92
мүдделерін, сондай-ақ жекелеген ұйымдар мен азаматтардың мүдделерін
қанағаттандыруды құқықтық қамтамасыз ету проблемасымен, екінші жағынан,
азаматтар мен олардың ұжымдарының жеке мүдделерін қоғамның
мүдделерімен дұрыс үйлестіруді қамтамасыз ету проблемасымен ажырамастай
байланысты екенімен түсіндіріледі [60, 234 б.].
Әдебиеттегі мүдденің құқықтық табиғаты бойынша пікірлерді талдай
отырып, В.П. Грибанов осы мәселе бойынша үш көзқарасты бөліп шығарды.
Көбінде психологтар ұстанатын бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдде адамның сол
не өзге білімді алуға, сол не өзге қызметті орындауға таңдаулы, мақсатқа
бағытталған бағдары ретінде жеке тұлғаның объектілерге және құбылыстарға
деген белгілі қатынасын білдіреді. Екінші көзқарасты қолдаушылар мүдде
заттың болмысымен байланысты объективтік құбылыс және сана мен ерікке
тірелмейді деп ойлайды [60, 235 б.]. Осы көзқарасты қазақстандық ғалымдар
М.Т. Баймаханов [57], Б.В. Покровский [58, 349, 355 б.], С. Сәбикенов [59, 13-
14 б.] те қолдайды.
Мүдденің
объективтік
және
субъективтік
теорияларының
артықшылықтары мен кемшіліктерін атай отырып, В.П. Грибанов үшінші
көзқарасты таңдайды, ол бойынша мүдде объективтік және субъективтік
тұстарды қамтиды (үйлестіреді) [60, 235-237 б.]. Біздің көзқарасымыз бойынша
да, бұл көзқарас барынша орынды. Бұл ретте автор мүддені мұқтаждықтармен
бір тұрғыдан қарамауды ұсынады: «Мұқтаждық бұл әрқашан қоғамның
материалдық өмірімен шарттасқан әйгілі объективтік қажеттілік. Ал мүдде
бейнеленген мұқтаждық, адамдардың санасы арқылы өткен және саналы
ниетінің нысанына айналған қажеттілік». Басқаша айтқанда, мұқтаждық
мүдденің мазмұнын құрайды деп жазды В.П. Грибанов [60, 239 б.].
Жоғарыда баяндалған бұл жақын және бір-бірімен өзара байланысты
санаттар деп айтуға мүмкіндік береді. Олар бір-бірін өзара толықтырады. Дара
кәсіпкер, тұтынушы, қоғам мен мемлекет – бұл қатысушылар (субъектілер),
оларға белгілі мұқтаждықтар мен мүдде толық көлемде тән, сондай-ақ олар да
белгілі игіліктерге иелене алады және олардың иеленуге ниеттері бар, дәл осы
санаттар арқылы азаматтық айналымның аталған субъектілерінің қызметі
негізделіп, қамтамасыз етіледі.
Азаматтық кодекстің 115-бабы 1-тармағында азаматтық құқықтардың
объектілері ретінде құқықтармен қатар игіліктер (мүліктік және жеке мүліктік
емес) көрсетілген. Азаматтық кодекстің 115-бабының 2 және 3-тармақтарында
мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың заттық ұғымы
ашылған.
Азаматтық кодексте «игіліктер» мен «құқықтар» терминдері, пайдаланыла
отырып, олардың жақындығына қарамастан, олар ұқсас
емес және мазмұны бір-
бірінен ерекшеленеді дегенге сүйенеді. Тәжікстанның Азаматтық кодексінде де
осы екі санатты пайдалану байқалады. Ресей Федерациясының Азаматтық
кодексінде азаматтық құқықтардың объектісі ретінде мүліктік және мүліктік
емес құқықтар материалдық және материалдық емес игіліктердің түрі ретінде
ғана қолданылған. ТМД-ның қалған республикаларының азаматтық
заңнамасында «игіліктер» термині ғана пайдаланылған [73, 40 б.].
93
«Игіліктер» мен «құқықтар» санаттарын көп мағынада түсіндіру және
олардың аражігін айыру бойынша даулар азаматтық құқықтың теориясында
байқалады. Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы заң ғылымында күрделі
және даулы ұғымдарының бірі деп айтатын заңгерлердің көзқарасы дұрыс.
Жоғарыда жазылып өткендей, игілік – бұл «жетістік, амандық,
мұқтаждықты қанағаттандырады» [61, 46 б.]. Осындай анықтама заң
әдебиетінде де берілген: «Игіліктер – адамдардың сол не өзге мұқтаждықтарын
қанағаттандыра алатын құбылыстар» [62, 27 б.]. Бұл ретте осы санатты
(игілікті) субъективті құқықтан айырудың көптеген критерийлері бар.
М.К. Сүлейменовтің пікірі бойынша, осындай бөлуді игілікті өзінің және
бөтен деп бөлудің негізінде жүргізу қажет. «Азаматтық құқықтар объектілерін
игіліктер мен құқықтар деп бөлу игіліктерді өзінің және
бөтен игілігі деп бөлуді
білдіреді. Өз игіліктер Азаматтық кодексте «игіліктер» деп, бөтен игіліктер –
«құқықтар» (бөтен игілікке құқық) деп белгіленген. Әрине, өз игіліктерге де
құқық бар (атап айтқанда, затқа меншік құқығы, зияткерлік меншік объектісіне
айрықша құқық), бірақ бұл құқық игіліктің өзімен ажырамастай байланыста
және онысыз болуы мүмкін емес. Құқығы бар объектіге қатысты өзінің игілігі
мен оған құқық бірге болады және ажырамайды (сондықтан жай ғана игілік
туралы айтуға болады), бөтен игілік мүліктік құқық түрінде ғана болады
(сондықтан тек қана құқықтар туралы айтуға болады)»
- деп ол атап өткен [62,
29-30 б.].
Заң әдебиетінде мүліктік игіліктер деп материалдық заттар мен өзге
құндылықтар (атап айтқанда, энергия, жұмыстар, қызметтер) аталады, олар
азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге мұқтаждықтарын
қанағаттандыра алады, әдеттегідей, ақшалай бағалануға тиіс және азаматтық
құқық реттейтін қатынастар аясына жатады. Мүліктік құқықтар деп
субъективтік азаматтық құқықтар (атап айтқанда, мүліктік игіліктерді
пайдалану, оған иелену, билік ету құқығы) айқындалады [45, 229 б.].
Мүліктік игіліктерді зат пен мүлік ұғымымен жиі ұқсастырады. Осындай
көзқарас Азаматтық кодексте де байқалады, онда 115-баптың 2-тармағында
«Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, соның ішінде
шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-
зияткерлік қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар,
тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік
құқықтар мен басқа да мүлік жатады» деп жазылған. Игіліктер мен
құқықтардың келтірілген тізбесі әлдеқайда толық емес екені анық.
Алайда осындай тәсіл соңғы жылдары белгілі бір наразылық туғызады.
Атап айтқанда, Ю.Г. Басин Азаматтық кодекстің 115-бабының 2-тармағында
заттар мен нәрселер аталып, ресми және заң сөйлеу лексикасында секілді
жеңілдетілген деп есептейді. Оның көзқарасы бойынша, игілікті сыртқы дүние
мәндерінің немесе материалдық не рухани мұқтаждықтар мен тілектерін
қанағаттандыру үшін басқа адамдардың іс-әрекеттерінің қасиеті ретінде
айқындауға болады, сондықтан «игілік» ұғымын игілік көзі болатын, бірақ оған
сай келмейтін «зат» ұғымынан ажырату қажет [63, 40 б.].