116
туғызбайды. Сондықтан Ғылым туралы заңда және Білімді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында ғылым мен білімнің, ғылым мен тәжірибенің,
білім мен тәжірибенің ықпалдасуы орталық орын алатыны толығымен орынды.
Қазіргі кезеңдегі инновация жаңа тауарлар мен қызметтерге, өндірістің
әдістеріне, шикізат көздеріне және технологияларға жол ашатын өндірістік
және зияткерлік ресурстардың үйлесуін білдіреді. Өз кезегінде, жаңа өнім мен
технологиялар зияткерлік меншік алуан түрлі мәмілелер мен қатынастардың
объектісі ретінде болатын жаңа нарықтардың қалыптасуына және олардың
дамуына әкеледі [92, 5 б.]. Осы жағдайларда азаматтық заңнаманың маңызды
міндеті кәсіпкерліктің субъектілері мен инновациялық қызметтің субъектілері
үшін бірқатар жағдайларда ұқсас болатын бірдей мүмкіндіктер туғызу, бәрінен
бұрын зияткерлік құрамдас бөліктің негізінде инновациялық дамуға және
экономиканың тиімділігін едәуір арттыруға олардың ынталарын қалыптастыру
болып табылады.
Айтылып өткендей, кәсіпкерлік инновациялық қызмет ретінде екі
жағдайда: а) инновациялық өнімді (тауарларды, технологияларды, процестерді)
жасау бойынша шығармашылық ғылыми-техникалық қызметтің өзі кәсіпкерлік
қызмет болғанда; және б) кәсіпкер пайданы алу мақсатында инновациялық
(зияткерлік) қызметтің (кәсіпкерлік қызмет процесінде, сондай-ақ одан тыс)
жасалған нәтижелерін пайдаланғанда қаралуы мүмкін.
Қазақстанның инновациялық қызметі үшін екі түрдің де маңызы бар, егер
қисынға сүйенсек, біріншісі болмай, екіншісі болмайды, екіншісі болмаса,
біріншісі мәнсіз болып, ол ешкімге керексіз болып қалады. Сондықтан
инновациялық кәсіпкерліктің екі қаралып жатқан түрі де үйлесімді дамуы тиіс.
Сонымен бірге олардың мазмұны бір-бірінен едәуір ерекшеленеді. Осыған орай
инновациялық өнімді (тауарларды, технологияларды, процестерді) жасау
бойынша шығармашылық ғылыми-техникалық қызметтің, осы түрдегі
инновациялық
кәсіпкерлік
субъектілерінің
құқықтық
мәртебесінің
ерекшеліктерін белгілеу қажет. Кәсіпкерлік саласындағы инновациялық өнімді
жасау бойынша шығармашылық ғылыми-техникалық қызмет, көбінде, сол
зияткерлік қызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік жаңа білімді талап ететін келешектің көрінісімен тығыз
байланысты. Ал білім болса, білім беру арқылы тиімдірек беріледі, оның қазіргі
заманғы жүйесі оғаштыққа толы. Посткеңестік республикалар үшін осы
оғаштықтардың басты белгісі білім берудің тәжірибемен байланыссыздығы
болып табылады. Ғылым туралы да осылай айтуға болады. Бұл жердегі
оғаштық, біріншіден, білімнің үлкен көлемін игеру бәсекелес басымдық болып
табылмайды, себебі білім жылдам ескіреді, ақпарат бұрынғыдағыдай емес,
қолжетімді болуда. Осының салдарынан дара бәсекелес басымдықтардың
негізгі көзі жаңа білімді туғызу қабілеттілігі болып табылады, ол зияткерлік
кәсіпкерліктің негізін құрайды. Екіншіден, білімнің маңызды бөлігін
субъектіден бөлуге, оларды жеке адамнан немесе адамдар тобынан, олардың
стратегиялық ниеттері мен еріктерінен тәуелсіз етуге болмайды. Осы
ерекшеліктер ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және технологиялық
жұмыстар саласындағы дара кәсіпкерліктің өзгешелігін айқындайды.
117
Бүгінгі күнде Қазақстанға ең алдымен дәл осындай кәсіпкерлер қажет.
Егер индустриялық экономикада еңбек өндіріс факторларының бірі ғана болса
және компания қызметкерге дегеннен гөрі, қызметкер компанияға мүдделі
болса, зияткерлік кәсіпкерліктегі жағдай өзгеше. Бүгінде компания, мемлекет
өздеріндегі қызметкеріне қарағанда зияткерлік әлеуеті және терең білімі бар
қызметкерлерге мүдделі. Өкінішке орай, бұл қоғамда және билік жасайтын
тұлғалар деңгейінде аксиомаға айналған жоқ.
Осылайша, мыналарды бөліп шығару қажет: а) құқықтық мәртебесі
шаруашылық қызметтің белгілі саласын, ғылыми зерттеулердің әдіснамасын
білуін, тәжірибелер өткізуді қамтуға тиіс дара кәсіпкерліктің субъектісі, мұнда
инновациялық өнімді (тауарларды, технологияларды, процестерді) жасау
бойынша шығармашылық ғылыми-техникалық қызметтің өзі кәсіпкерлік
қызмет болып табылады; және б) құқықтық мәртебесі оның құқықтары мен
міндеттерін қамтуға тиіс дара кәсіпкерліктің субъектісі, мұнда кәсіпкер
пайданы алу мақсатында инновациялық (зияткерлік) қызметтің (кәсіпкерлік
қызмет процесінде, сондай-ақ одан тыс) жасалған нәтижелерін пайдаланады.
Дара кәсіпкер үшін инновациялық кәсіпкерліктің осы түріндегі басқа
маңызды элемент «зияткерлік меншік» ұғымымен қамтылатын оның
шығармашылық зияткерлік қызметінің нәтижелерін құқықтық қорғау
мен сақтау болып табылады. Авторлық құқықтардың жаңа объектілерінің,
зияткерлік қызметтің басқа салалары объектілерінің, оларды пайдаланудың
жаңа тәсілдерінің үнемі пайда болуының қазіргі кезеңінде дара кәсіпкердің
зияткерлік құқықтарын қорғау мен сақтау – дара кәсіпкердің құқықтық
мәртебесінің ажырамас элементі болып табылатын дара кәсіпкердің белгіленген
құқықтарының маңызды кепілдігі. Оның үстіне, Азаматтық құқықтың кодекстің
115-бабында шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған
нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды
дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк игіліктер мен құқықтарға, ал есiм
алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы – жеке
мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жатқызылған. Ал субъективтік
құқықтар, міндеттер секілді, жоғарыда айтылып өткендей, дара кәсіпкердің
құқықтық мәртебесін сипаттайтын негізгі элементтер.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 4-бабы 1-тармағында жеке кәсiпкерлiктi
мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы
жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың
құқықтарын қорғау болып табылады деп жазылған. Тиісінше, дара
кәсіпкерліктің негізгі түрлерінің бірі ретіндегі зияткерлік қызметті мемлекеттік
қолдау, бір жағынан, кәсіпкерді зияткерлік кәсіпкерлікке ынталандыруға,
екінші жағынан оның зияткерлік құқықтарының тиімді қорғалуын қамтамасыз
етуге тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында «зияткерлік
құқықтар» термині қолданылмайтынын ескертеміз. Осы екі арада, бұл
«зияткерлік меншік» институтын түсіну және инновациялық кәсіпкерліктің
зияткерлік ресурстық құрамдас бөлігін және жалпы қазіргі заманғы
экономиканы арттырудың қазіргі кезеңінде дамуы үшін тұжырымдамалық мәні
Достарыңызбен бөлісу: |