120
Жоғарыда айтылып өткендей, зияткерлік меншік саласындағы дара
кәсіпкердің құқықтары мен міндеттері ерекше қойылмағандықтан, зияткерлік
меншік саласындағы барлық проблемалар дара кәсіпкердің зияткерлік
қызметіне де қатысты. Сондықтан дара кәсіпкердің зияткерлік құқықтарын
қорғау мен сақтаудың проблемаларын және оларды шешу тәсілдерін жалпы
зияткерлік меншік туралы заңнаманы жетілдірумен байланыстыру қажет.
Бүгінгі таңда осы проблеманы құқықтық ғылымның [95, 411-597 б., 96, 264 б.,
97, 361-371 б., 98, 400 б.], сондай-ақ білімнің басқа салаларының [99, 336 б.,
100, 352 б., 101, 280 б.] зерттеуіне көп көңіл бөлінетінін ескертеміз.
Осылайша, дара кәсіпкердің зияткерлік құқықтарын қорғау бұл оның
инновациялық кәсіпкерлік саласындағы зияткерлік меншік объектілерін жасауы
мен пайдалануы бойынша қалыпты қызметті қамтамасыз етуге бағытталған
шаралар. Бұл шаралар оның бұзылған немесе дауланған зияткерлік құқықтары
мен мүдделерін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шараларды да қамтиды.
Дара кәсіпкердің зияткерлік құқықтарын сақтаудың өзі маңызды болып
табылады және зияткерлік құқықтарды қорғаудың аталған құқықтық
шараларының бөлігін ғана – инновациялық кәсіпкерлік саласындағы бұзылған
немесе дауланған құқықтар мен мүдделерді қалпына келтіруді қамтиды.
Дара кәсіпкердің қызметін ынталандыру, біздің көзқарасымыз бойынша,
тағы да бір маңызды құқықтық әдісі (құралы) ретінде заңды тұлғаны құрусыз
дара кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуды қалаған азаматты
мемлекеттік тіркеудің жеңілдетілген тәртібі болып табылады. Дара
кәсіпкерді тіркеудің жеңілдетілген тәртібі оның ынтасы үшін қаншалықты
маңызды болса, соншалықты осы мемлекеттік тіркеу ұзақ уақыт бойы
проблемалы болды. Сондықтан осы мәселелер дара кәсіпкердің және жалпы
дара кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесіне арналған көптеген ғылыми
зерттеулерде көрінісін тапты (1.3.бөлімшесінде қарастырылған) [102, 109-128
б., 103, 83-101 б., 104, 72-87 б.].
Сонымен, қазіргі кезеңде дара кәсіпкерліктің белгілі өзгешелігін
ынталандыру – инновациялық аядағы оның қызметі үшін жағдайлар жасау,
оның мүліктік қана емес, сонымен қатар оның зияткерлік құқықтарын тиісінше
қорғау мен сақтау, шағын және орта кәсіпкерлік шеңберінде оның кәсіпкерлік
қызметін жедел ашуы мен жабуы (тіркеу және тіркеуден шығу) мүмкіндігі
болып табылады.
3.3 Дара кәсіпкердің өнімнің сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бойынша міндеттері және оның жауапкершілігі
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі кәсіпкерлік
қызмет ұғымының өзінен туындайды, себебі Азаматтық кодекстің 10-бабынан
туындағандай, таза табысты алу процесінің өзі тауарларға (жұмысқа,
қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы ғана мүмкін. Бәсеке
жағдайларында, бәрінен бұрын, кәсіпкер қауіпсіз және сапалы өнімнің
(тауардың,
жұмыстардың,
көрсетілетін
қызметтердің)
өндірілуіне
(ұсынылуына) мүдделі, себебі егер олай болмаса, оның өнімі тұтынушы үшін
қажетті болмайды, кәсіпкер үшін бұл күйреу дегенді білдіреді. Басқа жағынан,
121
көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейтін өнім тұтынушылардың
құқықтарын бұзады, олардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне зиян келтіреді
және т.б. Осы жағдайларда, дара кәсіпкер шығаратын өнімнің сапасы мен
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бұл, бір жағынан, оның қызметінің табысты
болуының кепілі, екінші жағынан, оның Заңнан туындайтын міндеті және оны
орындамау заңды жауапкершілікке әкеледі.
Оқу әдебиетінде қазіргі заманғы өндіріс бұл жоғары сапалы өнімді өндіру
деп дұрыс айтылған. Тұтынушы, көбінесе, бағаға қарағанда сапаға көп көңіл
бөледі, себебі жоғары сапа пайдалануға, жөндеуге шығысты төмендететінін
және оның мұқтаждықтарын одан әрі толық қанағаттандыратынын түсінеді [9,
204 б.]. Өнімнің сапасын арттыру бойынша жұмыстарға жұмсалатын
шығынның маңызды үлес салмағы бар және олар үнемі өседі.
Сапаны арттыру бұл кәсіпорын үшін көп еңбекті қажет ететін жұмыс,
себебі қызметтің барлық бағыттарын қозғайды. Сонымен қатар өнімнің сапасы,
ақыр соңында, сатылым өсімін қамтамасыз етеді, шығындарды төмендетеді,
пайданы арттырады. Сондықтан көптеген дамыған елдердің кәсіпорындары
(фирмалары) өз қызметін бағаға емес, өнімнің сапасына негіздеп
қалыптастырады. Алайда Қазақстандағы және посткеңестік республикалардағы
өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, біздің кәсіпкеріміз осы нарықтық
заңдарды жиі елемей, сапасыз және қауіпті өнімді шығаратынын көрсетті.
Осындай мысалдар баршылық.
Басқа тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) беруші секілді кәсіпкердің
мінез-құлықы дұрыс, бұл мінез-құлық кейде өзінің басты мақсатына – пайда
алуға кез келген жолдармен қол жеткізу ынтасымен тудырылған
оппортунистікке ауысады. Өз кезегінде, көптеген тұтынушылар ретінде жай
азаматтар, жергілікті адам болады. Олар құқықтың барлық егжей-тегжейін
білуге міндетті емес. Сондықтан құқық міндеттерінің бірі кәсіпкер шығаратын
(ұсынатын) тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Одан
басқа, дара кәсіпкердің өнімнің (тауардың, жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, оларды сақтамау үшін
оның заңи жауапкершілігі белгіленген кәсіпкердің құқықтық мәртебесінің
ажырамас элементі болып табылады.
Өнім ретінде еңбектің, еңбек мәндерінің, еңбек құралдарының,
технологиялардың, жалпы өндірістік саланың сапасы салынған. Сондықтан
құқық жария және жеке құқық арқылы, императивтік және диспозитивтік
нормалар арқылы осы барлық салалардағы қатынастарды реттеуге тиіс.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда мынадай ұғымдар
берілген:
«Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы – тауардың
(жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру
қабілетіне жататын сипаттамаларының жиынтығы. Бұл ретте сапаның
құқықтық санаты өнім, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер қасиеттерінің
шартқа, ал заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік стандарттармен
белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігінің дәрежесін білдіреді».
Достарыңызбен бөлісу: |