424
4
5
-Қатысушылардан сауалнама алу
-Сауалнаманы қорытындылау, диаграммада көрсету
-Отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында, бала тәрбиесі сұрағында «отбасы және
некенің Қазақстандағы рөлі» атты форумды психолог, ата – аналармен бірігіп өткізу
-Ажырасудың алдын алу» ұсынысхат әзірлеу
-Атқаралған жұмыстар
бойынша презентация дайындау, әке мектебі, ана мектебі
дөнгелек үстел өткізу, мысал әңгімелер, салт-дәстүрмен қазіргі
заманғы психологияны
ұштастырып балаларға арналған оқу құрал дайындау
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу
қажет:
-Тақырыптың ғылыми құндылылығы, өзектілігі;
- Зерттеу мәселесінің ауқымдылығы мен тереңдігі (жұмыста ғылыми фактілерді, осы мәселемен
айналысатын ғылымдар мен зерттеушілердің тәжірибелері мен ғылыми дәлелдерін пайдалану).
Таңдаған
тақырыпты
ашудағы
оқушы
еңбегінің
сипаты,
қосқан
үлесі;
- Жұмыс жоспарын құрастырудың логикалығы, жүйелілігі, тақырыпты ашып көрсету
толықтығы;
- Автордың шығармашылығы мен ой пікірін аргументеуі және өзіндік
бағалауы мен дәлелді
шешімі
-Негізделген тұжырымдарының болуы.
-Материалды өзіндік жазу стилі мен тілі (анықтығы, бейнелеуі, ықшамдылығы, лексикасы,
грамматикасы).
-Жұмыстың рәсімделуі.
Оқушылардың
бойында дарындылық қасиеттерін, ізденімпаздығын қалыптастыруда
сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар
мен үйірмелер, факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық
жұмыстарда оқушылардың
қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Мектептегі пәндік сайыстар, түрлі
шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.
Мектебіміздің оқушылары халықаралық интеллектуалдық ойын сайыстарына да қатысып,
жақсы жетістіктер көрсете білді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар
мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын
ашу және әрбір оқушының өз
мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты
міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен
техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу
арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Жаңа ғасырға қадам басқан жас
жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан
шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті
оқушыларды ғылымға баулып, ғылым
арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық құрметті әріптестер!
Достарыңызбен бөлісу: