Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет50/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68

104 
 
ӘҚБтК-нің 665-бабының 1 және 3-бөліктеріне сәйкес, судьяның әкiмшiлiк 
құқық  бұзушылық  туралы  iс  бойынша  қаулыда  баяндалған  iстiң  нақты  мән-
жайлары  туралы  тұжырымдарының  шағымды,  наразылықты  қарау  кезiнде 
зерттелген  дәлелдемелерге  сай  келмеуi  және  осы  Кодекстiң  iс  жүргiзу 
нормаларының  елеулi  түрде  бұзылуы  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс 
бойынша қаулының күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылады. 
Қадағалау  сот  алқасы  ӘҚБтК-нің  676-бабын  басшылыққа  алып,  Ақтөбе 
облысы  Әйтеке  би  аудандық  ішкі  істер  бөлімі  бастығының  2012  жылғы  28 
тамыздағы  қаулысының  және  Ақтөбе  облысы  Әйтеке  би  аудандық  сотының 
2012  жылғы  13  қыркүйектегі  ұйғарымының  күшін  жойып,  Б.-ға  қатысты 
әкімшілік істі қысқартты [77]. 
Қаралып  жатқан  кәсіпкерліктің  триадасындағы  басқа  осал  субъект 
тұтынушы  болып  табылады.  Тұтынушы  –  бұл  кәсіпкерлік  құрылымындағы 
маңызды  элемент,  себебі  ол  кәсіпкер  өндіретін  тауарды  сатып  алады,  оның 
қызметтерін  пайдаланады,  оның  жұмысына  ақы  төлейді.  Тұтынушының 
фигурасынсыз бизнестің болуы мүмкін емес. Басқа жағынан, тұтынушы бүгінде 
кәсіпкер  үшін  оның  ерекше  маңыздылығының  себебі  бойынша  олардың 
тарапынан «агрессияға» ұшырайды. 
Мысалы,  2012  жылғы  сәуір  айында  Астанада  «буш  сандары»  жаппай 
уланудың себебі болды. Бұл туралы Астана қаласының бас санитарлық дәрігері 
С. Бейсенова мәлімдеді. Оның сөзі бойынша, жас хоккейшілер мен «Қазақстан» 
спорт  кешені  жанындағы  мейрамханаға  басқа  келушілер,  барлығы  36  адам 
американдық  тауық  еті  мен  ірімшікті  қолданғаннан  кейін  жұқпалы  аурулар 
ауруханасына түсті. 
Қоғамдық  тамақтандыру  қызметкерлері  арнайы  тексеру  кезінде  тамақ 
өнімдерінің  шығу  тегін  анықтау  үшін  ешқандай  құжаттарды  ұсынбады. 
Мейрамхана  иесінің  айтуы  бойынша,  қолдануға  жарамсыз  тауық  еті  мен 
ірімшікті олар астаналық нарықтардың біреуінде сатып алды [78]. 
Тұтынушы  (клиент,  сатып  алушы  мен  т.б.)  үшін  күрес  –  бұл  бәсекенің 
маңызды  әрі  заңды  тәсілі.  Алайда  кейбір  кәсіпкерлердің  мінез-құлық 
оппортунизмінің  күштілігі  соншалықты,  ол  бірқатар  жағдайларда  қылмысқа 
дейін  жетеді.  Мысалы,  жиырма  бірінші  ғасырдың  бірінші  онжылдығының 
соңында  Қазақстанда  құрылысшы-кәсіпкерлердің  заңсыз  іс-әрекеттерінен 
мыңдаған  үлескерлер  зардап  шекті,  олардың  көбі  өздерінің  құқықтарын  әлі 
күнге  дейін  қалпына  келтіре  алмай  жүр.  Құрылысшы-кәсіпкерлер  мен  оларды 
бақылаушы лауазымды тұлғалар оппортунизмінің жоғарғы  шегі 2012 жылғы 6 
сәуірде  құлаған  Қарағанды  қаласының  Бесоба  ықшам  ауданындағы  төрт 
кіреберісі  бар  көппәтерлі  тұрғын  үй  болды.  Осы  тұрғын  үй  2009  жылдың 
маусымында  пайдалануға  тапсырылды.  Үй  тұрғындарының  негізгі  бөлігін 
пәтерді  ипотекалық  кредиттеу  бойынша  сатып  алған  адамдар  мен  үлескерлер 
құрайды. 
Үлескерлердің  мүдделерін  қорғау  шеңберінде  Тұрғын  үй  құрылысына 
үлестік қатысу туралы заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 


105 
 
Ал 2013 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасында алғашғы рет 
Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  арнайы  өкілетті  мемлекеттік 
орган - Агенттік (қазіргі таңда – Комитет) құрылды. 
Тұтынушылардың  қорғалуын  күшейту  үшін  1991  жылғы  5  маусымдағы 
Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының аттас Заңының орнына 2010 жылғы 
төртінші  мамырда  Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  туралы  Заң 
қабылданды. 
Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  туралы  заңның  үшінші  тарауында 
тұтынушылардың құқықтары мен олардың қорғалуы көзделген. Атап айтқанда, 
жекелеген нормаларда тұтынушылардың мынадай: 
1)  тауарларды  (орындалатын  жұмысты  және  көрсетілетін  қызметті) 
иеленуге еркін шарт жасасу;  
2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізу;  
3)  тауар  (жұмыс,  көрсетілетін  қызмет)  туралы,  сондай-ақ  (дайындаушы, 
орындаушы) туралы ақпарат алу;  
4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу;  
5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдау;  
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасы;  
7)  тиісті  де,  тиісті  емес  те  сападағы  тауарды  айырбастап  алу  немесе 
қайтарып беру;  
8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан 
өздерінің  өміріне,  денсаулығына  және  (немесе)  мүлкіне  келтірілген  залалды 
(зиянды) толық көлемде өтеу;  
9)  сатушыдан  (орындаушыдан,  дайындаушыдан)  тауарды  сатып  алу 
(жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алу;  
10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, 
көрсетілетін  қызметтің)  сапасы  бойынша  ойындардың  бастамашысына 
(ұйымдастырушысына) кінә қою;  
11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құру;  
12) моральдық зиянды өтеу;  
13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;  
14)  өзге  де  заңдарда  көзделген  өзге  де  құқықтарды  жүзеге  асыру 
құқықтары көзделген. 
Тұтынушылардың  құқықтарын  заңды  тәртіпте  тану  –  бұл  олардың 
қорғалуын  қамтамасыз  етудегі  маңызды  элемент,  алайда  ол  осы  құқықтарды 
тәжірибеде  іске  асыру  үшін  жеткілікті  емес.  Осыған  байланысты 
кәсіпкерлердің:  сатушының,  дайындаушының,  орындаушының  міндеттерін 
көздеген өте маңызды. 
Мысалы, сатушы (дайындаушы, орындаушы):  
1)  тауар  (жұмыс,  көрсетілетін  қызмет)  туралы,  сондай-ақ  сатушы 
(дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге;  
2) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуге;  
3)  тауарды  (жұмысты,  көрсетілетін  қызметті)  еркін  таңдауды  қамтамасыз 
етуге;  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау