Тәжірибелік сабақҚа арналғАН



жүктеу 191,13 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі191,13 Kb.
#4847










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

АмбулаторЛЫҚ-ЕМХАНАЛЫҚ педиатриЯ КафедраСЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ






ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2 тақырып : «Арнайы иммундық алдын алу».

4-курс

Дайындаған: асс.Смагулова А.Б.


2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012 ж.

«Бекітемін»

Каф.меңгерушісі, профессор Дадамбаев Е.Т.

1.№2 тақырып: «Арнайы иммундық алдын алу».
2. Мақсаты:

Жұқпалы ауруларға арнайы иммундық алдын алуды жүргізу мәселелері бойынша студенттердің білім жүйесін қалыптастыру.

Студенттердің егуге көрсеткіштерді анықтауға қажетті шеберліктерін қалыптастыру.

Вакцинадан кейінгі асқынуларды емдеу мәселесі бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуді қалыптастыру.

Егу алдында алынған клиникалық-зертханалық мәліметтерді сыни тұрғыдан түсіну шеберлігін қалыптастыру.

Клиникалық ойлау негіздерін, науқастармен, оның туыстарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын, әріптестерімен медициналық этика және деонтология ережесін сақтау дағдыларын, кәсіптік білім алу қажеттігіне және пәнді оқуға қызығушылығын қалыптастыру.


3.Оқыту міндеттері:

Студенттерді арнайы иммундық алдын алуды жүргізу күнтізбесімен таныстыру.

Жеке егу жоспарын жасауға үйрету.

Қауіп тобындағы балаларға егу жасау ерекшеліктерін үйрету.

Пассивті иммунизациядан кейін егу жұмысын жалғастыру тактикасын үйрету.

Жұқпалы аурулардың алдын алуға байланысты тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізе білуге үйрету.

Студенттерде нақты және толық клинико-эпидемиялық анамнез жинау үшін науқас және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.

Әріптестерінің пікірін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.



4. Тақырып бойынша тапсырмалар:

- ҚР-дағы егу күнтізбесі,

- алдын алу егу жоспарын құрастыру;

- балаларды егуге жіберу мақсатымен тексеру әдістемесі;

- балалардағы «қауіп тобын» анықтау

- БЦЖ вакцинациясы (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзімі, вакцина енгізу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар, асқынуы);

- полиомиелитке қарсы егу (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцинаға мінездеме, күнтізбелік мерзім, вакцина егу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар,асқынулар);

- АКДС вакцинациясы (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзім, вакцина енгізу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар);

- гепатит В-ға қарсы егу (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзім, вакцина егу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар);

- ККП вакцинациясы (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер,вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзімі, вакцина егу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар);

- гемофильді инфекцияға қарсы егу (егу жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцина сипаттамасы, күнтізбелік мерзімі, вакцина егу жолы, дозасы, егуден кейінгі реакциялар);

- иммунолог дәрігердің міндеттері;

- егу бөлмесінің құжаттары;

- егу жүргізгеннен кейін баланы бақылау.




5.Оқыту және үйрету тәсілдері:

Оқытудың аралас әдісі

р/с

Оқытудың қолданылған әдісі

Нәтижесі

1

Аз топта жұмыс

Сабақ тақырыбын еркін игерген, топпен жұмыс істеу қабілеті бар, өз көзқарасын нақты дәлелдермен қорғай алады.

2

Тақырыптық науқастың амбулаторлық картасын және 063 үлгісін талдау


Алғын білімдері негізінде науқаспен және оның ата-анасымен қарым-қатынас дағдыларын, науқасты тексеру әдістерін, егу түрлерін таңдай білу дағдыларын қалыптастыру. ҚР ДСМ бұйрықтарын, заң актілерін есепке ала отырып баланы егу жөнінде шешім қабылдауда жауапкершілікті тәрбиелеу.

3

Ситуациялық есептер шешу

Баланың жасын есепке ала отырып және қауіп тобын анықтай отырып егу жасау шеберлігін қалыптастыру

4

Презентация

Кәсіптік білім алу қажеттілігін және тақырыпты оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыру.


6.Әдебиеттер

Негізгі:

1. Приказ МЗ РК №2295 от 30.12.09г. «Об утверждении перечня заболеваний, против которых проводятся профилактические прививки, правил их проведения и групп населения, подлежащих плановым прививкам».

2. Джумагазиев А.А. Основы поликлинической педиатрии.РнД.,2006.

3. Доскина В.А. Справочник врача по профилактической педиатрии. М., 1995.

4. Таточенко Л.Н. Иммунопрофилактика. 2001.

5.Шамсиев С.Ш. Руководство для участкового педиатра. Ташкент, 1993.

6.Учайкин В.Ф. Вакцинопрофилактика. М., 2001.
Қосымша:

1.Кембабанова Г.М., Аюпова С.Х. Безопасная практика иммунизации. Алматы, 1997.

2. Под ред. Матвейкова Г.П. Справочник семейного врача. Минск, 1998.

3. Орлова И.В., Парийская Т.В. Справочник педиатра. М., 2001.


7.Бақылау

Меңгерген компетенцияларды бағалау әдістері:

р/с

Қолданылған бағалау әдісі

Бағаланатын компетенция

1

Тест тапсырмаларын орындау

Когнитивті компонент: сабақ тақырыбы бойынша игерген білімі

2

Дені сау баланы амбулаторлық картасы бойынша талдау. Егу күнтізбесін жасау.

Когнитивті, операциялық, аксиологиялық, құқықтық компоненттер

3

Ситуациялық есептер шешу

Когнитивті, операциялық, аксиологиялық, құқықтық компоненттер

4

Презентация дайындау

Өзін өзі жетілдіру қабілеті


Тесттік тапсырмалар (25),

Ситуациялық есептер (5).
Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы




Сабақтың кезеңі

Сабақ өткізу құралы

Хронометраж

1

Ұйымдастыру бөлімі: тақырыппен және сабақ жоспарымен таныстыру, қатысуын бақылау. Тест тапсырмалары арқылы тақырып бойынша теориялық білімдерін бағалау

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары, оқу журанлы

8.00-9.30

2

Үзіліс

Тесттік тапсырмалар

9.30-9.40

3

  • Амбулаторлық қабылдау және тақырыптық науқасты амбулаторлық карта бойынша талдау

  • Аз топтағы жұмыс

  • Презентация дайындау

Бүйрек аурулары бар балалардың даму тарихы (ф.112/у), тақырып бойынша әдебиеттер, компьютер

9.40-11.10

4

Үзіліс




11.10-11.20

5

Ситуациялық есептер көмегімен сабақ тақырыбы бойынша теориялық білімдерін бағалау.


Ситуациялық есептер

11.20-13.20


ТЕСТІК ТАПСЫРМАЛАР

1.      Күлге қарсы қолданылады:

А) АКДС

Б) АДС


В) БЦЖ

Г) АД


Д) ВГВ        
2. Туберкулезге қарсы қолданылдады:

А) АКДС


Б) БЦЖ

В) АДС


Г) ВГВ

Д) ККП       


3. Гепатит В қарсы вакцина жатады:

А) Тірі


Б) Өлі

В) Адсорбирленген

Г) Типті

Д) Атипті


4. Гепатит В қарсы вакцинация курсы тұрады:

А) 5 б/е инъекциядан

Б) 3 б/е инъекциядан

В) 1 б/е инъекциядан

Г) 7 б/е инъекциядан

Д) 2 б/е инъекциядан


5. Полиомиелитке қарсы вакцина жүргізіледі:

А) 1 рет


Б) 2 рет

В) 3 рет


Г) 4 рет

Д) 5 рет


6. Қызыдшаға қарсы вакцинация жасалады:

А) 6 айда

Б) 9 айда

В) 1 жаста

Г) 1 жас 2 айда

Д) 1,5 жаста


7. Перзентханада салынған БЦЖ егуінен кейін балада тыртық пайда болады:

А) 3 айда

Б) 6 айда

В) 6,5 айда

Г) 9,5 айда

Д) 1 жаста
8. Туберкулин сынамасы жасалады:

А) Жыл сайын

Б) Ай сайын

В) 2 жылда 1рет

Г) 6 айда 1рет

Д) Көрсеткішіне қарай


9. БЦЖ вакцинасын еңгізу жолы:

А) тері үстіне

Б) тері астына

В) тері ішіне

Г) бұлшық етке

Д) көк тамырға


10. Манту сынамасынан кейін БЦЖ вакцинасын енгізу мерзімі:

А) 3 күннен 2 аптаға дейін

Б) Тек 3 күннен кейін

В) кез келген уақытта

Г) 1 айдан көп емес уақыттан кейін

Д) Тәулік ішінде


11. Иммуноглобулин, қан препараттарын енгізгеннен кейін паротит және қызылшаға қарсы вакцина жасалады:

А) 1 айдан кейін

Б) 3 айдан кейін

В) 2 аптадан кейін

Г) 6 айдан кейін

Д) 2 айдан кейін


12.АКДС вакцинация курсы тұрады:

А) 5 б/е инъекциядан

Б) 3 б/е инъекциядан

В) 1 б/е инъекциядан

Г) 7 б/е инъекциядан

Д) 2 б/е инъекциядан


13. Гепатитке В қарсы егу мына жаста аяқталады а считается законченной в возрасте:

А) 10 айда

Б) 6 айда

В) 4 айда

Г) 1 жаста

Д) 2 айда


14. Бір күнде мына вакцинацияларды жүргізуге болады:

А) АКДС+ККП

Б) АКДС+БЦЖ

В) ОПВ+БЦЖ

Г) қызылша+ АКДС

Д) Қызылша+эпид.паротит+АКДС


15. Ерте жастағы балаларға күлге қарсы қолданылады:

А) АКДС-вакцина

Б) АДС-анатоксин

В) АДС-М -анатоксин

Г) АД-М – анатоксин

Д) АД- анатоксин


16. Қай жасқа дейін БЦЖ егуін Манту сынамасынсыз жасауға болады:

А) 1 айға дейін

Б) 2 айға дейін

В) 3 айға дейін

Г) 6 айға дейін

Д) 1 жасқа дейін


17. Бала ВГВ қарсы екінші егуді мына жаста алады:

А) 2 айда

Б) 4 айда

В) 4,5 айда

Г) 5,5 айда

Д) 5 айда


18. Бала 2 айда емханада мына егулерді алады:

А) АКДС1, ОПВ1, ВГВ2

Б) БЦЖ+АКДС1, ВГВ1, ОПВ1

В) АКДС2, В1

Г) АКДС1, ОПВ2, ВГВ3

Д) АКДС1, БЦЖ
19. Бала 3 айда емханада мына егулерді алады:

А) АКДС1, ОПВ2, ВГВ2, БЦЖ

Б) АКДС2, ОПВ2

В) АКДС3, ОПВ3, , геп.В3

Г) АКДС2, ВГВ3

Д) АКДС1, ОПВ2

20. АКДС вакцинациясы аяқталады:

А) 4 айда

Б) 4,5 айда

В) 5,5 айда

Г) 6,5 айда

Д) 7 айда
21. Гепатит В ғақарсы вакцинация аяқталады:

А) 5,5 айда

Б) 6,5 айда

В) 5 айда

Г) 7,5 айда

Д) 4 айда

22. ОПВ иакцинациясы аяқталады :

А) 4 айда

Б) 5 айда

В) 5,5 айда

Г) 6,5 айда

Д) 1 жаста


23.Жоспар бойынша кестеге сәйкес қызылшаға қарсы вакцинация жасалады:

А) 8 айда

Б) 1 жаста

В) 1 жас 2 айда

Г) 1 жас 3 айда
Д) 1 жас 6 айда
24. АКДС ревакцинациясын кесте бойынша жүргізеді:

А) 18 айда

Б) 1 жас 8 айда

В) 1 жас 6,5 айда

Г) 1 жас 7,5 айда

Д) 1 жас 8,5 айда


25. Егуді жүргізу үшін неше «қауіп тобын» анықтайды:

А) 3


Б) 4

В) 5


Г) 6

Д) 7


ЖАУАП ЭТАЛОНЫ

1 - Г


2 - Б

3 - А


4 - В

5 - Г


6 - В

7 - Д


8 - Д

9 - В


10 - Б

11 - Б


12 - Б

13 - В


14 - В

15 - А


16 - Б

17 - А


18 - А

19 - Б


20 - А

21 - Д


22 - Д

23 - Б


24 - А

25 - В


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

1есеп


Дені сау балаларды ұлттық алдын алу егу күнтізбесіне сай жаппай иммунизациялау ( № 2295ҚР ДМ-нің бұйрығы) бірқатар жұқпалы аурулардың алдын алуды қарастырады:
Тапсырма: Балаға егу күнтізбесіне сай қандай жұқпалы ауруға қарсы егу жасау қажет:

А) Туберкулезге, полиомиелитке, қызылшаға, көкжөтелге, сіреспеге, күлге, эпидемиялық паротитке, қызамыққа, іш сүзегіне, гемофильдік жұқпаға;

Б) Туберкулезге, полиомиелитке, қызылшаға, көкжөтелге, сіреспеге, күлге, эпидемиялық паротитке, қызамыққа,, туляремияға, гемофильдік жұқпаға;

В) Туберкулезге, полиомиелитке, қызылшаға, көкжөтелге, сіреспеге, күлге, эпидемиялық паротитке, қызамыққа,, лептоспирозға, гемофильдік жұқпаға;

Г) Туберкулезге, полиомиелитке, қызылшаға, көкжөтелге, сіреспеге, күлге, эпидемиялық паротитке, қызамыққа,, гепатит В, гемофильдік жұқпаға , гепатита А-ға;

Д) Туберкулезге, полиомиелитке, менингитке, көкжөтелге, сіреспеге, күлге, эпидемиялық паротитке, қызамыққа, гепатит В-ге, гемофильдік жұқпаға.

2есеп

Бала 1 жаста. Токсикозбен өткен 2-жүктіліктен, туғандағы салмағы 3050 г, бойы 52 см. Жас нәрестелік кезеңі қалыпты өткен. 8 айлығында ЖРВИ-мен ауырған. Баланы учаскелік дәрігер қарады. Егу күнтізбесіне сай егу жасау туралы шешім қабылдады.


Тапсырма: Егу үлгісін таңдаңыз:

А) V1 АКДС+ V1 ВПП егулерін жасау

Б) Қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы егу( ККП)+ ВПП

В) V1 АДС+ V1 ВПП егулерін жасау

Г) V БЦЖ+ V ВПП+ VВГВ егулерін жасау

Д) Эпидпаротитке қарсы егу.


3 есеп
Сәбиге 3 ай болған.Туғандағы салмағы 3300г, бойы 50см. Жас нәрестелік кезеңі қалыпты өткен. Емшек сүтімен тамақтанады. Қараған кезде баланың жағдайы қанағаттанарлық. Неврологиялық статусы қалыпты. Егу күнтізбесіне сай егу жасау нұсқалды.
Тапсырма: Осы балаға егу үлгісін таңдаңыз:

А) ВПП+АКДС+Нib

Б) БЦЖ+ВГВ

В) ВГВ+ВПП+АКДС+ Нib

Г) ВГВ+ВПП+АКДС

Д) ВПП+ККП


4 есеп


4 айлық баланы учаскелік педиатр алдын алу қабылдауында қарады.

Қалыпты өткен жүктіліктен айкүні жетіп туған, туғандағы салмағы 3500г, бойы 51 см. Емшек сүтімен тамақтанады. Дене және жүйке-психикалық дамуы жасына сай.

Егу күнтізбесіне сай егу жасау нұсқалды.
Тапсырма: Осы бала үшін егу үлгісін таңдаңыз:

А) ВПП+АКДС+Нib

Б) БЦЖ+ВГВ

В) ВГВ+ВПП+АКДС+ Нib

Г) ВГВ+ВПП+АКДС

Д) ВПП+ККП


5 есеп


2айлық сәби. Ата-анасының дені сау, ай күні жетіп туған, жүктілік қалыпты өткен. Туғандағы салмағы 3400 г, бойы 51см. Перзентханада егу жасалған. Қазіргі кездегі салмағы 4800 г. Емшек сүтімен тамақтанады, ему режимі еркін. Анасы тарапынан баланың жағдайы туралы шағымы жоқ. Осы балаға кезекті егу жасау туралы учаскелік дәрігер шешім қабылдады.
Тапсырма: Осы бала үшін егу күнтізбесіне сай егу үлгісін таңдаңыз:

А) БЦЖ+ВГВ

Б) ВГВ+ВПП+АКДС+ Нib

В) ВПП+АКДС+ Нib

Г) RVАКДС+ RV Нib

Д) ВПП+ККП



ЖАУАП ЭТАЛОНЫ

1 - Г


2 - Б

3 - А


4 - В

5 - Б



13 беттің беті


жүктеу 191,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау