Ал буындардың бейүндес жігін
қа-бі-лет, тақ-сі-рет, қа
-
ре-кет
деп
ажыратсақ [б], [с], [р] дауыссыздары [і], [е] дауыстыларының реңкіне
бөйімделеді де,
қабыл ет, тақсыр ет, қара кет
(ті) еркін тіркестерінен
өзгешеленіп тұрады.
Бейүндес буын жіктерінде қысаң [ы], [і] дауыстыларының таңбалануы
мен таңбаланбауы – қазақ орфографиясындағы қиындықтардың бірі.
Мысалы:
зақмет-зақымет, рақмет-рақымет, қызмет-қызымет, үкмет-
үкімет, лағнет – лағынет (лағінет)
т.б. Қазіргі орфографиялық сөздіктерде
бұл тәрізді сөздер бірде қысаң [ы], [і] мен жазылса, мысалы,
қазірет,
кейбірі
рақмет, қызмет
түрінде жазылады. Осы типтес сөздерді қысаң дауыстылар
арқылы жазып, оппозициялық жікке бөліп көрейік: за-қы-мет, ра-қы-мет, қы-
зы-мет т.б. Сөйлеу процесінде бұл сөздердегі <қ>, <з>,<ғ> дауыссыздары [ы],
[і]-нің шылауында айтылады да өзгеше реңкке (біршама созылыңқы айтылуы
тәрізді) ие болады.
Осындай фонетикалық әсердің нәтижесінде бұл сөздердің дыбыстық
құрылымы ритмикалық тұтастықпен айтылатын
зақым ет, рақым ет, үкім
ет
тәрізді еркін тіркестердің дыбыс құрылымымен бірдей болып шығады.
Ал бұл сөздердің [ы], [і] дауыстыларынсыз түріндегі <қ>, <з>, <ғ>
фонемаларының реңкі өзгеше болып (келте, кілт айтылуы), ритмикалық
тұтастықпен айтылатын еркін тіркестерден өзгеше дыбыстық құрылымға ие
болады.
Сөз ажыратуға септігін тигізетін осы өзгешелік ол сөздерді
ритмикалық
тұтастықпен
айтылатын сөз тіркестерінің дыбыстық
құрылымынан ажыратып тұрады. Сондықтан бұлардың қызмет, зақмет,
лағнет, рақмет, құрмет т.б. түрінде жазылуын орынды деуге болады.
Сөздердің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуі қазақ
сөзінің табиғатына тән. Бұларды біржікті буындар деуге болады. Дегенмен
біріккен сөздер – көг-ал (мұндағы
ал
морфемасы
алсын
«шабылған шөптің
орнына қайтадан көктеп шыққан көк» дегенмен этимологиялық
байланыстағы сөз болуы ықтимал), көг-орай, сондай-ақ өзге тілден қоныс
аударған сөздердің (қа-ре-кет, қа-сі-рет т.б.) ішінде бейүндес буындардан
құралғандары да кездесіп отырады. Бұларды екіжікті оппозициялық буындар
деуге болады. Ал кейбір сөздерді үш немесе төрт жікті буын (жуан-жіңішке
– жуан) түрінде жазу, сөзді тым жасанды көрсетеді. Мысалы:
мұ-ба-рак-қа,
дән – да- қу-ым, дар – гу-ман, мү-шай-ре, бә-да-уи, пәр – уар – диг - ар
т.б.
Бұл типтес сөздерді сондықтан мүбәрәк, дәндәку, дәргүман, пәруәрдигер
түрінде жазу әлдеқайда қазақ тілінің дыбыс жүйесіне үйлесімді.
Қазіргі қазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі – түбір
сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөздің соңғы
буынындағы қысаң дауыстының түсіріліп немес түсірілмей жазылуы.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: