күрделі сын есім
:
ақ боз (ат), ал қызыл (орамал), қызғылт қоңыр
(тас), ақ шаңқан, шаңқан боз, ақсары (адам), сары шұбар, қара ала, күйік
сары, құрым сары, көк ала, ақ сұр
т.б.;
б)
күрделі етістіктер
: келе жатыр, кешігіп қала жаздады, қайнап
кетті, бұртете қалды, жалп ете түсті
т.б. ;
в)
күрделі үстеулер
:
түс әлетінде, түн ортасында, түс кезі
т.б. ;
г)
күрделі сан есімдер
:
он тоғыз, қырық бір, бір бүтін оннан екі,
жиырма бес, төрттен екі, үштен бір, бір мың тоғыз жүз, сексен алты
т.б.
2.
Қос сөздер
:
бала-шаға, қоян-қолтық, үйме-үй, тау-тау, жекпе-жек,
дақ-дәулет, бес-алты, он-он бес, бірлі-жарым
т.б.
3.
Біріккен сөздер
:
өнеркәсіп, балабақша, кәсіподақ (кәсіпшілер
одағы), жаужұмыр (өсімдік), қолғап, қосаяқ (тышқан), кезқұйрық (құс),
итарқа (шатырдың түрі), алаөкпе (ауру), өнертабыс, шамшырақ, ешкім,
ешқандай, әлдекім, әлдебіреу
т.б.
4.
Қысқарған сөздер
:
ауатком, әсерком, агроөнеркәсіп, автодүкен
т.б.
Міне, осындай қысқаша мысалдың өзінен-ақ құрама сөз құрылымының
әлдеқайда күрделі және жазылуының әр түрлі екендігін (бөлек, бірге,
сызықша арқылы) байқауға болады. Дегенмен құрама сөздердің бәріне ортақ
басты-басты белгілер бар. Құрама сөздің қай-қайсысы болсын, мейлі ол
күрделі зат есім (
ауылшаруашылық, кіндік шеше, ата мекен
т.б.), күрделі
сын есім (
қызыл қоңыр, қара барқын, ақ сары, құрам қызыл
т.б.), күрделі
сан есім (
қырық бір, он тоғыз, төрттен бірі
) болсын, қос сөз болсын (
тау-
тау, үлкен-кіші, үйлі-баранды, ыдыс-аяқ, қып-қызыл
т.б.), біріккен сөз
болсын (
өнеркәсіп, қолбасшы, арасалмақ, бұзаубас
т.б.), қысқарған сөз
болсын, олар белгілі бір заттың (өлшемнің, түр-түстің, іс-әрекеттің атауы
(номинациялық қызметі) болып, бір мағынаны білдіріп (семантикалық
қызметі), сөйлемнің бір ғана мүшесі ретінде (синтаксистік қызметі) қызмет
атқарады. Қазақ орфографиясының тәжірибесіне сүйенсек, құрама сөздің бір
ғана заттың атауы болуы, бір ғана мағынаны білдіруі, сөйлемнің бір ғана
мүшесі ретінде жұмсалуы олардың бірге не бөлек жазылуына таяныш бола
бермейді. «Егер құрама сөз бір ғана заттың атауы болып жұмсалса, бір ғана
мағынаны білдірсе, бір ғана синтаксистік қызмет атқарса, оларды неге бірге
жазуға болмайды?» деген заңды сұрау туады (мысалы,
жиырма сегіз
бір ғана
қимылдың атауын білдіреді).
Бұл аталған үш белгіге (триадаға) сүйенсек, қас пе көздің арасында:
көзді ашып-жұмғанша, деген фразеологизмдерді де біріктіріп жазған болар
едік. Өйткені бұл тіркестер де «тез, тым шапшаң» деген бір ғана мағынаны,
ұғымды білдіріп, бір ғана қимыл амалының атауы болып тұр. Бірақ жазу
тәжірибеміз мұндай сөздерді біріктіріп жазуға ырық бермейді. Себебі осы
аталған фразеологизмнің сыңарлары тілдік бірлік (единица) ретінде өз
дербестігінен айырылған жоқ. Күрделі сан емес, күрделі сын есім, күрделі
зат есім сыңарларының бөлек-бөлек таңбалануының қазақ орфографиясында
дәстүрге айналуы олардың тілдік бірлік ретінде өз дербестігін сақтауына
байланысты деуге болады.
Сонымен, құрама сөздердің бәріне ортақ үш белгіден басқа жеке-жеке
белгілер де болуға тиіс. Сол жеке белгілер құрама сөз типтерін (күрделі
сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер) бір-бірінен өзгешелеп
тұрады. Мысалы, құрама сөздің бір типі – күрделі сан есім, күрделі сын
есім, күрделі зат есімдердің әр сыңары тілдік бірлік ретінде біршама сөз
дербестігін сақтауы – осы аталған сөздер тобына тән жеке белгілердің
(частные признаки) бірі.
Құрама сөздердің екінші бір типінің сипаты бұлардан (күрделі
сөздерден) басқаша. Бұл топқа белгілі сыңарларының мағынасы
көмескіленуі, контаминацияға ұшырауы арқылы дербестігінен айрылған
құрама сөздер жатады. Құрама сөздердің бұл типі біріккен сөздер деп
аталады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |