Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет61/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68

126 
 
көрсетiлетiн  қызметке  және  процестерге  қойылатын  талаптарды  ретке 
келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет.  
Сертификаттау  – сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн 
қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм.  
Техникалық  реттеу  –  санитарлық  және  фитосанитарлық  шараларды 
қоспағанда,  сәйкестiктi  растау,  аккредиттеу  және  белгiленген  талаптардың 
сақталуын  мемлекеттiк  бақылау  жөнiндегi  қызметтi  қоса  алғанда,  өнiмге, 
көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды 
анықтауға,  белгiлеуге,  қолдануға  және  орындауға  байланысты  қатынастарды 
құқықтық және нормативтiк реттеу. 
Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары: 
1) мiндеттi регламенттеу саласында: 
-  өнiмнiң,  процестердiң  адам  өмiрi  мен  денсаулығы  және  қоршаған  орта, 
оның iшiнде  жануарлар  мен өсiмдiктер  дүниесi  үшiн  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз 
ету; 
- ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 
-  өнiмнiң,  көрсетiлетiн  қызметтiң  қауiпсiздiгiне  және  сапасына  қатысты 
тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу; 
- саудадағы техникалық кедергiлердi жою. 
2) стандарттау саласында: 
- отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру; 
- табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады. 
Егер  өнім,  көрсетілетін  қызмет,  процестер  техникалық  реттеу  объектілері 
болып  табылса,  техникалық  реттеу  субъектілері  деп  Заңда  мемлекеттік 
органдарды,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қызметін 
жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектілеріне қатысты ҚР азаматтық 
заңнамасына сәйкес пайдалану құқығы бар жеке және заңды тұлғалар аталған. 
Тиісінше,  дара  кәсіпкер  техникалық  реттеу  субъектісі  ретінде  техникалық 
реттеу  саласындағы  нормалардан  туындайтын  барлық  талаптарды  сақтауға 
тиіс.  Атап  айтқанда,  Техникалық  реттеу  туралы  заңның  14-бабында  сәйкестiгi 
мiндеттi  расталуға  жататын  өнiмдi  өткiзетiн  жеке  және  заңды  тұлғалар  осы 
Заңға  сәйкес  оның  техникалық  регламенттерде  белгіленген  талаптарға 
сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi деп тікелей айтылған. 
Техникалық 
регламенттердің 
мазмұнына, 
стандарттауға 
және 
сертификататуға  қойылатын  талаптар  Техникалық  реттеу  туралы  заңда  толық 
жазылған.  Сонымен  бірге,  техникалық  регламент  пен  техникалық  реттеудің 
маңызы  үнемі  қозғалыста  болуда.  Бұл  жерде  аса  маңызды  ретінде  Кеден 
Одағының техникалық регламенттерін атап кету қажет.  
Мәлім  болғандай,  2010  жылғы  18  қарашада  үш  елдің  өкілдері  Кеден 
Одағының  аумағында  бірлескен  техникалық  реттеу  туралы  келісімге  қол 
қойды. Іс жүзінде Белоруссия, Қазақстан, Ресей техникалық реттеудің бірыңғай 
жүйесін  құруға  көшті.  Бұрын  Ресейдегі  сияқты  Қазақстанда,  егер  жаңа 
техникалық  регламент  енгізілсе,  осы  құжаттың  әрекеті  қолданылатын 
шығарылатын  өнімге  қойылатын  міндетті  талаптар  тұжырымдалып, 
белгіленетін  еді.  Кеден  Одағының  бірлескен  техникалық  реттеу  туралы 


127 
 
келісімді  қабылдауымен  осы  ұлттық  органдардың  техникалық  регламенттерді 
қабылдау  бойынша  өкілеттіктері  Кеден  Одағының  Еуразиялық  экономикалық 
Комиссиясына  берілді.  Осы  Комиссия  техникалық  реттеу  саласындағы  үш 
елдің әрекетін үйлестіретін болды [105]. 
Қолданысқа  енген  кезде  қызметтің  сол  саласын  қамтитын  ұлттық 
техникалық регламенттер жұмыс істеуді тоқтататын нормаларды Кеден Одағы 
техникалық  регламенті  белгілейді.  Техникалық  реттеудің  бірыңғай  жүйесі 
ұлттық  деңгейден  жоғары  нормалар,  яғни  Кеден  одағының  нормалары  жұмыс 
істей бастаған кезде қалыптасуға тиіс болады.  
Кеден  одағының  техникалық  регламенті  осы  құжат  қамтитын  өнімге 
қойылатын міндетті талаптарды белгілейді. Талаптар тізбесі ең аз болады және 
ең  алдымен,  адамдар  мен  қоршаған  ортаның  қауіпсіздігіне  қолданылатын 
болады.  КО  экономикалық  Комиссиясы  бекіткен  кез  келген  техникалық 
регламенттің түрлі климаттық және географиялық сипаттамалары бар үш елдің 
аумағында тікелей қолдануға міндетті болады. 
Кез келген техникалық регламентті қабылдау үшін әрбір мемлекеттен осы 
жұмысты орындауға өкілеттік берілген министрлік тағайындалды. Техникалық 
регламенттің  жобасын  жалпы  талқылауға  ұсынбас  бұрын,  ұлттық 
министрліктердің басшылары басқаратын халықаралық келіссөздер жүргізіледі. 
Бірлескен  шешім  қабылданғаннан  кейін  көпшілікпен  талқылау  және  бизнесті 
келісу кезеңі басталады. 
Кеден 
одағы 
шеңберінде 
міндетті 
талаптар 
қойылатын 
тауарлардың/өнімдердің  Бірыңғай  тізілімі  Кеден  одағының  Еуразиялық 
экономикалық  комиссиясының  2011  жылғы  28  қаңтарында  №  526  шешімімен 
бекітілген.  Онда  әлеуетті  қауіпті  өнімдердің  тізілімі  бекітілген.  Бұл  өнімдер 
үшін  техникалық  регламенттер  сәйкестігін  бағалау  процедураларын,  оның 
қауіпсіз екендігін дәлелдеу нысандарын, жолдарын бекітеді.  
Кеден  одағына  қажетті  техникалық  регламенттердің  тізбесін  айқындау 
үшін  қауіп  әлеуеті  бар  өнімнің  тізімі  қалыптастырылды.  Техникалық 
регламентте  осы  өнім  үшін,  өнімнің  өзіне  қойылатын  талаптардан  басқа, 
сәйкестікті бағалау рәсімдері, оның қауіпсіздігін растау нысандары, схемалары 
белгіленеді. 
Осы  немесе  өзге  өнімнің  қауіпсіздігін  реттеуге  бағытталған  техникалық 
регламент қолданыстағы стандарттарға, Кеден Одағының Комиссиясы бекіткен 
және  үш  елдің  аумағында  2010  жылғы  1  шілдеден  бастап  қолданыстағы 
Санитарлық  қауіпсіздіктің  бірыңғай  талаптарына  жүгінеді.  Жаңа  техникалық 
регламентті  әзірлеу  кезінде  үздік  ұлттық  техникалық  регламенттер  мен 
халықаралық нормалар негізге алынатын болады [106]. 
Жоғарыда  аталып  өткендей,  өнімнің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ету тәсілдерінің бірі  тауардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің тиісті 
сапасының  болмауы,  сондай-ақ  олардың  кемшілігінен  келтірілген  зиян 
үшін  кәсіпкерлік  қатынас  қатысушыларының  заңдық  жауапкершілігі  болып 
табылады.  Тиісінше,  егер  дара  кәсіпкер  өзіне  алған  шарттық  міндеттемелерді 
орындамаған  не  оның  әрекеті  нәтижесінде  құқық  қорғайтын  құндылықтарға 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау