124
және көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарды айқындауда
бірінші орынға шарт қойылды. Нормативтік-құқықтық тәртіпте сапаға
қойылатын талаптарды айқындау саласы күрт тарылды.
Өнім сапасының шарттық сипаты өнімнің сапасы шарттың маңызды
талаптарының болып табылатынында және шарттың еркіндігі қағидатынан
туындайтынында (АК 380-бабы).
Тараптар шарттың мәні болып табылатын өнімнің сапасы қандай болуы
керек екенін өздері айқындауға құқылы. Тек қана заңда айқындалған
жағдайларда сапа заңда айқындалған талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мысалы,
Азаматтық кодекстің 422-бабының 1-тармағына сәйкес, сатушы сатып алушыға
сапасы сатып алу-сату шартына сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi. Сонымен
бірге осы баптың 4-тармағында, егер сатылатын тауардың сапасына заңда
белгiленген тәртiпке сәйкес, мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сәйкес
келетiн тауар беруге мiндеттi.
Сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша, заңда көзделген
тәртіппен белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын
жоғары талаптарға сәйкес келетiн тауар берiлуi мүмкiн деп жазылған.
Жұмыстың сапасын реттейтін осындай қағидалар Азаматтық кодекстің
632-бабында қарастырылған. Бұл жерде шарттың ережелері негізге алынады, ал
мердігер рөлінде кәсіпкер болған және заңда, өзге құқықтық актілерде немесе
олар белгілеген тәртіпте орындалатын жұмыстың сапасына қойылатын ол үшін
міндетті талаптар көзделген жағдайлар ерекше болады.
Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға
қойылатын талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша
өзiне алуы мүмкiн.
Егер не нормативтік құқықтық актіде, не шартта сапа туралы ережелер
айқындалмаса, өнім, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер әдетте осындай
түрдегі өнімге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қойылатын
талаптарға сәйкес болуға тиіс және сатып алушы, тапсырыс беруші
даярлаушыға, сатушыға, орындаушыға хабарлаған мақсаттар үшін жарамды
болуға тиіс.
Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің талаптарын
айқындаған кезде шарт еркіндігінің қағидаты жеке және жария мүдделердің
қорғалуын, басты түрде тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз
ету мақсатында шектеулерге ұшырайды. Бұл шектеулер түрлі талаптар түрінде
өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше орын берілетін арнайы заңнамада
бекітілген. Бұл:
1. «Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы
4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
2. «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» 2004 жылғы
8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
3. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңы;
125
4. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы
Қазақстан Республикасының Заңы;
5. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Заңы.
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық тәсілдері жүйесінде, айтылып
өткендей, маңызды рөлді техникалық регламенттер және стандарттар,
өлшем бірлігі атқарады, себебі өндірілетін өнімнің, орындалатын
жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
ұстаудың әкімшілік және жеке (шарттық) құралдары жарасымды үйлескенде
ғана осылай болуы мүмкін.
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бұл дербес сонымен бірге өзара
байланысты санаттар екенін айта кету керек. Бұл жердегі өзара байланыс, атап
айтқанда, мыналарда байқалады. Өнімнің және процестердің сапасына, сондай-
ақ қауіпсіздігіне өнімді өндіру процесінде және оны тұтыну (нарықтағы
айналысы) процесінде қол жеткізіледі.
Өндіріс процесіндегі өнімнің сапасы мен оның қауіпсіздігі өндіріс
құралдарының сапасымен (К
1
), персоналдың сапасымен (К
2
) және процестерді
басқару сапасымен (К
3
) айқындалады.
Өндіріс құралдарының сапасын олардың қауіпсіздігі айқындайды,
персонал сапасы секілді жұмыстарды қауіпсіз орындаудың белгілі
кепілдіктерін береді, тиісінше өндіріс процесімен сапалы түрде басқару
адамның қауіпсіздігін айқындайды.
Тиісінше, сапалы (қауіпсіз) басқаруды, сапалы (қауіпсіз) персоналды және
сапалы (қауіпсіз) жабдықты қамтамасыз ету міндеті пайда болады. Осылайша,
өнімнің өндірісі процесінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
персоналдың сапасына, басқарудың сапасына, өндіріс құралдарының сапасына
қойылатын талаптарды белгілеу қажет. Дара кәсіпкердің рөлі ол өзінің
кәсіпкерлік қызметін қандай сегментте (өндірістік немесе айналыс саласында)
жүзеге асыратынына байланысты өнім өндірісінің, сонымен қатар нарықтағы
айналысының процесінде барлық аталған элементтерді қамтамасыз ету
бойынша міндетті болуында.
Ұзақ уақыт бойы әдебиетте және құқық қолдану тәжірибесінде өнімнің
сапасына көңіл көп бөлініп, оның қауіпсіздігіне аз бөлінді. Өнімнің қауіпсіздігі
бүгінгі күнде барлық қоғамдарда басым міндетке айналғаны мәлім, бұл өз
кезегінде, оны қамтамасыз етудің жария-құқықтық сипатын бірінші орынға
қояды. Сондықтан Техникалық реттеу туралы заңда техникалық реттеудің
мемлекеттік жүйесінің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасында өнімнің,
процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады деп тікелей айтылған
мән-жай толығымен түсінікті. Басқаша айтқанда, кәсіпкерлік саласындағы
өнімнің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заңды негізі
«Техникалық реттеу туралы» заң болып табылады.
Техникалық реттеу туралы заңда мынадай ұғымдар берілген: Стандарттау -
нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ,
бірнеше рет және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге,
Достарыңызбен бөлісу: |