л
дыбысы
н
-ға алмасып айтылған ләпсі –
нәпсі, лас –нас, лағынет – нәлет, лоқта – ноқта, Лазым – назым
(«Пердеге
жүзін салады, Пердені қолға алады, өз көркінен қыз Лазым Талып түсіп
қалады. «Қамбар» (3)
л
сөздің абсолют басында түсіп қалады:
лабақты –
абақты, ләшкер – әскер, лонх
(он) монғ. «бөтелке», «флакон», қазақ тілі
диал.
оңқа
(
оңқа төңкеру
, «банка төңкеру); 4) л, р дыбыстары сөздің басында
селбеспелі қысаң дауыстылармен айтылған. Мысалы:
лу
(тибет, қытай)
«дракон» –
ұлу,
(ылашын)
лашын
т.б. Өзге алмасулармен салыстырғанда
соңғы төртінші тәсілді
л, р
дыбыстарынан басталатын шеттілдік сөзді
игерудің аса өнімді түрі деуге болады.
Бұған дейін біз селбеспелі дауыстылардың сонорлы буындары
жіктерінде жазылатын және жазылмайтын жағдайларына қатысты мәселеге
тоқталдық.
Ал селбеспелі дауыстылардың сөздің абсолют басында
р, л
сонорларымен жұмсалу ерекшелігі осы айтылған мәселемен сабақтас деуге
болады. Сөздің абсолют басындағы селбеспелі дауыстының қазақ
графикасындағы таңбалануы екі түрлі: «
л, р
дыбыстарынан басталып, одан
кейін
а, ә, е, у, ү, и
дыбыстары келетін түбір сөздердің басында
ы, і
әріптері
жазылмайды:
лаж, лайық, лас, лай, леген, рай, рас, лауазым, лашын, лашық,
лақа (балық), лақап, лезде, леп, лепіру, лоблу, рақат, рақым, раң, рет, ренжу,
рең, реңк, ру, рух, рухани, рұқсат, риза, рия, ризық, рәсуа.
Қалған жағдайда сөз басында
р, л
әріптерінен бұрын
ы, і
әріптері
жазыла береді:
ырыс, ырым, ырық, іріт, ырыл (дау), ілік
(ті)» [38, 21б.].
Ал
р, л
дыбыстарының (әріптерінің) алдына селбеспелі қысаң
дауыстыны белгілейтін
ы, і, ұ
әріптерінің жазылмауына қарап, мысалы,
ру,
(ұрұу), рух (ұрұух), леп (ілеп), лашын (ылашын), лау (ылау), лақ (ылақ),
бұл
орындарда қысаң дауыстылар мүлде айтылмайды деп ойлауға болмайды.
Л, р
сонорлары сөздің басында келгенде, барлық жағдайда қысаң дауысты
селбесіп айтылады. Бірақ олардың фонемалық реңктері р, л дыбыстарынан
кейінгі дауыстыларға тәуелді болуы ықтимал. Мысалы, р, л сонорларынан
кейін а, ә, е, ұ және дауысты сонор дыбыс тіркесі – ұу, ый келсе, р, л-дың
алдында келетін қысаң селбеспе дауысты өзінің созылыңқылығы жағынан
біршама қысқа айтылады. Ал сөз басындағы р, л-дан кейін қысаң
дауыстылар келсе, керісінше, селбеспе дауысты біршама созылыңқы
айтылуы ықтимал. Әрине, бұл дауыстының созылыңқы немесе айтылу
реңкінің фонемалық мәні жоқ. Сырт қарағанда, біршама сөзылыңқы селбеспе
дауыстыны арнайы көрсетіп (ырым), ал қысқасын көрсетпей жазу (лашын)
қазақ графикасындағы кемшілік тәрізді көрінеді.
Бірақ бұл графикалық тәсілдің, бір жағынан, артықшылығы да бар.
Таңбалардың үнемді қолданылатындығын айтпағанның өзінде, бұл
графикалық ерекшелік сөздің айтылу нормасын дұрыс бейнелейді. Селбеспе
дауыстының жазылуы р, л-ның алдындағы қысаң дауыстының біршама
созылыңқы айтылуын қамтамасыз етеді. Мысалы:
ырым ырым, ырық ырық,
ілік ілік
. Селбеспе дауыстының жазылмауы –
р, л
позициясындағы қысаңның
біршама қысқа айтылуын қамтамасыз етеді:
ырақмет – рақмет, ыраушан –
раушан, ылауазым – лауазым,
т.б. Ал
р
сонорының алдында келетін
селбеспе дауысты
ұ
-ның
ру ұрұу
сөзінде таңбаланбаумен
ұру, ұрұу
сөзінде
таңбалануын омофон сөздерді (І. Ұрұу ру, 2. ұрұу ұру) ажырату мақсатымен
байланысты деуге болады. Зат есім болып келетін
ру
сөзі өзінің жазылуы
арқылы ұру етістігінен ажыратылып тұрады.
Тарихи фонетика деректеріне қарағанда, түркі негіз тілінде (приязык)
сөздің бас шенінде әуелде қатаң дыбыстар қолданылған. Бұл позицияда
бертін келе, сыртқы сандхи құбылысына байланысты, ұяңдар да жұмсала
бастаған. Бұдан кейінгі кезеңде сөз басында қатаң, ұяңдар ғана емес, кейбір
үнді дыбыстар да, мысалы,
м, н
кездесе бастайды.
Н
-ның сөз басында
тұрақты қолданылуына бір жағынан экстралингвистикалық фактордың да
әсері болды. Парсы тілінен н дыбысынан басталатын сөздердің (нәзік, нан,
наразы, нарық, нысан, наурыз, нәр, нәресте, нама т.б.) молырақ енуі бұл
процесті жеделдете түсті. Алайда сөз басындағы н дыбысының тұрақты
сипатқа ие болуы әуел баста қайшылықсыз болған жоқ. Басқы позициядан н
дыбысы қайсыбір сөздерде түсіріліп айтылады:
недәуір – едәуір, немеурін –
емеурін, нәмеңгер – әмеңгер
т.б. , немесе өзге дыбыстарға алмасып отырады:
нәпақа – мәпақа, нану –шану, сену; нану – илану, назым – [ылазым]лазым,
нәпсі [іләпсі] ләпсі, ноғала – доғала
, т.б. Бұл – қазақ тілі үшін өтпелі дәуір.
Өйткені [н] дыбысынан басталатын шеттілдік сөздерді өзге дыбыстармен
алмастырып айту немесе селбеспелі дауыстымен айту бұл кезде байқалмайды
деуге болады. Сөз басында консонанттардың жұмсалуэволюциясына
қарағанда, л, р дыбыстарының да сөз басында қолданылу мүмкіндігі бар.
Бұл мүмкіндікке экстралингвистикалық фактордың да әсер етуі
ықтимал. «Тарихи тұрғыдан қарағанда протеза құбылысын түркі тілдері
үшін революцияға дейінгі кезеңге тән деуге болады, ал қазіргі кезде бірқатар
орыс сөздері мен терминдерін игеруге байланысты түркі тілдеріндегі сөздің
бас шені өзгеріске ұшырап, протеза бірте-бірте азая түсті (ең алдымен
орфографияда). Бірақ көнеден келе жатқан тұрмыс-салтқа байланысты
мықтап орын тепкен ауыс-түйіс сөздерде протеза құбылысы сақталып
отырады» [39, 281б.].
Р,
л
дыбыстарының
сөз
басында
қолданылу
мүмкіндігі
созылыңқылығы біршама қысқа дауыстының [
ырақым] рақым, [ыразы]
разы, [ілебіз] лебіз, [ылашын ] лашын
редукцияға ұшырауы барысында
жүзеге аса бастауы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |