98
жатқан сияқты, ал жеке кәсіпкерлік саласында тиісті нәтиже әлі де жоқ деген
орынды мәселе туады.
Біздің көзқарасымыз бойынша проблеманы басқа тұрғыда іздеу қажет, ол
бірінші қарағаннан гөрі әлдеқайда терең жатыр. Кәсіпкерлік, айтылып
өткендей, адам қызметінің барлық салаларына енетін әлеуметтік феномен, ол
көптеген ғылымдардың зерттеу мәні болып табылады. Сондықтан осы
проблема кешенді түрде шешілуі тиіс екені анық, бірақ, біздің көзқарасымыз
бойынша, білімнің: экономика, құқық, институционалдық теория, менеджмент
теориясы мен психология секілді салалары негізгі болып табылады [4, 32-33 б.].
Алайда бұл дербес зерттеу тақырыбы және біздің жұмысымыздың шеңберінен
тыс.
Бүгінгі күнде Қазақстанда осындай кешенді зерттеулер мен құқық
саласында жалпы жеке кәсіпкерлікке және атап айтқанда, дара кәсіпкерлікке
қатысты зерттеулер жүргізілмегенін ескертеміз, бұл республикадағы
кәсіпкерліктің жеткілікті дамымауының себептерінің бірі болып табылады.
Дара кәсіпкер бүгінгі таңда мемлекеттің қамқорлығын қажетті мөлшерде
сезінбейді. Тиімді құқықтық тетіктердің жоқтығы жеке кәсіпкерлікті дамыту
үшін қабылданған заңнамалық және бағдарламалық бастамаларға тиісінше қол
жеткізуді және оны мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етпейді. Біздің
көзқарасымыз бойынша, сол айтылған, Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын
тежейтін себептерге кәсіпкерліктің саласына ғана емес, сондай-ақ жалпы
республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына күшті теріс әсер ететін өте
маңызды элементті қосу қажет.
Бұл сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі, осыны «Транспаренси
Интернейшнл» Халықаралық үкіметтік ұйымының деректері растайды.
Мысалы, сыбайлас жемқорлығы төмен елдердің кластеріне посткеңестік
елдердің біреуі де кірмейді. «одан әрі сыбайлас жемқорлыққа бейімділер -
соңында» қағидаты бойынша жасалған дүниежүзі елдерінің тізімінде Қазақстан
Никарагуа, Парагвай, Гватемала, Лаос және Замбия секілді елдермен қатар тұр.
Сыбайлас жемқорлық деңгейінің 10 ұпайлық шкала бойынша Қазақстанның
бағасы бар-жоғы 2.6 ұпайды құрайды [74]. Қазақстандағы сыбайлас
жемқорлықтың жоғары деңгейі туралы 2005 жылғы 23 желтоқсанда ҚР
Президентінің Жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айтылған еді.
Мемлекеттік аппарат мен бизнес өкілдерінің арасындағы өзара қатынастар,
бәрінен бұрын мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейімен,
көлеңкелі экономиканың ауқымы мен оның мемлекетке және бизнеске
ықпалымен, сондай-ақ кәсіпкерлікті мүдделік қолдау сипатымен едәуір
мөлшерде айқындалады деген пікірмен келісу қажет. Осы үш құбылыстың іс-
әрекет тетігінің өзара тығыз байланысы соншалықты, оларды бірыңғай жүйеде
қарау қажет [75, 95 б.].
Кәсіпкерлікке сыбайлас жемқорлықтың теріс әсері заңды бизнес әртүрлі
заңды мемлекеттік «арамтамақтардың» тығыз тобы айналасында болатынында
байқалады. Солар арқылы шеккен өтеп алу және пара түріндегі
«шығыстардың» орны толмайды, бұл өз кезегінде заңды бизнестің
99
рентабельсіздігіне әкеледі. Сонда кәсіпкердің екі жолы бар. Біріншісі, бұл
бизнесті жабу.
Екінші жол, өзінің бизнесін былайша айтқанда «көлеңкелі экономикаға»
әкету, ол сыбайлас жемқорлықтың социумға деген теріс әсерін одан сайын
қиындатады.
Посткеңестік кеңістіктегі құқық проблемалары көбінде бірдей дәл келеді,
сондықтан ресейлік ғалымдардың пікірін мысалға келтірген орынды болар.
Олардың пікірі бойынша, «заң шығару билігінің әлсіздігі сыбайлас
жемқорлықтың дамуының маңызды себептерінің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа, ұйымдасқан қылмысқа, көлеңкелі экономиканың
кеңеюіне қарсы әрекет жасауға бағытталған заңдарды қабылдау тәжірибесі мен
мазмұнын талдау көрсеткендей, бізде сыбайлас жемқорлыққа бейім іс-әрекетті
қолдауға бағытталған белгілі тетік қалыптасты. ... қазіргі заңдар оларды
қабылдаған кезде де сыбайлас жемқорлық пен ұрлық үшін мүмкіндік туғызады.
Сонда кейбіреулері бұлдыр жазып, қосымша мүмкіндіктер мен амал
бергендіктен кездейсоқ, не мүдделі адамдарды жүйелі түрде әрі шыңдап
мүдделік қолдау нәтижесінде қасақана болады» [75, 98 б.].
Бірқатар БАҚ және ғалымдардың сыбайлас жемқорлықтың өсуі көбінде
қоғамның демократиялық негіздерінің әлсіз дамуына байланысты деген
пікірлерімен келісу қажет. Осыған орай дара кәсіпкерлікті қоса жеке
кәсіпкерліктің дамуы негізінде қоғамдық және демократиялық институттарды
дамыту, сыбайлас жемқорлықты төмендету және бизнесті заңды айналымға
шығару жатыр деген қорытынды жасауға болады. Сол уақытта бұл процесс
заңнаманы және заңнамалық нормаларды іске асыру тетігін бұдан әрі
жетілдірумен қатар жүруі керек. Осы шаралар кешенді түрде болғанда ғана
күткен нәтижеге әкелуі мүмкін.
Жеке, демек, дара кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың тағы да бір әдісі
ретінде «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 5-бабында жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу
мен қабылдау ерекшеліктері болып табылады. Оның ішінде, уәкілетті органдар
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық
актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны
мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме
жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан
Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi. Бұл ретте, жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық
актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар
белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген
бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер
палатасына ол келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Одан басқа, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын
нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері жеке кәсіпкерлік
субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін
Достарыңызбен бөлісу: |