Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет45/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68

94 
 
Азаматтық  құқық  ғылымындағы  маңызды  пікірталастар  мүліктік 
азаматтық құқықтардың мүлік деген объектісі ұғымын айқындаған кезде пайда 
болады. «Мүлік» деген санат көне құқықтан (Рим құқығынан) бастап құқықтың 
(жария  және  жеке)  жүйесінде,  заңнама  мен  ғылымда  маңызды  орын  алады, 
оның  азаматтық  құқықтағы  рөлі  ерекше  жоғары.  Бастапқыда  «мүлік»  деп 
азаматтық  құқықта  «зат»  ұғынылды.  Алайда  бүгінгі  күнде  қоғамдық 
қатынастардың дамуымен заңгерлердің көбісі оны  денелік және денесіз заттар 
ғана емес, сонымен қатар адамға (азаматқа, заңды тұлғаға, мемлекетке) тиесілі 
заттардың,  талап  ету  құқығының  және  міндеттердің  барлық  жиынтығы  деп 
түсінеді.  Бұл  ретте  «мүлік»  ұғымын  көп  жоспарлы  (әртүрлі)  аспектіде 
пайдалану  көптеген  заңнама  көздеріне,  атап  айтқанда  революцияға  дейінгі 
Ресейге және континенттік Еуропа елдеріне тән [62, 14-20 б.; 64, 53-162 б.; 65, 
53-64 б.].  
Сонда  да  «зат»  санаты  азаматтық  құқықта  ерекше  орын  алады,  себебі 
«мүлік»  деген  азаматтық-құқықтық  ұғымның  пайда  болуының  негізінде  бола 
тұрып,  заттар  (мәндер)  игілікті  азаматтық  құқықтардың  объектісі  ретінде 
қазіргі заманғы түсінігінің пайда болуына бастау болды. 
Азаматтық құқықтың маңызды санаттары ретіндегі игіліктер мен құқықтар 
азаматтық  құқықтар  мен  азаматтық  қатынастар  объектілері  ретінде  оқу 
әдебиетінде толық көрінісін тапты, көптеген даулы теориялық  және құқықтық 
тұстары  ҚазГЗУ  Жеке  құқық  ҒЗИ  ұйымдастырған  «Азаматтық  құқық 
объектілері»  атты  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциядағы 
пікірталастардың  мәні,  докторлық  және  кандидаттық  диссертациялардың  [66, 
67,  68,  65-78  б.;  69,  236-244  б.;  70,  18-34  б.],  В.А.  Лапачтың  азаматтық  құқық 
объектілерінің  жүйесі  бойынша  іргелі  монографияның  [71,  3  б.,  28  б.,  және 
басқа  беттер]  объектісі  мен  мәні  болды.  Оларда  қоғамдық  (азаматтық-
құқықтық)  қатынастардың  қазіргі  заманғы  дамуымен  тудырылған  азаматтық 
құқық  объектісінің  проблемалары  ғана  емес,  сондай-ақ  азаматтық  құқықтың 
осы  түйінді  элементінің  тарихи  аспектіде  пайда  болуы,  батыс,  сондай-ақ 
отандық  заң  ғылымының  цивилистикалық  ойының  негізін  қалаушыларының 
көзқарастары мен пікірлері қаралады. 
Сондықтан,  берілген  пікірлерді  қорытындылай  келе,  азаматтық 
құқықтардың  объектілері  ретінде  игіліктер  мен  құқықтардың  ұғымдары  мен 
мазмұнын  айқындауда  бәрінен  бұрын  азаматтың  (адамның)  мұқтаждықтары 
мен мүдделері басты болып табылатынын ескертеміз. Егер, О.С. Иоффе айтып 
өткендей,  игілік  -  бұл  адамдардың  сол  не  өзге  мұқтаждықтары  мен 
мүдделерін  қанағаттандыра  алатын  құбылыс  болса,  онда  субъективтік 
құқық азаматтардың мінез-құлығын реттеудің құралы ретінде болады, ол 
объективтік  құқықтың  нормаларымен  жүзеге  асырылады.  Субъективтік  құқық 
өзінің осы функциясын ол өзінің тасығышын өкілеттік берілгеннің мүдделерін 
қанағаттандырудың құралы, тәсілі болып табылатын өзінің жеке іс-әрекеттерін 
жасау мүмкіндігін өкілеттік берілгенге беретін міндетті адамдардың жағындағы 
белгілі мінез-құлықты қамтамасыз етуі арқасында атқарады («мүдде теориясы») 
[72,  549-564  б.].  Біз  сондай  сенімді  пікірмен  келісеміз,  тек  игілік  ұғымын 
құбылыс  ретінде  емес,  адамдардың  сол  не  өзге  мұқтаждықтары  мен 


95 
 
мүдделерін  қанағаттандыра  алатын  заттың  немесе  өзге  құндылықтардың 
(азаматтық құқықтар объектілерінің) қасиеті деп түсінген дұрыс болар дейміз. 
Т.Т.  Шиктыбаев  дұрыс  айтып  өткендей,  «игілік  бұл  адамдардың  сол  не  өзге 
мұқтаждықтары  мен  мүдделерін  қанағаттандыра  алатын  заттың 
немесе  өзге  құндылықтардың  қасиеті,  ал  субъективтік  құқық  осы 
мүдделердің  көрінісі,  олар  белгілі  жағдайларда  өздері  де  осы  субъектінің 
мүддесі ретінде болады» [73, 45 б.]. 
«Игіліктер»,  «мүдделер»,  «мұқтаждықтар»  және  «субъективтік  құқықтар» 
теория  құқығындағы  күрделі  әрі  пікірталас  туғызатын  санаттар  мен 
құбылыстар.  Теориядағы  идеялар  мен  әрбір  тұжырымдаманы  қолдаушылар 
едәуір дәлелді негіздеулер келтіреді [73, 39-45 б.]. Олардың толық талдауы осы 
зерттеудің  тек  қиындауына  және  негізсіз  көпіруіне  әкеледі.  Сондықтан  біз 
зерттеуіміздің тақырыбына тікелей байланысты аспектілерге ғана тоқтадық. 
Осылайша,  игілік  пен  субъективтік  құқық  –  бұл  азаматтық  құқықтың 
объектілері  бола  тұрып,  дара  кәсіпкерлер  қызметінің  қалыпты  жұмысын 
олардың игілігі үшін ғана емес жалпы қоғамның игілігі үшін қамтамасыз ететін 
құқықтық санаттар, олардың көмегімен кәсіпкерлердің, тұтынушылардың және 
мемлекеттің мүдделері үйлеседі. 
Дара  кәсіпкер,  айтылып  өткендей,  дара  кәсіпкердің  айрықша  құқықтық 
мәртебесінен  қалыптасатын  кәсіпкерліктің  жүйесі  мен  құрылымындағы 
маңызды әрі сол мезгілде осал қатысушылардың бірі. Басты түрде дара кәсіпкер 
жиі  бақылаушы  және  қадағалаушы  мемлекеттік  органдардың  тарапынан 
негізсіз  қысымға  (прессингке)  ұшырайды.  Осыған  орай  заңнамада  дара 
кәсіпкерлердің  заңды  мүдделерін  қорғауға  және  оларды  қолдауға  бағытталған 
бірқатар ережелер көзделген. 
Бәрінен  бұрын,  бұл  Азаматтық  кодекстің  10-бабынан  туындайды,  онда: 
Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен 
қолдауды  қамтамасыз  етедi  деп  жазылған.  Кәсіпкерлік  қызмет-  мақсатқа 
бағытталған  іс-әрекеттерден  қалыптасатын  және  өзіне  ұқсас  субъектілермен, 
тұтынушылармен  және  мемлекеттік  органдармен  қарым-қатынаста  өзінің 
ерекшелігі  бар  адам  қызметінің  өзгеше  түрі.  Сондықтан  заң  шығарушы 
Азаматтық  кодекстің  8-бабы  мен  9-бабы  шеңберінде  азаматтық  құқықтардың 
жүзеге  асырылуы  мен қорғалуына кепілдік  беретін  ережелерді  жеткіліксіз  деп 
есептеді. 
Кәсіпкерлердің 
мүдделерін 
қорғау 
басымдығы 
тұтынушылардың 
мүдделерімен  қатар,  азаматтық  құқықта  Азаматтық  кодекстің  10-бабының 
атауына  енгізілген:  «Кәсiпкерлер  мен  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау». 
Азаматтық кодексте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тәсілдері ретінде: 
-  лицензия берiлетiн  қызмет  түрлерiнен  басқа кәсiпкерлiк қызметтi  кiмнiң 
болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкiндiгi;  
-  экономиканың  барлық  салаларындағы  кәсiпкерлiктiң  барлық  түрiн  бiр 
ғана  тiркеушi  органда  тiркеудiң  барынша  қарапайым  өз  бетiмен  жүргiзетiн 
тәртiбi;  
-  кәсiпкерлiк  қызметке  мемлекеттiк  органдар  жүргiзетiн  тексерулердi  заң 
құжаттарымен шектеу; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау