247
Абайдың отыз үшінші қарасөзін оқыту барысында шығармадағы авторлық идеяның өмір
шындығымен байланысын анықтау және шығарманы идеялық мазмұны жағынан мазмұндас
туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу мақсаты алға тартылды. Сабақ міндеті:
шығарманың идеясын
өмір шындығымен байланыстыру, мазмұндас туындылармен салыстыру,
әдеби сын жазу.
Сабақтың кезеңдері:
Сабақ басында психологиялық ахуал реттеледі. Мұғалім жаңа тақырыптың идеясымен
үндес сөздер мен тіркестерді атайды. Ал оқушылар сол сөздерді қимылмен көрсетеді.
Алғашында баяу, одан кейін жылдамырақ, үшінші мәртеде өте жылдам айтады. Білім алушылар
шатаспай ілесіп отыру қажет:
Еңбек ету, өнер сүю, адал болу, мақтану, еріншектік, талапсыздық, салғырттық.
Топқа бөлу. «Адасқан сөздер» әдісі арқылы жүзеге асады.
Экраннан Абай сөздерінен үзінді беріледі. Түсіп қалған сөздерді орнына қою арқылы оқушылар
3 топқа бөлінеді.
« Әуелі ... ізделік, қолдан келсе» /өнер/
« Мал – адамның ... өлшемі» /адамшылығының/
« ..., мал таппақ – жұртқа жақпақ!» /Адал еңбек/
І топ «Өнер» тобы
ІІ топ «Адамшылық» тобы
ІІІ топ «Адал еңбек» тобы
Алдыңғы білім тексеріледі. Білім алушылар «Plickers» желілік
бағдарламасында тест
сұрақтарына жауап береді
(Әр білім алушыға аталған бағдарламаның арнайы жауап парағы
ұсынылады. Экраннан сұрақтар көрсетіліп тұрады. Әр оқушы дұрыс деп тапқан нұсқаны (A, B,
C, D) жоғары көтеру арқылы жауап береді. Мұғалім ұялы телефон арқылы жауаптарды
сканерлеп, экраннан әр оқушының аты-жөні дұрыс, әлде бұрыс жауап берген нұсқасымен
шығып тұрады. Осылайша сыныптың алдыңғы білім бойынша меңгерген материалдары
бойынша пайыздық көрсеткішпен білім сапасы аңғарылады.
Ширату жаттығуы жүргізіледі:
Сабақ басы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен ұлы Абайдың 175 жылдығына
арналған эстафетаның жалғасы ретінде экраннан мұғалімнің қабылдаған эстафетасы ұсынылады.
Отыз үшінші қарасөзге арнайы түсірілген авторлық бейнебаян көрсетіледі. Инстаграм
желісіндегі сілтемесі
https://www.instagram.com/tv/B2wOWQrpXrc/?igshid=ia6i3crbqx1f [2]
«Фильтр» әдісі арқылы автордың идеясы анықталады, өмір шындығын табады;
Сабақ ортасы: Саралау
«Мүгедек еңбекқор» бейнебаяны көрсетіледі. Көрсетілген бейнебаян
негізінде әр білім алушы
өзінің қажеттілігіне қарай (ПОПС, РАФТ, КӘМҚ талдауының бірін таңдап) берілген үзінділерді
отыз үшінші қарасөзбен салыстырып, авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыра
отырып, сыни баға береді. Оқушылардың кері байланысымен бағаланады.
Демеңдер өнбес іске жұбаналық,
Ақыл тапсақ, мал тапсақ, қуаналық.
...Әуелі өнер ізделік қолдан келсе,
Ең болмаса еңбекпен мал табалық.
/Абай/
«Шүлдірлеген тілден не пайда, алдыңда малың болмаса...» /Бұқар жырау/
Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір Құдайың.
Ойласын деп ой берді, көруге көз,
Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын. /Шәкәрім/[1]
Әдіс түрі
Дескриптор
ПОПС формуласы:
Менің ойымша,...
Себебі ... ескеру керек
Оны мен ... сияқты фактілермен, мысалдар мен дәлелдей
аламын
үзінділерді
салыстырып,
шындықпен
байланыстырады, сыни баға береді;
248
Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім
РАФТ стратегиясы:
Р-оқушы
А-халық
Ф-үндеу
Т- «Өнер үйрен, мал тап!»
үндес
шығармалардан
ортақ
шешім
қабылдап, сыни үндеу білдіреді
КӘМҚ талдауы
Күшті жағы
Әлсіз жақтары
Мүмкіндіктер
Қауіптер
мәселенің күшті, әлсіз, мүмкіндік, қауіпті
жақтарын саралайды, сыни бағалайды
Оқушылардың жауабы тыңдалғаннан кейін ой қорытындылау мақсатында Абайтанушы,
филология ғылымдарының кандидаты Омар Жалелдің «Шалқар» радиосының «Өнегелі отбасы»
бағдарламасындағы «Адам бол, мал тап!» тақырыбындағы сұхбаты аудио арқылы тыңдалады.
(
https://youtu.be/ZzK_OFc1UKQ) [3]
25:17 мен 26:18 уақыт аралығындағы үзінді көрсетіледі.) Аудионың жазба нұсқасы:
Омар Жалел: «Құдайдан мал сұрайсыңдар, берді,- алмайсыңдар!»-дейді Абай. Қалай беріп
отыр? Құдай тағала Сендерге мал табу үшін он екі мүше, мал табу үшін ғылым беріп отыр.
Сол ғылымды игеру үшін ақыл беріп беріп отыр! Ал Сендер сол ақылды қайда жұмсап
жатырсыңдар? -дейді Абай)
«Екі жұлдыз, бір тілек» ҚБ-мен бағаланады.
Білім алушылар әдеби сын жазады. (саралау) Тақырып. «Адам бол, мал тап!» (90-100 сөз)
Оқушылар сатылы нұсқаулық бойынша деңгейіне қарай орындайды. Төменгі деңгей оқушысы
біріншісін ғана орындайды, жоғары деңгейдегі оқушы барлық нұсқаулық сатысын қамтиды.
Сабақ соңы: «Автор орындығында» білім алушылар жазған әдеби сындарын оқиды.
Сабақ мақсаты орындалды. Өз нәтижесін берді.
Мұғалімнің сабақты қорытындалауы, бағалауы.
Өзіндік ізденіс тапсырмасы: 33 қарасөз негізінде адамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып,
әдеби
эссе жазу;
«Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны» жалғастыру, ғаламтор желісіне
орналастыру;
Нәтижесінде:
Әр білім алушы қара сөздердің барлығын оқып шығуға міндетті екенін ұқты. Ұлт жанашырлары
қарасөздер арқылы тәрбиеленіп шығатындығын ой елегінен өткізе білді. «Бірлікке, тірлікке,
ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа?»
деген сауал туындады. КӘМҚ талдауы мен ПОПС формулалары негізінде тапсырмаларды
орындаулары санаға түрткі болды.
Достарыңызбен бөлісу: