Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет57/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68

118 
 
бар  маңызды  санаттардың  бірі.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  Ресей 
Федерациясы  Азаматтың  кодексінің  1226-бабынан  туындайтын  зияткерлік 
құқықтың  ұғымы  орынды  болып  табылады.  Осы  нормаға  сәйкес,  «зияткерлік 
қызметтің  нәтижелеріне  және  оларға  теңестірілген  дараландыру  құралдарына 
(зияткерлік  қызмет  нәтижелері  мен  дараландыру  құралдары)  зияткерлік 
құқықтар танылады, олар мүліктік құқық болып табылатын айрықша құқықты, 
ал осы Кодексте көзделген жағдайларда жеке мүліктік емес құқықтар мен өзге 
құқықтарды (ілестік құқықты, қолжетімділік құқығын және т.б.) қамтиды». 
Азаматтық айналымға зияткерлік құқық санатын енгізудің артықшылығы, 
бұл  енгізілім  бір  жағынан,  айрықша  құқықтарды,  жеке  мүліктік  емес 
құқықтарды  және  өзге  құқықтарды  бірыңғай  санатқа  біріктіруге,  екінші 
жағынан, зияткерлік құқықтардың белгіленген түрлері арасында нақты саралау 
жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Бұрын  айрықша  құқықтар  зияткерлік  меншікпен 
жиі  ұқсастырылғанын  атап  өткен  авторлар  дұрыс  айтқан  [90,  13  б.].  Ал  бұл 
санаттар  бірдей  емес  екені  мәлім.  Осы  жаңашылдықтың  басқа  артықшылығы 
зияткерлік  құқық  термині  зияткерлік  меншіктің  нәтижелері  мен  оларға 
теңестірілген  дараландыру  құралдарының  өзгешелігін  көрсете  отырып, 
материалдық  объектілерге  әрекет  ететін  заттай  құқықтар  мен  зияткерлік 
құқықтардың аражігін айырады [90, 13 б.]. 
 
Осы объектілер тобының өзгешелігі, басты түрде, азаматтық құқықтардың 
өзге  объектілеріне  және  бәрінен  бұрын  заттай  нысанда  ұсынылған  түріне 
қарағанда, зияткерлік меншік объектілерінің табиғаты мінсіз деген мән-жаймен 
түсіндіріледі,  себебі  іс  жүзінде  емес,  адамның  қабілеті  жететін  абстракцияда 
ғана  материалдық  тасығыш  пен  оған  іске  асырылған  зияткерлік  қызметтің 
нәтижесін  ажыратуға  болады.  Осы  ерекшелік  пайданы  алуға  бағытталған 
соңғыларды  пайдаланудың  сипатына,  сондай-ақ  дара  кәсіпкердің  зияткерлік 
құқықтарын  осындай  пайдалануға  [86,  251  б.],  қорғау  мен  сақтауға  қызмет 
ететін құқықтық құралдарға із салады. Зияткерлік меншік саласындағы заңнама 
дара  кәсіпкерді  дербес  субъект  ретінде  бөліп  шығармайды,  біздің 
көзқарасымызша, мұның қажеті жоқ. Дара кәсіпкердің құқықтық мәртебесі, 1.1-
бөлімшеде айтылып өткендей, дербес бола тұра, жай (яғни дара кәсіпкер болып 
табылмайтын)  азаматтың  (АК  13-18-баптары  және  басқалары)  азаматтық-
құқықтық  мәртебесінен  туынды  болып  табылады,  оның  құқықтары  мен 
міндеттері  зияткерлік  қызметті  регламенттейтін  заңнамада  жазылған.  Оған 
қоса,  Азаматтық  кодекстің  азаматтың  құқықтық  қабілеті  мазмұнын 
айқындайтын  14-бабында  азаматтың  «өнертабыстарға,  ғылым,  әдебиет  және 
өнер  шығармаларына,  интеллектуалдық  қызметтiң  өзге  де  туындыларына 
интеллектуалдық меншiк құқығына ие болуы» мүмкін деп тура айтылған. 
Бұдан  әрі  ҚР  Азаматтық  кодексінің  19-бабы  3-тармағына  сүйенсек,  дара 
кәсіпкердің  құқықтық  мәртебесі,  дербес  болғанымен,  коммерциялық  ұйым 
болып  табылатын  заңды  тұлғаның  азаматтық-құқықтық  мәртебесінен 
туындайды.  Тиісінше,  зияткерлік  меншік  саласындағы  дара  кәсіпкердің,  егер 
қандай  да  заңнамалық  шектеулер  болмаса,  коммерциялық  ұйымның  секілді 
құқықтары  мен  міндеттері  бар.  Атап  айтқанда,  дара  кәсіпкерге  тиесілі 


119 
 
кәсіпорынның  фирмалық  атауы  болуы  мүмкін,  ол  тауарлық  белгілерді  және 
өзге дараландыру құралдарын пайдалануы мүмкін. 
С.М.  Григоренконың  пікірі  бойынша  азаматтың-кәсіпкердің  азаматтық-
құқықтық  мәртебесінің  екі  жақтылығы  дара  кәсіпкердің  зияткерлік  меншік 
объектілеріне  айрықша  құқығының  өзгешелігінде  байқалады.  Осы  құқықтар 
мүліктік,  сондай-ақ  жеке  мүліктік  емес  болуы  мүмкін.  Жеке  мүліктік  емес 
құқықтарға  (мысалы,  авторлық  құқығына)  иелену  мүмкіндігі  дара  кәсіпкердің 
құқықтық жағдайын заңды тұлғаның мәртебесінен ерекшелейді. Сонымен бірге 
дара  кәсіпкерге  кәсіпкер  ретінде  тіркелмеген  жеке  тұлғаларда  жоқ  зияткерлік 
қызметтің  нәтижелеріне  айрықша  құқықтар  тиесілі  болуы  мүмкін,  мысалы, 
тауарлық  белгіге  және  қызмет  көрсету  белгісіне  айрықша  құқық.  Осылайша, 
дара  кәсіпкердің  азаматтық-құқықтық  мәртебесіне  енгізілген  зияткерлік 
қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтардың көлемі заңды тұлғалар мен жай 
азаматтың  тиісті  құқықтарының  көлемімен  салыстырғанда,  айтарлықтай 
кеңірек болып табылады [26, 115-116 б.].  
Азаматтық  құқықтарды  қорғау  және  азаматтық  құқықтарды  сақтау  бұл 
әртүрлі ұғымдар. Азаматтық құқықтарды қорғау деп құқықтарды іске асырудың 
қалыпты  барысын  қамтамасыз  ететін  шаралар  жиынтығын  түсіну  азаматтық 
құқық ғылымында кеңірек таралған. Осы ұғымға құқықтық ғана емес, сондай-
ақ  экономикалық,  саяси,  ұйымдастырушылық  және  өзге  сипаттағы  шаралар 
жатады,  олар  субъективтік  құқықтарды  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  жағдайлар 
жасауға  бағытталған.  Осы  шаралардың  арасынан  азаматтық  қатынастарды 
олардың  қалыпты,  бұзылмаған  қалпында  қамтамасыз  ететін  шараларды, 
мысалы,  субъектілердің  азаматтық  құқық  қабілеттілігін,  әрекет  қабілеттілігін 
бекіту,  міндеттерді  белгілеу  және  т.б.,  сондай-ақ  бұзылған  немесе  дауланған 
құқықтар  мен  мүдделердің  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ететін  шараларды 
қамтитын қорғаныстың құқықтық шаралары ерекшеленеді [93, 15-17 б.].  
«Құқықтарды  қорғау»  санатын  бөліп  шығарған  және  құқықтар  бұзылған 
жағдайда  ғана  емес,  сондай-ақ  оларды  қалыпты  іске  асыру  барысында  да 
оларды қорғау қажеттігін таныған Т.Е. Абова, Ю.Г. Басин және А.Г. Диденко, 
А.П.  Сергеев  деген  мамандардың  пікіріне  қосылған  Т.Е.  Каудыровтың: 
«зияткерлік  меншік  құқықтарын  іске  асыру  және  сақтау  «құқықты  қорғау» 
ұғымымен  қамтылатын  кең  процесс  шеңберінде  болады»  деп  жазғаны  дұрыс 
деп ойлаймыз [94, 348 б.].  
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  авторларға  және  өзге  құқық 
иеленушілерге  зияткерлік  құқықтарды  қорғаудың  құқықтық  шаралары  мен 
оларды  сақтау  тәсілдерінің  өте  кең  спектрі  ұсынылған.  Сонымен  бірге 
зияткерлік  меншік  институты  әсіресе  посткеңестік  республикалар  үшін  жаңа 
құбылыс  болып  табылады,  себебі  бұрынғы  КСРО-ның  құқықтық  тұрмысында 
«зияткерлік  меншік»  терминін  қолдануға  тыйым  салынған  деуге  болады  [94, 
348 б.]. Одан басқа, зияткерлік меншік объектілерінің көптеген белгілері өзгеше 
және  азаматтық  құқықтың  дәстүрлі  объектілерінің  –  меншік  құқығы  мен  өзге 
заттай  құқықтардың  белгілерімен  бірдей  емес  екені  маңызды.  Осыған  орай, 
бүгінгі  күнде  зияткерлік  меншік  саласында  теориялық  және  тәжірибелік 
сипаттағы көп проблемалар туындайды. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау