Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет62/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68

128 
 
зиян  келтірілген  болса,  ол  азаматтық-құқықтық  (мүліктік)  және/немесе  өзге 
(әкімшілік немесе қылмыстық) жауапкершілікке тартылады.  
Дара  кәсіпкердің  азаматтық-құқықтық  жауапкершілігі  де,  жалпы  оның 
құқықтық мәртебесі де мынадай ережелерге негізделген: 
1) 
егер  заңнамада  немесе  құқық  қатынастарының  мәнінде  өзге 
көрсетілмесе,  азаматтардың  заңды  тұлға  құрмастан  жүзеге  асырылатын 
кәсіпкерлік  қызметке  тиісінше  коммерциялық  ұйым  болып  табылатын  заңды 
тұлғалардың 
қызметін 
реттейтін 
Азаматтық 
Кодекстің 
қағидалары 
қолданылады  (АК  19-бабы  3-тармағы).  Бұдан  дара  кәсіпкердің  кәсіпкерлік 
қызметінің  түрі  мен  нысанына  қарай  оның  мүліктік  жауапкершілігін  арнайы 
регламенттейтін  жағдайларды  қоспағанда,  оның  мүліктік  жауапкершілігі  АК 
және  өзге  де  азаматтық-құқықтық  жауапкершілік  туралы  азаматтық 
заңнаманың жалпы ережелеріне негізделгені шығады;  
2) 
ҚР  заңдарына  сәйкес  өндіріп  алынбайтын  мүлікті  қоспағанда,  дара 
кәсіпкерлер  барлық  мүлкімен  өзінің  міндеттемелері  үшін  жауапты  болады. 
Өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде жеке тұлға меншік құқығында оған 
тиесілі барлық мүлкімен, оның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі 
үлесімен  жауапты  болады.  Жеке  тұлға  жеке  кәсiпкерлiктi  жүзеге  асыру  үшiн 
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, оның борыштары 
бойынша өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне де қолданыла алады. 
Жеке  кәсiпкер  болып  табылмайтын  ерлі-зайыптылардың  әрқайсысының  мүлкi 
өзiндiк  кәсiпкерлiктi  жүзеге  асыратын  жұбайының  бiреуiнiң  борыштары 
бойынша  өндiрiп  алуды  қолдану  нысанасы  бола  алмайды.  Ерлi-зайыптылар 
кәсiпкерлiгiн  жүзеге  асырған  кезде  ерлi-зайыптылардың  кәсiпкерлiктi  жүзеге 
асыруға  байланысты  борыштары  бойынша  өндiрiп  алу  олардың  қайсысының 
iскерлiк  айналымда  әрекет  ететiнiне  қарамастан,  ерлi-зайыптылардың  ортақ 
мүлкiне қолданыла алады. (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 7-бабының 7) ,8), 
9) тармақшалары).  
Көрсетілген ережелер, егер заңда немесе шертта өзге көзделмесе, АК 359-
бабына  сәйкес  кәсiпкерлiк  қызметтi  жүзеге  асырған  кезде  мiндеттеменi 
орындамаған  немесе  тиiстi  дәрежеде  орындамаған  адам,  егер  бой  бермейтiн 
күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-
жайлардың  салдарынан  тиiстi  дәрежеде  орындауға  мүмкiндiк  болмағандығын 
дәлелдей  алмаса,  жауапты  болатындығы  көрінеді.  Борышкердің  контрагенттің 
міндеттерін  бұзуы,  рынокта  қажетті  тауарлардың  болмауы,  борышкердің 
ақшалай қаражатының болмауы бой бермейтін күш болып танылмайды.  
Бұл ретте дара кәсіпкер тек өз әрекеттеріне ғана емес, оның атынан жүзеге 
асырылатын басқа адамдардың (мысалы, жалдамалы жұмыскерлердің) қызметі 
үшін  де  жауапты  болады.  Сондықтан,  атап  айтқанда,  дара  кәсіпкерге  тиесілі 
тауарды  сатуды  уәкілетті  емес  адам  жүзеге  асырса,  ол  кәсіпкерді 
жауапкершіліктен  босатуға  негіз  бола  алмайды,  өйткені,  кәсіпкердің  сауда 
орнында  жасалатын  барлық  сауда  операцияларын  оның  атынан  жүзеге 
асырылған деп қарастыру қажет.  
Мынадай мүлік түрлерінен борышты өндіріп алу мүмкін емес:  


129 
 
-  аса  құнды  бұйымдар  мен  басқа  да  салтанатқа  арналған  заттарды 
қоспағанда, қарапайым үй және тұрмыс заттары, жеке пайдалану заттары (киім, 
аяқ киім және басқасы); 
 -  құны  федералдық  заңда  белгіленген  еңбек  ақының  ең  төмен  жүз 
мөлшерінен аспайтын заттарды қоспағанда, азаматтың кәсіптік ісі үшін қажетті 
мүлік;  
 -  азаматтың,  борышкердің,  оның  асырауындағы  адамдардың  ең  төменгі 
күнкөріс  деңгейінің  белгіленген  үш  еселенген  мөлшерінен  кем  болмайтын,  ал 
оның  жұмысқа  жарамсыздығы  жағдайында  –  көрсетілген  адамдардың 
әрқайсысына  алты  еселенген  мөлшеріндегі  жалпы  сомаға  тамақ  өнімдері  мен 
ақша;  
- көлік құралы және мүгедектігіне байланысты борышкер азаматқа қажетті 
басқа мүлік;  
-  борышкер  азамат  марапатталған  сыйлықтар,  мемлекеттік  наградалар, 
құрметті және естелік белгілер [35]. 
Дара  кәсіпкердің  мүліктік  жауапкершілігінің  ерекшеліктері  сондай-ақ 
ортақ меншік режимімен байланысты.  
Міндеттемелер  бойынша  өндіріп  алу  дара  кәсіпкердің  ортақ  мүліктегі 
үлесіне оның өз мүлкінің жетіспеушілігінен ғана қолданылуы мүмкін.  
НОтК 44-бабында ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша 
тек  сол  жұбайының  мүлкi  ғана  өндiрiп  алынатыны  белгіленген.  Бұл  мүлiк 
жеткiлiксiз  болған  кезде  кредит  берушi  өндiрiп  алу  үшiн  ерлi-зайыптылардың 
ортақ  мүлкiн  бөлу  кезiнде  борышкер  жұбайға  тиесiлi  болатын  борышкер 
жұбайдың үлесiн бөліп беруді талап етуге құқылы.  
Егер  сот  ерлi-зайыптылардың  бiреуiнiң  мiндеттемелерi  бойынша 
алынғандардың  бәрi  отбасының  мұқтажына  пайдаланылғанын  анықтаса, 
өндiрiп  алу  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мiндеттемелерi  бойынша,  сондай-ақ 
ерлi-зайыптылардың  бiреуiнiң  мiндеттемелерi  бойынша  ерлi-зайыптылардың 
ортақ  мүлкi  өндіріп  алынады.  Бұл  мүлiк  жеткiлiксiз  болған  кезде  ерлi-
зайыптылар  көрсетілген  мiндеттемелері  бойынша  өздерiнiң  әрқайсысының 
мүлкiмен ортақ жауапкершілікте болады.  
Егер  соттың  үкiмiмен  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкi  ерлi-
зайыптылардың  бiреуi  қылмыстық  жолмен  алған  қаражат  есебiнен  сатып 
алынғаны  немесе  көбейтiлгенi  анықталса,  тиiсiнше  ерлi-зайыптылардың  ортақ 
мүлкi немесе оның бiр бөлiгi өндіріп алынады.  
Кәсіпкердің  шығаратын  барлық  өнімі  сапа  және  тұтынушылар  мен 
айналадағылар  үшін  қауіпсіздігі  бойынша  оларға  қойылатын  талаптарға  қатаң 
сәйкес  болуға  тиіс.  Мысалы,  ҚР  аумағына  жеке  және  заңды  тұлғалардың 
шығаратын,  әкелетін  және  сататын  тамақ  өнімі  стандарттау,  санитарлық, 
ветеринарлық-санитарлық,  фитосанитарлық  нормалар  мен қағидалар  бойынша 
нормативтік  құжаттармен,  сондай-ақ  басқа  техникалық  регламенттермен 
қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс. 
Дара  кәсіпкердің  жауапкершілігі  құрылымында  ерекше  орын  сапасыз 
өнім  не  тауар,  жұмыстар  мен  қызметтердің  конструкциялық, 
рецептуралық  немесе  өзге  де  кемшіліктері  салдарынан  келтірілген  зиян 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау