Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет59/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68

122 
 
«Тауардың  (жұмыстың,  көрсетілетін  қызметтің)  қауіпсіздігі  –  тауарды 
пайдаланудың,  сақтаудың,  тасымалдаудың,  кәдеге  жаратудың  әдеттегідей 
жағдайларында  немесе  жұмысты  орындау  (қызмет  көрсету)  процесінде 
тұтынушының  өміріне,  денсаулығына  және  (немесе)  мүлкіне,  сондай-ақ 
қоршаған  ортаға  зиян  келтіру  мүмкіндігімен  байланысты  жол  берілмейтін 
қатердің болмауы». 
Техникалық реттеу туралы заңда қауіпсіздік ұғымына біраз басқа анықтама 
берілген.  Осы  Заңда:  өнiмнiң  және  процестердiң  қауiпсiздiгi  бұл  қауiптi 
фактордың  iске  асу  ықтималдығы  мен  оның  зардаптарының  ауырлық 
деңгейiнiң  ұштасуын  ескере  отырып,  адамның  өмiрiне,  денсаулығына, 
қоршаған  ортаға,  оның  iшiнде  өсiмдiктер  мен  жануарлар  дүниесiне  зиян 
келтiруiне байланысты жол берiлмейтiн қауiп-қатердiң болмауы деп жазылған. 
Өнімнің  қауіпсіздігін  және  сапасын  қамтамасыз  ету  осы  өнім  өндірісінің 
мамандары  қызметінің  (барлық  өндірістік  циклдердің  жиынтығымен),  осы 
өндірісті  басқарудың  нәтижесінде  болады,  мемлекеттік  және  қоғамдық 
бақылаудың  тиімділігіне  және  бірқатар  басқа  факторларға  байланысты. 
Сонымен  бірге  өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  құқықтық  реттеу 
қатысушылардың  осындай  өнімді  жасау  және  қамтамасыз  ету  бойынша 
қатынастарын  қамтамасыз  ететін  құрал  (нысан)  болып  табылатынын  ескеру 
қажет.  Өнімнің  сапасын  және  қауіпсіздігін  құқықтық  реттеу  материалдық 
әлемнің  объектілеріне  (заттар  мен  олардың  қасиеттеріне)  тікелей  ықпалды 
білдірмейді, құқық адамдар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және 
олардың мінез-құлықы арқылы ғана материалдық әлемнің объектілеріне ықпал 
етеді. 
Тиісінше,  өнімнің  сапасын  және  қауіпсіздігін  құқықтық  реттеу  өнімнің, 
жұмыстардың  және  қызметтердің  сапасы  мен  қауіпсіздігі;  тұлғалардың  (билік 
органдарының, 
даярлаушылардың, 
сатушылардың, 
орындаушылардың, 
тұтынушылардың)  белгілі  нормаларды  (сапаға  қойылатын  талаптарды)  орнату 
мен  сақтаумен  байланысты  қызметі  себебі  бойынша  қалыптасатын 
қатынастардың  құқықтық  реттелуін  білдіреді,  осы  нормалар  іс-әрекеттеріне 
өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігі  байланысты  тұлғалар  үшін  міндетті  болып 
табылады. 
Басқарушы  органдар  өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігінің  жоспарлы 
жағдайына  және  деңгейіне  қол  жеткізу  мен  оларды  сақтауды  қамтамасыз  ете 
отырып,  өндірістік  процестердің  элементтеріне  ықпал  ететін  тәсілдер  өнімнің 
сапасына құқықтық ықпал етудің әдістері мен құралдары болып табылады. 
Өнімнің сапасын және қауіпсіздігін реттеудің әдістеріне мынадай төрт түр 
тән: 
1)  экономикалық  әдістер.  Олар  кәсіпорындардың,  конструкторлық, 
технологиялық  және  басқа  ұйымдардың  ұжымдарын  тұтынушылардың 
сұрауларын 
зерттеп 
білуге, 
осы 
мұқтаждықтар 
мен 
сұрауларды 
қанағаттандыратын  өнімді  жасауға,  даярлауға  және  оған  қызмет  көрсетуге 
түрткілейтін экономикалық жағдайлардың жасалуын қамтамасыз етеді. 
Экономикалық  әдістер  қатарына  баға  белгілеу  қағидалары,  кредиттеу 
талаптары,  стандарттардың  талаптарын  және  техникалық  шарттарды 


123 
 
сақтамағаны  үшін  экономикалық  санкциялар,  тұтынушыға  сапасыз  өнім 
өткізілгені үшін оған экономикалық залалдың орнын толтыру жатады; 
2)  материалдық  ынталандыру  әдістері.  Бұл  әдістер,  бір  жағынан,  жоғары 
сапалы өнімді жасағаны және даярлағаны үшін қызметкерлердің көтермеленуін 
көздейді  (осы  әдістер  қатарына  мыналар:  жоғары  сапа  үшін  сыйақы  жүйесін 
жасау,  еңбекақыға  үстеме  белгілеу  және  басқалар),  екінші  жағынан,  оның 
сапасыздығынан келтірілген залалды өндіріп алуды көздейді. 
3)  орындау  үшін  міндетті  ұйымдастырушылық-өкімгерлік  әдістер.  Бұл 
басшылардың  директивалары,  бұйрықтары,  нұсқаулары  арқылы  жүзеге 
асырылатын  әдістер.  Өнімнің  сапасын  басқарудың  ұйымдастырушылық-
өкімгерлік әдістер қатарына нормативтік құжаттаманың талаптары да жатады. 
4) тәрбиелеу әдістері. Олар өндірістік процеске қатысушылардың санасына 
және  көңіл-күйіне  ықпал  етеді,  оларды  жоғары  сапалы  еңбекке  және  өнімнің 
сапасын  басқарудың  арнайы  функцияларын  нақты  орындауға  итермелейді. 
Олардың  қатарына  өнімнің  жоғары  сапасы  үшін  моральды  көтермелеу,  зауыт 
таңбасының абыройы үшін намысты тәрбиелеу және басқалар жатады. 
Құқықтың  рөлі  бұл  жерде  заңнамалық  нормалар  диспозитивтік  және 
императивтік  әдістер  арқылы  өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  құқықтық 
реттеудің  жоғарыда  аталған  әдістеріне  қатысатын  барлық  субъектілердің 
құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін айқындайтынында байқалады. 
Өнімнің  сапасын  және  қауіпсіздігін  құқықтық  қамтамасыз  ету  белгілі 
тәсілдер  арқылы  жүзеге  асырылады,  оларды  біздің  көзқарасымыз  бойынша, 
белгілі жүйе түрінде көрсетуге болады. Біздің пікіріміз бойынша бұл жүйені: 
- азаматтық-құқықтық шарттың талаптары; 
-  техникалық  регламенттер  мен  тауарлар,  жұмыстар  мен  көрсетілетін 
қызметтер сапасының және қауіпсіздігінің стандарттары; 
- кәсіпкерлік қатынастарға қатысушылардың тиіссіз сапа мен тауарлардың, 
жұмыстардың  және  көрсетілетін  қызметтердің  кемшіліктерімен  келтірілген 
зиян үшін заңи жауапкершілігі құрайды. 
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын 
қамтамасыз  ету  тәсілі  ретінде  азаматтық-құқықтық  шарттың  мәні 
нарықтық  экономика  жағдайларында  қоғамдық  қатынастардың  басты 
реттеушісі  нарықтың  өзі  болатынында,  ол  экономикалық  түрде,  сұраныс  пен 
ұсыныстың негізінде өнідірістің дамуын, тауардың бағасын ғана емес, сондай-
ақ оның сапасын айқындайды. 
Нарық  кәсіпкерлердің  мүдделеріне  ықпал  етеді,  өндіріс  пен  тауардың 
сапасын жақсартуға, өндіріске шығындарды және тиісінше бағаны төмендетуге 
оларды мәжбүрлейді. Экономиканы басқарудың әкімшілік әдістеріне қарағанда, 
мүдденің көмегімен экономикаға ықпал ету одан әрі маңызды болып табылады. 
Мінез-құлықтың  негізінде  әрқашанда  мүдде  болатынын  ескертеміз,  бұл 
жөнінде 1.2. бөлімшеде айтылған болатын. 
Егер  бұрын  (жоспарлы  экономикада)  өнімнің  сапасына  қойылатын 
талаптар  басты  түрде  әкімшілік  тәртіппен  (императивтік  талаптар  қамтылған 
мемлекеттік  стандарттарды  кең  қолдануда,  өнімді  әкімшілік  аттестаттау  мен 
оны мемлекеттік қабылдауда) айқындалса, қазіргі кезде өнімнің, жұмыстардың 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау