпорын жұмыскерлерінің орташа
жылдық саны және бір жылдағы кәсіпорын активтерінің орташа жылдық құны
қолданылады, біздің пікірімізше, бұл қарапайым әрі қабылдау үшін түсінікті
болып табылады.
Мұндай топтастырудың негізіне, ең алдымен, кәсіпкерліктің әлсіз
түрлеріне мемлекеттік қолдау көрсету және қолайлы жағдайлар жасау
қажеттілігі алынған, ондай түрлерге субъектілері коммерциялық ұйымдар мен
дара кәсіпкерлер болуы мүмкін шағын кәсіпкерлік, микрокәсіпкерлік және орта
кәсіпкерлік жатады.
Осы мәселені толық түсіну үшін, шағын және орта кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын белгілеуден бұрын жалпы жеке
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жалпы бағыттарын белгілеу мақсатқа сай,
өйткені олар жеке кәсіпкерліктің барлық түрлері үшін базалық бағыттар болып
Достарыңызбен бөлісу: |