Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет126/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   271
Литература:
1. Бабанский Ю.К
.
Проблемное обучение как средство повышения эффективности учения 
школьников. Ростов-на-Дону, 2017. 
2. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М. Педагогика, 2011. 
 


254 
 
Бралина М. А., Акылтаева М. А. 
Қарағанды қаласы №34 ЖББМ 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ 
 
Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынов: «... Ең әуелі мектепке керегі-білімді, 
педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім» деген оқытудың дидактикалық 
негіздерін атап айқан еді. Осы сөз неше жыл өтсе де өзінің құндылығын жоймады. Себебі: 
білімімізді толықтырып, өмір ағымынан бос қалмайық деген ниетпен 3 (негізгі) деңгей 
бағдарламасы бойынша оқып-үйреніп, алған білімімді іс-тәжірибеме енгізудемін. Бұл бағдарлама 
оқушының жан-жақты дамуына, алған білімін өмірде пайдалана алуына барынша жағдай жасауға 
үйрететін 7 модульден тұратынын үйреніп, өз іс-тәжірибеме енгізіп жүрмін. Бұрынғы дәстүрлі 
оқытуда оқушы – білім мен дағдыны дайын күйінде игеріп, білім беру мен өмір сүрудің 
мақсатын дайын түрде қабылдап, мұндай білім тек механикалық түрде есте сақталып, қажетке 
жарамай қалатынын ұқтық. Оны оқушы өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың 
мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, 
кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету деп көрсетілген. 
«Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан-жаңаны табатын өнер» 
деген Ж. Аймауытовтың сөзін назарда ұстап, сабағымды түрлендіре өткізуге тырысып, 
оқушыларды сыни ойлауға үйретуге баса назар аударамыз. Бұл модуль оқушылардың да, 
мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» 
деп көрсетілген. Бұл айтылған ойды іс-тәжірибе кезінде бір сәтке де естен шығармай, үнемі 
сабақтарымда тапсырмаларды ұйымдастыру барысында қолданып отырамын. Мәселен, 
оқушыларды топқа бөлуде жаңа сабақпен байланыстыра отырып, «Топқа бөлінудің сыры неде?» 
деген сұрақтар қою арқылы оқушыларды сыни тұрғыда ойлануға итермелеп, болжам жасатамын. 
Оқытудың қарапайымнан күрделіге қарай принципіне сәйкес сыни тұрғыда ойлауға арналған 
тапсырмалар мен сұрақтарды бірте-бірте күрделендіруге тырысамын. Мысалы оқушыларға 
топтастыру, тұжырымдамалық карта жасаудан постер құрау, Венн диаграммасына салып 
салыстыру, Т кестесін құру, «Не білемін?», «Не білдім», «Нені білгім келеді?» кестесін толтыру 
сияқты тапсырмаларды атап өтер едім.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету өте маңызды, себебі бүгінгі күннің талабына 
сай әр оқушы өз ойын еркін айта білуімен қатар қиялы мен шығармашылығын дамыту керек 
екендігін қажет етеді. Мәселен, Венн диаграммасына түсіргенде оқушылардың жоғары 
деңгейдегі ойлау қызметіне салыстыра білу қабілетін дамытуға пайдалы әсер береді. Сонымен 
қатар өткен тақырыпты және жаңа тақырыпты бекіту үшін де бұл стратегия тиімді болып 
есептеледі. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылардың сабақты толық меңгергендері көрініп 
тұрады. 
«Білемін, білгім келеді, үйрендім» әдісі де барлық сабақтарға қолайлы әдістің бірі. 
Оқушылар сабақты тиімді меңгеру үшін барлық рәсімдерді жасай алады яғни, не білетіндерін 
ойға түсіріп, сұрақтар қойып, сабақта не үйренгендерін түйіндей біледі. Оқушыларды сыни 
тұрғыда ойлануға үйретудің тамаша тәсілі-Эссе жазу деп білдім. Өйткені: бұл стратегия арқылы 
оқушылардың тіл байлығы артып, өз ойларын жүйелі жазбаша баяндау дағдылары қалыптасады. 
Эссе критерийлеріне сай оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, «Оқытуды бағалау және 
оқуды бағалау» модулімен ұштастырып отырамын. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың: 
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»-деген сөзін назарда ұстап, «Невада-Смей» 
азаматтық қозғалысы атты сабағымда «Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі» тақырыбына ток-
шоу ұйымдастырдым. Оқушылар дәрігер, суретші, ғалым, қоршаған ортаны қорғау министрі 
рөлін сомдай отырып, адамның денсаулығының қалыпты болуына таза ауаның, экологияның 
ықпалы зор екендіктерін сыни тұрғыда ойлана отырып жауап берді. Дәрігерлер адам 
денсаулығын таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану арқылы 
сақтауға болады деген тұжырымға келсе, суретшілер елімізде ядролық сынақтан зардап шеккен 
табиғатты, яғни қураған ормандар мен қираған таулардың орнын сырлы бояулары арқылы 


255 
қалпына келтіре алатындарын айтты. Ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы адам ағзасына өте 
зиян екендіктерін баяндады, тіпті қарапайым машинадан шыққан газ бен түтіннің өзі ауаны 
ластайтынын айтты. Оқушыларымның әр саладағы мамандық иелерінің рөліне ене отырып, ой 
қозғаулары тақырыпты түсінгендіктерінің, логикалық ойлау қабілеттерінің жоғарыекендіктерін 
танытты. 
Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысына қарай отырып, ой- толғау, суреттей алу, еске 
түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі 
қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты 
орын алып, оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сыни тұрғысынан шыңдалған ойлаудың 
арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан 
сыни тұрғысынан ойлау- өте күрделі маңызды құбылыс. 
Жалпы аталған модульді терең түсініп, қыр-сырына қанығып, іс-тәжірибемізде күнделікті 
жүйелі, жоспарлы түрде қолдансақ, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің артатынына, 
өз бетінше тұжырым жасап, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін 
таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білуге қабілеттерінің мол болатынына 
көзім жетті. Сыни тұрғыда ойланудың маңыздылығын оқушыларымның мынандай әрекеттерінен 
байқадым. Белсенді іс-әрекетте болды, басқалармен қарым-қатынас жасады, қажет болған 
жағдайда достарының пікірімен санасып, өз көзқарасын өзгертті, топтық тұжырымға келе білді, 
топ алдына шығып, өз тұжырымын ашық, қысылмай жеткізе білді. Оқушыларыммен бірге өзім 
де сыни ойлауға үйрендіміз. Өйткені: Ойлантуға ықпал ететін сұрақ даярлауда, түрленген 
тапсырмалар әзірлеуде іс- тәжірибе басында біршама қиналып, ізденуге тура келді. «Көш -жүре 
түзеледі» демекші, біраз төселген соң қиындықтар артта қалғандай көрінді. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау