Аннотация



жүктеу 35,1 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі35,1 Kb.
#4122
түріДиссертация

6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін ізденуге ұсынылған
Орекешова Ақжүніс Медал қызы

диссертациялық жұмысының


АННОТАЦИЯСЫ
«Семіздік пен гастроэзофагелды рефлюксты ауруды бір мезгілде лапароскопиялық хирургиялық жолмен емдеу»

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Семіздік қазіргі қоғамның медициналық, әлеуметтік және экономикалық проблемасына айналып отыр, оның өзектілігі алдымын кең етек жаюында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша Қазақстанда жұмысқа жарамды адамдардың 23,4% жуығы семіздікпен ауырады.

Семізідікпен қатар тағы бір аурудың таралуы 40% көбейіп отыр, ол гастроэзофагеалды рефлюксты ауру (ГЭРА). Айта кету керек, гастроэзофагеалды рефлюксты ауру артық салмағы бар және семіздікпен науқастанатын адамдарда қалыпты салмақтағы науқаспен салыстырғанда жиі кездеседі.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтер жүргізілген зерттеудің өзектілігін және хирург дәрігерлерге тәжірибелік маңызын айқындайды.

Мақсаты: семіздікпен қатар жүретін гастроэзофагеалды ауруды емдеуде антирефлюксті операцияларды орындаудың техникалық ерекшелігін және осы ауруларды қатар емдеу мүмкіндігін қарастыру.

Зерттеу міндеттері:


  1. Семіздік пен гастроэзофагеалды ауруду бір мезгілде лапароскопиялық хиругиялық емдеуді әзірлеу.

  2. Бір мезгілде орындалатын операцияларадың хирургиялық нәтижелерін бағалау.

  3. Әзірленген операцияның антирефлюксті әсерін зерттеу.

  4. Moorehead-Ardelt II сауалнамасымен (М-А QoLQ II) өмір сүру сапасын анықтауды Қазақстанда пайдалануға бейімдеу және бариатриялық операциялардың нәтижелерін BAROS жүйесімен бағалау.

Зерттеу саласы: Артық салмағы бар гастроэзофагеалды аурумен ауыратын, хирургиялық емді қажет ететін науқастар.

Зерттеу әдістері: жалпы клиникалық зерттеу, семіздік пен гастроэзофагеалды ауруларды хирургиялық емдеудің жаңа тәсілдері, операцияның тиімділігін Moorehead-Ardelt IІ сауалнамасы енгізілген BAROS жүйесімен бағалау.

Ғылыми жаңалығы:

1. Ұштасқан семіздік пен гастроэзофагеалды ауруларды емдеуде гастропликацияның жаңа әдісі жетілдірілді және оған авторлық куәлік берілді.

2. Алғаш рет Moorehead-Ardelt Quality of Life Questionnaire II (M-A QoLQ II) сауалнамасы қосылған BAROS жүйесі мемлекеттік және орыс тілдеріне бейімделіп, методикалық нұсқау ретінде практикалық денсаулық сақтауға қолдануға енгізу актімен бекітілді.

3. Жаңадан жобаланған гастропликация әдісінің бариатриялық және антирефлюксті әсерін салыстырмалы бағалау анализі жүргізілді.

Қорғауға шығарылатын диссертациялық зерттеудің негізгі ережелері:

1. Әзірленген әдіс I-II дәрежелі семіздікті және гастроэзофагеалды ауруды ұштастыра бір мезгілде емдеу үшін пайдаланылуы тиіс;

2. Қазақстанда бейімделген, орыс және мемлекеттік тілдерге аударылған Moorehead-Ardelt II Quality of Life Questionnaire (M-A QoLQ II) сауалнамасы қосылған BAROS жүйесін операцияға дейін және кейін, операцияның әсерін бағалауда қолдану қажет.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:

- Автор денсаулық сақтау саласында клиникалық практикаға лапароскопиялық бариатриялық антирефлюксті гастропликацияның (ЛБАГ) жаңа әдісін енгізді. Жаңа әдіс көп қаражат қажет етпейді, семіздік пен гастроэзофагеалды аурудың ұштасуын бірмезгілде емдеуге мүмкіндік береді.



- Бейімделген сауалнама Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүру сапасын өз тілінде бағалауға мүмкіндік береді.

Басылымдар

Зерттеу тақырыбы бойынша 20 жұмыс шығарылды жарияланды, олар зерттеудің негізгі нәтижелерін толықтай көрсетеді: оның ішінде 1 монография, 1 әдістемелік нұсқау, 2 мақала ағылшын тілінде Scopus халықаралық цитаталау базасында, 6 тезис шетелдік конгресстерде, 4 жұмыс ҚР Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарияланды, 2 авторлық куәлік (№ 0301 15 ақпан 2016, № 0874 17 мамыр 2016).
жүктеу 35,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау