Лекция жинағЫ Ұсынылған ОӘК «1сбухгалтерия»



жүктеу 3,84 Mb.
бет1/40
Дата19.11.2018
өлшемі3,84 Mb.
#20963
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40



БУХГАЛТЕРИЯ

пәні бойынша ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

Ұсынылған ОӘК «1СБУХГАЛТЕРИЯ» пәні курсы кәсіптік-көркем факультетінің кредиттік жүйемен оқитын 3 курс студенттеріне арналған. Бұл оқу-әдістемелік кешен осы пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесінен; барлық сабақ түрлері бойынша негізгі және қосымша әдебиеттерден; пән бойынша оқу-әдістемелік материалдардан; тақырыптық жоспардан; дәрістер тезисінен; зертханалық сабақтардың мазмұнынан; СӨЖ және ОСӨЖ төңірегіндегі сабақтардан; өзін-өзі тексеру тест тапсырмаларынан; емтихандық сұрақтардан тұрады. Білім бағдарламасында көрсетілген мамандықтар пәндерінің рөлін және орынын анықтайды.




1С БУХГАЛТЕРИЯ пәні бойынша дәрістер жинағы /Дайындағандар: Бекбаева Р.С,, 2017 ж. - 143б.

© СМУ, 2017

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS


    1. Оқытушы туралы мәлімет:




    1. Пән туралы мәліметтер:

1С Бухгалтерия

Барлық кредит саны - 3

Өткізілу орны – ғимарат №3
1.3. Пререквизиттері: Осы курсты оқып меңгеру үшін студент алдымен келесі пәндерді игеруі қажет: бухгалтерлік есептің принциптері, микроэкономика, информатика, экономикалық теория, макроэкономика. Сонымен бірге студенттер компьютерді қолдана білуі, экономикалық санаттар мен ұғымдарды жақсы түсіне білуі керек.
1.4. Постреквизиттері: курстық және дипломдық жобалар.
1.5. Курстың қысқаша мазмұны:

Қазіргі уақытта бухгалтердің жұмысын компьютердің көмегінсіз және арнайы бағдарламасыз көру мүмкін емес. Компьютер барлық арифметикалық амалдарды орындауды, алғашқы құжаттармен жұмысты жеңілдетуді, оларды үйреншікті қағаздағыдай максимальды түрде электрондық түрге келтіруді, есеп беруді құруды мойнына алды, және ақырында бір есепті шешу кезінде бірнеше қолданушылар жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Бухгалтер қолмен есептеу жұмысынан босайды және мәліметтерді енгізу мен шығару анализіне және бақылауына көп көңіл бөледі, яғни қаржылық бастықтың функцияларын қабылдайды. Компьютерлендірілген бухгалтерияның бар болуы, кәсіпорынға бухгалтерлік функцияларды жетілдіру жолында алға қадам басуына, шотпен есептеуден кәсіпорынның қаржылық шынайы басқаруына және кәсіпорындағы жағдайларды жедел орындауға өтуіне мүмкіндік береді, яғни жеке кәсіпқойшылық және таласушылық жағдайында маңызды орын алады.



Пәнді оқыту мақсаты: студенттерге 1С Бухгалтерия программасында бухгалтерлік есепті автоматтандырудағы және компьютерлендірудегі теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Курсты меңгеру нәтижесінде студентке қойылатын талаптар:


  • ақпараттарды компьютерлік өңдеу, қазіргі ақпараттық технологиялардың, бухгалтерлік есептің автоматтандырылған программалық құралдар позициялары жағынан тіркеу есептерінің маңыздылығын білу;

  • тіркеу жұмысының сапасына әсер ететін ақпараттардың толықтығын және дәлдігін бағалауды игеру;

  • оларды оптимальды таңдау үшін бухгалтерлік есептің техникалық және программалық құралдарын бағалаудың негізгі критерийлерін білу;

  • автоматтандырылған бухесептің қазіргі программалық құралдарындағы жұмысының негізгі әдістерін үйрену.


2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1. Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы 3 кр.





Тақырыптың атауы

1

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер, олардың құрылымы

2

"Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0" туралы жалпы мағлұмат. «Қазақстан үшін бухгалтерлік есеп» үшін 1С:Кәсіпорын 7.7 конфигурацияларымен салыстыру бойынша артықшылықтары.

3

«1С: Кәсіпорын» жүйесінің әкімшіліктеу және конфигурациялау технологиялық құралдары

4

Анықтамалар

5

Есеп берулер

6

Шот және шот жоспарлары

7

1С: Кәсіпорын жүйесінің концепциясы

8

Ұйымдар туралы алғашқы мәліметтер енгізу

9

Шаруашылық операцияларды енгізу

10

Кадрлық тіркеу


2.2. Дәрістік сабақтардың тезистері
Тақырып №1. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер, олардың құрылымы
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер – бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат беру болып табылады.

Қазіргі уақытта ақпарттық жүйе көп көлемде немесе түрлі арнада қолданылады. Олардың бір-бірімен келесі факторлармен айырмашылығы бар: өзгеше басқару объектісі, бухгалтерлік ақпараттық жүйе жинақталған тәжірибе бойынша тудыру және функциялау, басқару және басқарушылық жүйе құрылымы, қолданылатын жинақтау құралдары, мәліметтерді беру және өңдеу, БАЖ басқару объектісінің басшылық позициясы және т.б.

Олардың ортақ, әрі өзгеше белгілері бар екенін БАЖ-ді жобалау кезінде ескерген жөн. Ортақ құрылу принциптеріне БАЖ функциялауына келесілер жатады: бірінші тұлғаның қағидасы, жүйелік тәсіл, сенімділік, үздіксіз даму, үнемділік және үйлесімділік.

Басқарудың әртүрлі деңгейлердегі жауапкершілік тәртібін және қорытынды қою құқығын бірінші тұлғаның қағидасы анықтайды.

БАЖ жобалау барысында объекті талдауын түгел басқарумен оны басқару жүйесін және объект функциялаудың критерийлері мен жалпы тізбектің автоматизация жағдайында анықтау. Берілген қағида мәліметтерді жүйеге бірретті енгізуді және оның көпретті қолдануын, мәліметтер базасының бірлігі, кешенді бағдарламалық қамтамасыз етуді көрсетеді.

Сенімділік қағидасы БАЖ жұмысының сенімділігін әртүрлі амалдар көмегімен қамтамасыз етеді, мысалы: жүйе құрылымын дубляждау немесе олардың шығындылығы.

Жүйенің үздіксіз даму қағидасы ұйымдастырушылық өзгерістерсіз оның кеңеюін талап етеді.

Үнемдеу қағидасы жаңа БАЖ пайдасы оның шығындарынан аспауын қамтамасыз етеді.

Жобаланған БАЖ кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын есепке алады, және қызықтары мен бухгалтерлік есепте жұмысқа дайындығын шартты түрде дайындайтын квалификацияланған адамдар жұмысын сәйкестік қағидасы жүзеге асырады.

БАЖ-ға спецификалық ерекшеліктер тән. Осылай, біріншілік ақпарат негізінде БАЖ-да есептің әртүрлі түрлерінің (жеделдік, бухгалрелік және статистикалық) интеграциясын жүзеге асырады. Бірақ, осы түрлердің бірігуі жүзеге аспайды, өйткені олардың әрқайсысы өзіндік функцияларды жүзеге асырады және өз өз есептерін шығарады.

Кері байланыс қағидасы басқарушылық жүйесінің негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бірақ бухгалтерлік есептің есептерін шығарып кері байланысты жүзеге асыруға болады. Ақпараттық жүйе (АЖ) – кері байланыс үшін жалғыз ақпарат көзі болып табылады.

Шешім қабылдау үшін кәсіпорын басқарушылары осы ақпаратты қолданады.

Есептің барлық бөліктеріндегі есептік ақпаратты автоматты түрде өңдеу мүмкіндігі БАЖ-ға тән үрдіс жинаудан және ақпаратты тіркеуден басталады.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйе екі бөліктен тұрады: функционалдық және қамтамасыз етуші. БАЖ-дың функционалдық бөлігі – жүйелер, кешендер есептері немесе мазмұнды бөлігін құрайтын пәндік аймақтық жиынтық. Бұл бухгалтерлік есептің нақты есептері.

Қамтамасыз етуші бөлігі – бұл автоматты режимдегі жүйені функционалдау үшін қажетті шарттар жиынтығы.

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету – БАЖ-ды функционалдау және жобалау бойынша құралдар мен әдістер, іс-шаралар кешені. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету БАЖ-ды құрумен және қолдануымен байланысты үлкен оқыс жағдайлар шеңберін құрайды; элементтер құрамын, олардың байланысын, өзара әсерін, ұйымдастырылған құрылымын анықтайды; жүйенің қызметін реттейтін құқықтық актілерінен тұрады.

БАЖ-ды жобалау – жүйе элементтер жұмысының кіруін анықтау, жоба құжаттамасын және жобалық шешімдерді өндіру, ақпараттың үрдістерін зерттеу құрамына кіретін күрделі үрдіс болып табылады.

Бухгалтерлік ақпарат – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық жұмысы жайлы мәліметтер жиынтығы болып табылады. Бухгалтерлік ақпарат қорытындыны талдауға ғана емес, әртүрлі шешімдер қабылдағанда кәсіпорын қызметінің қорытындыларын болжауда қолданылады. Кәсіпорын басшылары, яғни ішкі тұтынушылардан басқа бухгалтерлік ақпараттың сыртқы тұтынушылары болады. Оларға акционерлер, кредиторлар-инвесторлар, клиенттер, аудиторлар және салықтық ұйымдардың инспекторлары жатады.

Бухгелтерлік ақпараттың классификациясы.

Бухгелтерлік ақпарат әр түрлі классификацияларына қарамастан келесі түрлерге бөліне алады:



  • ол ақпараттық жүйе қатынасына байланысты кіретін (ішкі, сыртқы), шығатын (ішкі, сыртқы) болып бөлінеді;

  • өңдеу үрдісіне байланысты өңделмейтін және өңделетін (аралық, қорытынды);

  • қалыптасу және өңделу сатыларына байланысты біріншілік және екіншілік;

  • объективтілік дәрежесіне байланысты сенімділік және сенімділік емес;

  • қаныққан дәрежесіне байланысты жеткілікті және жеткілікті емес;

  • мәнділігіне байланысты пайдалы және пайдалы емес;

  • тұрақтылық дәрежесіне байланысты ауыспалы және тұрақты (абсолютті тұрақты, шартты тұрақты);

  • қалыптасу көзінің әсер етуіне байланысты активті және пассивті;

  • идентификация қалыпына байланысты сандық, алфавитті және символдық;

  • егер бухгалтерлік ақпарат сенімді және мәнді болса ғана ол пайдалы болады;

  • қандай да бір нақты тұлғаның қызығушылығын тудырмайтын және жеңіл тексерілетін кәсіпорындағы шаруашылық процестердің толықтығын сенімділік көрсетеді;

  • бухгалтерлік ақпараттың мәнділігі кері байланысқа сүйенетін қажеттілігі мен уақыттылығынан тұрады.

Бухгалтерлік ақпаратқа қабылдаудың біртектілігімен байланысты талаптар, төмендегідей:

Құжат – мәнділігі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымы бойынша бірдей көрсеткіштерден тұратын ақпараттар жиынтығы. Хабарлама – белгілер-реквизиттерден ғана тұратын ақпараттар жиынтығы.

Файл (массив) – мәнділігі әртүрлі анық құрылымды хабарламалар немесе реквизиттердің бірнеше көрсеткіштерін қосатын ақпараттар жиынтығы.

Ақпараттық ағын – бухгалтерлік есептің қандайда нақты бөлігіне байланысты массивтер жиынтығы.

Ақпаратық жүйе – тікелей және кері байланыстары бар ақпараттық ағындардан тұратын ақпараттың ең биік бірлік дәрежесі болып табылады.

Кодтау және классификация жүйесі.

Классификация - әртүрлі белгілер бойынша көпшілікке берілген объектілердің ойдағыдай бөлінуі. Объектілер классификациялары бойынша топтық белгілер: класс, классасты, топ, топасты, түрасты, тип болып аталады.

Классификатор – кодталған объектілер атауларының жүйеленген бірлігі, олардың классификацияланған топтар мен кодтық байланыстары болып табылады.

Классификация жүйесі – бұл объектілердің жиынның жиынастыға бөлінуінің ережелер жиынтығы. Практикада көбінесе классификацияның екі жүйесін: иерархиялық және фасеттік қолданады.

Классификацияның иерархиялық жүйесі болып классификациялық топтар арасындағы иерархиялық қатынас орнайтын классификация табылады. Иерархиялық жүйенің классификациясында әрбір топтың бөлінуі бір негізге байланысты өндіріледі. Әрбір деңгейде алынатын топтардың классификациялары жоғарғы тұрғанға бағынышты және қайталанбайды.

Классификацияның фасеттік жүйесі көпаспектілі жүйе классификациясына жатады.классификацияның фасет-аспектісі классификациялық тәуелсіз топтарын құрылуы барысында қолданылады.классификациялық фасеттік жүйесіндегі топтар тән фасеттерден алынған белгілер комбинациялар арқылы құрылады. Классификацияның фасеттік жүйесін құрғанда фасеттердің біріккен шығаруды және тек қана мәнді белгілерді сорттауды талап етеді.

Кодтау – объектіге кодтық белгінің қойылу процесі. Қайта кодтау – ертерек кодталғанобъектіге жаңа кодтық белгінің қойылуы.

Декодтау – кодтауға кері процесс.

Келесідегідей кодтау жүйесі қолданылады: реттік, сериялық, ұстанымды, шахматтық, қайталану кодтау жүйесі, біріккен.

Кодтау жүйесі – бұл объектілерге кодтарды беруіне байланысты ережелер жиынтығы.

Кодтарға қойылатын талаптар келесідегідей болады:



  1. мәнділігі бойынша минималды;

  2. объект туралы қажетті ақпараттан тұратын құрылуына байланысты логикалық;

  3. бір белгіні белгілейтін болса, бірмәнділік;

  4. жалпы қабылданған сандық белгілерге үйренген;

  5. қабылдауға және есте сақтауға қолайлы.

Натуралды сандар бағанына нөмірлер белгілері кемуі немесе өсуі бойынша барлық белгілер кодталғанда кодтаудың реттік жүйесі ең көп жағдайда қарапайым болып табылады.

Артықшылықтары:құрылудың қарапайымдылығы, аз мәнділігі, жазудың тығыздылығы.

Кемшіліктері: белгілеріне байланысты объектілер топтарын қарастырмайды (бір белгіні ғана кодтауға болады), берілген номенклатураның жаңа объектілерінің пайда болуына байланысты келісілген классификацияның бұзылуы болады. Бұл реттік кодтау жүйесінің қолданылуын шектейді.Сериялық кодтау жүйесі (реттік жүйенің модификациясы) қарапайым баламалы номенклатураны кодтау үшін арналған және қандайда бір белгі бойынша жеке топқа белгіленген объектілерге нөмірлер сериясын меншіктеуді болжайды.

Артықтшылықтары: сериялық жүйе разрядтар саны бойынша үнемді, сонымен қатар құрамында қажетті қор бар. Бұл номенклатураны кеңейтумен классификацияның бұзылуынан қашуға мүмкіндік береді.

Кемшіліктері: тек бір белгі бойынша кодтауға болады. Мысалы, негізгі жұмыскерлердің мамандықтарына мамандықтар кодтау кезінде 01-30 дейін нөмірлер сериясы меншіктеледі, көмекші 31-40 дейін, қызмет ету 41-70 дейін және т.б.

Ұстанымды (разрядтық, ондық) кодтау жүйесі қиын, көп белгілі номенклатураларды кодтау үшін қолданылады. Әр классификациялық белгіге белгіленген разряд саны беріледі, олар сәйкестендірілген топтамадағы объектілер санына байланысты: мұндай кодтау жүйесі иерархиялық классификацияға сәйкес келеді, яғни белгілері бойынша классификациялық топтамалар белгіленген одан да үлкен белгілері бойынша топтамалардың кодына байланысты кодталады.

Артықшылығы: ұстанымды жүйе кодтардың бірқалыптылығын, әр классификациялық белгінің нақты белгіленуін, БУИ машиналқы қалпына келтіру үшін қолайлығын қамтамасыз етеді, бір белгіден артық кодтауға болады.

Кемшіліктері: бұл жүйе кодтың разрядын үлкейтуді талап етеді, ұстанымды кодтар құрылымының қиындығымен және олардың құрылымдық өзгеруінің икемділігінің жоқ болуымен мінезделеді.

Шахматтық кодтау жүйесі екібелгілі номенклатураларды кодтауда қолданылады. Мысалы, ақау себептері мен кінәліларын, жабдықтарды құруда. Артықшылығы: қолайлы, құрудағы қарапайымдылығы. Кемшілігі: кодтау белгілерінің санының шектелуі (тек қана 2).

Қайталану кодтау жүйесі әріптік немесе сандық белгілеуді қолданады, (мысалы номиналдардың сандық мәнін, салмағын, объектінің өлшемін) немесе олармен байланысты кейбір мәліметтерді, мысалы орналасқан жері, мекен-жайы сияқты.

Біріккен кодтау жүйесі жоғарыда келтірілген кодтау жүйелерінің қосылыстарын көрсетеді.

Артықшылығы: бірқалыпты, логикалы. Біріккен жүйе бойынша құрылған кодтардың неғұрлым рационалды құрылымы бар, икемді, иерархиялықпен қатар фасеттік классификация қағидасы бойынша құрылған көпаспектілі номенклатураларда да қолданыла алады.


Негізгі әдебиет: 9.

Қосымша әдебиет:[20, 27.

Тақырып №2. «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» туралы жалпы мағлұмат. 1С:Кәсіпорын 7.7 үшін «Қазақстандағы бухгалтерлік есеп» конфигурациясымен салыстырғандағы артықшылық.
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» - бухгалтерлік және салықтық есептің автоматизациясы үшін көпжақты бағдарлама. Бағдарлама негізінде «1С:Кәсіпорын 8.0» жүйесінің икемді технологиялық платформа жатыр, оның мүмкіндігімен әр түрлі бизнес қосымшаларды құруға және модификациялауға болады.

«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу үшін арналған, сонымен қатар коммерциялық қызметтің әртүрін: көтерме және бөлшек саудасы, қызмет көрсету, өндіріс және т.б. жүзеге асыратын ұйымдардағы міндетті есеп берудің қалыпын жасауға көмектесуге арналған. Бухгалтерлік және салықтық есеп ҚР-ның заңына сәкес жасалған конфигурацияда ҚМ №426 22.12.2005ж. бекітілген «ҚЕБХС сәйкес қаржылық есеп беруді құратын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттар жұмыс жоспарын жасау бойынша қолдану тәсілін бекіту жөнінде» бұйрығына сәйкес жоспары жасалған.

Бірнеше ұйымдар қызметі есебін жүргізу

«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» көмегімен бірнеше ұйымдардың шаруашылық қызметінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге болады. Сонымен қатар «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бірнеше ұйымдардың бухгалтерлік және салықтық есебін жалпы ақпараттық базада да жүргізуге мүмкіндік береді (мұнда жеке ұйымдар атынан жеке кәсіпкерлер де шыға алады). Бұл қолайлы, егер бұл ұйымдардың шаруашылық қызметі өзара тығыз байланысты болса: тауарлардың жалпы тізімін, контрагентерді (іскер серіктестерді), жұмыскерлерді, қоймалар (сақтау орындары) және т.с.с. қолдануға болады, ал міндетті есеп беруді жеке қалыптастыру қолайлы.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебі

ТМҚ есебі үшін материалды-өндірістік қорлардың шығарылуын бағалауда келесі әдістер қолданылады:



  • орташа өзіндік құн бойынша;

  • уақыты бойынша алғашқы материалдық-өндірістік қорлардың өзіндік құны бойынша (ФИФО әдісі);

  • уақыты бойынша соңғы материалдық-өндірістік қорлардың өзіндік құны бойынша (ЛИФО әдісі).

Материалдық-өндірістік қорлар есеп шотындағы ФИФО және ЛИФО бағалау әдістерін қолдау үшін партиялық есеп жүргізіледі. ТМҚ-ның әртүрлі есеп шотына өзіндік құнды бағалаудың әртүрлә әдістері қолданылуы мүмкін (БЕХС 2 сәйкес).

Қоймалық есесп

Қойма бойынша сандық немесе сандық-сомалық есеп жүргізіледі. Бірінші жағдайда тауарлар мен материалдарды бағалау олардыңқай қоймадан алынғанына байланысты болмайды. Қоймалық есеп жабылуы мүмкін, егер оған қажеттілік болмаса.

«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да түгендеу мәліметтері тіркеледі, олар автоматты түрде берілген есеппен сәйкестендіріледі. Түгендеу негізінде артықшылықтар мен кемшіліктердің шығарылып тастауы көрсетіледі.


Сауда операцияларының есебі


Тауарлардың келіп түсуі мен қолдану және қызметтер операцияларының есебі автоматтандырылған. Тауар сатылған жағдайда төлем шоты жазылады, шот-фактуралар мен үстеме қағазы рәсімделеді. Көтерме саудадағы барлық операциялар сатушы мен сатып алушы келісім шартында есептелінеді. Сатып алушыдан жабдықтаушыға тауарлардың қайтарылуын көрсету автоматтандырылған. «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да бағалардың бірнеше типтерін пайдалану жүзеге асырылады, мысалы: «көтерме», «ұсақ көтерме», «бөлшек», «сатып алынған» және т.б. бұл келіп түсу мен қолдану жұмыстарын бейнеленуді жеңілдетеді.

Банктік және кассалық операциялар есебі


Валюталық операциялар мен қолда бар және қолда жоқ ақша қаражаттарының қозғалысының есебі қолданысқа берілген. Төлем тапсырыстарын, кіріс және шығыс кассалық ордерлерді енгізу мен басу қолданады. Жабдықтаушылармен, сатып алушылармен және есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу операциялары, есеп айырысу шотына қолда бар ақшаны енгізу және ақша чегі бойынша ақша алу, шетел валютасын алу мен сату автоматтандырылған. Операцияларды көрсетуде төлем сомалары автоматты түрде аванс және төлемге бөлінеді.

Кассалық құжаттар негізінде берілген үлгіде кассалық кітап нысандалады.


Контрагенттермен есеп айырысу есебі


Жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу есебін теңгемен, шартты бірлікпен және шетел валютасымен жүргізуге болады. Әр операция бойынша бағамдық және сомалық айырмашылықтар автоматты түрде есептелінеді. Контрагенттермен есеп айырысуды жалпы келісім-шарт бойынша немесе есеп айырысудың нақты құжатын көрсетумен жүргізуге болады. Есеп айырысу әдісін жүргізу әр келісім-шарт үшін жеке анықталады. Келіп түсу және қолданысқа беру құжаттарын рәсімдеу кезінде барлық контрагенттер үшін жалпы бағамен қоса нақты келісім-шарт үшін жеке бағаларды пайдалануға болады.

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі


Есеп бойынша барлық негізгі операциялар автоматтандырылған: келіп түсу, есепке алыну, амортизацияны жинақтау, жіберу, шығару, түгендеу. Бір айда жинақталған амортизация сомасын бірнеше шоттар немесе аналитикалық есеп объектілерінің арасына бөлу мүмкін. мерзімді пайдаланылатын негізгі құралдар үшін жинақьалған амортизация графигін қолдану мүмкін.

Негізгі және көмекші өндіріс есебі


Негізгі және көмекші өндіріспен шығарылатын өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнының есеп айырысуы шикізатты қайта өндіру есебі автоматтандырылған. Бір ай ішінде шығарылған дайын өнім есебі өзіндік құн жоспары бойынша жүргізіледі. Ай соңында шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны есептеледі.

Жартылай дайын өнімнің есебі


Жартылай дайын өнімді шығарумен аралық кезеңді болжайтын күрделі технологиялық үрдістер үшін жартылай дайын өнімнің қоймалық есебі мен олардың өзіндік құнының автоматты есеп айырысуы қолданылады.

Жанама шығындар есебі


Жанама шығындарды шығару кезінде өнімдерді (қызметтер) номенклатурасы топ бойынша бөлудің әртүрлі әдістерінің қолданылуы мүмкін. жанама шығындар үшін келесідей бөлу базасы болуы мүмкін:

  • шығару көлемі;

  • жоспарлы өзіндік құн;

  • еңбекақы;

  • материалдық шығындар.

Еңбекақы және кадрлық есеп


«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да персонал қозғалысының есебі жүргізіледі. Еңбек заңы бойынша бірегей қалыпты қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Автоматтандырылған:



  • есепте әр жинақтау түрі үшін жеке көрсету әдісін нұсқау мүмкіндігімен кәсіпорынның жұмыскерлеріне еңбекақы жинақтау;

  • жұмыскерлермен екіжақты есеп айырысуды, тіпті еңбекақы төлеуді жүргізуді енгізу;

  • еңбекақыны депониттеу операциялары;

  • атқарушы парақтар бойынша есеп;

  • регламентацияланған қажетті есеп беруді құру (салықтық есеп беруді және статистикалық есеп беруді)

ҚҚС есебі


Жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген, соның ішінде ҚҚС есептелмейтін операциялар бойынша және сатып алынатын тауар, қызмет құнына кіретін ҚҚС-на есеп автоматтандырылған. ҚҚСалығынан есеп автоматтандырылған, соның ішінде бейрезиденттерден алынған қызметтері бойынша. ҚҚС салығын есептеу мақсаты үшін бөлек және пропорционалды әдістері ретінде есепке алынатын салықты анықтау әдістерін қолдайды.

307.00 «Салықтық кезең ішінде сатып алынған (есеп беру кварталы) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралар реестры» қалыпының толтырылуы автоматтандырылған.


Салықтық есеп (табыс салығы бойынша)


Конфигурацияда жалпы бектілген салық салу тәртібін қолдайды. Салықтық есепті жүргізу үшін (корпоративті табыс салығы бойынша) конфигурацияда арнайы шоттар жоспары (салықтық) қосылған. Бұл бухгалтерлік және салықтық есептің мәліметтерінің салыстыруын жеңілдетеді және БЭШ-11 (табыс салығы бойынша есеп) талаптарының салықтық есебі. Сонымен қатар, шоттар жоспары ҚР СК 15 бөліміне сәйкес салықтық есептің спецификасын бейнелейді. Салықтық есептің мәліметтері бойынша автоматты түрде салықтық регистрлер және корпоративті табыс салығы бойынша декларацияларды толтыру үшін мәліметтер дайындайды.

Айдың аяқтаушы операциялары


Ай аяқталуына орындалатын регламенттік операциялар автоматтандырылған, соның ішінде бағамның қайта бағалануы, болашақ кезеңдердің нығындарын есептен шығару, амортизацияны есептеу, қаржылық нәтижелерді анықтау және т.б.

Типтік операциялар


Бастапқы бухгалтерлік операциялар құжаттарына сәйкес келетін конфигурация құжаттарын енгізу есебіне шаруашылық операциялардың өткізгіштерін тікелей енгізілуі мүмкін. Топтық өткізгіштерді енгізу үшін типтік операцияларды қолдануға болады –қолданушы көмегімен жеңіл және жылдам бапталынатын қарапайым құрал автоматизациясы.

Стандартты бухгалтерлік есеп берулер


«Кәсіпорын бухгалтериясы» конфигурациясына қалдықтар бойынша мәліметтерді бақылауға арналған және шот айналымдары мен түрлі кескіндер мен өткізгіштер, яғни стандартты есеп беру жиыны қосылған. Олардың ішінде айналым-сальдо ведомосі, шахматтық ведомос, шот бойынша айналым-сальдо ведомосі, шоттың айналымы, шоттың карточкасы, шотты талдау, субконтоны талдау.

Регламенттелген есеп беру


Конфигурация құрамына бухгалтерге қажетті есеп берулердің толық жинағы қосылған: каржылық, статистикалық, салықтық. Салықтық есеп берудің барлық қалыптарына XML қалыптарында тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Эргономикалық тұтынушы интерфейсі


Интерфейстің жаңа қазіргі дизайны «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0» бастапқылар үшін жеңіл ұғынуды және тәжірибелі қолданушылар үшін жұмыстың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді:

  • «жол бойынша енгізу» функциясы арқылы ақпаратты едәуір жылдам енгізу мүмкіндігі және перне тақтасын тиімді қолдану;

  • үлкен динамикалық тізімдермен ыңғайлы жұмыс құралдары, көріністі бақылау және бағналарды бақылау;

  • ақпаратты көрсету үшін экран кеңістігін қолайлы максималды қолдану;

  • мтильдерді безендіру механизмі.

Конфигурациялау


«Кәсіпорын бухгалтериясы» типтіп конфигуряциясы есеп берудің жалпы ортақ схемаларын іске асырады және ұйымдардың көбінде қолданылуы мүмкін. нақты ұйымдардың спецификасының есебін көрсету үшін типтік конфигурациясын өзгертуге болады. «1С:Бухгалтерия 8.0» «Конфигуратор»жіберу режимі бар, ол келесілермен қамтамсыз етеді:

  • жүйені есептің түрлеріне баптау;

  • кез келген методологиясын орындау;

  • кез келген анықтамаларды және еркін құрылымды құжаттарды ұйымдастыру;

  • ақпаратты енгізу қалыпының сыртқы бейнесән баптау;

  • енгізілген тіл арқылы түрлі жағдайлардағы жүйенің жұмыс алгоритмін баптау;

  • кең рәсімдеу мүмкіндіктері, баспалы құжаттар қалыпы мен түрлі қаріптер, жиектеулер, түстер, суреттер қолдану арқылы есеп беру;

  • ақпаратты диаграмма түрінде көрсету мүмкіндігі;

  • конфигурацияның визуалды жетілдіру құралдары арқылы тең өзгеруі.

Масштабталуы


1С:Кәсіпорын 8.0 жүйесі қосымша шешімдердің, ең қарапайымынан бастап конфигурацияналдығына дейін масштабталуын қамтамасыз етеді. «1С:Бухгалтерия 8.0» келесі варианттарда қолданылуы мүмкін:

  • бірқолданушылық – кішігірім ұйымдар мен жеке қолданыс үшін;

  • файлдық – жеңіл орнатуды және пайдалануды қамтамасыз ететін көпшілікқолданатын жұмыс үшін;

  • клиент-сервер - көп қолданунылардың бір уақытта жұмыс істеу кезінде мәліметтерді тиімді пайдалану және кепілді сақтауды қамтамасыз ететін үшдеңгейлі архитектура негізінде жұмыс істеуі үшін.

Территоралды-тарату ақпараттық базасымен жұмыс


  • автономды жұмыс істейтін ақпараттық базаның шексіз саны;

  • мәліметтердің толық және жартылай синхронизациясы;

  • еркін тәртіп және өзгерістерді жеткізу тәсілдері.

жүктеу 3,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау