49
пəленшелерден сұра», тіпті оқта-текте қызып кетіп, «тошно пио-
нерлік сөзім» деп тамсанып өз-өзінен қарғана жөнеледі екен.
– Ей, Ораш-ай, – деді автобус ауылдың шетіне ілінгенде, – Біз не
көрмедік, баяғыда бір əйел айтқан екен: «мен не көрмедім, қасқыр да
қамады, Байсал да (байы ғой) сабады» деп. – Ал енді, құда бала, сау
бол, – деді Биғаң қолын ұсынып. Мен жымидым. Бағана таңертеңгі
«беті-қолымды жумаған едім» деген сөзі есіме түскен.
Өз үйім – өлең төсегім дегендей, аунап-қунай бергенім сол еді,
біздің сықырлауық есік ашылып, əлдекім кірді. Даусын естіп жатыр-
мын.
– Саусың ба, құдағи! Қол-аяғың қақсағанды қойды ма?
– Шүкір. Күн бұлттанса болды, зар қақсатады.
– Биыл құрғақшылық қой, бақытыңызға орай.
– Ой, саудайы, – деді шешем, – кеміріп, жеп түсіріп тастаса да
күн жауса екен, жердің де, елдің де кенезесін кептірмей.
Төргі бөлмеден шықтым. Биғаң екен, ізімді суытпай келіп
қалыпты. Мені көріп орнынан ұшып түрегелді.
– Оу, құда бала, қашан келдің? (Амандасты). Апырай, құдағи-ай,
ұлыңның келгенін айтпай, дəтіңіз қалай шыдап отыр.
– Енді сүйінші сұрайын ба? Көрген шығар дедім.
– Қайдан көрейін, Өскеменнен жаңа келдім.
– Ораш та Өскемен арқылы келген жоқ па. Кіргені осы.
– Басқа рейспен ұшқан шығар, – деген Биғаң маған қарап көзін
қысты. Қолтығындағы жеті тиынның тұзы əлі жүр екен, тегі, үйіне
бармаған секілді. Шешем көкейіңді тескен осы шығар дегендей,
үлкен қырлы стақанды шөпілдете құйған арақты алдына қойды.
Биғаң сасқалақтаған болды.
– Үйбай-ау, құдай-ау, мынауыңыз не? Мен дегенің...
– Жə, бұлданбай іше сал, – деді шешем. Суық ет əкелді.
– Мені бір ішкіш олайсыз-ау. Осы ақмағанбетті ішпей қою қолдан
келеді. Тіпті ішпей-ақ қояйыншы. (Стақанды қолының сыртымен ары
ысырып қойды). Ал татпадым. Өле қалсам да ұрттамадым. Ей, ащы
су, (араққа қарап ернін шығарды) сен итті мына Шөкең менсінбей
қойды, қылатыныңды қылып ал. Уа, құдағи, көрдіңіз бе, Шөкең
қандай шыдамды, (екі алақанымен санын шапалақтады) ура, Шөкең
арақ албастыны жеңді. Ал ішпедім, ішпедім ғой осы. Ал, құдағи,
бүкіл елге жар салыңыз, жуыңыз, тіпті той жасаңыз, Шөкең арақты
мүлдем қоя алады екен. (Стақанға қарап тағы ежірейді). Əкеңнің...
4–1151
50
көзі көгеріп кісіге қарайды-ей өзі. Қарашы, қылмыңдауын, пішту,
оныңнан түк шықпайды, сайқал, ырбаңдама, бəрібір менсінбеймін
(екі көзін тас қылып жұмып алды), мə, саған керек болса, көрмей
қояйын бəлем.
– Биғаш-ау, əкем, – деді шешем, – өз-өзіңді қинап қайтесің.
– Əне, өстіп зорлайсыңдар енді, – көзін ашып жіберді. – Деген-
мен, осы ит маған жағатын секілді.
– Стақанды ақырын ғана алып алдына қойды. Сипалап отырып:
– Құдағи айтыңызшы. Шөкең ішіп мас болып, көшеде құлап
қалғанын көрдіңіз бе?
– Көргем жоқ.
– Құдағи, айтыңызшы, Шөкең мас болып біреумен төбелескенін,
не болмаса əйелін, бала-шағасын сабады дегенді естідіңіз бе?
– Естіген жоқпын.
– Құдағи, айтыңызшы, Шөкең арақ ішіп ауырды дегенді естідіңіз
бе?
– Жоқ, құдай. Денсаулығың əзірше жақсы ғой.
– Олай болса, құдағи, айтыңызшы, мал-жанымды сатып, ішім-
дікке салынғанымды көрдіңіз бе? Міне, елу жыл.
– Көрген жоқпын.
– Ендеше, құдағи, айтыңызшы.
– Жетер, – деді «құдағи» аса бір қажыспен, – шаршадым,
шаршаттың...
– Ендеше, құдағи, жақса... неге ішпеймін.
Стақанды аузына апара берді де:
– Əй, ішпесем ішпей-ақ қояйыншы, – деп, тағы да кейінірек
апарып қойды. Содан соң өзі столдың шетіне иегін тіреп, анау
мөлдіреген араққа мөлиіп қарады-ай.
– Ішсең де, ішпесең де өзің біл, – деп, шешем орнынан тұрып
кетті. Мен болсам Биғаңның мінезіне əрі таңданып, əрі аяй қарадым.
«Шынымен-ақ ішпей қояр ма екен» деп ойлаймын.
– Жоқ, – деді Биғаң саңқ етіп. Оқыс дауыстан шешем жүгіріп
келді.
– Не болды? Шошып кеттім ғой, түге.
– Бұл ит, ақаңды айтам, маған жағады екен. Ішпесе болмас.
Қырлы стақанды жалғыз-ақ төңкеріп ұрттады да, аузында
қалғанымен ұртын шайып-шайып жұтынып қалды. Сарт-сұрт шыға
жөнелді.
51
–Уһ, қожанасыр-ай, маңдайымнан тер шығарып жіберді ғой, –
деп, шешем сылқ етіп отыра кетті.
Мен де жіпсіп, əлгі арақты өзім ішкендей болып тұр едім.
Ертеңінде Биғаң көп баласының бірінен бір шымшым тұз беріп
жіберіпті. Қаладан əкелген дəм ғой..
51-56-Б.
Сөздік
аспазшы
повар
кезекті
очередной
тым ерте
очень рано
ығы-жығы
масса, толпа, множество (людей)
біреуді-біреу
кто-то кого-то
қайшыласқан
сталкиваться при встрече (на
дороге)
қапырық
духота, спертость воздуха
тер
пот
тұншығып
задыхаясь
қолқа
аорта
тымырсық күн
душный день
бүйірімнен
по боку
жалт қарасам
быстро взглянул, оглянулся
пішеншілер
косари
тұзақ
ловушка
ау
сеть
саспайтын
спокойный, хладнокровный
қайғы
печаль, горе
қуаныш
радость
қадір
уважение, почет, авторитет, до-
стоинство
құда
сват
тынымсыз
беспокойный
52
алақан
ладонь
əдейі нарочно
қырсықтанып
упрямствуя, капризничая
қолтығына
в подмышки
ас тұзы
поваренная соль, столовая соль
ыңғайлырақ
удобнее
есінеді зевнул,
зазевал
шөл жажда
өп-өтірік күлдік
фальшиво, лживо засмеялись
жеңі
рукава
столдың шеті
край стола
суық
холодный
есіл-дертім
все мои мысли
кеуде(сін )
грудь, передняя верхняя часть
тела, бюст (до пояса)
тұңғыш
первенец
тұрмыста
замужем
ұялып қалмайын деп
чтобы не было неудобно
ауыздарының дəмін алсын деп
чтобы попробовали
ішек-сіле
мяться до упаду, до слез, до
икоты
ұзындығы
длина
жылан
змея
жел
ветер
ерекшелігі
особенность
көзі жайнап
глаза загорев
тамсанып
довольствуясь
шеті край
қасқыр
волк
жымидым
слегка улыбнулся (не разжимая
губ и выражая удовольствие)
Достарыңызбен бөлісу: |