360
1.
«Бастауышмектеп» журналдары 2012-2014 ж
2.
Әдістемелік нұсқау хат 2020-2021оқу жылы
Егинбаева Г.А.
№1 «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қарағанды қ.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Ж.Аймауытовтың: «Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің
құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең
мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады,
бала
әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын
мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін
ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмір жүзінде пайдаланатын болады»деген сөзі орындалса,
функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар білім алушыға адами құндылық
тұрғысынан берері мол өмірлік тәжірибесіне дұрыс бағыт берер жол сілтеуші болмақ. Әрине
кәсіби шеберлігі мен заманауи талапқа сай біліктілігінің арқасында әр мұғалім өз сабағының
актері ретінде білім алушыларына бағытталғансапалы тапсырмаларға
құрылған жұмыстарынан
көруге болады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір
пәннің рөлі зор. Солардың ішінде әдебиет пәні – оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен
еліміздің болашағын кемелдендіретін жаңашыл бастаманың иесі болуға, тың идеяның бүгінгі
жасампаз жас буыны ретінде қозғаушы күші болуға ат салысатын болады. Сөзі мен ісі келіскен,
оқып түйгенін өмірлік тәжірибеде қолдану үшін бабалар мұрасы мен әдеби шығармалардан
негіздеп,даналық ойлармен ұштастыра іске асырады.
Ал бүгінгі таңда жаңартылған білім мазмұнындағы әдебиет сабағы – сыни ойлай отырып,
өзіндік көзқарас пайымын білдіруде бүгінгі қоғаммен байланыстыра ой түюге, шығарманы
ұлттық құндылық тұрғысынан дамытып жазуға, автор бейнесін заманауи тұрғыдан талдауға
мүмкіндік береді. Мысалы, 7 - сыныптың әдебиет оқулығында жыраулар поэзиясы бөлімінде
тұлғаларымыздың ерліктері мен ерен еңбектерінен қалың қазақ ұлтының тағдыры мен
бостандығына жырларын арнай білген Жиембет жыраудың «Әмірің қатты Есім хан» толғауына
жүргізілген сабағымның шығармашылық тапсырмасын ұсынамын. Алдымен үзіндіге арқау
болған оқиғаныталдатып, оқушыларды шығармашылық ізденімпаздық пен ұрпақтар арасындағы
сабақтастықтаберген жауаптарынан аңғарамын. Сабағымыздың
тақырыбын анықтап алғаннан
кейін «Ақпараттар толқыны» әдісі арқылықосымша таратпа қағаздарында толғаудың шығу
тарихын оқып алуға беріледі. Сол арқылы бағалау критерийіне сүйене отырып, шығармадағы
361
кейіпкерлер образын ашып, өзіндік көзқарас тұрғысынан оқиғаны дамытып жазады. Бұл ретте
оқушылардың топта ынтымақтаса жұмыс жасауы, бір-біріне қолдау танытып түсіндіре білуі,
топты алдыға жетелеу қырлары ескеріледі. Толғауға «Кубизм» әдісі бойынша талдау жүргізілді.
1.Суретте. Толғаудағы Жиембет, Жолымбет, Есім хандардың портретін іс-әрекеттері арқылы
суреттеңдер. Жиембеттің өз заманында қандай адам болғанына мінездеме беріңдер.
2. Зертте.«Әмірің қатты Есім хан» толғауының шығуына себеп болған жағдаяттарды толғау
мәтініне, зерттеушілер пікіріне сүйене отырып зерттеңдер. Есім ханның атына айтылған сынның
әділдігі жөнінде өз
көзқарастарыңды білдіріп, қорытынды тұжырым жасаңдар.
3. Салыстыр. Жыраудың өзіне және Есім ханға берген мінездемерді теріп жазып, автор мен
кейіпкер мінездеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты салыстырыңдар. Ақынға тән мінез бен
басшыға тән мінездер қандай болуы керектігі туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер. Бүгінгі
заманмен де салыстырып көріңдер.
4. Талқыла. Толғаудағы:
«Қаһарыңды басқалы,
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиембет сынды биің-ді.»
жолдарынан замандастарына, Есім ханға қандай ой салғанын болжаңдар және осы сөздердің
бүгінгі күні келбетімен талқылаңдар, маңыздылығына мән беріңіздер.
5. Қолдан. Шығарманың оқиға желісін қолданып, өзіндік көзқарастарыңды Есім хан немесе
Жиембет жырау тұрғысынан дамытып жазып көріңдер. Қалай аяқтар едің не болмаса қандай
шешім
қабылдайтыныңды қолданып, шығармашылық жұмыс түрін ұсыныңдар.
6. Жаңаша ұсын. Есім ханның шешімін ел мүддесі тұрғысынан қарап, Жиембетке берер жауабын
ақынша жырла немесе болашаққа хат ретінде өз нұсқаларыңды ұсыныңдар.
Оқушылар суреттеп, зерттеп, салыстырып, талқылап, қолдана келе ерекше
суреттеулерімен көзге түссе, әділ көзқарастарын айтқан зерттеулерімен таңқалдыра білді.
Жаңаша ұсынысын қызыға орындап, бүгінгі өмірмен, қоғамдағы проблемалық мәселелермен
байланыстыра жұмыс жасайды. Хан мен жырауға, сондай-ақ бүгінгі замандағы халық пен
басшыға лайық болуы керек қасиеттермен салыстыра келе ұсыныстарын береді. Толғаудың
бүгінгі күнге қандай ой
тастап тұрғанын нақтылап, толғауды ақын бола үзіндіні қолданып
аяқтайды.
Осы әдіспен оқушылар жасаған жұмыстарымен бойына рухани құндылықтарды
қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылуға мән беріп, өз ұлтының асыл
мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін
кеңейту арқылы функционалды сауаттылығын көрсете алады.
М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде кездесетін бейнелі сөздер мен қасқыр образын
сомдаудағы
шеберлікке мысалдар келтіре, азаматтық дүниетанымы мен физикалық құбылыс
туралы оқушының таным көкжиегін кеңейтеді. Сондай-ақ көркем шығарманы оқуға ғана
қызықтырып қоймай, оқу сауаттылығына бағыттауға да болады. Мысалы:
«Көксерек арлан еді. Жотасы күдірейіп, ауыз омыртқа мен құйрығына шейін тұп-тұтас болып,
күлдіреуіштей бүгіледі». Осы үзінді бөлігінде оқушылар ит пен қасқырдың еркегі арлан деп
аталатынын білмеуі мүмкін. «Күлдіреуіш» - шаңырақтың ортасындағы иілген үш ағаш. Жазушы
ұлттық өрнекті қолдану арқылы ұлттық дүниетаным – халқымыздың баспанасы киіз үйдің
шаңырақтың бөлшегінен хабар беріп тұр. Тағы бір осы «Көксерек» әңгімесінен: «Қалған иттер
жота басында серейіп-серейіп тұрып қалып, сол арадан кәр жіберіп тұрған». Бұл жерде айдың
жарығымен төбеде тұрған иттер серейіп, ұзын болып көрінуін физикалық құбылыс туралы
жазушы
шебер суреттеу арқылы физика, жаратылыстану пәндерімен байланыстыра жан-жақты
білім беруге тырысқанын көреміз.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту– білім алушының бойына алған
білімін практикалық жағдайда тиімді жәнеәлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай
негізгі құзыреттіліктерді сіңіруден тұрады. Олар: басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы
танымдық қабілетін ұштау); коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша,
жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда,өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу
362
қабілеті); тұлғалық ( өзін жеке тұлғаретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды
игеру, болашақ өзітаңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді
болу); азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі,
тілінтерең меңгеріп,
Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); технологиялық (әр азамат
өз мамандығына қарай технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын
сауатты пайдалануы). Бұл құзыреттіліктер тұлғаның жан-жақты дамуына, даралық қасиетінің
ашылуына, шығармашылық болмысының қалыптасуына көмек береді.
Сабақта әдеби шығармаларды оқып, талдау жұмысын жүргізгеннен кейін оқушылардың
сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, бүгінгідей өзгермелі өмірге бейімделуі арқылы
қадамын
нық жасауға батылдық танытуы, бәсекелестіктің артып тұрған шағында жаңалықтың
жаршысы болатын креативті бастамаларымен жаһанға керек, сұранысқа ие тұлға болып танылуға
әдебиет сабағындағы шығармалардың берері көп. Ал, ол құндылығымызды функционалдық
сауаттылықпен біріктіре алсақ, маңызы зор болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: