толтырылған қапшықтар үлестіру, демалыс кештерін, алуан түрлі
кездесулер және тағы сол сияқты іс-шаралар ұйымдастыру, бір сөзбен
айтқанда, қайырымдылық акцияларын өткізу.
«Жас Отан» жастар қанатының бөлімшелері арқылы жүзеге асып
жатқан осы игілікті шаралар Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс
Қазақстан облыстарында қызу жүріп жатыр. Зейнеткерлерге, соғыс
ардагерлері мен қарт мүгедектерге тегін медициналық көмек көрсетілуде.
Және бұл жәрдем арнайы құрылған кесте бойынша әлеуметтік жағдайы
төмен қарттардың үйлеріне апарып жасалады. Емделуге аса мұқтаж
жандарға тегін медициналық квота беріледі. Жасотандықтар қажет
болса, пациенттерді емделу гранттарымен қамтамасыз етеді. Осы акцияға
қатысушы медициналық колледждің студенттері науқас қарттарға деген
көмектерін аямауда. Олар зейнеткерлердің тиісті дәрежеде ем алуын
қадағалап отырады.
Қазақ әдебиеті, 22.10.2004
3.
Көркем мәтін
ең алдымен тыңдарманның сезімдеріне әсер етеді. Олай
болса, мұндай мәтінді тиісті көңіл толқынымен оқыған орынды. Бұл, әрине,
поэзия жанрындағы мәтіндерге көбірек тән болады. Ал прозалық көркем
әдебиетте шығарманың идеясын ашуда түрлі стиль элементтерінің араласып
қолданылуы маңызды рөл атқарады. Көркем әдебиетке деректілік, яғни әр бір
құбылыс, оқиға, адамның бейнесінің шынайы өмірге жақын сипатталуы тән
болғандықтан,
кейіпкер бейнесі, автор бейнесін ашуда бір ғана жоғары
эмоциялық сөздерді қолдану жеткіліксіз болып қалады. Әсіресе драмалық
шығармалардың стилі бірізді емес екені белгілі, мұнда әр бір кейіпкердің
әлеуметтік сипатын ашу үшін сөйлеу стилінің және т.б. стильдердің
элементтері жиі қолданылады. Шығарма интонациялық
жағынан да осылай
безендіріледі. Демек көркем әдебиет стиліне сөйлеу стилінің де,
публицистикалық стильдердің де, тіпті ғылыми стильдердің де элементтері
араласады. Сондықтан мұндай мәтіндерді ұсынғанда олардың негізгі
идеясына, жанры мен автордың прагматикасына назар аударған жөн.
Мұндағы автордың прагматикасы дегеніміз автордың тыңдарманын,
оқырманын ескере отырып мәтінді соларға арнап құруы. Мысалы, балаларға
арналған әдебиет пен ересектердің әдебиеті көркем стильге жатқанымен, тілі
жағынан ерекшеленеді. Соған қарай олардың
интонациялық сипаттары да
басқа болады. Балаларға арналған мәтінді ұсынғанда бала санасына түсінікті
интонациялық бірліктерді қолданған жөн. Мұндай мәтіндерді дыбыстауда
интонация ең басты қызмет атқарады. Себебі көптеген сөздердің мағынасын
әлі жете түсіне бермейтін бүлдіршіндер әңгіменің не туралы айтылып
жатқанын, кейіпкердің жағымды, жағымсыз кейпін, оқиғаның қуанышты
немесе ренішті сипатын және
тағы басқа да жалпы мағыналық, эмоциялық
ақпаратты диктордың интонациясынан ғана ажырата алады. Сонымен,
көркем мәтіннің жалпы интонациялық сипатына келетін болсақ, ең алдымен
оған құбылғыштық, әуен бедерінің түрлілігі, дауыс сазының өзгергіштігі тән
болады екен. Көркем шығарманың жанрына, идеясы мен автордың
прагматикасына қарай оның интонациясы да белгіленеді.
Интонациясы жағынан айқын ажыратуға келетін жанрлар, поэзия,
проза, драма болып табылады.
Өлең сөзде өзгермейтін тәртіп, ырғақ түрлері болады да, ақынның
эмоциясы бір қалыпты өрнекпен түскен суреттердің үстінен байқалып
жатады. Ал драмалық шығарманың интонациясы кейіпкерлердің эмоциясына
қарай құбылып отырғанымен, әр кейіпкер сөзі өзіндік сарынымен
ерекшеленеді. Прозалық шығарманың интонациялық безендірілуінде
қалыпты форма болмайды. Оның әр түрлі
құрылымдық бөліктерінде
интонация түрліше көрінеді, мәселен, прозалық мәтіннің бастапқы бөліктері
баяу қарқынмен, бір қалыпты әуенмен айтылуы мүмкін, бірте-бірте оқиға
желісі дами келе, оның интонациялық суретіне құбылғыштық тән бола
бастайды да, соңында қайта тұрақталуы мүмкін. Мәтін интонациясының
суретінде
Достарыңызбен бөлісу: