Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет130/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   271
Әдебиеттер
1.
Адамқұлов Н.М. Қолөнер бұйымдарын жобалау негіздері. - А., 2007 ж.
 
2.
Нурке М.С. Жүн бұйымдарының технологиясы. – Алматы, 2007. 
 
 
Бояубаева А. К.

Сакбаева Г. А. 
Қарағанды қ., №4 арнайы мектеп – интернат
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МҮМКІНДІГІ 
ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ 
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инновациялық педагогикалық технологияларды жан-
жақты қызықтыра қолдану өте тиімді. Арнайы жаңа инновациялық технологияларды қолданудың 
басты міндеті – балалардың өздері үйренген негізгі технологияны оқыту емес, олардың өмір сүру 
ортасына кешенді түрленген, баланың шығармашылық әрекетін дамытуда жаңа ғылыми 
негізделген құралдарды енгізу. Заман талабына сай мүмкіндігі шектеулі балаларды 
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы түзету-дамыту жұмыстарын қолдану 
мәселелері жайлы болмақ. 
Ойын технологиялары.
 
Заманауи білім беру жүйесінде ойын іс-әрекеті тұтас 
коммуникативті-ойын ортасында кіріктірілген білімдері негізінде жинақталатын ұғымдарды 
меңгеру үшін дербес технология ретінде қолданылады. Ойын әдісі басқа әдістерден айрықша 


264 
ерекшеленеді, ол балаға зерттелетін құбылыстың қызметіне қатысуына, біршама уақыт «нақты» 
өмірлік жағдайларда өмір сүру мүмкіндігін береді. Ойын әдісінің ерекшелігін айтарлықтай 
деңгейде ойын ортасы анықтайды. Балалармен жұмыс барысында ойындар: бөлме, көше, 
компьютер, заттармен және заттарсыз, үстел үстіндегі баспа, басқару тетігі бар ойындар және т.б. 
қолданылады. Ойын технологияларының мазмұнына ойын іс-әрекетінің басқа да тәсілдерімен 
үйлесімділігінде түрлі компоненттерді қолдану кіреді: сұрақтар, нұсқаулар, түсіндірмелер, 
анықтамалар, көрсетулер. Оқытудың ойын түрін ұйымдастыруда балаларды танымдық іс-
әрекетіне ынталандыруға құрал ретінде ойын шарттары құрылады. Заманауи «Сөйлейтін 
әліппе», «Электронды конструктор», «Сөйлейтін қалам», «Киіз үй», «Бал-бала» ойыншықтары, 
дамытушы ойындарымен ойнап қана қоймай, сонымен қатар, оқу- тәрбие жұмысына мүмкіндік 
береді. 
Ақпараттық-коммуникативтік 
технологиялар.
 
Оқыту, 
білім 
беру 
тәжірибесі 
педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті 
педагогикалық үдерісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Қазіргі 
ақпараттық қоғамда өндірістің негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі 
көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған 
байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты тандауға мүмкіндік жасай алатын 
жаңа технологиялары пайда болуда. 
Жаңа ақпараттық технологиялармен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты 
формасында тиімдірек орындалады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету-дамыту жұмыстарын 
жүргізу 
үшін 
арнайы 
мамандандырылған 
немесе 
бейімдендірілген 
компьютерлік 
бағдарламаларды қолдану ұсынылады. Оларды қолдану тиімділігі мұғалімнің кәсіби 
құзыреттілігі мен жаңа мүмкіндіктерді қолдану дағдысына байланысты. Сондай-ақ мұғалімнің 
жаңа инновациялық технологияларды енгізуде балалардың мотивациясын арттырып, 
психологиялық қолайлы жағдайлар туғыза білуі шарт. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды 
жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде 
бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылуда, білім беру қызметін жетілдіруде 
электрондық ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепте ақпараттық-қатынастық технологиялар 
көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуда: 
білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі; 
балалардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру; 
оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; 
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау 
балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету; 
қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау; 
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру; 
білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде 
қалыптасуына жағдай жасау. 
Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері: Дәстүрлі оқыту 
үдерісі мен білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне 
азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету; 
Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға білім 
беру 
үшін 
арнаулы 
педагогикалық 
әдіс-тәсілдер 
негізінде 
қашықтықтан 
оқыту 
технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау; 
Мүгедек балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай 
жасау. 
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты дамыту тек мектептеғы балалар 
ғана емес сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалар үшін де аса қажет дүние болып 
табылады. Сол себепті дамуында ауытқуы бар балалар үшін ҰОҚ барысында IT құралдарын 
енгізу қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – пәнаралық 
байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре 
біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалады. Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың 
негізгі ерекшелігі – бұл дамуында ауытқуы бар балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде 


265 
шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен 
жеңістіктерінен ризашылық алуға мүмкіндік береді. 
Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-
тәрбие алуды жалғастырады. 
Ұйымдастырылған оқу қызметтерде интерактивті мультимедиалық презентацияларды 
қолдану (балалардың шығармашылық қабілеті мен дүниетанымын дамыту). Мультимедиа мәтін, 
дыбыс, видео және графикалық сурет және анимация секілді технологияларды біріктіреді. 
Мұндай түрдегі оқу материалы көз, есту, маторлы үш түрлі анализаторларды іске қосады. 
Мектептен ұйымдарда инновациялық іс-әрекеттің мақсаты – білім беру үдерісін заманауи 
тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырып, 
шығармашылық қабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету. Ақпараттық 
технологияларды қолдану балалардың оқуға қызығушылығын қамтамасыз етеді, баланы ерте 
дамыту оның танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытады, тілдік құзыреттілігінің 
негізін қалайды. 
Инклюзивті білім беру арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше 
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісін дамытуға 
болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму 
үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі 
шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін 
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы баланың адамгершілікке, 
ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті оқыту үдерісі балаларды 
толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Сондай-ақ инклюзивті білім берудің 
инновациялық жолдарын оның ішінде компьютерлік технология, интерактивті тақта сияқты 
білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен қаматамсыз етілсе, келешекте мүмкіндігі 
шектеулі балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмас еді. 
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі 
екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып 
қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау