Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет176/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   271
Литература
1.
Бахарева С. Развитие критического мышления через чтение и письмо. Учебно-методическое 
пособие. – Новосибирск, 2005. 
2.
Загашев И.О., Заир-Бек С.И., Муштавинская И.В. Учим детей мыслить критически. СПб.: 
Альянс «Дельта», 2003 
3.
Национальный план развития функциональной грамотности школьников на 2012-2016 годы, 
утвержденный постановлением Правительства РК от 25 июня 2012 г. №832. 
4.
Руководство для учителя, с.110 
5.
Формирование функциональной грамотности учащихся – залог их счастливого будущего-
 http://www.altynsarin.kostanay.gov.kz/ru 
6.
Перемена: Программа развития критического мышления через чтение и письмо -
 http://www.ct-net.net/ru/rwct_tcp_ru 
 
Есенжолова Н.К. 
№104 мектеп-гимназиясы, Қарағанды қ. 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУ ЖӘНЕ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 
ҰТЫМДЫ ЖОЛДАРЫ 
 
Білім беру саласының алдындағы негізгі мақсаттарының бірі-функционалдық 
сауаттылығығы дамығын жан-жақты тұлға қалыптастыру. Сауатты жазу, оқу – білімділіктің 
басы. Қазіргі кезде бастауыш сыныпта тіл кемістігі бар, орыс тілді балалар көп. Оқушылардың 
сөздік қорлары аз, сөйлегенде артық сөздері көп қосады, сөйлемдері шұбыраңқы болып келеді, өз 
ойларын еркін жеткізе алмайды. Тілдің саналы түрде игерілуі баланың танымдық қабілеті мен 
таным күштерінің бірігуі арқылы іске асып отырады. Баланың дамуға бейім таным күштерін 
байқаған мұғалім арнайы жұмыс арқылы оны ұштай түсуі тиіс. Мұғалім оқушының қазақ тілінде 
төселе сөйлеуін, сауатты жазуын қамтамасыз ету барысында міндетті түрде оның танымдық 
қабілеттерінің де дамуын да ескеріп отырғаны жөн. Әрине, даму барысы оның физиологиялық 
даму мүмкіндіктерімен үйлесе келуін де қажет етеді. Мұғалім оқу-танымдық процестің 
жетекшісі мен ұйымдастырушысы ретінде оқушының биологиялық және әлеуметтік дамуын 
үйлестіріп отыруды баса назарда ұстайды. Жасөспірім кезінде баланың танымдық қызметі 
ерекше белсенділікпен өтеді [1]. Сондықтан бастауыш сыныпта оқу және жазу сауаттылығын 


356 
дамытудың ұтымды жолдарын іздестіру жұмыстарын қолға алдым. Оқу сауаттылығы- 
оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой- толғауы, жаңа білім 
игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы көбіне тілсабақтарында көрініс табатыны белгілі. Басқа 
пәндермен салыстырғанда оқушылардың көбіне қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен сапа 
көрсеткіші төмендігі байқалады. Себебі, ауызша айтқанда да ойлары жинақталмаған, оның үстіне 
қағаз бетіне түсіру сауаттылықты, көп күш жұмсауды талап ететіні белгілі. Абайдың 7-қара 
сөзінде айтылған танымдық қызығушылық енді бастауыш сыныптарда-ақ мұғалімнің тіл 
сабақтарын шебер ұйымдастыра білуімен арта түседі. Осы ретте оқушының қазақ тіліндегі 
коммуникативтік құзыреттілігінің оны белгілі бір шынайы ситуацияларға түсіре отырып, 
төселдірілуіндегі даму процесі туралы айтып өту керек [2] Оқушының қабылдауы, зейіні, 
қиялдауы туралы мәліметтер алуы қиын болғанымен, сөйлеу мен ойлау сияқты таным 
процестерін тану мүмкіндіктері мол. Оқушы тиісті оқу нысандарынан білімдік ақпарат алғанда, 
көп мағлұматтардың ішінен өзіне керек хабарды іріктеп алады. Егер оқушы рецепторларына 
жеткен мағлұматтарды іріктеп алмай, оған не әсер етсе, соны түгел қабылдаса, мақсатына жете 
алмас еді. Ол көп хабардың ішінен ненің қажет, ненің қажет емес екендігін ажырата алмай, оқи 
алмас еді. Сондықтан көп мағлұматтардың ішінен өзіне керегін ғана іріктеп таңдап алу — оқу 
тапсырмасын орындаудың негізгі шартының бірі.Қазақша тіл мәдениетін қалыптастыру, сөйлеу 
сауаттылығын дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту қазіргі 
таңда басты мақсаты болып танылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда 
қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі басты орында болуы 
керек.[4] Қазіргі қазақ мектептеріндегі тіл пәндері әлі де болса, формалдық грамматика логикасы 
негізінде оқытылып келеді. Оның салдары — меңгертілетін таза грамматикалық ережелер мен 
сабақта, сабақтан тыс орындалатын жаттығулардағы тілдік талдаулардың оқушылардың 
күнделікті өмірінде қажетін атқара алмауына әкеліп отыр. Осы ретте, «Бәріміз бірге оқимыз!» 
атты облыстық әлеуметтік жобамен бірнеше жылдар бойы айналысқанымыз да өз нәтижелерін 
берді. Бұл жұмысты бастамас бұрын ата-аналар мен оқушылардан «Кітап оқудың пайдасы» атты 
сауалнама жүргіздік. Зерттеу нәтижесінде ата-аналардың балаларыман бірге кітап 
оқымайтындығы, талдамайтындығы, тіпті үйде кітап қорының жоқтығы анықталды. Осы 
мәселелерді шешу үшін ата-аналармен бірігіп, «Бірге оқимыз!» атты форум өткізіліп, сыныпта 
«Кітаптармен алмасу» бұрышын жасадық. 
Сабақтан тыс уақытта оқушыларым «Оқу шаттығы» күнделігімен жұмыс жүргізді. Бұл 
жұмыста жеңіл мәтіннен (ертегі, аңыз) балалар жазушыларының көлемді шығармаларына 
біртіндеп көшкен дұрыс. «Оқу шаттығы» күнделігін үйде ата-анасымен бірлесіп толтыруға да 
болады. «Оқу шаттығы» күнделігіне келесі мәліметтер жазылады: 
1. 
Шығарманың аты; 
2. 
Авторын жазу немесе халық ауыз әдебиеті үлгісін
3. 
Жанры 
4. 
Кейіпкерлер; жағымды, жағымсыз; 
5. 
Негізгі ой; 
6. 
Мәтіннің желісі бойынша 3 сұраұ құрастыру; 
7. 
Өзіңнің алған сабақтарың немесе қорытынды ойың; 
8. 
Мәтін бойынша сурет сал немесе жапсыр.
«Оқу шаттығы» күнделігінің соңында әр жылдар бойынша оқу шапшаңдығының 
диаграммасы жасалып, оқушылар өздері әр айда оқыған сөздерінің санын белгілеп көрсетіп 
отырады. Диаграмма жасау оқушылардың оқу шапшаңдығының артуына әсерін тигізді. 
Күнделікті оқу материалын ұғыну қабылдаудан басталады. Қабылдау тек бірдеме қарау, 
не соны тыңдау ғана емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну [3].Осы 
мәселелерді шешу үшін сыныбымдағы әр оқушы «Суретті сөздік» дәптерін жүргізді. Оның 
мазмұнына: 
Сөздің атауы. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау