7 апта СӨЖ
XIX- XX ғасырлардағы орыс философиясының ерекшелігін анықтау.
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі. Орыс философиялық қызықты ізденістер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама- қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының тілтумалығына басты назар аударып, бұл тілтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырылады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үрдісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуы бойынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық–саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойына екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуына П.Я.Чаадаев (1794-1856) үлкен рол атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында« баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «ғаламдық миссиясында" деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славианофильдіктің де, батысшылықтың да негізін қалаушы болып табылады. Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Батысшылдар Ресейдің «Еуропаланды ру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропада бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде зкономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық идеясын негіздеді. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты. Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Славянофильдердің айтуынша «соборшылдықты» православиелік «шіркеулік қорғаудағылар», яғни православиелік «шіркеулік қорғаудағылар» ғана православиелік қауым мүшелері ғана игере алады, ал «бөтендер мен дінсіздер» оны қабылдай алмайды. Жоғарыда аталғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші ролін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |