106
4) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасын
қамтамасыз етуге;
5) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауардың ауыстырылып берілуін
немесе қайтарылуын қамтамасыз етуге;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан
тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген
залалды (зиянды) толық көлемде өтеуге;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен
және жағдайларда бақылау-кассалық машиналарының болуына;
8) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының
бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттігі туралы және бақылау-кассалық
машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның салық органына (тиісті
салық органының телефон нөмірін көрсетіп) жүгіну құқығы туралы қазақ және
орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға;
9) тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) жөніндегі
қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның тегі, аты және әкесінің
аты (бар болғанда) көрсетілген омырау карточкасының (бейджінің) болуын
және оның санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді сақтауын
қамтамасыз етуге;
10) тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды
иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты
беруге;
11) мәлімделген жұмыс режимін сақтауға;
12) осы Заңда және ҚР өзге де заңдарында көзделген өзге де талаптарды
орындауға міндетті.
Одан басқа, сатушы (дайындаушы) бағалар заттаңбасымен ресімделген,
сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауардың құнын
көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Сонымен қатар дайындаушы (орындаушы) жұмыстардың және көрсетілетін
қызметтердің құнын жазбаша түрде көрсетуге, тауардың жарамдылық мерзімін,
сақтау мерзімін белгілеуге міндетті.
Көріп
отырғанымыздай,
кәсіпкердің
міндеттері
едәуір
бөлікте
тұтынушының құқықтарымен үйлеседі, бұл тұтынушының мүдделерін заңды
тәртіппен қорғауды қамтамасыз ету тәсілінің болуын растайды. Сонымен қатар,
бірқатар тұстардың бағалау және субъективті сипаты бар. Соларға өнімнің
сапасы мен қауіпсіздігі ұғымын жатқызуға болады. Сондықтан тауардың,
жұмыстар мен қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бүгінгі күнде оларды
стандарттау мен сертификаттау нормалары арқылы регламенттелетіні
толығымен заңды. Осы мәселелерді біз келесідей қараймыз.
Дара кәсіпкерлер, тұтынушылар мен мемлекет мүдделерінің
жарасымды үйлесуін мемлекеттік қамтамасыз ету әдістері. Мемлекеттік
басқарудың тиімділігі, біріншіден, түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы еңбекті қоғамдық бөлу оңтайлығымен, екіншіден, функцияларын
іске асырған кезде мемлекеттік басқару субъектілері пайдаланатын әдістер мен
құралдар жүйесімен айқындалады [79, 5 б.]. Сондықтан дара кәсіпкерлікті
107
дамыту табыстылығы көбінде мемлекеттің дара кәсіпкер, тұтынушы мен
мемлекет мүдделерінің жарасымды үйлесуін қамтамасыз етуі әдістеріне және
құралдарына байланысты. Осындай қамтамасыз етудің нысаны ретінде әйгілі
диспозитивтік және императивтік әдістермен бірге құқықтық реттеу болады.
В.И. Дальдің түсіндірме сөздігінде «басқару» деген термин жол, бағыт
бере отырып билеуді», «дұрыс, қажетті жолмен жүруге мәжбүрлеуді» білдіреді.
«Реттеу» термині бөлек келтірілмей, «регламент» (тәртіп) терминінің
мәнмәтінінде берілген және «жүрісті, қозғалысты теңеу» дегенді білдіреді [80].
Осылайша, «реттеу» және «басқару» деген терминдерді синонимдер ретінде
қарау қажет. Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу қазіргі заманғы кезеңде
қолданыстағы заңдар арқылы қамтамасыз етіледі. Де-факто тауарлармен алмасу
құқықтармен – тауарларға билік ету құқықтарымен алмасу болып табылады.
Осындай алмасу іс-жүзінде болып өту үшін құқықтар толық айқындалуы;
нақты бекітілуі тиіс. Одан басқа, көрсетілген құқықтарды пайдалану бақылауда
болып, қадағалануға қажет; үшінші тұлғалар тарапынан құқықтардың
пайдалануына жол берілмеу қажет. Соңында, құқықтар басқаларға
ауыстырылатындай болуға тиіс [81, 28 б.].
Әдебиетте қазіргі заманғы қоғамға жоспарлауға және басқаруға
бағынбайтын коммерциялық қызметтің алуан түрлі нұсқаларының шексіз саны
мәлім деп айтылған. Авторлардың пікірі бойынша осындай алуан түрлілік
тұтынушының іс-әрекетін (өндірістің немесе тұтынудың өсіруін) немесе
әрекетсіздігін (өндірістің немесе тұтынудың төмендеуін) айқындайтын
нарықтық тетіктердің, баға сигналдарының көмегімен макроэкономиканы
ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Осылайша, нарықтық экономикада
орталық жоспарлау органының орнын шаруашылық жүргізудің дара
жоспарларын құрайтын миллиондаған экономикалық субъектілер құрайды.
Соңғылар белгілі ойын қағидалары шеңберінде шешімдер қабылдайды, олар
бір-біріне кез болғанда спонтадық тәртіпті құрайды [81, 27 б.].
Халық шаруашылығын дамытуды қатаң мемлекеттік жоспарлау
әдістерінен алшақтауға әкелген нарықтық экономикаға көшу және
экономиканы реттеудің нарықтық тетіктерін пайдалану, жеке кәсіпкерлікті
көтермелеу қазіргі заманғы Қазақстанның, оның заң шығарушы органдарының,
атқарушы және сот органдарының, сондай-ақ кәсіпкерлік саласында жұмыс
жасайтын заңгер мамандығы өкілдерінің алдына маңызды міндеттер мен
проблемалар қойды. Олардың арасында атап айтқанда, дара кәсіпкерлікті және
жалпы жеке кәсіпкерлікті диспозитивтік және императивтік әдістерді
жарасымды үйлестіру арқылы мемлекеттік реттеу маңыздылардың бірі болып
табылады.
Біздің көзқарасымызша, негізгі проблема: императивтік әдістердің
басымдығы жеке кәсіпкерліктің бастамашылығы мен еркіндігінің төмендеуіне
әкеледі, бұл нарықтық экономиканың заңдарына қайшы келеді және тиісінше
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы кәсіпкерліктің рөлінің
төмендеуі. Егер диспозитивтік әдістерге басымдық берсек, онда бұл бірқатар
жағдайларда кәсіпкерлердің оппортунистік мінез-құлығына әкеледі, бұл да
азаматтық айналымның басқа қатысушыларының, тұтынушылардың, басқа
Достарыңызбен бөлісу: |